kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сауат ашу Жж дыбысы ж?не ?рпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлы? тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан

о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы

К?ні:

Білім беру саласы: «?атынас»

Б?лім: Сауат ашу ж?не жазу негіздері

Та?ырыбы:  Жж дыбысы ж?не ?рпі.

О?у іс-?рекетіні? ма?саты: Ж дыбысыны? айтылу артикуляциясымен таныстыру. Бас?а дыбыстарды? ішінен айыра білуге, с?зге дыбысты? талдау жасау?а, с?зді буын?а д?рыс б?луге ?йрету. Сурет ар?ылы затты? атауын білу, ойлау ?абілеттерін арттыру.

?діс-т?сілдер: С?ра?-жауап, т?сіндіру, ойын, к?рнекілік, ж?мба?, ребус (суретті ж?мба?) шешу т.б.

О?у іс-?рекетіні? к?рнекіліктері: кеспе ?ліппе, текшелер, сюжетті суреттер, ?лестірмелі суреттер.

Іс-?рекет кезе?дері

Т?рбиешіні?

іс-?рекеті

Балаларды?

іс-?рекеті

Мотивациялы?-?оз?аушылы?

Балалар, б?гін ауа райы ?андай?

- Ауа таза екенін ?айдан білді?дер?

- ?те жа?сы, балалар. Ал енді аптаны? ?ай к?ні?

- Ендеше ж?ма к?нді ?андай к?н деуші едік?

- К?ніл-к?йіміз ?алай?

- Ендеше, балалар, осы жа?сы к??іл-к?йімізбен саба?ымызды бастайы?.

Шатты? ше?беріне т?рып, бір- біріні? ?олынан ?стайды. Бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

?йымдастыру-іздестіру

- Балалар, біз б?гінгі к?нге дейін бірнеше дыбыстармен танысты?.

- Дыбыстар нешеге б?лінеді?

- ?андай болып екіге б?лінеді?

- Олай болса мен б?рын таныс?ан дыбыстарды к?рсетіп, айтамын. Егер мен к?рсетіп ата?ан дыбыс дауысты дыбыс болса ?ызыл текшелерінді, дауыссыз дыбыс болса к?к текшелерінді к?тері?дер.

-Ал, мен б?гін саба?ты "Кім тап?ыр?" деген ойынмен бастаймын. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсі?дер.

Текшелерін к?теріп белгілеу ар?ылы ?анша дыбыс та?басымен таныс?андарын атап ?теді. Оны? ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады.

- ?те жа?сы, балалар. Енді біз "Алма жинау" ойынын ойнайы?. (?лкен алма а?ашты? суреті, жемісімен)

- Мына алма а?ашында, алмалар пісіп т?р екен. ?р алманы? артында дыбыс та?басы (?ріп) жазыл?ан, дыбысты атап, сол дыбыс?а байланысты с?з ??рап, мына ?лкен себетке саламыз.

Атал?ан с?здерге буынды? талдау жасатып отыру.

Д?птермен ж?мыс

?же, жолбарыс, морж с?здердіне дыбысты? талдау жасатып, онда?ы ж дыбысыны? орнын ажырат?ызады. Балаларды? ?здеріне ж  дыбысыны? с?зді? басында, ортасында, ая?ында келетінін с?здер ойлап табады. Д?птердегі буындарды, с?здерді ??ратыып о?ыытадыы. Барлы?ы хормен ?айталап о?иды.

Жазу ж?мысы

Ж ?рпіні? бас ?рпін ж?не кіші ?рпін жаз?ызу.

 

Ойын: "Ойлан тап" ойыны ар?ылы ж?мба?, ребус шештіру.

- Ал, балалар, мен сендерге ж?мба? жасырайын.

Ж?мба?тар.

К?ндіз б?рі ?ашады,

Т?нде аспанды басады. (Ж?лдыз)

Ішіне тама?, салын?ан,

Есігі тастай жабыл?ан. (Ж?мырт?а)

Ребус (суретті ж?мба?)

Шешуі: Жапала?.

- Осы біз шешіп тап?ан с?здер, ?ай  дыбыстан басталып айтылып т?р? ?ане, ?айталап айтып, бай?ап к?релікші.

Ж дыбысыны?   айтылу артикуляциясын т?сіндіру, ??ындыру. Б?дан кейін "Кім жылдам?" ойыны ар?ылы та?та?а ілінген суреттегі заттардын атауларын атату. Буын?а б?лу. Дыбысты? с?з басында, ортасында, ая?ында келетінін бала?а ?здеріне бай?атып атату, а??арту. Суреттер: Жыл?ы, жапала?, ж?лдыз, к?жек, морж.

- Енді, балалар, осы с?здері?е текшелері?мен дыбысты? талдау жасап жіберелік. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып аны?та?даршы.

- ?те жа?сы, балалар. Енді ?олымызды шапала?тап осы с?здерді буын?а б?ліп жіберелік.

- Жа?сы буын?а да б?ліп тастады?. Осы зеректігімізді д?лелдеу ?шін "Біз зерекпіз" ойынын ойнайы?. Мен сендерге алдымен дыбыстарды, сонан со? буынды, с?зді атаймын. Солардын ішінен Ж дыбысы бар дыбыс буын, с?з кездескенде ?олдарынды шапала?тайсы?дар.

Мысалы: 1. П, б, с, ж; л, ж, ?, ?, т.б. (дыбыс)

2. на, са, жа, ла, за, жу, т.б. (буын)

3. та?а, са?а, жата, ал?а, жыл?а (с?з)

- ?ай дыбысты атады?? (б?гінгі ?тіп жат?ан)

- Ендеше Ж дыбысы. Мынау сол дыбысты? та?басы - Жж ?рпі. К?рсетіліп, та?та?а ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін та?ы да ?айталап, аны?тау. Баспа т?рін, жазба т?рін салыстырып к?рсету.

- ?ане,   балалар, енді осы ?ріпті ауа?а ?демі етіп жазайы?. Олармен бірге жазып к?рсету. Д?птерлеріне ?лгі бойынша жаздыру.

Сергіту с?ті:

Toп-топ етіп басайы?,

Жалаудан к?н жасайы?.

Жаса-жаса жар?ын к?н,

Жаса-жаса алтын к?н.

Т?рбиеші: — Мен сендерге та?па? о?ып берейін.

Жау-жау жа?быр, жау жа?быр!

Жау?ан жа?быр, жау?ан н?р.

Жерді? ша?ы басылсын,

Г?лді? ?ауызы ашылсын.

Еккен егін к?ктесін,

Бізге нанды к?п берсін!

Жау, жау,

Г?лденсін бау! (Ж.Смаков)

-         Балалар, Ж дыбысы бар с?здерді атандаршы.

-         Жа?сы, енді оздері? Ж дыбысын ?атыстырып с?з ойла?даршы. (Ж дыбысынан басталатын).

-         Ж?зім, ж?зік, жылан, жираф, т.б.

"Менін к?жегім" та?ырыбы бойынша та?та?а сурет салу. Сал?ан суретке с?йлем ??рау, талдау. "К?жек с?бізді жа?сы жейді". (к?реді) Ж дыбысы бар с?здерді атату.

Стол ?стіндегі ойын: ?рт?рлі ойыншылар алдын-ала а? матамен жабылып ?ойылады.

- Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншы?тар к?ресіндер. Сол ойыншы?тарды? ішінен Ж дыбысынан басталатын ойыншы?тарды тауып атын атап, буын?а б?лесі?дер. (Жыл?ы, жолбарыс, жылан, ж?зік)

С?ра?тар?а жауап береді.

Дыбыстарды? нешеге б?лінетінін, дауысты дыбыстарды?, дауыссыз дыбыстарды? ?алай айтылатынын айтады.

Жж дыбысын хормен айтады. Дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін аны?тап, ?ызыл немесе к?к текшемен белгілейді.

Жж  дыбысы кездесетінін с?здерді айтады.

Жж  дыбысыны? кездесетін орнын айтады.

?ліппе- ж?мыс д?птерінде берілген с?здерді дыбысты? талдау жасайды.

?ріпті? баспа ж?не жазба т?рімен танысады. Баспа т?рін ауада жазып к?реді. ?ліппе- ж?мыс д?птерін толтырады.

Берілген о?у жолын хормен о?иды.

Ж дыбысы бар дыбыс буын, с?з кездескенде ?олдарынды шапала?тайды.

Сергіту с?тін жасайды.

«Жау- жау жа?быр».  (Ж.Смаков)

Ж дыбысы бар с?здерді атадайды.

"Менін к?жегім" та?ырыбы бойынша та?та?а сурет салады.

Рефлексивті – т?зетушілік

?орытынды.

- Балалар, б?гін ?андай дыбыспен танысты??

- Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- ?те жа?сы, балалар. Олай болса, "Жау, жау жа?быр" ?нін айтып жіберейікші.

Б?рі ?осылып айтыл?ан осы ?нмен саба? ая?талып, балалар сырт?а демалу?а шы?ады.

?тілген дыбыс туралы ал?ан білімдерін жина?тап, ?айталап, с?ра?тар ар?ылы бекітеді.

К?тілетінн?тиже:

Нені білу керек:

Жж дыбысы мен ?рпін, дауыссыз дыбыс?а жатады.

Нені игереді:

Ø С?зді? басында, ортасында, со?ында кездеседі;

Ø Жж  дыбысы кездесетін с?здерді;

Нені біледі:

Ø С?здерді буын?а б?леді;

Ø С?здерге ?атысты с?йлем ??рай алады.

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«сауат ашу Жж дыбысы ж?не ?рпі »


Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: Жж дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу т.б.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар, бүгін ауа райы қандай?

- Ауа таза екенін қайдан білдіңдер?

- Өте жақсы, балалар. Ал енді аптаның қай күні?

- Ендеше жұма күнді қандай күн деуші едік?

- Көніл-күйіміз қалай?

- Ендеше, балалар, осы жақсы көңіл-күйімізбен сабағымызды бастайық.


Шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірінің қолынан ұстайды. Бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

- Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Қандай болып екіге бөлінеді?

- Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетіп, айтамын. Егер мен көрсетіп атаған дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелерінді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелерінді көтеріңдер.

-Ал, мен бүгін сабақты "Кім тапқыр?" деген ойынмен бастаймын. Дыбыстарды жеке-жеке атаймын, сендер текшемен белгілейсіңдер.

Текшелерін көтеріп белгілеу арқылы қанша дыбыс таңбасымен танысқандарын атап өтеді. Оның ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады.

- Өте жақсы, балалар. Енді біз "Алма жинау" ойынын ойнайық. (Үлкен алма ағаштың суреті, жемісімен)

- Мына алма ағашында, алмалар пісіп түр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысқа байланысты сөз құрап, мына үлкен себетке саламыз.

Аталған сөздерге буындық талдау жасатып отыру.


Дәптермен жұмыс

Әже, жолбарыс, морж сөздердіне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ж дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін сөздер ойлап табады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратыып оқыытадыы. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы

Ж әрпінің бас әрпін және кіші әрпін жазғызу.


Ойын: "Ойлан тап" ойыны арқылы жұмбақ, ребус шештіру.

- Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақтар.

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)

Ішіне тамақ, салынған,

Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа)

Ребус (суретті жұмбақ)

Шешуі: Жапалақ.

- Осы біз шешіп тапқан сөздер, қай дыбыстан басталып айтылып тұр? Қане, қайталап айтып, байқап көрелікші.

Ж дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру, ұғындыру. Бұдан кейін "Кім жылдам?" ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардын атауларын атату. Буынға бөлу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту. Суреттер: Жылқы, жапалақ, жұлдыз, көжек, морж.

- Енді, балалар, осы сөздеріңе текшелеріңмен дыбыстық талдау жасап жіберелік. Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы.

- Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап осы сөздерді буынға бөліп жіберелік.

- Жақсы буынға да бөліп тастадық. Осы зеректігімізді дәлелдеу үшін "Біз зерекпіз" ойынын ойнайық. Мен сендерге алдымен дыбыстарды, сонан соң буынды, сөзді атаймын. Солардын ішінен Ж дыбысы бар дыбыс буын, сөз кездескенде қолдарынды шапалақтайсыңдар.

Мысалы: 1. П, б, с, ж; л, ж, қ, ә, т.б. (дыбыс)

2. на, са, жа, ла, за, жу, т.б. (буын)

3. таға, саға, жата, алға, жылға (сөз)

- Қай дыбысты атадық? (бүгінгі өтіп жатқан)

- Ендеше Ж дыбысы. Мынау сол дыбыстың таңбасы - Жж әрпі. Көрсетіліп, тақтаға ілінеді. Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да қайталап, анықтау. Баспа түрін, жазба түрін салыстырып көрсету.

- Қане, балалар, енді осы әріпті ауаға әдемі етіп жазайық. Олармен бірге жазып көрсету. Дәптерлеріне үлгі бойынша жаздыру.

Сергіту сәті:

Toп-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

Тәрбиеші: — Мен сендерге тақпақ оқып берейін.

Жау-жау жаңбыр, жау жаңбыр!

Жауған жаңбыр, жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын,

Гүлдің қауызы ашылсын.

Еккен егін көктесін,

Бізге нанды көп берсін!

Жау, жау,

Гүлденсін бау! (Ж.Смаков)

  • Балалар, Ж дыбысы бар сөздерді атандаршы.

  • Жақсы, енді оздерің Ж дыбысын қатыстырып сөз ойлаңдаршы. (Ж дыбысынан басталатын).

  • Жүзім, жүзік, жылан, жираф, т.б.

"Менін көжегім" тақырыбы бойынша тақтаға сурет салу. Салған суретке сөйлем құрау, талдау. "Көжек сәбізді жақсы жейді". (көреді) Ж дыбысы бар сөздерді атату.

Стол үстіндегі ойын: әртүрлі ойыншылар алдын-ала ақ матамен жабылып қойылады.

- Ал, балалар, мына матаны ашамын, астынан бірнеше ойыншықтар көресіндер. Сол ойыншықтардың ішінен Ж дыбысынан басталатын ойыншықтарды тауып атын атап, буынға бөлесіңдер. (Жылқы, жолбарыс, жылан, жүзік)

Сұрақтарға жауап береді.






Дыбыстардың нешеге бөлінетінін, дауысты дыбыстардың, дауыссыз дыбыстардың қалай айтылатынын айтады.







Жж дыбысын хормен айтады. Дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін анықтап, қызыл немесе көк текшемен белгілейді.



Жж дыбысы кездесетінін сөздерді айтады.



Жж дыбысының кездесетін орнын айтады.







Әліппе- жұмыс дәптерінде берілген сөздерді дыбыстық талдау жасайды.



Әріптің баспа және жазба түрімен танысады. Баспа түрін ауада жазып көреді. Әліппе- жұмыс дәптерін толтырады.




Берілген оқу жолын хормен оқиды.



Ж дыбысы бар дыбыс буын, сөз кездескенде қолдарынды шапалақтайды.



Сергіту сәтін жасайды.





«Жау- жау жаңбыр». (Ж.Смаков)







Ж дыбысы бар сөздерді атадайды.




"Менін көжегім" тақырыбы бойынша тақтаға сурет салады.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды.

- Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?

- Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

- Өте жақсы, балалар. Олай болса, "Жау, жау жаңбыр" әнін айтып жіберейікші.

Бәрі қосылып айтылған осы әнмен сабақ аяқталып, балалар сыртқа демалуға шығады.

Өтілген дыбыс туралы алған білімдерін жинақтап, қайталап, сұрақтар арқылы бекітеді.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Жж дыбысы мен әрпін, дауыссыз дыбысқа жатады.

Нені игереді:

  • Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі;

  • Жж дыбысы кездесетін сөздерді;

Нені біледі:

  • Сөздерді буынға бөледі;

  • Сөздерге қатысты сөйлем құрай алады.


























Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлім: Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы: Ұұ дыбысы және әрпі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

1. Жаңа Ұ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; Ұ дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту.

2.Оқушылардың ойлауын, тілін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбекке баулу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Мен талапты баламын,

Дайын дәптер, қаламым.

Жазу жазып үйренем,

Көп суреттер саламын.

Шаттық шеңберіне тұрып, бір- бірінің қолынан ұстайды. Бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Жаңа сабақ.

- Кәне, балалар, жұмбақ шешейік!

Кеше жіптей,

Бүгін күптей. (Ұршық)


Шыр айналып биші қыз,

Билеп-билеп алады.

Өз бұрымын беліне,

Орап түсіп барады. (Ұршық)

Ұршық сөзіне дыбыыстық талдау жасау.


Тіл ұстарту

Ұс- ұс- ұс

Қарлығаш- киелі құс.


Дәптермен жұмыс

Ұя, құдық, бұзау сөздердіне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ұ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін сөздер ойлап табады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратыып оқыытадыы. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы

Ұ әрпінің бас әрпін және кіші әрпін жазғызу.


Тапсырмаларды орындау.

Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса.

Ұлу, ұя, бұғы, ұршық.

Тордағы әріптерден сөз құра.

Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.

Ұ Ұ

Жаңылтпаш жаттайық!

Тұз - мұздай

Мұз - тұздай.

Талап - тұлпар

Білім – сұңқар

Сергіту сәті.

"Ұшты-ұшты" ойынын ойнау. Ойын шартын, мазмұнын, міндетін түгел түсіндіру.

Ұшты-ұшты (ұшады)

Ұшты, ұшты,

Торғай ұшты (ұшпайды) т.б. Ойын шартын бұзғандар өлең айтады.


Жұмбақтарды шешеді. Жауабын тауып айтады.


Ұұ дыбысын хормен айтады. Дауысты немесе дауыссыз дыбыс екенін анықтап, қызыл немесе көк текшемен белгілейді.


Тіл ұстартуда тәрбиешімен бірге қайталайды.




Ұұ дыбысы кездесетінін сөздерді айтады.


Ұұ дыбысының кездесетін орнын айтады.





Әліппе- жұмыс дәптерінде берілген сөздерді дыбыстық талдау жасайды.



Әріптің баспа және жазба түрімен танысады. Баспа түрін ауада жазып көреді. Әліппе- жұмыс дәптерін толтырады.


Берілген оқу жолын хормен оқиды.


Сергіту сәтін жасайды.


Рефлексивті – түзетушілік

Қорытынды.

Сұрақ-жауап әдісімен:

1) Дыбыс дегеніміз не?

2) Әріп деп нені айтамыз?

3) Бүгін қай әріппен таныстық?

4) Ол дыбыс қалай айтылады?

5) Сол әріпті қатыстырып сөздер ойла.

Өтілген дыбыс туралы алған білімдерін жинақтап, қайталап, сұрақтар арқылы бекітеді.


Күтілетіннәтиже:

Нені білу керек:

Ұұ дыбысы мен әрпін, дауысты дыбысқа жатады.

Нені игереді:

  • Сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі;

  • Ұұ дыбысы кездесетін сөздерді;

Нені біледі:

  • Сөздерді буынға бөледі;

  • Сөздерге қатысты сөйлем құрай алады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
сауат ашу Жж дыбысы ж?не ?рпі

Автор: Махашова Гулим Нуркенкызы

Дата: 26.01.2015

Номер свидетельства: 161632


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства