kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:   Айналайын  абай бол !

 Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.Төтенше жағдайаттарда не істеу керектігін түсіндіру.Кез келген төтенше жағдайдағы қауіпсіздік әліппесін бейне баян арқылы көрсетіп,білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу.Төтенше жағдайдағы іс-әрекетті есіне сақтап, дұрыс әрекет ете алатындай ой дағдыларын дамыту.

3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, плакаттар, интерактивті тақта. 

Сабақтың барысы:

  1. ЮИД флешмоб
  2. Жол ережесіне байланысты, өлең тақпақ,айту. ( бейнебаян)
  3. Төтенше жағдайаттар  топ жарыс
  4.  Төтенше жағдайлар кезінде не істеу керек?( бейнебаян)
  5. Қорытынды (марапаттау)

Кіріспе:  Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды  талап етеді.Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, ролик тебетіні,жүріп бара жатқан машинаға жабысытыны, қалтарыста жолға шыға келетін салда- рынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан көптеген оқушылар қатты жарақат алып  немесе өмірлік мүгедек болып қалады.

Жас жол инспекторлары  жол белгілері тобы келеді.

Мектебіміздің мақтанышы жас жол инспекторлары жол белгілері тобын қарсы алыңыздар!

№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп – гимназиясының жас жол инспекторлары.Бұл жас жол инспекторлары мектебіміздің ғана емес облысымыздың намысын қорғап абыройын асқақтатқан жеңімпаздар.Мектепішілік байқауда бас жүлдені иеленіп,10 мектеп қатысқан зоналық байқауда бірінші орынды иеленді.Ауданымыздың жас жол инспекторларының байқауында 14 мектеп ішінде бас жүлдені иеленіп,Тараз қаласында өткен жас жол инспекторларының байқауында бас жүдені жеңіп алып,Өскемен қаласында өткен  облыстық байқаудың  бас жүлдегерлері.(флешмоб)

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Қалаға сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Сахналық көрініс: :«ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК»

Қызыл телпек қыдырып.әжесіне бармақшы

Жету үшін әжесінің үйіне, белгіні еске алмақшы

Жету үшін адаспай ережені сақтайды

Жол белгісін білмесе, әженің үйін таппайды

Қызыл телпек:

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Әжеме сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қызыл телпек

-Ой, сәлем қоян саған не болды?

қоян

-Ештеңе болған жоқ

Қызыл телпек:

-Бір нәрсеге қамығып тұрған сияқтысың ғой

қоян

- Жасырмай айтсам сырымды

  Жол апатына тап бола жаздадым

  Бағдаршамға қарамай

  Жолдан өтпек болдым!

Қызыл телпек:

  -Көрдің бе сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырай жаздадың. Жол ережесі дұрыс өмір сүріп,абай болуды талап етеді.

-Жарайды қамықпа  мен саған көмектесемін.

қоян

-Распа ?

Қызыл телпек:

-Ия,көмектесемін. Жолдың арғы бетіне өту үшін арнайы жаяу жүрушілерге арналған жолақ арқылы немесе бағдаршаммен өту керек.

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!

қоян

 Ой рақмет саған Қызыл телпек.

Қызыл телпек:

  • Ой, Қасқыр саған не болған?
    Қасқыр:
    - Ештеңе болған жоқ.

Қызыл телпек:
- Онда неге аяғың ақсаңдап қалған?

Қасқыр:
- Ой, Қызыл телпек,сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп.

Қызыл телпек:

  • Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?

Қасқыр:
- Иә

Қызыл телпек:

  • Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?

Қасқыр:
- Баратын жеріме тез жетейін деп.

Қызыл телпек:

  • Тез жетейін  деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
  • Қасқыр:
    - Көрдім

Қызыл телпек:
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.

Қасқыр:
- Ал егер асығып тұрсам ше?

Қызыл телпек:
- Қаншалықты асығып тұрсаң да,  жол ережесін сақтау керек.

Қасқыр:
- Жол ережесін?

Қызыл телпек:
- Иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек.

Қасқыр:
- Ал сол ережелерді сақтамасаң не болады?

Қызыл телпек:
- Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.

  • Қоян, 
    -жол ережесі деген не ол?
  • Қызыл телпек:
    - Ал сен оның не екенін білмейсің бе?
  • Қоян, 
    - Жоқ.
  • Қызыл телпек:
  • Ендеше « Бір дерек» айдарын көрейік. Сонда жол ережесін білетін боласың.

(Жол ережесі туралы бейнеролик тамашалау).

Қоян, 

-Енді мен бәрін білдік,жол ережесін бұзбаймыз,Қызыл телпек, саған көп рахмет!

  • Қызыл телпек:

-Ережені бұзбайық

Тәртіпті біз сақтайық

Бағдаршамға қарайық

Аман есен болайық!

(Оқушылар тақпақ айтады).

Сақтандыру, ескерту белгісі:

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

Тыйым салу белгісі:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

 Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
 

 Нұсқау белгісі:
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым

Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырамыз әр сыныптан екі-үш оқушыдан.

Топқа бөлу

Бағдаршам көздерін айтып үш топқа бөлінді.

Ұяшық таңдау ойыны

Ұшқыр ой ұяшық таңдап интелектуалды ойын ойнатылады.

Үш топқа үш түрлі бейне ролик көрсетіліп,төтенше жағдайаттар туралы сұрақтар қойылады.

Сендер осы жағдайдағы әрекеттерің?

Ең алдымен не істеу керек?

Жұмбақтар

Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.слайдта жұмбақ шығады кезек –кезек шешеді.

  1. Ала таяқ ұстаған,
    Жол тәртібін нұсқаған.
    Өміріңді күзеткен,
    Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

    2. Көше бойлап аяңдайды,
    Адам тасып аялайды. (Автобус)

    3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
    Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

    4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
    Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
    Жүк емес жануарға жүз адам да,
    Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай)

    5.Арқаным тым ұзын,
    Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

    6.Қозғалмасаң құлайды,
    Сүйемесең сұлайды.
    Құйымшақты ері бар,
    Бұл не деген жануар? (Велосипед)

 

                 Елпеңдеген ебелек

                Ұшып қонған көбелек.

                Сотқар еді соғұрлы

                Ойда жоқта не керек.

                Машинаға жабысып

                Сөзге құлақ қоймайтын

                   Жол үстінде ойнайтын.

(бейнебаян)

Қорыту:

Жолда жүру әліппесін,

Білгенің жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап.

    Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын!» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

                Қайғырмасын   аналар

                Жас ұландар өсе бер!

                Сақ болыңдар балалар!

                Сақ жүріңдер балалар!

Марапаттау рәсімі.

Балалар үшінші сыныптар арасында« Жолда жүру ережесі » тақырыбында сурет байқауы болып өтті.Сол байқаудан әр сыныптан үш орын бар.Бүгінгі «Айналайын абай бол !»жолда жүру ережесі және төтенше жағдайаттар кезінде өздерін дұрыс ұстай білетін төртінші сынып оқушыларына алғыс хат жарияланады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ашық сабақ

Автор: Серкебаева Макпал Кенжекановна

Дата: 02.11.2017

Номер свидетельства: 436237

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ашы? саба?, Биікке секіру. "
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk-sabak-biikkie-siekiru"
    ["file_id"] => string(6) "199959"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428681163"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? ??стар бізді? досымыз"
    ["seo_title"] => string(37) "ashyk-sabak-k-u-star-bizdin-dosymyz-1"
    ["file_id"] => string(6) "304628"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457769592"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Ашы? саба?  информатика п?нінен  5 сынып?а "
    ["seo_title"] => string(40) "ashy-saba-informatika-p-ninien-5-synyp-a"
    ["file_id"] => string(6) "108146"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1403589332"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Ша?ын біріктірілген мектептерде ?дебиет саба?ынан ашы? саба?ты? ?лгісі. "
    ["seo_title"] => string(83) "shag-yn-biriktirilghien-miektieptierdie-diebiiet-sabag-ynan-ashyk-sabak-tyn-ulghisi"
    ["file_id"] => string(6) "138355"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417530971"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Жерді? пішіні ж?не ?лшемі ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(44) "zhierdin-pishini-zh-nie-olshiemi-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "181742"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425391440"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства