kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ 1 сынып Жаратылыстану "Қазақстанда жасалған"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп:  № 3

Күні 31.05.18

Мұғалімнің есімі: Танирбергенова Мадина Андреевна

Сынып 1

Қатысқандар саны  21

Қатыспағандар саны

Сабақ  тақырыбы:

Қазақстанда жасалған

Бөлім

Тағам жəне сусындар

Бөлімше

1.1 Мен жəне менің отбасым

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін  ажыратады

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

 1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін  ажыратады

Оқушылардың басым бөлігі:  Ақшаға сатып алынатын заттарды атады

Кейбір оқушылар: Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам өндіретінін жазды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін  ажыратады

  • Балалар ақшалардың айырмашылығын табады.

Сол ақшаларын неге жұмсағанын айтады.

Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам

Өндіретінін

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:  Тыңдалым: тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады.

Жазылым: -Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам

Өндіретінін

 Оқылым: Ақшаның еңбекпен келетінін түсінді.

Айтылым: Балалар ақшаға түрлі өнімдер сатып алға болатын білді.

                                

  • Терминология:
  • өнім
  • базарға бару;

· сатып алатын заттар тізімі;

· тамақ үшін қажет өнімдер сатып алу;

· тамақ дайындау, рецептер, ингредиенттер дайындау туралы

    ой жүгірту;

· тамақ дайындау;

дастарқан жаю (үстел жасау).

  • Сөз тіркестері:
  • Көмекші сөздер нені білдіреді?

· Дүкен немесе базардан не сатып ала аласыздар?

· Ас үйде нені табуға болады?

  Жазылым:

Жазуға арналған ұсыныстар:

· Тамақ дайындау үшін қажетті көгөністер мен жемістерді атаңыз.

· Тамақ пісіруге арналған ыдыстар және қажетті заттар.

Құндылықтарды дарыту

отбасын  құрметтеуге,ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

сауат ашу,математика,

АКТ қолдану дағдылары

видео ролик,суреттер

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігі туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Мотиватциялық кезең.

Қол ұстасып кәне, біз,

Достасайық біріміз.

Қандай жақсы дос болу!

Білім алушыларды  4 топқа бөлу.

Ақшаға сатып алынатын заттарды ата.

Олар сенің үйіңе қалай келеді?

Нені тегін алуға болады?

1-тапсырма ЖЕКЕ ЖҰМЫС

 «Ойлан» тапсырмасы

Ақшаға сатып алынатын заттарды ата.

Олар сенің үйіңе қайдан келеді?

Нені тегін алуға болады?

    Балалар, олай болса біздің бүгінгі өтетін сабағымыз не туралы болмақ? Қалай ойлайсыңдар?

Бағалау критерийі: Қазақстанда жасалатын негізгі тағам

өнімдерімен атайды.

Дискриптор:

  • Балалар ақшаға түрлі өнімдер сатып алға болатын білді.
  • Ақшаның еңбекпен келетінін түсінді.

ҚБ: тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін  ажырата алды.

алма,банан,балық,

қой

Ортасы

2- тапсырма

Сенің 100 теңгең бар.

 Осы ақшаға не сатып аласың?

 Дискриптор:

  • Балалар ақшалардың айырмашылығын табады.

Сол ақшаларын неге жұмсағанын айтады.

ҚБ: 100 теңгенің түрлерін  ажырата алды.

Аяқталуы

 Жеке жұмыс.  Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам өндіретінін жазу тапсырылады. Бұл оқушылардың білімін саралау бойынша алынатын тапсырма.

 

Дискриптор:

-Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам

Өндіретінін

Қазақстанда импортталатын және экспортталатын тамақ өнімдерін                                                                                        зерттеуге мүмкін болады.

 

Қосымша ақпарат

 

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам

өндіретінін жазу тапсырылды. Бұл оқушылардың

білімін саралау бойынша алынатын тапсырма.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Өзін-өзі бағалау «Мен үшін.». Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайлдардың көмегімен көрсету. Өз ойларын ашып айту. 

    Қызықты, түсіндім

       Сұрақтар пайда болды

 қиын болды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ 1 сынып Жаратылыстану "Қазақстанда жасалған"»


Мектеп: № 3

Күні 31.05.18

Мұғалімнің есімі: Танирбергенова Мадина Андреевна


Сынып 1

Қатысқандар саны 21

Қатыспағандар саны


Сабақ тақырыбы:

Қазақстанда жасалған


Бөлім

Тағам жəне сусындар

Бөлімше

1.1 Мен жəне менің отбасым

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін ажыратады

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін ажыратады

Оқушылардың басым бөлігі: Ақшаға сатып алынатын заттарды атады

Кейбір оқушылар: Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам өндіретінін жазды.



Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін ажыратады

  • Балалар ақшалардың айырмашылығын табады.

Сол ақшаларын неге жұмсағанын айтады.

Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам

Өндіретінін


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Тыңдалым: тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады.


Жазылым: -Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам

Өндіретінін


Оқылым: Ақшаның еңбекпен келетінін түсінді.


Айтылым: Балалар ақшаға түрлі өнімдер сатып алға болатын білді.


  • Терминология:

  • өнім

  • базарға бару;

  • сатып алатын заттар тізімі;

  • тамақ үшін қажет өнімдер сатып алу;

  • тамақ дайындау, рецептер, ингредиенттер дайындау туралы

ой жүгірту;

  • тамақ дайындау;

дастарқан жаю (үстел жасау).

  • Сөз тіркестері:

  • Көмекші сөздер нені білдіреді?

  • Дүкен немесе базардан не сатып ала аласыздар?

  • Ас үйде нені табуға болады?

Жазылым:

Жазуға арналған ұсыныстар:

  • Тамақ дайындау үшін қажетті көгөністер мен жемістерді атаңыз.

  • Тамақ пісіруге арналған ыдыстар және қажетті заттар.


Құндылықтарды дарыту

отбасын құрметтеуге,ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

сауат ашу,математика,

АКТ қолдану дағдылары

видео ролик,суреттер

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігі туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Мотиватциялық кезең.

Қол ұстасып кәне, біз,

Достасайық біріміз.

Қандай жақсы дос болу!

Білім алушыларды 4 топқа бөлу.


Ақшаға сатып алынатын заттарды ата.

Олар сенің үйіңе қалай келеді?

Нені тегін алуға болады?


1-тапсырма ЖЕКЕ ЖҰМЫС

«Ойлан» тапсырмасы

Ақшаға сатып алынатын заттарды ата.

Олар сенің үйіңе қайдан келеді?

Нені тегін алуға болады?


Балалар, олай болса біздің бүгінгі өтетін сабағымыз не туралы болмақ? Қалай ойлайсыңдар?

Бағалау критерийі: Қазақстанда жасалатын негізгі тағам

өнімдерімен атайды.

Дискриптор:

  • Балалар ақшаға түрлі өнімдер сатып алға болатын білді.

  • Ақшаның еңбекпен келетінін түсінді.

ҚБ: тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін ажырата алды.


алма,банан,балық,

қой

Ортасы

2- тапсырма

Сенің 100 теңгең бар.

Осы ақшаға не сатып аласың?

Дискриптор:

  • Балалар ақшалардың айырмашылығын табады.

Сол ақшаларын неге жұмсағанын айтады.

ҚБ: 100 теңгенің түрлерін ажырата алды.



Аяқталуы


Жеке жұмыс. Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам өндіретінін жазу тапсырылады. Бұл оқушылардың білімін саралау бойынша алынатын тапсырма.

Дискриптор:

-Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам

Өндіретінін


Қазақстанда импортталатын және экспортталатын тамақ өнімдерін зерттеуге мүмкін болады.



Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?


Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам

өндіретінін жазу тапсырылды. Бұл оқушылардың

білімін саралау бойынша алынатын тапсырма.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Өзін-өзі бағалау «Мен үшін....». Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайлдардың көмегімен көрсету. Өз ойларын ашып айту.

Қызықты, түсіндім

Сұрақтар пайда болды

қиын болды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?











Сабақты жоспарлау алдында алдымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2017-2018 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатының мына бір тұсына тоқталған жөн болар:

«Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

  • сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;

  • орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру ұсынылады;

  • мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.

Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін-өзі бағалау және т. б. көздейді.

Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.

Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап, әзірлеуі қажет:

– тілдік оқу мақсаттары – терминдермен жұмыс және т.б.;

– саралау: білім алушыларға қолдау көрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?

– метапәндік байланыстар;

  • денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.

Мұғалім тек білім көзі ретінде ғана емес, білім алушылардың өздерінің оқу-танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 211 б.).

Байқап отырғанымыздай, мұнда тілдік мақсаттар, сабақ мақсаттарын саралау, пәнаралық байланыстар, денсаулық пен қауіпсіздік, құндылықтар, АКТ құзіреттілігін дамыту сабақ жоспарының міндетті компоненті ретінде ұсынылады. Бұл мынаны білдіреді: «оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады» (Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016, 6 б.).

Енді қысқа мерзімді жоспардың үлгісінің әр бабына жеке-жеке тоқталып, оның әрқайсына сипаттама беріп, өз түсінігімді келтіріп кетейін.


Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Сабақтың басты міндеті - оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады» (Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016, 6 б.).

Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуге болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ҰМЖ-дан алынып, тура сол қалпында ҚМЖ-да көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуі керек. Сондықтан мұғалімнің шешімі бойынша оқу мақсаттары бір немесе бірнеше сабақта қарастырылуы мүмкін.

Бағдарламада оқу мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен көрсетіледі: 7.2.1.3. Олар мынаны білдіреді: бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін (әр пән бағдарламасы екі бөлімнен тұрады), төртінші сан оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 7.2.3.1. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «3» - оқу мақсатының реттік саны деп түсіну керек.


Сабақ мақсаттары

Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлері бойынша белгіленеді.

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мәселен, 1-сынып математикасының «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі» 3.1 бөлімшесі бойынша келтірілген «1.3.1.1. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау» деген оқу мақсатын былайша сабақ мақсаты етіп келтіруге болады: «Оқушылар геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажыратады және атайды».

Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс. Бұл туралы мынандай сөз бар: «Сыныпта бір мезгілде барлық оқушыларды бірдей оқытқан жағдайда: 1/3 оны біледі, 1/3 түсінеді, 1/3 ешқашан түсіне алмайды. Сондықтан сыныптағы балалардың 2/3 уақытты босқа жоғалтады» (Скотт Виллис).

Саралап оқытуды жоспарлағанда мына сөздерді ескерген жөн: «Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы жақсы оқитын білім алушы мен нашар оқитын білім алушы нәтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайды.

Бірінші фактор білім алушылардың жаңа тапсырмаларды шешуді меңгеріп, оқу үдерісіне бейімдей алатын түрлі білімі мен қабілеттерін диагностикалауды болжайды. Бұл нәтижелердің қорытынды айырмашылығын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Екінші фактор болашақта оқуды ынталандыруға ерекше әсер ететін, алғашқы келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталған эмоционалдық қолдау көрсетуді болжайды. Нәтижесінде жетістік қорытындысының айырмашылығын 25%-ға дейін қысқарту мүмкін болады.

Үшінші фактор оқу ортасы мен уақытты есепке ала отырып, оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде жеке қолдау мен марапаттауды ұсынады. Осылайша, қорытынды нәтиженің 25% ерекшелігі қысқаруы мүмкін» (Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 46 б. – 21 б.).

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатында саралап оқыту туралы былай деп жазылған: «Саралап оқыту тәсілі – білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 17 б.).

Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз керек. Мұндай саралауда не жазу керек?

Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.

Мысалы, жоғарыдағы оқу мақсаты мұнда мынандай түрде келтірілуі мүмкін: «Оқушылар 9 геометриялық фигуралардың барлығын да бір бірінен ажыратады және атайды». Мұндағы таным деңгейлері «Білу» («атайды») және Түсіну («ажыратады»).

Ал 7-сынып тарих сабағының «Қазақ хандығы жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?» тақырыбы бойынша «7.3.1.10. Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау» және «7.3.2.6. Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау» атты екі оқу мақсатын былай көрсетуге болады: «Барлық оқушылар: 1) Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтайды (Түсіну); 2) Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдайды (Талдау)».

Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсатттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушылардың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізуі керек.

Жоғарыдағы тарих пәнінің мақсатын мұнда былайша көрсетілуі мүмкін: «Оқушылардың басым бөлігі XV ғасырдың басындағы Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының орта ғасырлық мектептердің ішіндегі алатын орнын анықтайды» (Талдау).

Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бөлігі үшін (көрсетпесе де болады) белгіленген мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде.

Жоғарыдағы мақсатты былай көрсетуге болады: «Кейбір оқушылар Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының нәтижелерін бағалап, 5-тен кем емес дәлелдер келтіреді» (Бағалау).


Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды.

Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым (табыс критерийі)» («Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы).

1, 2, 5, 7-сыныптарда бағалау критерийлерін оқу мақсатына байланысты «Қалыптастырушы бағалау бойынша мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулықтан» алуға болады. Ал басқа сыныптарда қалыптастырушы бағалау таңдалмаған оқу мақсаттары үшін бағалау критерийлерін мұғалімнің өзі құрастыруы керек.

Бұл туралы әдістемелік нұсқау хат былай дейді: «Әр оқу мақсаты бойынша бағалау критерийлерін мұғалім әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ, мұғалім өзінің білім алушыларының дайындық деңгейіне сәйкес келсе, ЖӘК порталына орналастырылған жиынтық бағалау бойынша жинақтардағы бағалау критерийлерін пайдалануға құқығы бар. Бастауыш мектептің өзінде оқыту процесі білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары мен кең ауқымды дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте оқыту процесі дәстүрлі оқыту процесінен алшақтағанын және күтілетін нәтижелерге негізделетінін есте сақтау қажет. Күтілетін нәтижелер алты білім салалары бойынша анықталады және іс-әрекеттік аспектісін көрсетеді, яғни білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 213 б.).

Мұнда мына мәселеге назар аудару керек. Бағалау критерийлері оқушылардың сабақ мақсаттарына емес, оқу мақсаттарына жеткен-жетпегендігін өлшеуі керек, яғни бұл жерде барлық оқушылардың үйрену нәтижелері қарастырылады.

Мысал келтірейік. 1-сынып математикасындағы «1.3.1.1. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір бірінен ажырату және атау» мақсаты бойынша «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы. Математика. 1-сынып» жинағы (Астана, 2016, 23 б.) мынандай бағалау критерийлерін келтіреді: «Білім алушы геометриялық фигураларды (нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш) бір бірінен ажыратады және атайды». Яғни, оқушылардың сабақ мақсатына жеткен-жетпегендігін, үйрену деңгейін оның геометриялық фигураларды дұрыс атай алатындығы мен оларды бір-бірінен ажырата алатындығынан көруге болады. Бұл сабақ барысында оқушыларға осы екі мәселені (атау және ажырату) жүзеге асыра алатындығын айқындайтын тапсырмалар беру керек деген сөз.

Тарих сабағында мынандай бағалау критерийлерін құрастыруға болады: «1) Қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін бір-бірімен салыстыра анықтайды; 2) Қазақ хандарының сыртқы саясатын картаны қолдана отырып анықтап, нәтижелерін талдайды».


Тілдік мақсаттар

Тіл адамның басты құралы тіл шығар: біз тіл арқылы ойлаймыз, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз. Демек, үйренудің де негізгі құралы тіл болып табылады. Сондықтан да кез келген пәнді оқытуда тілді басты назарда ұстау керек.

Тілдік мақсаттар туралы «Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар. 1-сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарларда» (Астана, 2016) былай деп жазылған:

«Мектептерде пән мазмұны мен тілді үйрететін оқыту ортасын қалыптастыру керек. Әр пәннің өзіндік сөйлеу ерекшеліктері бар: стиль, лексика, синтаксис. Осы арқылы оқушы пән мазмұнын да игеріп, ойлауды да жақсартады, өйткені адам тіл арқылы ойланады, тілдің көмегімен үйренеді де.

Тілді, сөйлеуді дамытуда тілдік мақсаттар қойған маңызды. Оларды нақты қойсақ – оқушылар өздерінен не күтілетіндігін анық түсінеді. Тілдік мақсаттар оқуға деген қызығушылықты ылғи да жоғары деңгейде ұстайды. Сондықтан да мұғалімдер әр сабақта пәндік мазмұн мен сөйлеуді дамытуды назардан шығармауы керек.

Сөйлеуге үйрету үшін мұғалімдердің мына мақсаттарды сабақ жоспарларына енгізгені дұрыс:

- оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару керек (оқу мақсатына жеткізуге көмектесетін сөздер, терминдер, тіркестер, фразалар);

- сабақ мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті жұмыс тілін ұсыну (топ құрамында жұмыс жасау, сұрақ қоя білу, жағдаяттарды талдау, пікірталасқа қатысуға қажетті тіркестер мен фразалар);

- алдын-ала оқыту (бұған алдымен пән мазмұнын игеруде терминдер мен фразаларды алдын-ала қолдану кіреді);

- оқушылардың тілдік дағдылардың төртеуін де әртүрліше біріктіріп қолдануы (мысалы, оқылым-айтылым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, айтылым-жазылым, т.б.);

- оқушыларды диалогқа (талқылау, пікірталас) тарту (мысалы, біржақты қысқа жауаптарды қабылдамау, жауабы оқулықта бар сұрақтарды қоймау, алған білімін талқылауда қолдануға ынталандыру, әңгімелесуге қажетті мол сөздік қорды ұсыну);

- тіл арқылы үйренудің дағдыларын дамыту (мысалы, сөздікті қолдану, парафраз жасау, тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық санақылты дамыту);

- тіл туралы сыни ойлауды қолдау (мысалы, тілдерді салыстыру, тілді нақтырақ қолдануға ынталандыру, тілді үйренудегі ілгерлеуді бағалау);

- тілдік мақсатты сабақ басында қойып, сабақ соңында оған жетудің жетістіктерін талқылау» (6 б.).

Тілдік мақсаттың мысалдары әр пәннің оқу жоспарларында келтірілген. Тілдік мақсаттардың компоненттері мынандай атаулармен көрсетілген:

«(1) пәнге қатысты арнайы лексика және терминология.

(2) диалог/жазылымға қажетті сөз тіркестері. Берілген ақпарат тілі оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, сипаттау, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, дәлелдеу, келіссөздер жүргізу, болжау, жасау, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, көшіріп жазу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру» (6 б.).

Сонымен ҚМЖ-да тілдік мақсаттар мынандай тұрғыдан көрінуі керек:

Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым.

Терминология: пәнге қатысты арнайы лексика және терминдер.

Сөз тіркестері: Диалогқа түсіретін сөз тіркестері.

Осы жерде «тілдік дағдылар» ұғымына тоқталып кетейік. Әдістемелік нұсқаулық хатта тілдік дағдылар «сөйлеу әрекетінің түрлері» деп аталып, былайша түсіндіріледі:

«Тыңдалым арқылы коммуникация (тыңдалым). Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға қатысты айтылған ауызша пікірлердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты бөліп алу; сөйлеушінің пікірін түсіну; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; түрлі стратегияларды қолдану арқылы білім алушылардың деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі мәтіндердің мазмұнын қабылдау және түсіну: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге сүйенумен қажетті/нақты ақпаратты, мәтіннің бөліктерін таңдау және түсіну.

Жазылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға байланысты жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; нақты және ойдан шығарылған оқиғалар туралы жаза білу, оқылғаны туралы сыни пікірлер беру білігі; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі байланыстырушы сөздерді қолдану арқылы параграфтағы сөйлемдерді байланыстыру.

Оқылым арқылы коммуникация. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы әдеби және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты белгілеу, ақпаратты іздеудің түрлі стратегияларын қолдану; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; автордың қарым-қатынасын және пікірін түсіну; сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең түсіну үшін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы түрлі дереккөздерді қолдану.

Айтылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы сұхбаттасу барысында ресми және ауызша сөйлесу стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты алу үшін неғұрлым күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін айту; күтпеген түсінікке жауап беру; тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты пайдалану; хикаялар мен оқиғаларды мазмұндау» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 27-28 б.).

1-сынып математикасының «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі» 3.1 бөлімшесі бойынша тілдік мақсаттары оқу жоспарлары былай келтіреді: «Оқушылар сипаттарына сәйкес заттарды көптің қатарына қосуды талқылап, түсіндіре алады».

Бұл мынандай арнайы лексика және терминдерді қолдануды талап етеді: «сол жақта, оң жақта, үстінде, астында, артында, алдында, арасында, үстінде; нүкте, түзу, сәуле, кесінді; себебі, критерийлер, ерекшеліктері, сипаттары; кеңістік фигуралары, үш өлшемді форма, шар, цилиндр, конус, пирамида, призма, куб; жазық геометриялық фигуралар, екі өлшемді форма, үшбұрыш, шеңбер, квадрат, тікбұрыш; нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, ауқым және шекара; біріктіру, алып тастау».

Талқылауды табысты түрде жүзеге асыру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою керек: «Неліктен оларды бірге топтастыру керек? Бұл фигуралардың ортақ сипаттары қандай? Бұл фигураларды қайда қолданған едіңдер? Неліктен екендігін айта аласыңдар ма? ... квадрат, ал ... емес пе? Біз .. тікбұрышты дәптерлерді қолданамыз ба?»

Жазуда мынандай тапсырмаларды беруге болады: «Сынып бөлмесіндегі қандай жазық фигураларды тауып, атайсыңдар. Бір сипат бойынша өздерің таңдаған ойыншықтарды атаңдар. Салған суреттеріңде фигуралардың атауларын белгілеңдер» (28 б.).

Сонымен әр сабақта тілдік мақсаттарды айқындап, оларды жүзеге асыру арқылы оқушылардың ойлауы мен санасын дамытып, қарым-қатынас жасау дағдыларын жақсартып, оларда елестету, өзіндік ой қалыптастыру, мазмұндық мәселелерді талқылау, талдау, суреттеу, түсіндіру және болжау біліктіліктерін арттыратындығы сөзсіз.


Құндылықтарды дарыту

Әл Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөздері өскелең жас ұрпақты оқып, үйретудің негізгі қағидасы деп түсінген жөн. Сол себепті де оқу процесін ұйымдастыруда басты назарды танымдық мазмұнмен бірге адами, рухани құндылықтарды қалыптастыруға аудару – заманауи білім беру жүйесінің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатында былай делінген: «Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады.

Құндылықты бағдарлау – тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі.

Құндылықтарды іске асыру құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні белгілі бір қоғамның сәтті әрекет етуі үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады.

Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі бөлісетін белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттері мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде мінез-құлығы мен іс-әрекеттерін көтермелейді.

Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары ретінде:

1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

2) құрмет;

3) ынтымақтастық;

4) еңбек пен шығармашылық;

5) ашықтық;

6) өмір бойы білім алу белгіленді (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 16-17 б.).

Әр пәннің оқу бағдарламасында бұл мәселе туралы былай жазылған: «Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады.

Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс» (Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016, 6 б.).

Сонымен, бұл «Құндылықтарды дарыту» бөлімінде нақты осы сабақта балалардың бойында қалыптастыруға арналған оқу бағдарламасындағы және ұлттық, жалпыадами құндылықтардың негізінде қалыптасатын құндылықтарды (адами қасиеттер, жоғарғы ұстаным, мәдениет, мінез-құлық пен қарым-қатынастың жағымды көріністері, т.б.) көрсету (іс-әрекет және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау арқылы).


smk.edu.kz порталында жарияланған кейбір сабақ жоспарларында құндылықтар былайша көрсетілген:

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- саналы да ерікті еңбек адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіру;

- өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;

- өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру,

- мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру;

- өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру.

Назар аударсақ, мұнда құндылықтар дәл сол қалпында келтірілмей («қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу»), тақырып аясында нақтыланған.


Пәнаралық байланыстар

Әдетте мұғалімдер мұнда жай ғана пән атауын көрсетіп қана қояды. Бұл жеткіліксіз, тек пәндерді көрсету аздық етеді.

Бүгінгі білім беру жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі мынада: оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер тек танымдық-пәндік тұрғыда ғана қалыптастырылмай, тұлғалық және метапәндік (пәнаралық, үйреншікті пән ауқымынан тыс) деңгейлерді қамтиды. Бұл ұстаным оқушылар арасында кең таралған «клиптік санаға» қарсы бағытталған. «Клиптік сана» өмірді бүтін деп қабылдамай, оған деген үзік-үзік көзқарас құрастырады, Әлемді әр пәннің тар ауқымында ғана тануды қалыптастырады.

Ал метапәндік тәсілдеме оқушыларды әр пәнді Әлемді тану жүйесінің құрамдас бөлігі деп тануға жетелейді, өйткені мұнда оқыту пән ауқымынан шығып, өзге пәндермен байланыс құрап, әмбебап білім қалыптастыруға бағыттайды. Метапәндік түсінік оқушыларды өмірдің мәні мен мағынасы, құндылықтары мен қағидалары, адамның онда алатын орны мен міндеттері туралы ойлануға шақырып, олардың түсінігін, ойлауын, үйренуін, қарым-қатынасын, рефлексиясын, іс-әрекеттерін дамытады. Метапәндік тұрғыда оқушылар әр сабақта «Мен қалай үйренемін, дамимын? Білімімді қалай жақсарта аламын? Бұл білім маған не үшін керек? Ол маған қалай және қай жерде қажет болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді.

Сабақтардағы метапәндік байланыс тек пәндердің кіріктілуі ғана емес. Бұл өмірге деген бүтін көзқарасты бірнеше пәннің тоғысуында қалыптастыру. Мұнда «Адам», «Өмір мәні мен мақсаты», «Өмір құндылықтары», «Бақыт», «Сана», «Білім», «Сөз», «Уақыт және кеңістік», «Қарым-қатынас», «Денсаулық», «Табиғат», «Экология», «Проблема шешу», «Табыс пен жетістік», т.б. секілді ортақ мақсаттар қарастырылады. Шәкәрім кезінде айтқандай, «Әңгімелесуде басты мәселелер: Отан, адам бойындағы Руханилық пен Адамгершілік туралы ой толғау керек».

Мәселен, 1-сынып математикасының «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі» тақырыбы бойынша өтетін сабақта сынып бөлмесінің балаларға жайлылығы туралы, қала не ауыл ғимараттары мен үйлерінің қалай салынғаны туралы, ойыншықтар туралы әңгімелесуге болады.

Ал «Қазақ хандығының жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?» тақырыбындағы сабақта тарихтағы тұлғалардың рөлі туралы, қазіргі қоғамдағы танымал тұлғалар туралы, сыныптағы көшбасшылық туралы мәселелерді көтеруге болады.

Сондықтан да ҚМЖ-ның бұл бөлімінде сабақтағы кіріктірілудің қандай пәндермен жүзеге асырылатынын ғана көрсетпей, ондай байланысты ортақ тақырыптың мазмұны арқылы көрсеткен орынды.


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Бұл жерде оқушылардың сабақта қандай АКТ дағдыларын дамыта алатындығын көрсету керек. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатында былай деп жазылған: «Орта мектепте АКТ-ні, БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар:

- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу;

- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;

- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;

- заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;

- электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;

- интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;

- аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 19 б.).

Әдістемелік нұсқау хатта АКТ құзіреттіліктерін арттыру мақсатында мынандай ұсыныстар жасалады: «География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:

  • оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;

  • білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;

  • пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;

  • оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;

  • интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;

  • есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;

  • виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады» (122 б.).

Мұғалімнің бұл бөлімде жоғарыда көрсетілген даағдылардың бір-екеуін сабақ тақырыбымен байланыстырып келтіруіне болады.

Бстауыш сыныптар бағдарламасында бұл туралы былай делінген: «Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек (Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. – Астана, 2016,, 5 б.)


Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Кез келген жаңа тақырып таныс ұғымдар арқылы меңгеріледі.

Бұл бөлімде оқушылардың тақырып бойынша бұрыннан не білетіндігі (немесе бұрыннан не білуі керектігі) көрсетіледі (негізгі ұғымдар, деректер, фактілер, формулалар, теориялар, ережелер). Бұл жерде бағдарлама бойынша оқылған алдыңғы тақырып жазылмайды. Мұнда сабақ тақырыбы бойынша өткен оқу жылы қарастырылған оқушылардың білуге қажетті деректер келтіріледі.

Мысалы, 7-сыныпта тарих сабағында «Ұлы Дала мұрагері – Қазақ халқы қалай қалыптасты» тақырыбын табысты меңгеру үшін оқушылар бұрыннан мына мәселелерді білуі және түсінуі керек:

- Қазақстан территориясындағы миграция бағыттарын, мемлекеттердің этникалық құрамын.

- Қазақ этносының қалыптаса бастауына моңғол шапқыншылығының кедергі келтіргенін түсінеді.

- Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттердің саяси картасы мен этникалық құрамын біледі.

Осындай білімі бар болса ғана оқушылар жаңа тақырыпты табысты игереді. Бұл дегеніңіз оқушылардың осы мәселелерді үйден қайталап келіп немесе сабақ басында естеріне түсіруі қажет дегенді білдіреді.

Ал математика сабағында (5-сынып) «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану» тақырыбы бойынша сабақ мақсатына жету үшін оқушылар «жай бөлшектер», «дұрыс\бұрыс бөлшектер», «бөлу және бөлшек байланысы», «бөлшектің негізгі қасиеттері», «ондық бөлшектердің разрядтары» сияқты ұғымдарды білуі керек. Өйтпеген жағдайда оқушылардың бүгінгі сабақта ондық бөлшектерді қосып, азайтуы қиынға соғатындығы анық.


Жоспар

Ресурстар. Бұл жерде сабақта қолданатын кеңсе тауарларын (қағаз, флипчарт, маркерлер, желім, скотч, қайшы, т.б.) көрсетпей, мазмұндық материалдарды (контент) келтірген дұрыс. Олардың қатарына сабақ мақсатына жетуге көмектесетін сабақта қарастырылатын кітап не басқа да дерек көздері, мәтіндерді (мәселен, оқулықтағы параграф), интернетте ұсынылған материалдарды, видеокөрсетілімдер, слайдтар және басқа да ақпарат көздерін жатқызуға болады.

Басталуы.

Ортасы.

Аяқталуы.


Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Саралап іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер: оқушыға дербес көмек көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиынтық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.

Нені саралауға болады?

1. Тапсырмалар: оқушыларға олардың білімдеріне сәйкес әртүрлі тапсырма берілуі мүмкін.

2. Нәтиже: тапсырма біреу, алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі.

3. Жұмыс жасау қарқыны: тапсырма біреу, алайда оны орындау үшін әртүрлі уақыт беріледі. Ерте аяқтағандарға қосымша тапсырма ұсынылады.

4. Қолдау: бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады.

5. Ресурстар: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда әртүрлі ресурстар ұсынылады немесе оларды өздігімен табу тапсырылады.

6. Топтастыру: қабілеттері біркелкі оқушыларды бөлек топтарға біріктіру.

7. Ақпарат: тапсырма біреу, алайда оқушыларға әртүрлі деңгей мен көлемдегі ақпарат беріледі.

8. Рөлдер: бір тапсырманы орындау барысында оқушылар әртүрлі рөлдерді орындайды.

9. Үй тапсырмасы: оқушылар түрлі үй тапсырмаларын алады.

10. Диалогта әртүрлі сұрақтарды қолдану: мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзінің сұрақтары мен жауаптарын саралайды («Кәдімгі мектепте қабілетті балаларды оқыту», Eyre, 1997 материалдары бойынша).


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазу керек. Бағалау дегеніміз оқушылардың үйрену деңгейін анықтау болғандықтан, мұнда мұғалім қалыптастырушы бағалауды сабақта қалай қолданғанын жазуы керек. Мұнда мұғалім мына мәселелерді есте сақтап, қадағалауы керек:

«Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:

• оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;

• білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;

• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

• білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады» (Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқудіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 48 б. – 14 б.).

Мұғалім осы мәселелерді сабақта қалай жүзеге асырғандығын көрсетуі керек. Мысалы, оқушыларға табысты оқу үшін қандай жағымды жағдай жасағандығын, оқушыларға кері байланысты қалай бергендігін, олардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауын қалай ұйымдастырғандығын, оқушыларды қалай ынталандырып, көмектескендігін, оларға қандай жоғары деңгейдегі сұрақтар қойғандығын келтіргені дұрыс.


Сабақ бойынша рефлексия

Мұғалімнің ең басты міндеті - өзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамыту. «Кәсіби даму дегеніміз тәжірибе және рефлексия» деген ұстанымға сәйкес әр сабақтан кейін (тәжірибе) мұғалім сабақты талдау мен бағалау арқылы оның ұтымды жақтары мен жақсартуға қажетті тұстарын айқындап, өз тәжірибесін қалай дамытуға болатындығын айқындау дағдыларын қалыптастыруы керек.

Осы мақсатта сабақтан кейін өз сабағын талдау барысында мұғалім бұл бөлімге сабақ туралы өз пікірлерін жазады. Бұл үшін мынандай сұрақтарғаа жауап беру ұсынылады:

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Әрине, бұл сұрақтардың тізімін жалғастыра беруге болады. Пайғамбарымыз (ҒС) «Көркем сұрақ – ғылымның жартысы» деп айтқан екен, демек осы сынды сұрақтарды өзіне қойып, оларға шынайы түрде жауап беру арқылы мұғалімнің өз сабағын бағалап, кәсіби дамытуын жалғастыра түсетіндігі анық.

Рефлексиялық сұрақтарды құрастырғанда мына бір идеяны басшылыққа алу қажет: «Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында білім алушыларды қолдау үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет: «білім алушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және білім алушы)» - (Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 46 б. /18 б.).

Барлық сұрақтар осы үш сауал ауқымында құрастырылғаны дұрыс.

Қорытынды бағамдау

Бұл бөлімде мұғалім «Сабағымнан қандай қорытынды шығарамын? Өзмнің педагогикалық қоржынымды қандай идеялармен толықтырамын?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз сабағын талдау барысында алған ең басты қорытындыларын жазады.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеру керек)?

Мұғалім мұнда оқушылар мен өзінің сабақтағы ең ұтымды, ең тиімді болған әрекеттері мен жетістіктерін жазады. Олардың қатарына оқушылардың ынтасы, мақсатқа бағытталуы, өздігімен жұмыс жасауы, қолданған әдіс-тәсілдердің тиімділігі, тапсырмалардың мазмұндылығы, бірлескен әрекеттер, жағымды қарым-қатынас, кері байланыс пен рефлексия, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы, бір-біріне көмектесуі, сұрақтардың деңгейі, дескрипторлардың тиімділігі, нақты бір мақсатқа жетуі, критерийлерді қадағалауы секілді тағы да басқа көптеген ұтымды жәйттерді жатқызуға болады.

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Мұғалімнің шеберлігі сабақтан сабаққа жақсаруы керек. Бұл үшін ұстаз әр сабағын дамытып, өркендетіп отыруы қажет. Мұғалім бұл бөлімде «Кемшілік – дамудың қажетті ресурсы» демекші, сабақта туындаған кедергілерді («кемшіліктерді» деп айтпай-ақ қояйық) айқындап, оларды қалайша түзеп, болдырмау туралы ойларын келтіреді. Жоғарыда аталған жағымды жәйттерді енді кедергілер ретінде келтіруге болады.

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

Мұғалім сабақ барысында әр оқушыны бақылап, олардың оқып-үйренуі қалай өрбіп, дамып жатқандығын қадағалауы керек. Мұндай бақылауда ұстаз оқушылардың қандай жетістіктерге қол жеткізгенін немесе қандай қиындықтарға тап болғанын дөп тауып, оларды оқушыларға айтып, қалайша болашақта (келесі сабақта) жетістіктерді дамытып, ал кедергілерді жеңу жолдары туралы шәкірттерімен ақылдасып, бірлесе амал іздейді.

Бұл бағытта мұғалімге жазба жүргізу көп көмектеседі (қалыптастырушы бағалау журналы, рефлексиялық күнделік, т.б.).

1.

2.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ашық сабақ 1 сынып Жаратылыстану "Қазақстанда жасалған"

Автор: Танирбергенова Мадина Андреевна

Дата: 04.12.2018

Номер свидетельства: 488935

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "zhanartylgan_bilim_beru_mazmunynda_bastauysh_synypta_okytudyn_tiimdi_dis_t_silde"
    ["file_id"] => string(6) "551534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590564547"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Қазақстандағы мұнай, газ және көмірдің негізгі кен орындары. 11 сынып"
    ["seo_title"] => string(78) "k_azak_standag_y_mu_nai_ghaz_zh_nie_komirdin_nieghizghi_kien_oryndary_11_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "416343"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495035877"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? ?мірі мен ?рпа??а ?алдыр?ан м?ралары"
    ["seo_title"] => string(80) "kudierin-zhu-makhan-mausymbaiu-lynyn-omiri-mien-u-rpak-k-a-k-aldyrg-an-mu-ralary"
    ["file_id"] => string(6) "326097"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463103878"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) ""Бастауыш сынып о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру жолдары" атты баяндама"
    ["seo_title"] => string(86) "bastauyshsynypokushylarynynfunktsionaldyksauattylygynkalyptastyruzholdaryattybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "278301"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453051896"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Білім күнінің сабағы.«Мен – патриотпын»"
    ["seo_title"] => string(37) "bilim_kuninin_sabag_y_mien_patriotpyn"
    ["file_id"] => string(6) "429143"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1506009042"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства