Мотивациялық – қозғаушылық кезең Мотивационно-побудительный этап Ұйымдастырушылық –ізденіс кезеңі Организационно-поисковый этап | Оқытушы: Сәлеметсіңдер ме? Балалар көңіл күйлерің қалай ? Жылулық шеңберіне тұрып, жылы сөздер айту. -Балалар, қуанышымызды бір-бірімізге жеткізейік. Шаттық шеңбері Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз, Қуанамын менде, Қуанасың сенде. - Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте мейірімді, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұр. -Кәнеки, балалар бір-бірімізді құшақтап, жылулық сезімізді білдірейік. - Балалар енді орындарыңа жайғасуларыңа болады. Ғажайып сәт: Есікті біреу қағады. Есікті ашқан кезде, шар ұшып кіреді. Оқытушы: Ой, бізге қайдағы шар ұшып келді? Қараңдар, ол жай шар емес, ол бізге Дымбілместен хат әкеп беріпті. Оқытушы: Ой, қараңдаршы, хат өзі бір таңғажайып зат сияқты, ол неге ұқсайды? Ол нені есімізге түсіреді? Бұл хат кімнен деп ойлайсыңдар? Оқытушы: Бұл хатты бізге алыс «Сиқыр» елінен Дымбілмес жіберіпті. Сәлеметсіңдерме, құрметті балалар! Мен ғажайып елде саяхатта жүрмін, сонда жүріп, әлемдегі ең тәтті кәмпит түрін жеп көрдім. Бұл тәтті кәмпит түрі: «Жұлдызды кәмпит» деп аталады. Ол жұлдыздардың сәулесінен жасалады. Оны сендерге сыйға әкеп берсем деп едім. Бірақ оны сатып алу үшін, көп жұлдызшалар керек екен, сол себептен маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Жұлдызша алу үшін, тапсырмаларды орындау қажет. Мен ол тапсырмаларды шеше алмай, сендерге жолдап отырмын. Көп кешікпей, сендерден шешуін күтем. Жұлдызды соғұрлым көп жинау үшін, екі топқа бөлініңдер. Екі команда болсаңдар менің жұлдыздарым да екі есеге көбейеді. Оқытушы: Біз, Дымбілмеске көмек ұшын береміз бе? Онда балалар екі командаға бөлінейік. 1-топқа ара, 2-топқа көбелек атауын беремін. Оқытушы: біз кез-келген тапсырманы орындауға дайынбыз ба? Сонымен, біздің тапсырма жұлдызды сағаттан басталады. Ол үшін шеңбер құрайық. «Допты қақ» ойыны. Ойын шарты:, Әуен ойнап тұрған кезде, бір- біріне допты береді, әуен тоқтаған кезде, доп қалып қойған ойыншы сұраққа жауап беруге тиіс. 1.Какой стране мы живем? 2. Кто Президент РК? 3. Какие сиволы РК знаем? 4. Столица РК? Сұрақтарға жақсы жауап бергендерге, жұлдызшылар таратылып беріледі Оқытушы: Жарайсыңдар! Сендер өз отандарыңды жақсы көресіңдер екен. Ал, енді әнұранды орындайық. . Оқытушы: Жарайсыңдар, балалар міне, жұлдызшаларда жинала бастады. Екінші тапсырма: Дымбілместің орманнан өтуі керек, ал орманда жабайы аңдар бар. Атауын атаса, ол орманнан еш кедергісіз өте алады. Бірақ ол атауын ұмытып қалыпты. Ол орманнан өтсе, оған тағы жұлдызшалар беріледі. Ойын «Аңдарды жина» Ойын шарты: Үстелдің үстіндегі пазлдың бөліктерін екі команда тезірек жинауға тырысады. Ойын шарты бойынша, қай команда тез пазлды жинап қазақ тілінде атауын атаса, сол команданың үлесіне қос жұлдызша беріледі. Оқытушы: Тамаша! Сендер аңдардың атауын да біледі екенсіңдер, қандай ақылдысыңдар! Ал, енді сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту сәті «Балық аулау» . Балаларға құмыра беріледі, оның қақпағы жіпке байланған. Ойын шарты бойынша: Қақпақты құмыраға салу керек.. Оқытушы: сендер қандай епті екендеріңді көрсеттіңдер. Ал, енді Дымбілмес ағашта қандай жемістер өсетінін білмейді екен, соған көмек көрсетуіміз керек. | Балалар спортзалға кіреді. Қазақ тілінде амандасады. Балалар көңіл күйлерінің қандай екенін баяндап береді. Балалар оқытушының көмегімен өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен іс- әрекетін қайталайды. Балалар бір-бірін құшақтайды. Балалар дөңгелене қойылған орындықтарға жайғасып отырады. Балалардың назары есікке ауады. Балалардың жауабы. Балалар өздерінің тұжырымдарын айтады. Балалар хатты бар зейінімен тыңдайды. Балалардың жауабы. Балалар топқа бөлініп, берілген эмблемаларын бастарына киеді. Балалар ынтамен жауап береді. Балалар шеңбер құрады. Балалар шеңбер бойымен тұрады. Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар жұлдызшылар алады. Балалар әнұранды орындайды. Балалар тапсырманы тыңдайды. Балалар бөлінген пазлдардың бөлшектерін сәйкестіріп, аңдарды құрастырады және қазақ тілінде айтуға тырысады. Балалар құмыраға қақпақты салуға тырысады. Балалар жұлдызшалар алады. Балалар Дымбілмеске көмектесуге тырысады. |
| Ойын «Жемістерді ата» Ойын шарты: Теректерге жемістерді қазақ тілінде атап, жапсыру керек. Оқытушы: Жарайсыңдар, балалар!Міне, тағы сендер жұлдызшаға жұмыс орындадыңдар. Қараңдар, Дымбілмес ғажайып елінен дорба жіберіпті! Ол жіберген дорба ішінде түрлі түсті доптар бар екен. Соны қазақ тілінде атауға көмек берейік. Ойын «Ғажайып дорба» Ойын шарты бойынша: Дорба ішіндегі доптардың түсін қазақ тілінде атау керек. Оқытушы: Қандай ақылдысыңдар балалар. Сендер көп жұлдызша жинапсыңдар. «Жақсы» сергіту жаттығуы Оқытушысы: Жарайсыңдар, балалалар, ал енді, орнымызға барып жайғасайық. Дымбілместің келесі тапсырмасы бойынша, әр команда бақтан барып гүл теріп, алып келу керек. Ойын «Кім жылдам, тез сана» Ойын шарты бойынша: оқытушы айтқан гүл санын гүлзараға салу керек. Сосын гулзараны келесі оқушыға беру керек. Оқытушы: Балалар өте тамаша, бүгін сендер Дымбылмеске үлкен көмек жасадыңдар. -Балалар айтыңдаршы, бүгін бізге «Сиқырлы әлемнен» не келді? -Кім бізге хат жіберіпті? - Дымбылмеске қандай тапсырмалар берілген? Рефликсивті түзету кезеңі: - Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма? - Егер ұнаса үстелдегі смайликтерден қызыл түсін, ал ұнамаса сары түсін ағашқа жапсырыңдар. -Ал, сендер неге қызыл түсті таңдадыңдар? -Балалар сендер бүгін өте тамаша жұмыс жасадыңдар. Сендерге Дымбілмес шексіз алғысын білдіріп жатыр. Біз енді жұлдызшаларды шармен «Сиқыр әлеміне» жіберейік. Сосын сендерге Дымбілмес жұлдызшаларды «Жұлдызды кәмпитке» ауыстырып, сендерге сыйлық беріп жібереді. Ал, балалар тағы алғысымды айтып , сабақты аяқтаймын. Жарайсыңдар, балалар. | Балалар үстелде жатқан жемістерді атап іледі. Балалар доп түсін атауға беруге тырысады. Белсенді қатысқан балалар жұлдызшылар алады. Сергіту жаттығуын орындайды. Балалар орындарына жайғасады. Балалар санап гүлдерді теріп әкеледі. |