Сабақ жоспары
Сыныбы:6 «а»
Күні:13.03.2017жыл
Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау
Мақсаты : А) Сөз таптары туралы түсініктерін пысықтау
Ә) Есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденіске
баулу
Б) Тіл мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдісі: Сұрақ – жауап, жаттығу жұмысы,мәтінмен жұмыс, талдау, семантикалық картамен тапсырмаларды
орындау
Сабақ түрі:ашық сабақ
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы бекіту
Зат есім дегеніміз не?
Сын есімнің мағыналық түрлері?
Сан есімнің мағыналық түрін ата
Есімдіктің мағыналық түрлері?
Етістік дегеніміз не?
Болымды, болымсыз еістік дегеніміз не?
Салт және сабақты етістік дегеніміз не?
Етіс категорияларын ата
Есімше,көсемшенің жұрнақтары?
Үстеудің мағыналық түрлері?
Еліктеу сөздер дегеніміз не?
ІІ. Негізгі бөлім
Жаттығулар жұмысы
317-жаттығу
Мәтіннен еліктеу сөздерді теріп жазу
1-тапсырма.
Еліктеуіш сөздерді бір бағанға, бейнелеуіш сөздерді бір бағанға жазыңыздар
Гүрс етіп атылды, бүлк етті, сарт-сұрт болды, дір-дір етті, тық-тық етіп жөтелді, селк етті, гүлеп кетті салдыр-күлдір құлады, зып етіп, қалт тоқтады, жалт қарады, пыс-пыс етіп ұйықтады.
2-тапсырма «Ойлы болсаң, озып көр»: жұмбақтардағы еліктеу сөздерді атап, жауабын табу, аударма жасау.
1)Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
2)Тарпаң-тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.(тасбақа)
3) Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
Желмен ұшып кетеді,
Жер түбіне жетеді. (түтін)
4) Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
5)Аяғы біреу,қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп. (қаламсап)
6) Қық-қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық)
7) Тырылдап көкте инелік,
Инелік емес, үй делік. (вертолет)
8) Балпаң-балпаң басады,
Қыр жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. (Аю)
3-тапсырма «Сөз ойла»
Бос орынға еліктеу сөздерді қой.
Уәлихан апасына.. етеді. (жымың - жымың )
Ай сәулесіне шағылса... етеді. (жылт-жылт)
Тоғайдан.. еткен дауыс естілді. (сатыр-сұтыр)
Ат ауыздықтарын.. шайнайды. (қарш-қарш)
Көгалда бүлдіршіндер.. жүгіріп жүр. /Зыр-зыр/
Ауыл маңы.. болып жатыр. /Абыр-сабыр/
Доп өзенге. етті. /күмп/
Семантикалық картамен жұмыс
Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
жаз
тас
сын
аш
бәле
әсем
сүз
ал
жем
ұйқы
сүрін
тау
-лы,
-ты,
-сіз
-ғы
-шыл
-қор
-паз
-ық
-ғыр
-шек:
-еген:
4-тапсырма
Төменде берілген сын есімдер мен зат
есімдерді қатыстырып сөз тіркесін жаса:
Сын есімдер: домалақ, жасыл, тұнық,
көкала, кішкене,ақ, сары, қызыл,
көңілді, қызықты.
Зат есімдер: тастар, шөп, бұлақ, көбелек,
балалар, адам, кітап, гүлдер.
5-тапсырма
Заттанған тұйық етістіктердің мағынасын сөйлем құрап мысалмен ашу: көсек,жасау,сабау, егеу.
6-тапсырма
«Көсемдікке ұмтылу»
Гүлдердің түсін таңдап, сұрақтарға жауап беру
ІІІ. Қорытынды
7- тапсырма
«Білімнің кілті»
Сандықшаның ішіндегі сөз таптарын қайталауға арналған сұрақтарға жауап беру
1 топ
1Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а) 5 ә) 9 б) 8
2. Заттың атын білдіретін сөз табы?
а) сын есім ә) сан есім б) зат есім
3. Жалқы есімді көрсет?
а) Көкшетау, Жандос, Айғаным.
ә) Айсұлу, Өзен, Ертіс
б) Балқаш, Айгөлек, Ағаш.
4. Туынды зат есімдер қалай жасалады?
а) жұрнақ арқылы ә) сызықша арқылы
б) түбір тұлғада
5. Заттың түрін,түсін білдіріп тұрған қатарды тап.
а) биік үй, ә) сұр бұлт, б) сараң адам
2топ
- Зат есімнің сұрақтары?
а) кімді? нені? ә) кім? не? б) кімге? неге?
2. Дерексіз зат есімді көрсет?
а) мектеп, ағаш ә) қалам,қағаз б) ақыл, қуаныш
3. Күрделі зат есімдерді табыңдар?
а) Өнеркәсіп, ата-ана, озат оқушы.
ә) Сарысу, Гүлсары, Күйші.
б) Балқаш, Кітап, Оқушы.
4. Сын есімнің сұрақтары?
а) қалай?қайда?, ә) қай, неге?, б) қандай? қай?
5. Қышқыл қымыз, сын есімнің қай түріне жатады?.
а)заттың дәмі, ә) заттың түрі, б) заттың сапасы.
3 топ
- Зат есім нешеге бөлінеді?
а) 3 ә) 5 б) 2
2. Деректі зат есімді көрсет?
а) сезім, адамгершілік ә) қалам,қағаз б) ақыл, қуаныш
3. Күрделі зат есімдерді табыңдар?
а) Өнеркәсіп, ата-ана, озат оқушы.
ә) Сарысу, Гүлсары, Күйші.
б) Балқаш, Кітап, Оқушы.
4. Сын есімді тап?
а) оқушы,сәби, ә) тар, зерек, б) жазды, оқыды.
5. Қандай? Қай? сұрақтары тән қатарды көрсет.
а) зат есім, ә) сын есім, б) етістік
Үйге тапсырма: Сөз таптарын қатыстыра отырып «Жыл басы-Наурыз» тақырыбында мәтін жазу, сол мәтіннің екі сөйлеміоне морфологиялық талдау жасау