kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашу – дұшпан, ақыл - дос

Нажмите, чтобы узнать подробности

- оқушыларды әрдайым әдептілік сақтай білуге  үйрету;

- оқушыларды әрқашан сабырлыққа шақырып, ашуланбауға тәрбиелеу;

- әрбір істі соңына дейін байсалдылық таныта отырып, шыдамдылықпен жасау дағдысын дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашу – дұшпан, ақыл - дос»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: А.Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясы

Пәні: Өзін – өзі тану

Тақырып: «Ашу – дұшпан, ақыл - дос», 11-сабақ

Құндылық: ішкі тыныштық

Қасиеттер: әдептілік, ашуланбау, шыдамдылық.

Мұғалiм: Сарсенгалиева Г.М. Сынып: 4


Сабақ мақсаты: Оқушыларға ашу, ақыл туралы әңгімелей отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларды әрдайым әдептілік сақтай білуге үйрету;

- оқушыларды әрқашан сабырлыққа шақырып, ашуланбауға тәрбиелеу;

- әрбір істі соңына дейін байсалдылық таныта отырып, шыдамдылықпен жасау дағдысын дамыту.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер): оқулық, дәптер, үнтаспа

Сабақбарысы:

Ұйымдастырукезеңi. 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмысдәптері, қаламсап, қарындаш.

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру. №11 сабақ. 58-60 бет «Сурет» Ж.Дәуренбеков.

-Азамат Саматқа неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

-Азаматтың ашуының басылуына не себеп болды?

- Өзіңді ұстамды, сабырлы ұстаудың қандай пайдасы бар?




Дәйек сөз.

Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі.

М.Әуезов

- Неліктен адам ақылымен көрікті?

- Адам әр істе ашуланбай, шыдамдылық танытатын болса не болады?

- Сабыр дегеніміз не?

Өзін-өзі тану оқулығы. 61 бет. 4 сынып

Әңгiмелеу.

Сабыр суы (аңыз әңгіме)

Бір адамның басынан мынандай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына жылап келіп,шағым айтады:

-Маған әрдайым көршілерім тиіседі,біздер ұрысып қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым.Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес,көмек сұрап келіп отырмын.Не амал етсем екен?

Ақсақал ойланып отырып,келген адамға бірнеше сұрақ қояды.Содан соң бір құты су береді де:

-Осы су саған көмектесуі тиіс.Күнде көршілерің жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал.Бірақ оны бірден жұтып жібермей,аузыңда біраз уақыт ұстауың керек,-дейді.

Арада бірталай уақыт өткенде,әлгі адам ақсақалға тағы жылап келеді.

-Сірә,суға бірдеңе қосып берген болсаңыз керек.Сіз берген судың көмегі тиген еді.Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім.Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді.Менің көңілім көтеріліп,тыныштығым орнап қалған еді.Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім баяғы «жырын»қайта бастады. Менің ішкі тыныштығым бұзылды.Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды,-деп тағы да су беруін сұрайды.Сонда ақсақал күліп:

-Айналайын,ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ,күнде өзің пайдаланып жүрген кәдімгі су.Оның саған көмегі-көршілерің жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей қарсы алуға мәжбүр болғаның.Ендеше өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең,өзіңді-өзің тізгіндей алсаң,бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың,-дейді.

- Ақсақал адамға қандай ақыл-кеңес берді?

-Аузыңда біраз уақыт суды ұстау арқылы адам неге үйренеді?

-Адамның жан дүниесінде ішкі тыныштық қай уақытта орнайды?




Аңыз – әңгімелер жинағынан



















Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 4 топқа түстер арқылы бөлініп, 1.«Тыныштықта сурет салу».

2. Данышпан атаның кеңестері (іштей қайталаймыз):

- Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл.

- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.

- Жақсы нәрсе туралы ойла.

- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.

- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.

- Соңынан өкінетініңді ойла

- Ашуды ақылға жеңдір.



Үй тапсырмасы.№12 сабақ 62-63 бет «Балалардың көз қуанышы» мәтінін оқып келу.

Оқулық

Топпен ән айту. Топпен ән айту

«Көңілді күн» әнінің әуенімен

Сөзі: Мұғалім шығармашылығы және Шәкәрім өлеңінен үзінді

Әні: Ұ.Жолдасов

Өз - өзіңді ұстай біл, төзімді бол.

Қызбалыққа салынбай шыдамды бол.

Тәртіпті де, ұстамды бола білу.

Сездіреді жүректің тыныштығын.

Қайырмасы:

Біз үйде де, далада сабырлымыз,

Тәртіптіміз, шыдамдымыз.

Аулада да, мектепте ұстамдымыз,

Сыпайымыз әр қашан!

Сабыр деген әр іске шыдамдылық,

Өте сирек адамға бұл бір қылық.

Қолы жетпей талай жан ізденеді,

Осыдан кеп шығады адамшылық.

Қайырмасы:

Үнтаспа

Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (1 мин)

Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

Үнтаспа




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашу – дұшпан, ақыл - дос

Автор: Сарсенгалиева Гүлнұр Мадиярқызы

Дата: 25.11.2017

Номер свидетельства: 440647

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Өзін-өзі тану пәнінен 4 сынып ашық сабақ "Ашу-дұшпан, ақыл-дос""
    ["seo_title"] => string(66) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_4_synyp_ashyk_sabak_ashu_du_shpan_ak_yl_dos"
    ["file_id"] => string(6) "465492"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523209013"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ашу-д?шпан,а?ыл дос "
    ["seo_title"] => string(23) "ashu-du-shpan-ak-yl-dos"
    ["file_id"] => string(6) "132539"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1416343272"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашу д?шпан а?ыл дос"
    ["seo_title"] => string(18) "ashudushpanakyldos"
    ["file_id"] => string(6) "285037"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454079560"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Ашу-дұшпан, ақыл-дос!"
    ["seo_title"] => string(23) "ashu_du_shpan_ak_yl_dos"
    ["file_id"] => string(6) "364121"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480480680"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Тақырыбы: Ашу-дұшпан, ақыл дос"
    ["seo_title"] => string(33) "tak_yryby_ashu_du_shpan_ak_yl_dos"
    ["file_id"] => string(6) "415649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494867340"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства