Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп _____№5__________Мерзім __24.11.2016__________№11 сабақ__
Тақырып ___"Ашу-дұшпан,ақыл-дос"_______________________________
Құндылық_Тыныштық,
Қасиеттер_сабырлылық,ұстамдылық, төзімділік_______________________
Мұғалім Айтыгулова А.Ш.
Класс____4Д_________ Оқушылар саны__15______
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың "ұстамдылық", "сабырлылық", адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
-ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру
- өзара жағымды қарым -қатынас жасау іскерліктерін дамыту
- ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу
Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Оқулық, дәптер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Үш топқа бөлу (қызыл, көк, жасыл)
2. Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ -қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз.Құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға мұғалімдеріңізге, достарыңызға таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге барлық адамдарға жан-жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз « Мен нұрлымын» «Нұр менің ішімде». «Мен нұрмын». Осындай нұр махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Сабақ барысын талқылау:
3. Топтық жұмыс
1-топ "сурет"әңгімесі мағынасын ашу
2-топ Дәйексөз “Ақыл- адам көрігі,
Ақылдың сабыр серігі” мағынасын ашу
3-топ Данышпан атаның кеңестері
4. Дәптермен жұмыс
Даналық сөздерді оқып, түсінігіңді бос жолдарға жаз.
5. Бейнетаспа "Шегенің ізі"
6. Ойын-жаттығу
“Ашулы шарлар” атты ойыны
Мақсаты: оқушыларды ашудан қашық болуға дағдыландыру
7. Үй тапсырмасы
«Балалардың көз қуанышы» В. А. Сухомлинский. мәтінін оқу 58-бет
8. Соңғы тыныштық сәті
(Тыныштық. бар жерде, тыныштық. бүкіл әлемде)
- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.