Ойла, енді кім мені к?тті,
?артайдым, кем саулы?ым.
?сті-басым тозып бітті,
Тозды баста жаулы?ым.
Кетсе? «балам» ?з алды?а
, Мен не болам, біл ?зі?
. Елестейді к?з алдыма
, Бала к?нгі мінезі?
. Бала еді? сен жыламайтын,
Еркелікті білмеуші е?.
Жо?ты бар деп с?рамайтын
, Ж?не орынсыз к?лмеуші е?.
Отыр?анда от басында
, Ертек айт деп ?оймаушы е?.
Т?рымтайдай бо ?асымда,
Ты?дау?а бір тоймаушы е?.
Ертек айтсам нанушы еді?,
??марланып, ??лыным
. К?зі?де от жанушы еді,
Салбырап ?ос т?лымы?
. ?ызы? еді ойындары?
, Б?йге тігіп жарыс?ан
, ?зын шыбы? сойылдары?
Жаумен ел боп алыс?ан.
??кей бала екі?дай боп,
Намыс ?шін дулас?ан
. Кек алу?а тегіс сай боп,
Жаса? ??рып жаулас?ан.
Жау?а жаса? сайлаушы еді?
?лкен болып саптанып
. Сен т?сіріп байлаушы еді?,
Келген жауды аттанып.
С?йтіп кейде зорлы? к?рсе?
, Жылап ?йге ?айтпаушы е?.
Іште са?тап ?орлы? к?рсе?
, Жан?а шы?ып айтпаушы е?.
П?лен жерде сені сырттан
, ?лы? болды деседі.
А?айыны? естіп ж?рттан,
Гулеп желдей еседі.
Арманым зор, не?ылайын
, Елге келіп т?рмады?
, Ма?ан салып сары уайым
Арт?а мойын б?рмады?.
Сен де «халы? биі» болмас па е?,
Болмас па еді? комитет
, Елге сен де сый болмас па е??
Тілімді алса? не? кетед!
Сені да?ы ел ?адірлеп,
Т?сер еді т?рлі сый,
Мал жинар е?, сен де т?рлеп
, Оюлы отау, тігіп ?й.
Енді ?ал?ан ?мірімді,
Келінім боп к?тер ед.
?лдилесем немеремді
, Бар арманым бітер ед
. Ойла, енді кім мені к?тті,
?артайдым, кем саулы?ым.
?й іші де тозып бітті,
Тозды баста жаулы?ым
. ?алжырадым, са?ындым мен
, Бір кеп к?рін к?зіме. ?
мыт?андай не?ылдым мен?
Жауап ?айыр с?зіме!
Просмотр содержимого документа
«Ананы? хаты»
Ойла, енді кім мені күтті,
Қартайдым, кем саулығым.
Үсті-басым тозып бітті,
Тозды баста жаулығым.
Кетсең «балам» өз алдыңа
, Мен не болам, біл өзің
. Елестейді көз алдыма
, Бала күнгі мінезің
. Бала едің сен жыламайтын,
Еркелікті білмеуші ең.
Жоқты бар деп сұрамайтын
, Және орынсыз күлмеуші ең.
Отырғанда от басында
, Ертек айт деп қоймаушы ең.
Тұрымтайдай бо қасымда,
Тыңдауға бір тоймаушы ең.
Ертек айтсам нанушы едің,
Құмарланып, құлыным
. Көзіңде от жанушы еді,
Салбырап қос тұлымың
. Қызық еді ойындарың
, Бәйге тігіп жарысқан
, Ұзын шыбық сойылдарың
Жаумен ел боп алысқан.
Өңкей бала екіұдай боп,
Намыс үшін дуласқан
. Кек алуға тегіс сай боп,
Жасақ құрып жауласқан.
Жауға жасақ сайлаушы едің
Үлкен болып саптанып
. Сен түсіріп байлаушы едің,
Келген жауды аттанып.
Сөйтіп кейде зорлық көрсең
, Жылап үйге қайтпаушы ең.
Іште сақтап қорлық көрсең
, Жанға шығып айтпаушы ең.
Пәлен жерде сені сырттан
, Ұлық болды деседі.
Ағайының естіп жұрттан,
Гулеп желдей еседі.
Арманым зор, неғылайын
, Елге келіп тұрмадың
, Маған салып сары уайым
Артқа мойын бұрмадың.
Сен де «халық биі» болмас па ең,
Болмас па едің комитет
, Елге сен де сый болмас па ең?
Тілімді алсаң нең кетед!
Сені дағы ел қадірлеп,
Түсер еді түрлі сый,
Мал жинар ең, сен де түрлеп
, Оюлы отау, тігіп үй.
Енді қалған өмірімді,
Келінім боп күтер ед.
Әлдилесем немеремді
, Бар арманым бітер ед
. Ойла, енді кім мені күтті,
Қартайдым, кем саулығым.
Үй іші де тозып бітті,
Тозды баста жаулығым
. Қалжырадым, сағындым мен
, Бір кеп көрін көзіме. Ұ
мытқандай неғылдым мен?
Жауап қайыр сөзіме!