8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған тәрбие сағаты. Сынып ата - аналарын шақырып шағын мерекелік бағдарлама мен ойын өткізілді. Аналарға құттықтаулар айтылды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ана - бақыт, жанашыр"»
Тақырыбы: Ана –бақыт, жанашыр Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен аруларды мерекемен құттықтау. Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал - мәтелдер,слайд,ойындар,тренингтер мерекелік дастархан. Түрі:Мерекелік кеш Барысы: Қайырлы күн, қымбатты аналар, сұлу арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Аналар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар,қасиетті аналар! Құрметті аналар,біздің сынып,қыздары!8-наурыз мерекесі құтты болсын!Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейрімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыздың құрметіне «Ақ мамам» атты әнін қабыл алыңыздар. Десек те уақытпен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Жырларын аналарға бағыштайды.
«Мәнерлеп оқу» сәті
Олай болса балаларыңыздың аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
Бәрі бірге: Анашым мені өсіргенің үшін, сабағымды қадағалағаныңыз үшін, тамағымды әзірлегеніңіз үшін, киімімді кірлетпегеніңіз үшін, тәтті дәмдіні менің аузыма тосқаныңыз үшін, мейірімділігіңіз үшін, қамқорлығыңыз үшін, бар жақсылығыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз.
Сергіту жаттығуы: аналармен бірге орындалады
«Анамның алақаны» ойыны
Аналар қатарға тұрғызылады. Бір оқушының көзін байлап, аналардың алақанын сипау арқылы өз анасын табуы.
«Тілек шеңбері» Аналардың мерекелік ізгі тілектері айтылады.
«Шығармашылық сәт «Ана – бақыт, жанашыр» тақырыбында 5 жол өлең
«Сый тарту» сәті Оқушылар еңбек сабағында аналары үшін дайындаған ашықхаттарын аналарына сыйға тартады.
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда біздің сынып ұлдарының «Флешмоб» биін тамашалаңыздар.
Рефлексия Мереке ұнады ма? /смайлик арқылы білдіру/
Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Барша ана,құтты болсын мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам. Сонда біз кісілікке теңесеміз. Құрметті қонақтар ,біздің бүгінгі мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!