Пәннің аты:
әдебиеттік оқу
Уақыты:13.02.17.
Кабинет:103. 2 «Б»
Мұғалім:Тулеуханова А. Б.
Сабақтың атауы
Амандасу түрлері
Мақсаты
- Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету.Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру.
- Амандасудың түрлерімен таныстыру.Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру.Рөлдік ойындарға бейімдеу.
- Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: мақалдар,кесте,сурет,үлестірмелі парақшалар,бағалау парақшасы.
- Оқушылар қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу,сәлемдесу рәсімдерін айтты.
- әдептілікке,қарым-қатынас жасай біді.
- әр елдің амандасу түрлерін білді
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен баршаға
Бас иеміз біз
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Мағынаны тану
Шаттық шеңбер: Үй тапсырмасын сұрау -Қандай тарауды бастадық? -Адам болсын десеңіз.Бұл кімнің сөзі? -Ұлы Абайдың сөзі. - Абай Қ кім? -Шын есімі кім?
Топтастыру. Мақал-мәтелдер құрау
1-топ.
100 сомың болғанша,
100 досың болсын.
2-топ.
Ақыл-тозбайтын тон,
Білім-таусылмайтын кен.
3-топ.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ
4-топ.
Еңбек наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Топ басшыларын сайлап, Топ ережесімен танысу.Бағалау парағы
Үй тапсырмасын бекіту
Ендеше менің дайындаған тест сұрақтарым мынадай:
1.Оспанхан Әубәкіров кім?
А)суретші Ә)жазушы Б)әзіл-сықақ жазушы
2.Ертегінің неше түрі бар?
А)2 Ә) 3 Б)4
3.Сүт қалай ұйықтайды? Е ртегінің қай түріне жатады?
А)Жан- жануарлар туралы ертегі
Ә)Қиял- ғажайып ертегілергілері
4.Ұйқышылдық қандай қасиет?
А)жақсы Ә)жаман Б) ұнамды
5.Салақтық мәтінінің авторы кім?
А)Ы.Алтынсарин Ә)Ж Карбозин Б)М Жұмабаев
Ертегінің 3 түрі бар:
1. Жануарлар туралы ертегі.
2. Шыншыл ертегі.
3. Қиял - ғажаып ертегісі
Жұппен жұмыс арқылы бір-бірін,тексеріп бағалайды
Балалар, сендер ертегі білесіңдер ме? Ендеше маған ертегі оқып беріңдер.
(Балалар О.Әубәкіровтың Сүт қалай ұйықтады? ертегісін оқиды.)
1934-1986 жылдары қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.
Ертегіні 3 топ алма- кезек оқиды. Ертегі мазмұнын қара сөзбен әңгімелейді. Суретпен жұмыс жүргізіледі. Сүттен не және қалай жасалатыны жөнінде жазғандарын дәптерлерінен оқыту
Амандасу салты мәтінін оқимын.4 топқа кезекпен оқытамын.Дауыстап түсініп оқыту.
Әр халықтың сәлемдесуі де әр түрлі болып келеді.
әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдерімен танысқыларың келе ме? Қысқаша мәлімет беру.
Амандасу түрлерін сергіту сәтімен ұштастыру арқылы барлық оқушы орындарынан тұрып орындайды.
Топпен жұмыс:
1.Амандық ақыл,әдеп туралы мақал-мәтелдер жазу.
2.Мәтіннің мазмұнына байланысты суреттер салу.
3.Мәтін мазмұны бойынша көріністер көрсетеді
4. Амандасу сөздерін жаз.
Сергіту сәті
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Үйге тапсырма
Әдептілік туралы мақал-мәтел жаттау.
Амандасу түрлері
Кімдерге арналған?
Ассалаумағалейкүм!Сәлеметсіз бе?Сәлем!Сәлем бердік!Сәлеметсіңдер ме?
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Бүгінгі сабаққа «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар топта ақылдасып Сөздік мәнерін байланыстырып айту
Әр халықтың сәлемдесуі де әр түрлі болып келеді.
әлемдегі ең қызықты сәлемдесу рәсімдерімен танысқыларың келе ме?
Жаңа Зеландияға келген кез келген жан ұлысына және жынысына қарамастан, сәлемдескен кезде мұрнымен үйкелесу керек. Бұл заңға тіпті Уильям ханзаданың өзі бағынған.
Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды. Би арқылы олар бір-бірімен амандасады. Сәлемдесу биі "адаму" деп аталады, яғни "секіру биі". Билеген кезде шеңбер жасап, ырғалып, секіре бастайды.
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі "коутоу" деп аталады. Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың сәлемдесу рәсімі "ваньфу" деп аталады.
Ерте кезде Қытайда дос – жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты.
Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады.
Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де, "мано по" деп айтады. "Мано" - қол, "по" - құрмет деген мағына береді.
Түріктер қол алысып сәлемдеседі. Көп көрмеген, сыйлы адамдарының қолын сүйіп, қолын маңдайына апарады.
Бағалау парағы
№
Аты-жөні
1
2
3
4
5
Жалпы ұпай
Баға
1
2
3
4
5
6
1 тапсырма-3ұпай 22ұпай-5
2 тапсырма-5ұпай 18ұпай-4
3 тапсырма-4ұпай 13ұпай-3
4 тапсырма-5ұпай
5 тапсырма-5ұпай