Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар : Ортақ тақырыбы: «Өзім туралы» «Менің отбасым және достарым» Бөлімше: 2.2 Жануарлар Мұғалімнің аты- жөні: Мектеп: Сынып: 2 сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Тақырыбы | Алуан түрлі жануарлар |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: | 2.2.2.1. Жануарлар класының өкілдерін ажырату,балыктар,бунақденелілер,қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар,құстар,және сүтқоректілер. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар :Жануарларды таниды, түрлерін ажыратады |
Көптеген оқушылар:Алуан түрлі жануар түрлерін біледі,олар туралы әңгімелейді |
Кейбір оқушылар: Жануарларды кластық өкілдеріне ажыратады ,зерттейді. |
Бағалау критерийлері | Алуан түрлі жануарларды таниды,ажыратады ,зерттей алады |
Ойлау деңгейі | Білу, түсіну, қолдану |
Тілдік мақсат | Балықтар, бунақденелілер, қосмекенділер туралы түсініктерін кеңейту |
Құндылықтарды дарыту | Мәңгілік ел ұлттық идеясын насихаттау мақсатында туған жерін қадірлеуге, өз отбасын құрметтеуге баулу.Оқушыларға жануарларға қамқорлық жасауға үйрету. |
АКТ қолдану | Интербелсенді тақтаны қолданып сәйкестендіреді |
Пәнаралық байланыс | Музыка /құстар әні/, көркем еңбек/Мүсіндеу/, |
Талқылау үшін сұрақтар: | - Жануарлар әлемі туралы не білеміз? -Қандай жануар түрлерін білесіңдер? -Оларды қандай топтарға бөлуге болады? |
Алдыңғы білім | Өсімдіктер әлемі |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс – әрекет | ресурс |
Сабақтың басы 1 минут 2-минут | Психологиялық ахуал Музыка .Видеоролик. «Жануарлар әлемі» желісінен -Балалар , нені естідіңдер? -Нені елестеттіңдер? -Қандай жануарларды білесіңдер ? - Ендеше , балалар білетін жануарларынды мүсіндеп көрсетейік. Қ/мадақтау/ | Музыка |
Сабақтың ортасы 10миут 7 минут 2 минут 8 минут | Оқушылардың жасаған жұмыстарын жинақтап, класстарға бөлініп отырады. М.Балалар бүгінгі сабағымыз балық , кесіртке , жылан туралы және олардың қандай топқа жататынын білеміз және зерттейміз. Топтық жұмыс. «Бір айналым сөйлесу» әдісі арқылы жануарларға сипаттама беру. Берілген жануарлардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Қ/От шашу/ Ширату Аталған жануардың іс-әрекетпен қимылын жасау. Саралауға арналған тапсырма. Жұптық жұмыс.«Пазл» әдісі арқылы берілген қима-қағаздардан жануарлардың суретін құрастырып , атын атап берілген кестеге іледі. Қосмекенділер | | Бауырымен жорғалаушылар | | Балықтар | | Құстар | | Бунақденелілер | | Дескриптор: Жануарлар түрін таниды Ажыратып береді ,зерттей алады. Қ /үш шапалақ» | Ермексаз Видеоролик Суреттер Қима-қағаздар Кесте, суреттер |
Сабақтың соңы 10 минут | Жеке жұмыс.«Сәйкесін тап» әдісі арқылы АКТ-ны қолдану Қ/Бағдаршам/ «Уақыт шеңбері» .Кері байланыс Оқушылар шеңбер құрып сағаттың тілі бойынша айналып жүреді.Мұғалім тоқтатып бүгінгі сабаққа кері байланыс жасайды. 1. Бүгінгі сабақта қай тапсырма оңай болды? 2. Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті ? 3. Келесі сабақта не білгің келеді? 4. Бүгінгі сабақта өзіңді қалай бағалар едің? | АКТ |
Бағалау.3 мин Үйге тапсырма | Итбалық туралы мәлімет жинау | |
Саралау: Қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма Қолдауды қажет ететін оқушылар: жануарларды таниды, ажыратады Қабілеті жоғары оқушылар:класстарға ажыратып, тұрғылықты мекенін анықтайды | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? «Шапалақ», «Үш шапалақ» , «Бағдаршам», «Мадақтау» тәсілі арқылы бағалау. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Қоршаған ортада қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:Әдіс-тәсілдерді тапсырмаларға тиімді қолдану. « Бір айналым сөйлем» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылғы артып, сөйлем құрау дағдысы қалыптасты. 2.Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады? (оқытуды да, оқуды да ойыңыз)? 1. топпен, жұппен, жеке жұмыс 2. әдіс – тәсілдерді түрлендіру. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақта неге көңіл бөлу қажет? Жетістігі: кейбір оқушылардың тапсырмаларды сауатты, толық орындай алуы. Қиындықтары: өз ойын толық жеткізе алмайтын оқушылардың кездесуі. |