Күні
Пәні
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:
Алдаркөсе мен салт атты
Сабақтың жалпы мақсаты:
1.Оқушыларға аңыздағы негізгі оқиғаны,идеяны ұғындыру, қызығушылығын ояту,ой түйіндей білуге үйрету
2.Оқушылардың ой – өрісін,шығармашылық қиялын дамыту,танымдық білімін арттыру
3.Оқушыларды тапқырлыққа,ақылдылыққа,батылдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі
жаңа сабақ
Сабақтың түрі
аралас сабақ
Сабақтың әдісі
сұрақ – жауап,шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар,топтық,жұптық тапсырмалар
Пәнаралық байланыс
музыка,өзін- өзі тану
Көрнекілігі
Алдаркөсе суреті,сөзжұмбақ,жұмбақтар,сызбалар.
Топқа бөлу
оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі,күмбірлі
Ән айтамыз көңілді,көңілді
Би билейміз ырғақты,ырғақты
Біз бастаймыз сабақты,сабақты
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Өз ізі» әңгімесінің мазмұнын жоспар бойынша айту
Жоспар:
1.Ауыл сыртындағы саяхат
2.Әлкеннің әрекеті
3.Әлкенмен автордың диалогы
4. Автордың тілегі
5.Оқушылардың ойы
Әрбір аңның ізіне бір сұрақ жасыру
1.Қазақша жыл басы қай айдан басталады?
2.Ертегі мен аңыздың айырмашылығы қандай?
3.Тікен –тікен тік тісте
Қысы жазы бір түсте
4.Төрт әріптен тұратын жыл атауы қандай?
Қызығушылықты ояту
-Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қыста табиғат қандай күйге енеді?
- Адамдар қалай киінеді?
Жұмбақтар шешу
1.Күндіз басыңда болады
Түнде ілігішке қонады. (Бөрік)
2.Қыста кимесең тоңасың
Жазда кисең жанасың. (Тон)
3.Тұрған шақта қар борап,таяп құйып
Кімдердікі болсада,аяп киіп
Оңдырса да, тоңдырмасақ қойлардың
Жүндерінен басылған аяқ киім (Пима)
Сөзжұмбақ шешу
а
л
м
а
т
ү
л
к
і
м
ө
л
д
і
р
қ
а
с
ы
қ
а
р
а
ә
к
е
к
ө
р
к
е
м
с
ы
р
ғ
а
с
ө
й
л
е
м
1.Жемістің бір түрі
2.Айлакер қу аң
3.Судың түсі
4.Тамақ ішуге араналған құрал
5.Ағаш кесетін құрал
6.Отбасының тірегі
7.Әдемі,көрік сөзіне жуық сөз
8.Әшекей бұйым
9.Аяқталған ойды білдіретін құрал
ІІІ Жаңа сабақ
-Балалар сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?
-Алдаркөсе
-Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз
«Алдаркөсе»
Ой толғаныс
-Балалар кез келген халықтың ауыз әдебиеті бар.Қазақ халқының да өз әдебиеті бар. –Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
-Ауыз әдебиеті:ұжымдық,көп нұсқалы,авторы жоқ, көркем туынды.
Жазба әдебиеті:жеке авторы бар,бір нұсқалы
-Аңыз дегеніміз не?
-Аңыздың қандай түрлері бар?
-Аңыз бен ертегінің айырмашылығы қандай?
-Ұқсастығы қандай?
-Аңыз кейіпкерлері кімдер?
-Аңызда олар қандай адам болып суреттеледі?
Алдаркөсе –қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері,ақылды, айлакердің зерделі қудың жиынтық бейнесі.Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.Оның мақсаты- сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды әжуа ету.Мысалы: ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады, алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді,оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап,қошеметтеп отырады.Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен,қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін,әлеуметтік мәнділігін көрсетеді.Оның өмірде болған, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ.Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнер туындыларында көрініс тапқан. Белгілі режисер Шәкен Аймановтың 1964 жылы шығарған «Алдаркөсе» фильмі
Оқулықпен жұмыс
IV Тақырыппен таныстырып,тізбектей,ролге бөліп оқыту.
Оқушыларды төрт топқа бөлу.
Аңыз кейіпкерлерінің аттарымен бөлу.
І- топ Жиренше ІІІ- топ Қожанасыр
ІІ топ Алдаркөсе IV- топ Қорқыт
Топтық жұмыс
І – топ ІІ – топ
Аңызды сахналау Ролге бөліп оқиды
IV – топ ІІІ - топ
Ассоциоция құру Суретпен жұмыс
халыққа дос
батыл халыққа дос айлакер
ақылды зұлымдыққа қарсы
тапқыр
ақымақ халыққа қас
еріккен аяушылығы жоқ
мақтаншақ
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысын жүргізу
жөн сұрасу- не себепті жүргенін
хал – жағдайын сұрау
Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз
Өсіп – өніп толамыз
Әділ, батыл Алдардай
Тапқыр адам боламыз
Сұрақтарға жауап алу
1.Алдар қандай адам?
2.Бай қандай адам?
3.Алдар байды алдай алды ма?
4.Сен қалай аяқтар едің?
5.Суретте жерде тұрған кім деп ойлайсың?
6.Ат үстіндегі кім?
7. Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқыдыңдар?
Бекіту
-Бүгінгі сабақта не өттік?
- Не үйрендік?
Бағалау
Кері байланыс
Не үйрендік? Не үйренгім келеді?
Үйге тапсырма
Әңгімені түсініп оқу.