kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты "А?ылды? кені- асыл с?з"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?асиетті сан ??ымына байланысты хал?ымызды? ?астерлі т?сініктері мен ?а?идаларын д?ріптеу. Хал?ымызды? санда?ан ?асырлар бойы жина?та?ан ба?а жетпес ?азынасы, бабалардан ?ал?ан ?ла?атты, ?ибрат аларлы? с?здерді балалар?а ??ындыру, сол с?здерден ?неге алу?а баулу, тілдерін дамыту.О?ушыларды? елін, жерін, хал?ын с?юге, оны ??рметтеуге ж?не ?ор?ай білуге, Отанын с?юге т?рбиелеу.

М??алім: ?айырлы к?н, к?рермендер!

?ай заманда болмасын ?лы м?рат - міндеттерді? е? бастысы - ?зіні? ісін, ?мірін жал?астыратын саналы, зерделі ?рпа? т?рбиелеу. ?рпа? т?рбиесі келешек ?о?амны? ?амын ойлау болып табылады.
Жан - жа?ты жетілген, а?ыл - парасаты мол, білімді, м?дениетті болу – б?гінгі к?н талабы, оны орындау – басты парызымыз.
Б?гінгі т?рбие са?атымызды? та?ырыбы «А?ылды? кені-асыл с?з».
М??алім: Т?рбие са?аты барысында сандар?а байланысты нанымдар мен сенімдер, ырымдар с?з болады.?ш санына ?атысты ?андай ??ымдар бар?
1 - о?ушы: ?ш ж?з.
?аза? хал?ы ?ш ж?зге б?лінеді. ?лы ж?з. Орта ж?з. Кіші ж?з.
?ш ж?рт.
Ер жігітті? ?ш ж?рты бар: ?з ж?рты, ?айын ж?рты, на?ашы ж?рты. Халы? арасында м?ны «?з ж?рты? к?ншіл, ?айын ж?рты? міншіл, на?ашы ж?рты? сыншыл» деп те м?телдейді.
2 - о?ушы: ?ш ?уат.
А?ыл ?уат, ж?рек ?уат, тіл ?уат.
3 - о?ушы: ?ш арсыз.
?й?ы арсыз, тама? арсыз, к?лкі арсыз.
4 - о?ушы: ?ш ?айып.
Ажал ?айып. ?она? ?айып. Несібе ?айып
5 - о?ушы: ?ш дауасыз.
Мінез. К?рілік. Ажал.
6 - о?ушы: ?ш ?адірсіз.
Жігіттік. Денсаулы?. Жа?сы жар.
7 - о?ушы: ?ш жаманды?.
На?а? ?ан т?гу. Кісі малын ?рлау. Ата - бабадан ?ал?ан ескі ж?ртты б?зу ?те жаман ?дет деп таныл?ан.
8 - о?ушы: ?ш то?там.
А?ыл – ар?ан, ой - ?ріс, адам – ?азы?.


М??алім:4 санына ?атысты ?андай ??ымдарды білеміз, со?ан то?талайы?.
9 - о?ушы: Т?рт кітап.
Т?урат (М?са?а т?скен), З?бур (Д?уітке т?скен), Інжіл (Иса?а т?скен), ??ран (М?хаммед с. у. с. т?скен)
10 - о?ушы: Д?ниені? т?рт б?рышы: Шы?ыс, Батыс, О?т?стік, Солт?стік.

М??алім:  Бес санына байланысты асыл ?азыналардан не білеміз?
11 - о?ушы: Бес ?ару.
Сада?. Мылты?. Найза. ?ылыш. Айбалта.
12 - о?ушы: Бес асыл. Бес д?шпан.
«Бес н?рсеге ?ашы? бол,
Бес н?рсеге асы? бол.
Адам болам десе?із
Тілеуі?, ?мірі? алды?да.
?сек, ?тірік, ма?танша?,
Еріншек бекер мал шашпа?,
Бес д?шпаны? білсе?із.
Талап, е?бек, тере? ой,
?ана?ат, ра?ым, ойлап ?ой,
Бес асыл іс к?нсе?із» деп Абай атамыз айт?андай тек ?ана ?демі ?дептер мен ?деттерді ?йренейік.
13- о?ушы: Бес парыз.
Намаз о?у. Ораза ?стау. ?айыр - сада?а беру. Иман, сенім ж?не ра?ымшылы?. Намаз о?у е? алдымен адамды гигиеналы? тазалы??а баулиды. Ораза т?ту а?зада?ы зат алмасушылы?ты реттейтінін хал?ымыз ерте кезден - а? білген.


 М??алім: Ендігі кезекті 7 санына берейік. ?аза? хал?ы 7 санын ?асиетті сан деп ба?алап, со?ан байланысты нанымдар мен сенімдерді зерделеген.
14 - о?ушы: Жеті ?азына.
Ер жігітті? жеті ?азынасы: с?лу ?йел, а?ыл, білім, ж?йрік ат, ?ыран б?ркіт, берен мылты?, ж?йрік тазы.
15 - о?ушы: Жеті ата.
Ата. ?ке. Бала. Немере. Ш?бере. Ш?пшек. Немене. М?ны ?рбір ?аза? т?гелдей білуі тиіс.
16 - о?ушы: Жеті к?н.
Д?йсенбі, сейсенбі, с?рсенбі, бейсенбі, ж?ма, сенбі, жексенбі.
17-о?ушы: Жеті жетім.
Ты?далма?ан с?з жетім.
Айтылма?ан с?з жетім

Киюсіз тоз?ан б?з жетім.
Иесіз ?ал?ан жер жетім.
Басшысы жо? ел жетім.
А??у, ?азсыз к?л жетім.
Замандасы ?алмаса,
Б?рінен – сол жетім.
 М??алім: Б?дан бас?а жеті де ?алам, жеті к?к, жеті ?ашы?, ?з Т?уке ханны? жеті жар?ысы, жеті ш?ріп - ?улие сия?ты ??ымдар бар. ?аза? хал?ы ?детте та? сандарды ?те ?асиетті деп есептеп, со?ан байланысты нанымдар мен сенімдерді есте са?та?ан.

М??алім: Жарайсы?дар, балалар! ??ымдарды жа?сы біледі екенбіз.

М??алім: Бізді? ата - бабаларымыздан бізге жеткен к?птеген ?ла?атты ?ибрат аларлы?тай тамаша т?лім - т?рбие берерліктей ?сиет с?здер к?п.
Біз с?йлеу м?дениеті, ана тілі саба?ында халы? ауыз ?дебиетіні? т?рлерімен танысты?.

- Халы? шы?армаларыны? т?рлерін кім айтады?
- Ертегілер, а?ыздар, шешендік с?здер, ма?ал - м?телдер, батырлар жыры.
- Жырларды? ?андай т?рлерін білесі?дер?
- Т?рт т?лік туралы, батырлар жыры т. Б.

-Жырау деп кімді айтамыз?

 -Жырды шы?аратын адамды жырау деп атайды.

- Жыршы деген кім?

- Жыршы деп сол жырды халы??а таратушы адамды айтады.

- Балалар, сендер ?андай шешендік с?здерді білесі?дер?
/бірнеше о?ушы жат?а шешендік с?здер айтады/
Шешенні? ба?алы ?асиеті - ?иядан жол, ?иыннан с?з табу.

М??алім: Балалар, ?андай билерді білеміз?

?азыбек би, Т?ле би, ?йтеке би

М??алім: Ал ?азір осы билерімізді орта?а ша?ырайы?.

?азыбек биге ?ойылатын с?ра?тар: Д?ниеде кім жа?ын? Д?ниеде не ?ымбат?
- Кім жа?ын? - деген с?ра??а ?азыбек би былай жауап береді.
- Тату болса – а?айын жа?ын,
- А?ылшы болса - апайы? жа?ын.
- Бауырмал болса - іні? жа?ын,
- Инабатты болса – келіні? жа?ын.
- Алды?а тарт?ан адал асы?,
- ?имас жа?ын ?арындасы?.
- Не ?ымбат? – деген с?ра??а ?азыбек би былай жауап береді:
- Алтын ?я? - Отан ?ымбат,
- ??т береке? ата? ?ымбат.
- Аймалайтын - ана? ?ымбат,
- Мейрімді – апа? ?ымбат.
- Ас?ар тауы? - ?ке? ?ымбат,
- Б?рінен де ар мен ?ят ?ымбат.

 Т?ле биге ?ойылатын с?ра?тар: Ба? деген не? Байлы? деген не? Бала деген кім?

Ба?- ?затыл?ан ?ыз

Байлы?- ?олда еритін м?з

Бала- артта ?ал?ан із

?мірді? е? жа?сысы- сыйлас?ан сіз бен біз.

?йтеке би, шешендік с?зі?ізді айтып бері?із.

М??алім:- Ал, а?ыздар деген не екен?
- А?ыздардан бізге кімдерді? есімі белгілі?
- ?ожанасыр, Алдар к?се, Тазша бала.

О?ушыларды? орындауында «Алдарк?се мен аш?ара?»

«?ожанасырды? май сатып алуы» к?рініс.
- Ал, балалар, ертегілерді? ?андай т?рлерін білесі?дер?
- ?иял - ?ажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер.
« А??ау арыстан» ертегісі.
М??алім: к?нделікті ?мірде ата - ?желері?, ата - аналары? айтып отыратын тыйым с?здер жарысын ?ткіземіз, к?не кім к?п біледі?


- Жа?ы?ды таянба, ??ды??а т?кірме, боса?а?а т?рма, а?ты т?кпе т. б. /балалар жарысып айта береді/
М??алім: Ал енді балалар, бізге б?гін ?она?тар ?атысып отыр. ?она?тарымыз на?ыл с?здерді т?сіндіріп берсін, біз ты?дап, т?сініп алайы?.

1. А??уды атпайды (киесі ?рады, а??у - киелі ??с)

2. Жолаушы?а ?айда барасы? деп с?рамайды (жолаушыны? жолы болмай ?алады дейді, сонды?тан, «жол болсын» деп с?райды.)

3. Ішінде суы, тама?ы бар ыдысты? бетін ашы? ?алдырмау (тазалы? жа?ынан ш?п-шалам, шіркей т?сіп кетеді ж?не жын-шайтан жалап кетеді дейді.

4. ?лде?айда біреу ?айтыс болды деп жа?са? айтса неге жориды? (?за? ?мір с?реді деп жориды)

5. Ауыл?а атпен шауып келуге болмайды (?аралы хабар жеткізгенде немесе ауыл?а жау шап?анда шауып кіреді)

6. Жа?ын адам?а мысы?, ит, пыша? немесе бас?а да ?ару сыйламайды (араздасып ?алады дейді)

7. Ымырт т?се ?й тазалама, ?о?ыс шы?арма (?йді? ырысы кетеді)

М??алім: Міне, балалар, сендер т?лім - т?рбие аларлы?тай «Атадан ?ал?ан асыл с?здер» ?те к?п екен. Сонды?тан да ?лкендерді? ?р с?зін зер сала ты?дап, ??ып, ?р с?зді? астарына ??ілу керек, ырым - тыйымдарды еске са?тап, салт - д?ст?рді ?адірлейтін боламыз.

«Мен ?депті баламын» ?ле?імен б?гінгі т?рбие са?атымызды ая?тайы?.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты "А?ылды? кені- асыл с?з"»


Мақсаты: Қасиетті сан ұғымына байланысты халқымыздың қастерлі түсініктері мен қағидаларын дәріптеу. Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту.Оқушылардың елін, жерін, халқын сүюге, оны құрметтеуге және қорғай білуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Мұғалім: Қайырлы күн, көрермендер!

Қай заманда болмасын ұлы мұрат - міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саналы, зерделі ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғамның қамын ойлау болып табылады.
Жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, білімді, мәдениетті болу – бүгінгі күн талабы, оны орындау – басты парызымыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ақылдың кені-асыл сөз».
Мұғалім: Тәрбие сағаты барысында сандарға байланысты нанымдар мен сенімдер, ырымдар сөз болады.Үш санына қатысты қандай ұғымдар бар?
1 - оқушы: Үш жүз.
Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді. Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.
Үш жұрт.
Ер жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны «Өз жұртың күншіл, қайын жұртың міншіл, нағашы жұртың сыншыл» деп те мәтелдейді.
2 - оқушы: Үш қуат.
Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
3 - оқушы: Үш арсыз.
Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
4 - оқушы: Үш ғайып.
Ажал ғайып. Қонақ ғайып. Несібе ғайып
5 - оқушы: Үш дауасыз.
Мінез. Кәрілік. Ажал.
6 - оқушы: Үш қадірсіз.
Жігіттік. Денсаулық. Жақсы жар.
7 - оқушы: Үш жамандық.
Нақақ қан төгу. Кісі малын ұрлау. Ата - бабадан қалған ескі жұртты бұзу өте жаман әдет деп танылған.
8 - оқушы: Үш тоқтам.
Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық.


Мұғалім:4 санына қатысты қандай ұғымдарды білеміз, соған тоқталайық.
9 - оқушы: Төрт кітап.
Тәурат (Мұсаға түскен), Зәбур (Дәуітке түскен), Інжіл (Исаға түскен), Құран (Мұхаммед с. у. с. түскен)
10 - оқушы: Дүниенің төрт бұрышы: Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік.

Мұғалім: Бес санына байланысты асыл қазыналардан не білеміз?
11 - оқушы: Бес қару.
Садақ. Мылтық. Найза. Қылыш. Айбалта.
12 - оқушы: Бес асыл. Бес дұшпан.
«Бес нәрсеге қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз
Тілеуің, өмірің алдыңда...
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз» деп Абай атамыз айтқандай тек қана әдемі әдептер мен әдеттерді үйренейік.
13- оқушы: Бес парыз.
Намаз оқу. Ораза ұстау. Қайыр - садақа беру. Иман, сенім және рақымшылық. Намаз оқу ең алдымен адамды гигиеналық тазалыққа баулиды. Ораза тұту ағзадағы зат алмасушылықты реттейтінін халқымыз ерте кезден - ақ білген.


Мұғалім: Ендігі кезекті 7 санына берейік. Қазақ халқы 7 санын қасиетті сан деп бағалап, соған байланысты нанымдар мен сенімдерді зерделеген.
14 - оқушы: Жеті қазына.
Ер жігіттің жеті қазынасы: сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
15 - оқушы: Жеті ата.
Ата. Әке. Бала. Немере. Шөбере. Шөпшек. Немене. Мұны әрбір қазақ түгелдей білуі тиіс.
16 - оқушы: Жеті күн.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
17-оқушы: Жеті жетім.
Тыңдалмаған сөз жетім.
Айтылмаған сөз жетім

Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен – сол жетім.
Мұғалім: Бұдан басқа жеті де ғалам, жеті көк, жеті ғашық, Әз Тәуке ханның жеті жарғысы, жеті шәріп - әулие сияқты ұғымдар бар. Қазақ халқы әдетте тақ сандарды өте қасиетті деп есептеп, соған байланысты нанымдар мен сенімдерді есте сақтаған.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ұғымдарды жақсы біледі екенбіз.

Мұғалім: Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер көп.
Біз сөйлеу мәдениеті, ана тілі сабағында халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстық.

- Халық шығармаларының түрлерін кім айтады?
- Ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, батырлар жыры.
- Жырлардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Төрт түлік туралы, батырлар жыры т. Б.

-Жырау деп кімді айтамыз?

-Жырды шығаратын адамды жырау деп атайды.

- Жыршы деген кім?

- Жыршы деп сол жырды халыққа таратушы адамды айтады.

- Балалар, сендер қандай шешендік сөздерді білесіңдер?
/бірнеше оқушы жатқа шешендік сөздер айтады/
Шешеннің бағалы қасиеті - қиядан жол, қиыннан сөз табу.

Мұғалім: Балалар, қандай билерді білеміз?

Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би

Мұғалім: Ал қазір осы билерімізді ортаға шақырайық.

Қазыбек биге қойылатын сұрақтар: Дүниеде кім жақын? Дүниеде не қымбат?
- Кім жақын? - деген сұраққа Қазыбек би былай жауап береді.
- Тату болса – ағайын жақын,
- Ақылшы болса - апайың жақын.
- Бауырмал болса - інің жақын,
- Инабатты болса – келінің жақын.
- Алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
- Не қымбат? – деген сұраққа Қазыбек би былай жауап береді:
- Алтын ұяң - Отан қымбат,
- Құт берекең атаң қымбат.
- Аймалайтын - анаң қымбат,
- Мейрімді – апаң қымбат.
- Асқар тауың - әкең қымбат,
- Бәрінен де ар мен ұят қымбат.

Төле биге қойылатын сұрақтар: Бақ деген не? Байлық деген не? Бала деген кім?

Бақ- ұзатылған қыз

Байлық- қолда еритін мұз

Бала- артта қалған із

Өмірдің ең жақсысы- сыйласқан сіз бен біз.

Әйтеке би, шешендік сөзіңізді айтып беріңіз.

Мұғалім:- Ал, аңыздар деген не екен?
- Аңыздардан бізге кімдердің есімі белгілі?
- Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала.

Оқушылардың орындауында «Алдаркөсе мен ашқарақ»

«Қожанасырдың май сатып алуы» көрініс.
- Ал, балалар, ертегілердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер.
« Аңқау арыстан» ертегісі.
Мұғалім: күнделікті өмірде ата - әжелерің, ата - аналарың айтып отыратын тыйым сөздер жарысын өткіземіз, кәне кім көп біледі?


- Жағыңды таянба, құдыққа түкірме, босағаға тұрма, ақты төкпе т. б. /балалар жарысып айта береді/
Мұғалім: Ал енді балалар, бізге бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтарымыз нақыл сөздерді түсіндіріп берсін, біз тыңдап, түсініп алайық.

1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)

2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)

3. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді.

4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)

5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)

6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)

7. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)

Мұғалім: Міне, балалар, сендер тәлім - тәрбие аларлықтай «Атадан қалған асыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзін зер сала тыңдап, ұғып, әр сөздің астарына үңілу керек, ырым - тыйымдарды еске сақтап, салт - дәстүрді қадірлейтін боламыз.

«Мен әдепті баламын» өлеңімен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтайық.

































































Атадан қалған асыл сөз»
Мақсаты: Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: сахналау.
Көрнекіліктер: үш бидің суреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.
1. Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - сопақ, өзі нәр.
2. Ата салты - ардақты,
Әрбір сөзі - салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Жоспары:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Сұрақ - жауап /мұғалім - оқушы/
3. Досбол бидің шешендік сөзі.
4. Билердің отырысы/сұрақ - жауап оқушылар арасында/
5. көрініс «Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім.»
6. айтыс «Біржан мен қыз»
7. Көрініс «Қожанасырдың май сатып алуы»
8. Ертегілер еліне саяхат «Алтын балта»
9. Ескірмейтін сөздер/тиым, ырымдар/
10. Мақал - мәтел жарысы
11. Тәуелсіздік тұмары /билердің сөзі./
Барысы:
Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер көп.
Біз сөйлеу мәдениеті, ана тілі сабағында халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстық. Кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын – жыраулар мен сал - серілерден мұра - мирас болып қалған шығармаларды оқыдық.
- Халық шығармаларының түрлерін кім айтады?
- ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, батырлар жыры.
- жырлардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Төрт түлік туралы, батырлар жыры т. б.
- Жырау деп кімді айтамыз?
- Жыршы деген кім?
- Жырды шығаратын адамды жырау деп атайды.
- Жыршы деп сол жырды халыққа таратушы адамды айтады.
- Шешендік сөздердің қандай түрлері болады?
- шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
- Балалар сендер қандай шешендік сөздерді білесіңдер?
/бірнеше оқушы жатқа шешендік сөздер айтады/
- шешендік сөздердің мақал – мәтелге ұқсастығы бар ма?
Айырмашылығы ше?
- Балалар, шешендік сөздердің ерекшелігі бір оқиғаға байланысты болады. Белгілі бір адамдардың атынан айтылады. Ұқсастығы қысқа, әрі нұсқа болады.


Шешеннің бағалы қасиеті - қиядан жол, қиыннан сөз табу.

/Досбол бидің шешендік сөзі. 1 - оқушы/
- Қандай белгілі шешендерді білесіңдер? Олар кімдер?
- Қазбек би, Төле би, Әйтеке би, Жиренше шешен, Сырым батыр, Аяз би т. б.
- Ал, қазір, ортаға шешендік өнерді бағалап, оқыған білгендерін көкейге тоқып жүрген оқушыларды ортаға шақырайық.
/ортаға Қазбек би, Төле би, Әйтеке би болып киінген оқушылар шығады/
Қазбек биге қойылатын сұрақтар: Дүниеде не қымбат? Дүниеде не жақын? Дүниде не қиын?
- Кім жақын? - деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Тату болса – ағайын жақын,
- Ақылшы болса - апайың жақын.
- Бауырмал болса - інің жақын,
- Инабатты болса – келінің жақын.
- Алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
- Не қымбат? – деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Алтын ұяң - Отан қымбат,
- Құт берекең атаң қымбат.
- Аймалайтын - анаң қымбат,
- Мейрімді – апаң қымбат.
- Асқар тауың - әкең қымбат,
- Бәрінен де ар мен ұят қымбат.
- Не қиын?- деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Арадан шыққан - жау қиын,
- Таусылмайтын - дау қиын.
- Шанышқылаған - сөз қиын,
- Жазылмаса - дерт қиын.
- Іске аспаған - серт қиын,
- Ақылыңнан - адасып.
- Өзің түскен - өрт қиын
- Не істеріңді біле алмай,
- Ашиды сонда бас миың.
- Төле биге қойылатын сұрақтар:
- Төле бидің төрелігі
- Төле бидің билігі.
- Төле бидің шешендік сөздерінің бірін жатқа айтуы керек.
Әйтеке биге қойылатын сұрақтардың түрлері.
- Жігіттің жақсысы қандай болады?
- Бала Әйтекенің билігін айтыңыз.
- Әйтеке бидің кең тараған кең тараған шешендік сөздерін айтып беріңіз.
«билер» кезек - кезек оқушылардың сұрағына жауап берген соң
көрініс қойылады.
« Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім»
Мұғалім: айтыс деген не, кім айтады?
- Айтыс өлең түрінде болады. Оны айтысқа түсетін ақындар қолма - қол ойдан шығарып айтады.
- Айтыстың мақсаты - өзімен айтысушының қапысын тауып, қисынды сөзбен ұту, жеңіп шығу.




- Ал біздер айтыс білеміз бе?
Ұл бала мен қыз бала «Біржан мен қыз» айтысын орындап береді.
Келесі жұп «Оқушылар айтысын» айтып береді.


Мұғалім:- Ал, аңыздар деген не екен?
- Аңыздардан бізге кімдердің есімі белгілі?
- Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала.
Оқушылардың орындауында « Қожанасырың май сатып алуы»
- Ал, балалар, ертегілердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер.
« Алтын балта» ертегісінен көрініс.
Мұғалім: күнделікті өмірде ата - әжелерің, ата - аналарың айтып отыратын тыйым сөздер жарысын өткіземіз, кәне кім көп біледі?
- Жағыңды таянба, құдыққа түкірме, босағаға тұрма, ақты төкпе т. б. /балалар жарысып айта береді/

Үш би тәуелсіздік тұмарына айналған өсиет сөздерін айтады.
Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады,
Халық азса хандыққа таласады.»
Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт қашпасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз»
Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын
Ар мен абырой өмірлеріңе азық болсын.
Бірің ту ұстаған қолбасшы,
Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар,
қанаттарым!
Бердім батамды!
Аллауакбар!»

Міне, балалар, сендер тәлім - тәрбие аларлықтай «Атадан қалған асыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзін зер сала тыңдап, ұғып, әр сөздің астарына үңілу керек.
- Ал, балалар, осы сабақтан сендер өздеріңе не алдыңдар?
- Тәрбие сағаты ұнады ма?
- Қай жері ұнаған жоқ?
- Әсіресе, оқушылардың рольдері қалай шықты?
- Осы тәрбие сағатының тақырыбын тағы басқаша қалай атауға болады? Неліктен?
- Үш арсызды талдайық.
- Неге ұйқыны, күлкіні, тамақты арсыз дейміз? Қалай ойлайсыңдар?
- Балалар сабақ сендерге ұнаса алдағы уақытта не істеулерің керек?
- Шешендік сөздерді оқып, жаттап, үлкендерді тыңдаймыз, көп оқып, билер сияқты шешен болуға тырысамыз, ырым - тыйымдарды еске сақтап, салт - дәстүрді қадірлейтін боламыз.













Мақсаты:Тәрбиелік: Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, ұлттық қасиетімізді оқушылар бойына қалыптастыру;

Үйретушілік: оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, ізгілік негіздерін бойларына дамыту;

Дамытушылық: шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы шәкірттерді адамгершілікке, имандылыққа, әділдікке тәрбиелеу және бала лексикасының қорын одан әрі молайту, мағлұмат арқылы рухани байлығын, ұшқырлығы мен ойлау қабілетін дамыту;

Түрі: Топтық-сайыс

Көрнекіліктері:Слайд, нақыл сөздер жазылған қағаздар, суреттер, «сарыарқа» атты күй;

Сайыс бағдарламасы:1.Әр топ өздерін таныстыру;

2. «Асылдың сөзі-ақылдың кені» (сұрақ-жауап бөлімі)

3. «Ескірмейтін ескі сөз» (слайд арқылы берілген сөздердің мағынасын ашу)

4. «Көне кебеже!» (слайд бойынша берілген суреттерге мақал-мәтелдер құрастыру)

5. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» (шешендік сөздерден  сахналық қойылым)

6. «Тапқыр болсаң озып көр» (асық бойынша берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру)

Әр бөлім бойынша әр топтың жауаптарына қарай конфертке жасырылған жұлдызшалар беріліп отырады. Сайыс соңында жинаған конферттерін ашып, қанша ұпай жинағандарын анықтайды.

Сабақ барысыІ-Ұйымдастыру бөлімі:

Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру;

ІІ-бөлім:

Бүгінгі  «Ата сөзі-ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Адам баласы өмір көшінде қандай кезең, қандай заман, қандай кез келсе де, ұрпақ қамын, оның тәрбиесін бір сәтте де ұмыт қалдырған емес. Өйткені әркім өзі өмірге әкелген ұрпағына ғұмырының жалғасы, болашағы ретінде қарайды. Тәрбие –адам тағдырын шешетін ұлы іс. Халқымыз ежелден салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, өнеге-өсиетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Олай

болса бізде өз үлесімізді қоса отырып, бабалар қалдырған өсиеттердің мағыналарына терең бойлап, сөз маржандарының теңізінде жүріп көрейік! Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. Ендеше, күнделікті өмірде ата - әжелеріміздің, ата – аналарымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» бөліміне сөз кезегін берейік.

1.Енді сайысымызды бастамас бұрын топтармен танысып алайық. 1-ші топ «Қазыбек би ауылы», 2-топ «Төле би ауылы», 3-топ «Әйтеке би ауылы».

2. «Асылдың сөзі-ақылдың кені» бөлімінде сұрақ –жауап әдісі қолданылады. Бұл кезеңде топтарымыз салт-дәстүр, әдет-ғүрып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді.

1. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, не деп ырымдайды? (Малы пышаққа түседі)

2. Жеті жарғы заңы бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге қандай жаза қолданған? (өлім жазасы)

3. Киіз үйдің 12 қанатты үйін қалай атайды? (Ақ Орда)

4. Баланың (ұл, қыз) кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны қалай атайды? (Тұлым).

5. Қазақ ырымында балаға ми жегізбейді. Ол нені білдіреді?(Себебі мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып, өседі дейді.)

6. Жеті жарғы бойынша жазықсыз кісі өлтіргендерге қандай жаза қолданған. (Өлім жазасын бұйырған).

7. Киіз үйдің құрылысында кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлігі? (уық)

8. Ұзатылған қыз өзінің тетелес сіңлісіне басына тартатын орамал береді. Бұл –ендігі кезек сенікі дегенді білдіреді. Бұл дәстүр қалай аталады? (Шарғы)

9. Қазақта тіл ұшын жесе сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Ал, таңдай жесе... (Шешен болады)

10. Тұрмысқа шыққалы отырған қыздың туған туысқандарымен қоштасу өлеңі?(сыңсу)

11. Жүн сабарда, сабап болған соң тамақ беру дәстүрі? (Тулақ шашу)

12. Құмырсқалар күндіз илеуіне асығып жатса, нені білдіреді? (Ауа райы бұзылады.)

13. Ұста пышаққа жарымас, етікші неге жарымас?(Етікке жарымас)

14. Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (аяққа)

15. Қылыштан өткір не бар? (тіл)

16. Ең киелі құс?(аққу)

17. Сәукеле желегін кім қай уақытта киген? (қалыңдық киген)

18. Қазақ шопандарының шахматы? (тоғызқұмалақ)

19. Жаңа дүниеге келген сәбидің киетін алғашқы киімі?(иткөйлек)

20. Мұсылманның қасиетті кітабы? (құран)

3-кезең. «Ескірмейтін есті сөз» бөлімі. Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырым-тыйымдарды, наным сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың алтын бесігі - табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме, көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.

(Берілген нақыл сөздерді сайыскерлер түсіндіріп беруі керек.

1. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу - киелі құс)

2. Жолаушыға қайда барасың деп сұрамайды (жолаушының жолы болмай қалады дейді, сондықтан, «жол болсын» деп сұрайды.)

3. Балаға құйымшақ жегізбейді (бала ұшқалақ, жеңілтек, сабырсыз болады дейді)

4. Әлдеқайда біреу қайтыс болды деп жаңсақ айтса неге жориды? (ұзақ өмір сүреді деп жориды)



5. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе ауылға жау шапқанда шауып кіреді)

6. Жақын адамға мысық, ит, пышақ немесе басқа да қару сыйламайды (араздасып қалады дейді)

7. Аң-құс балалағанда, төлдегенде, балапан өргенде аңға шықпайды (табиғатты аялау, жан-жануар басының көбеюін қадағалау, обалына қалмау)

8. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан шөп-шалам, шіркей түсіп кетеді және жын-шайтан жалап кетеді дейді)

9. Жас балаға, қызға кәрі жілік ұстатпайды (ер бала бойдақ жүріп қалады, қыз бала оң жақ босағада отырып қалады дейді.)

10. Ымырт түсе үй тазалама, қоқыс шығарма (үйдің ырысы кетеді)

 

ІҮ. «Көне кебеже»

Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі - мақал келесі қақпамыздың мазмұны. Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы-мақалдар мен мәтел сөздер.

Мына көне кебежеде сары майдай, көздің қарашығындай сақталған асыл дүние – мақалдар жазылған. Берілген суреттер мен сөздерді қатыстырып мақал құрау. Осы мақалды тауып айтуыңыз керек.

«Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады», «Ел көркі-мал,Өзен көркі-тал», «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ», «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын», «Тәні саудың-жаны сау»

4-кезең (Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні)топтардың сахналық қойылымы.

Сайысымыздың 5-кезеңі «Тапқыр болсаң озып көр». Киелі сандарға байланысты сенімдер мен нанымдар сөз болады. Екі топ қоржындағы асықтарға жасырылған сұрақтарға жауап береді.

1.Үш санына байланысты қандай ұғымдар бар?( Үш жүз. Ұлы жүз , орта жүз, кіші жүз.)

2. Үш жұрт.( Өз жұртың, Нағашы жұрт, қайын жұрт.)

3. Үш қуат. (Ақыл қуат, жүрек қуат, сенім қуат.)

4. Үш арсыз.( Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.)

5. Үш дауасыз. (Мінез, кәрілік, Ажал.)

6.Үш би. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.)

7. Үш қадірсіз.( Жастық шақ қадірсіз. Денсаулық қадірсіз. Жақсы жар қадірсіз.)



Сабақты бекіту:Міне оқушылар біз бүгін ата-бабаларымыздан мұра болып қалған асыл сөздерге тоқталып, олардың мән- мағынасына тағы бір мәрте саяхаттап қайттық.



Қорытындылау: Жеңімпаз топтарды анықтап, өз бағаларын беру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?рбие са?аты "А?ылды? кені- асыл с?з"

Автор: Жиреншиева Жанар Айт?али?ызы

Дата: 26.03.2016

Номер свидетельства: 310307


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства