kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақын әлемінің асыл үні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұқағали Мақатаев туралы ашық сабақ, Ақын әлемінің асыл үні сбағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақын әлемінің асыл үні»



Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы

Орал қаласы білім беру бөлімінің

«Мектептен тыс жұмыс орталығы»









Сабақтың тақырыбы: «Ақын әлемінің -асыл үні !»




Ұйымдастырушы қосымша білім беру педагогы:

Баймуханбетова Б.П

«Жас оқырман » үйірмесі.




2023жыл



Сабақтың тақырыбы: «Ақын әлемінің- асыл үні !»


Таудай едің, таудың алып тумасын

Нағыз қазақ едің сөздің турасы.

Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

(Жәркен Бөдешұлы)


Сабақтың  өту мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы поэзияны сүюге үйрету, оны құдіретін сезіндіру. Ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.


Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.


Өтетін уақыты; 28.01 .2023ж сағат 10.30

Өтетін орны :МТЖО акт залы


Жүргізуші: -Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгін біз қазақ поэзиясында ерекше нұрланып, жұлдыздай жарқырап өткен, Хантәңірдей асқақ тұлғамыз М. Мақатаев жайында сыр шертпекпіз.

Жүргізуші:Сабақтың өту кезеңдері:


  1. Ақынның өмірімен танысу

  2. Слайд ,бейне баян

  3. Аудио сұрақтар тақтасы деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар жасырылған аудио өлеңдерінің атын табады.

  4. «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.


Жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»,-

деп ұлы Абайдан көп нәрсе үйреніп, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясында Абай салған соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген.


Видео «Есіңе мені алғайсың»


Жүргізуші: Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан қанша қиындық көрседе ,мойымай өлең жырға әуес болған.10-11 жасында өлең жаза бастаған.

Ж:Мұқағали Мақатаевтың азан шақырылып қойған шын аты- Мұхамбетқали. Оны көпшілік біле бермейді. Кейіннен жеңгелері, туған-туыстары Мұхамбет пайғамбардың да аты аталатын бұл есімді атауға жүрексініп, оны Мұқағали деп кеткен. Ақынның өзі де есейген шағында: «Бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп, оны алып жүре алам ба?! Одан да Мұқағали қалғаным дұрыс шығар...»-деп құжатқа да осылай жаздырып алған.

Ақынның балалыық шағы соғыспен қатар келгендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады.

Мұқағали атамыздың жырын ,сүйіп тыңдайтын ұрпағы барда,аты санамызда мәңгі қалады.


ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ. Ақынның шығармалары туралы сұрақ-жауап

Мұқағалидің әкесінің аты кім?

Ж: Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы


ӨЛЕҢДЕРІ

Қатемді кешір менің Сенің арқан-сескенбей,есіргенім Егерде жырың болмай,ұрың болсам Алақанға саласың несін мені

Ж: («Халыққа хат» өлеңінен)


ӨЛЕҢДЕРІ

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Ж: («ФАРИЗАҒА»)


ӨЛЕҢДЕРІ

Әйелдер-ай!

Әйелдер!

Қандайсың?!

Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.

Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,

Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.

Ж: («Әйелдер-ай» өлеңінен)



ДАНАЛАР СӨЗІ ...Мұқағали  мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен  тұратын.
Жауабы:               (Лашын  Әзімжанова) 

ДАНАЛАР СӨЗІ

«Өлең өлмейді.Оны жазған адамда өлмейді.Олай болса Мұқағали да өлген жоқ.Қасымызда,ол қыранша дүр сілкініп,бүкіл залды өзі толтырып,жазық маңдайы жарқырап жыр оқып тұр»

Жауабы: (Әбділда Тәжібаев)


ДАНАЛАР СӨЗІ

М.Мақатаев-қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақтың қара өлеңінің құдіреті.

Жауабы: (Ф.Оңғарсынова)



Жүргізуші: Ендеше келесі кезек, аудио сұрақтар тақтасы деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар жасырылған аудио өлеңдерінің атын табады.


1. Есіңе мені алғайсың

2. Сәби болғым келеді.

3. Жас қайың.

4.Ана сен бақыттысың.


Жүргізуші:


Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,


- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.


Жүргізуші:

Келесі кекзек «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін «Жас оқырмандар» үйірмесінің тәрбиеленушілері мәнерлеп оқиды.


1964 жыл - «Ильич» атты тұңғыш поэмалар жинағы жарық көрді

1972-73 жыл- Қазақстан жазушылар одағында қызмет етті

1948 жылы орта мектепті бітіріп, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды.

1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Жүргізуші:


«Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,

Сен айт менің ойымды, айта алмаған»


- деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары, бүгінгі сабағымызда оқушыларға шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз.

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек! Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.

Cабағымыз өз мәресіне жақындады оқушылар, ендеше әділ-қазылар әділ шешім шығарғанша өлеңге кезек берейік. Дарынды оқушымыз C.Нұрайым «Мұқағалиға арнау» атты өз өлеңін оқиды.

«Қазақ даласының ең биігі, қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мұқағали» . Сол хантәңіріне айналған перзент Мұқағали аға елі есінде, жұрты тынышында халқымен қанаттасып, Қарасазымен сақталып, мәңгі жасайды. Мәңгі есімізде!


Әрине, суық қайғы,

Көңілің халқың бірақ суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Бақұл бол, халқың сені ұмытпайды,


- дей отырып, біз бүгінгі ашық сабағымымызды аяқтаймыз!

Қорытынды:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Оқушылар бүгінгі ашық сабағымызды сіздер не ұқтыңыздар.

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра.Мұқағали жырлары бүгінгі оқушыларға шабыт беріп,бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше күн нұрлы болсын !


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ақын әлемінің асыл үні

Автор: Баймуханбетова Бигайша Парукқызы

Дата: 02.02.2023

Номер свидетельства: 624645

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ертегілер ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(23) "iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "173670"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424015726"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?аза? ханды?ына-550 жыл"  тарихи са?ат"
    ["seo_title"] => string(42) "k-azak-khandyg-yna-550-zhyl-tarikhi-sag-at"
    ["file_id"] => string(6) "318945"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460704024"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Қасым Аманжолов"
    ["seo_title"] => string(17) "k_asym_amanzholov"
    ["file_id"] => string(6) "393614"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487526052"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) ""?ия?а ?рлей ?ш?ан ?ыран а?ын" ?адыр Мырза ?лі шы?армашылы?ына  арнал?ан ?деби-сазды са?ат "
    ["seo_title"] => string(102) "k-iiag-a-orliei-u-shk-an-k-yran-ak-yn-k-adyr-myrza-li-shyg-armashylyg-yna-arnalg-an-diebi-sazdy-sag-at"
    ["file_id"] => string(6) "213162"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431979685"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) ""Отбасы-ша?ын ?о?ам""
    ["seo_title"] => string(22) "otbasy-shag-yn-k-og-am"
    ["file_id"] => string(6) "319215"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460781229"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства