kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза? ханды?ына-550 жыл" тарихи са?ат

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?аза? ханды?ына – 550 жыл»  тарихи са?ат

1-ж?ргізуші: ?айырлы к?н,?ымбатты о?ушылар, ??рметті ?она?тар ж?не ?стаздар! «Ерлікті? ар?ауы, елдікті? бастауы-?аза? ханды?ы» атты тарих апталы?ыны? ашылу к?ніне арнал?ан мерекелік концертімізге ?ош келді?іздер!
2 ж?ргізуші: Біз ежелден ер деген да??ы шы??ан халы?ты? ?рпа?ымыз, ел бірлігі жолында ?р?ашан намысын бермеген халы?ты? ?ланымыз.
Біз алтын к?н бедерленген к?к байра?ын ?лем биіктерінде жел бір еткен бейбітшіл елді? азаматтарымыз, Ке? байта? жерінде бірлігі жарас?ан алуан ?лт ?лыстардан т?ратын бірт?тас халы?пыз! Біз ?аза?станды?тармыз ж?не м?ны ?лкен ма?танышпен айтамыз. 
?аза?станды? болу – бізге та?дыр сыйла?ан ?лы ба?ыт. Біз оны ?рдайым зор ма?таныш сезіммен ?рпа?тан-?рпа??а табыстайтын боламыз! 
2-Ж?ргізуші: ?аза?стан – ежелгі ел, біра? ?лемні? ?азіргі картасынан ол таяуда ?ана, я?ни 1991 жылы орыналды. Бізді? Отанымыз – егеменді, т?уелсіз ?аза? мемлекеті. Ж?з жиырмадан аса ?лт ?кілдері т?ратын осынау ?асиетті мекенде, ас?а?та?ан Алатаулы ?лкеде, ке?шілігі керемет, дархан дастар?андай далада, егіні те?іздей тол?ы?ан, т?ртт?лігі мы??ыр?ан, ?ндірісі ?ркендеген мекенде ?мір с?руші ?рбір адам ?з Отанын жанындай с?йіп, оны? к?кбайра?ын к?кке к?теруді ма?таныш т?тады!
Еліміз Егемендік ал?ан жылдардан кейін к?птеген жетістіктерге ?ол жеткіздік. ?з тарихымыз, салт-д?ст?ріміз зерделеніп, жина?тал?ан, ке? ма?ыналы кітаптар, ?деби зерттеулер жары? к?ре бастады. ?аза?стан Республикасы экономикасы, ?леуметтік т?рмысы т?ра?ты дамып келе жат?ан Орта азияда?ы беделді мемлекеттер ?атарына ?осылды. 
Бейнефильм «?аза? ханды?ыны? ??рылуы»
1 о?ушы:
Аты?нан айналайын егемен ел, 
Т?уелсіз к?ні? туды кенеле бер.
Мерейі? ??тты болсын ?аза?стан!
?асырлар тойы болшы келе берер!
Мереке? ??тты болсын егемен ел,
Терезе? барлы? елмен те?ерен ел
Бабалар м??гі ба?и арман еткен,
Те?дікті,бостанды?ты иеленгендер.
2 о?ушы:
Бостанды? ??тты болсын ерікті ел,
Айдын к?л, к?кмайсалы к?рікті жер
Бостанды?ты а?са?ан батырларды?
?руа?ына бас ?рып, т?уеткен жер.
Егемен елімні? ерте?і деп,
Елбасы ба?а берді жастарыма
О?у о?ы, білім ал, елі? ?шін
Е?бек ет тынным таппай, жанаяма.
3о?ушы:
Хал?ымны? ма?танышы – алып т?л?а
?лемні? назары ауды А?орда?а
Б?йтерек – к?кке ?олын созып т?р?ан,
??сайды мені? ас?а? арманыма.
Ел болды? егеменді, те?дік алып,
Бар ?лем ?аза? елін болды танып
?ойнауы кенге толы ?аза? елі
Жыл сайын келеді ?сіп ?анат жайып.
4О?ушы: 
Ел болды? ерік алды? астаналы
Енді кімнен ?аза?ым жас?анады? 
Т?уелсіз мемлекетті? шежіресі,
Н?рс?лтанны? атымен басталады.
Жаралды? молшылы?тан толы а?ыстан
Жолы? бар жа?сылы?ты ?алап ?ш?ан
?асырды? биігіне шы?ты? ту боп,
К?ркейген елім мені? – ?аза?стан!
Бейнефильм «Керей хан»
1-Ж?ргізуші: Бостанды?! – деп аталатын ас?а? арман жолында ?аншама ?ан т?гілді, ?аншама батыр мерт болды. Б?л арпалыс бір к?н, бір жыл, бір мезет емес, талай ?асырлар?а созыл?ан. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Биыл ?аза? ханды?ыны? ??рыл?анына 550 жыл толып отыр. Б?л мерекені б?кіл ?аза? елі тойлау?а ?зірленуде.
2ж?ргізуші: ?аза? ханды?ыны? ??рылуы ?аза? хал?ыны? тарихында?ы т?тенше ма?ызды о?и?а болды. Ол ?лан – байта? ??ірді мекендеген ?аза? тайпаларыны? басын ?осып шо?ырландыруда, ?аза?ты? этникалы? территориясын біріктіруде, ?аза?ты? байыр?ы заманнан бастал?ан ?з алдына жеке ел болып ?алыптасуын біржолата ая?тауда  аса ма?ызды ж?не т?бегейлі шешуші роль ат?арды.
1 ж?ргізуші:1456 жылы Керей мен Ж?нібек ханны? ?біл?айыр хан ?стемдігіне ?арсы к?рескен ?аза? тайпаларын бастап Шы?ысДешті – ?ыпша?тан батыс Жетісу жеріне ?оныс аударуы ?аза? ханды?ыны? ??рылуына м?рынды? бол?ан ма?ызды тарихи о?и?а бол?ан еді. Н?тижесінде Керей мен Ж?нібек Мо?олстан?а к?шіп барады. Есенб??а хан оларды ??ша? жая ?арсы алып, Мо?олстанны? батыс жа?ында?ы Шу мен ?озыбас айма?тары? берді. 
3-о?ушы: 
Тілім – ?аза?, тегім – т?рік, ислам– дінім, иманым, 
?лт едім мен ?лы едім, ??л бол деп жат ?инады.
Жо??ар?а да, ш?ршітке де дес бермеп ем, орысты?,
??ша?ына еніп кеттім, жел с?зіне иланып.
«Тілім – ш?бар, тегім–к?м?н, имансызбын, дінсізбін,
?з – ?зімді алдар ?аттым», - дедім, - елге м??сызбын,
Хал?ымды да, салтымды да дайын болдым сату?а,
Жерім тозды, елім азды, к?ні осы ?ой ??нсызды?.
?зегімде ?кініш бар, ба??а ?алдым жарымай,
?зімді ?зім сырт?а тептім, ?асиетімді танымай.
Хан Абылай ?мыт ?алды, ?абанбай мен Б?генбай,
Отаршыл?а о? боп тиген Кенесары,А?ыбай.
Махамбетті? термесі Ар?ынбек ?лішер
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза? ханды?ына-550 жыл" тарихи са?ат»

«Қазақ хандығына – 550 жыл» сыныптан тыс сахналық көрініс

1-жүргізуші: Қайырлы күн,қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар! «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы-қазақ хандығы» атты тарих апталығының ашылу күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде жел бір еткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, Кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз! Біз Қазақстандықтармыз және мұны үлкен мақтанышпен айтамыз. 
Қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан-ұрпаққа табыстайтын боламыз! 
2-Жүргізуші: Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орыналды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрттүлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көкбайрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Өз тарихымыз, салт-дәстүріміз зерделеніп, жинақталған, кең мағыналы кітаптар, әдеби зерттеулер жарық көре бастады. Қазақстан Республикасы экономикасы, әлеуметтік тұрмысы тұрақты дамып келе жатқан Орта азиядағы беделді мемлекеттер қатарына қосылды. 
Бейнефильм «Қазақ хандығының құрылуы»
1 оқушы:
Атыңнан айналайын егемен ел, 
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен теңерен ел
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
2 оқушы:
Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл, көкмайсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәуеткен жер.
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тынным таппай, жанаяма.
3оқушы:
Халқымның мақтанышы – алып тұлға
Әлемнің назары ауды Ақордаға
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қойнауы кенге толы Қазақ елі
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
4Оқушы: 
Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады? 
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!
Бейнефильм «Керей хан»
1-Жүргізуші: Бостандық! – деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Бұл мерекені бүкіл қазақ елі тойлауға әзірленуде.
2жүргізуші: Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
1 жүргізуші:1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап ШығысДешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. 
3-оқушы: 
Тілім – қазақ, тегім – түрік, ислам– дінім, иманым, 
Ұлт едім мен ұлы едім, құл бол деп жат қинады....
Жоңғарға да, шүршітке де дес бермеп ем, орыстың,
Құшағына еніп кеттім, жел сөзіне иланып.
«Тілім – шұбар, тегім–күмән, имансызбын , дінсізбін,
Өз – өзімді алдар қаттым», - дедім, - елге мұңсызбын,
Халқымды да, салтымды да дайын болдым сатуға,
Жерім тозды, елім азды, күні осы ғой құнсыздың.
Өзегімде өкініш бар, баққа қалдым жарымай,
Өзімді өзім сыртқа тептім, қасиетімді танымай.
Хан Абылай ұмыт қалды, Қабанбай мен Бөгенбай,
Отаршылға оқ боп тиген Кенесары ,Ағыбай.
Махамбеттің термесі Арғынбек Әлішер


4-оқушы:
Төл тарихтан бейхабармын, айтуға оны арландым,
Ажыратпай ғасыр озды, ақиқат пен жалғанды,
Көзайым боп таптым қайта Ахаң, Жахаң, Жүсіпбек,
Шер көңілді Шәкәрім мен ұлы ақын Мағжанды.
Кіл қаймағын қалқып алған, көк жасығын қалдырып,
Отызыншы жылғы ойраннан қауым қалды мәңгіріп.
Арманда өткен Бейімбеттің, Ілиястың, Сәкеннің,
Тым болмаса жатқан жерін табармыз деп жанды үміт. 
Желтоқсанда еркіндігін мұрат тұтқан халықтың,
Жалын жастар, ерлік жолы жалғасқанын таныттың.
Қайрат сынды қайраттанған бауырларым мәңгілік. 
Рух көтеріп тұрып қалды тұғырында даңқтың. 

Көрініс: «қазақ хандығының құрылуы»
Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
Уәзір : Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға (Мағжан): Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға (Мағжан): Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қол астындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: (Баубек) Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: (Жалғас) Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз. 
Есен-бұға (Мағжан): Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға (Мағжан): Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 Ақсақал (Миржан): Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2Ақсақал (Қуандық): Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге қайтып келер.
3Ақсақал (Асылбек): Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек, мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.
Есен-бұға(Мағжан): Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға (Мағжан): Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құтмекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығыпк етеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
Ақсақал :Түндеріміз тыныш болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Жастардың қасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин 
Бейнефильм «Қазақ хандығының құрылуы»
Ән «Қазақелі»
1 – жүргізуші: 
Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің және президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзі нәр бір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
2жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай?
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жасөрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Қазақ хандығының 550 жылдығы баршаңызға құттыболсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты кешіміз аяқталды. 
Сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"?аза? ханды?ына-550 жыл" тарихи са?ат

Автор: Кульбаева Айжан Шукирбаевна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 318945


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства