3-сабақ | Сабақ өтілген күн: 13. 03 .2015ж Орны: | Барлық оқушы саны: 23 Қатысқаны:22 | |
Сабақтың тақырыбы | Cәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» |
Жалпы мақсаттар | Білімділік: С.Сейфуллиннің өмірі, шығармаларымен танысу. Өлеңді түсініп оқуға үйрену, өлеңнің түйінді ойын ашу. Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы білімдерін тереңдету. Дамытушылық:Өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеулерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғаттағы жан-жануарларды аялауға, қорғауға, мейірімді болуға тәрбиелену. |
Түйінді идея | Жануарларға қорлық көрсеткен адамдар мейірімділіктен жұрдай. |
Стратегиялар | «Галереяда ой шарлау», «Бағдаршам», «Кластерлер», «Венн диаграммасы», «6 неліктен?», «Сатыдағы тапсырмалар» «Фишбоун» |
Көрнекіліктер | Конверт, қиылған суреттер, бейнефильм, карта, жануарлар суреті, бағдаршам. |
Дереккөздер | Т.М.Әбдікәрім, С.Р.Рахметова, Б.Т.Қабатай. «Әдебиеттік оқу». Алматы «Атамұра»2014. Ә.Қоңыратбаев туралы қосымша материалдар; Жақсылықова Г.И. Каженова А.М. Исмагилова Н.З «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» әдістемелік құрал. |
Оқу нәтижесі | -Өлеңдегі негізгі ойды меңгереді. -Өз пікірлерін білдіру арқылы берілген тапсырмаларды орындайды -Өз ойларын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады. |
Сабақ барысы | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
I-кезең Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру Топқа бөлу Үй тапсырмасын тексеру | 3 минут 7 минут | Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызу. . (жануарлардың суреттеріме н) «Галереяда ой шарлау» стратегиясы арқылы оқушылардың салған суреттерін ілу. Төрт-бес оқушыға салған суреттері туралы сөйлету. | Шеңбер жасап тұрады. Өз есімдеріне есімдерінің бірінші әрпінен басталатын сын есім қойып айтып шығады. Туған кундері арқылы топқа бөлінеді.(жыл мезгілі бойынша) Оқушылар салған суреттерінде Көкшенің қай жерін салғанын, неліктен салғанын,өздеріне қандай әсер бергенін айтады. |
Формативті бағалау «Табыс критерийі» арқылы бағалау (қосымша 1) |
Сергіту сәті | | Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық. Жүгiргiмiз келедi, Әдемiлеп ән салып, Топ-топ басайық, Жаттығулар жасайық. Қайырымды жан болып, Жамандықтан қашайық. Ұшқандай боп кекiлiк, Биiк-биiк секiрiп, Ойнап-ойнап, тез өсiп, Кетемiз бiз жетiлiп. | Оқушылар іс-қимылдар арқылы көрсетеді. |
Жаңа тақырыпқа бағытталу. | 5 минут | Киік туралы кластерлер жасату | Әр топ киік туралы бірінің жазғанын бірі қайталамай жазады. Сыныпта бір оқушы өз қалауы бойынша қорғайды. |
Формативті бағалау «Бағдаршам» көздерін көрсету |
II-кезең Мағынаны ажырату | 15 минут | Интерактивті тақтадан далада жайылып жүрген киіктердің видеосы көрсетіліп, С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін тыңдату. Ә.Қоңыратбаевтің өлеңіндегі киік пен С.Сейфуллиннің өлеңіндегі киіктің жайына «Венн диаграммасын» жасату. (қосымша 2) Оқулықтағы өлеңді оқыту. «6 неліктен?» стратегиясы арқылы оқулықтағы өлеңді талдату. | .Видеоны мұқият көреді, өлеңді тыңдайды. Не туралы екенін талдайды. Екі шығармадағы киіктің жайын салыстырады. Оқулықтағы өлеңді топта тізбектеп оқып шығады. Әр топтан 1-2 оқушы тізбектеп, мәнерлеп оқиды. Оқушылар өлең бойынша алты неліктен сұрағын қояды. |
Формативті бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау |
III-кезең Ой-толғаныс | 7минут | «Сатыдағы тапсырмалар» Төменнен жоғары қарай бірнеше тапсырмалар ілінеді. 1. Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жерді тауып оқу. 2 Оқ тиген киіктің халін суреттеген жерді тауып оқу. 3.Киікті атқан адамға өз көзқарасыңды білдір. 4.Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің? 5. Топпен бірге «Фишбоун» жасау | Оқушылар өз қалаулары бойынша сатыдағы тапсырмаларды орындайды. Топта жариялайды. Топпен бірлесіп «Фишбоун» әдісі арқылы мәтін бойынша түсінгендерін түйіндейді. |
Формативті бағалау «Екі +, бір -» арқылы бағаланады. |
Рефлексия Үйге Жиынтық бағалау | 3 минут 1минут 1 минут | Сабақ бойынша кері байланыс парағын беру. -Сабақ не туралы болды? -Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Неліктен? - Сабақ қаншалықты қиын болды? -Сабақтың соңында қандай сезімде болдың? Үй тапсырмасын айту. Формативті бағалаулар мен рефлексия парағын бағасын қою. | Кері байланыс парағын толтырады. Өлеңнің қалаған шумақтарын түсініп оқып, әңгімелеп жазу. |