Мысалдың мазмұнын ұғындыру; саналы түсініп оқу арқылы мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру; орыстың керемет мысал жазушысы И. А. Крылов өмірімен творчествосы туралы мағлұмат беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Аққу, шортан һәм шаян»
Тақырыбы: Аққу, шортан һәм шаян
Мақсаты: Мысалдың мазмұнын ұғындыру; саналы түсініп оқу арқылы мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру; орыстың керемет мысал жазушысы И. А. Крылов өмірімен творчествосы туралы мағлұмат беру.
А. Байтұрсынов шығармалары туралы білімін толықтыру; оқушылардың жүйелі ойлау, ойлау арқылы ой қорыту қабілетін дамыту; өз бетінше және ұжыммен жұмыс істеу машығын жетілдіру; шығармашылық қиялын шарықтату; ғылымға ынтасын арттыру.
Оқиға желісі арқылы өзін - өзі тәрбиелей білуге баулу; бірліктің тірлікке тигізер пайдасын ұғындыру арқылы ынтымақтаса еңбек етуге тәрбиелеу; ұжымда достыққа тәрбиелеу, саяси , экологиялық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, орыс әдебиеті, математика, сахна өнері, музыка, әдеп, еңбекке баулу, бейнелеу.
Технологиясы: дамыта оқыту технологиялары
Көрнекілігі: сахна, жануарлар бейнесі, мақалдар, портреттер, диаграмма, қосымша әдебиеттер, бағалау кестесі, бағалау белгілері, күйсандық, сызбалар.
Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Тақырыпқа сай безендірілген сыныпқа қажетті құралдарды түгелдеу.
2. Сабақ мақсатының хабарлануы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Мақсаты: оқушылардың үй тапсырмасын орындау деңгейін жан-жақты тексеру; дайындығына, қатысымына қарай мадақтау және өзін-өзі бағалау.
1. «Көрінбейтін адам» романының үзіндісі.
2. Герберт Уэлс әңгімелеген көрінбейтін адам қасиеттері.
3. Ғажайып сәуле туралы мәлімет.
4. Венн диаграммасы. (Көрінбейтін адам ------ Ғажайып сәуле)
5. Сенде қандай қиял пайда болды?
6. Ғажайып сәуле қолданған адамдарға көзқарасың қандай?
7. Атом бомбасынан зардап шеккен елдер туралы мәлімет.
8. Сұрақ – жауап.
- Полигон не үшін керек?
- Семей полигоны туралы не білеміз?
- Нейтронның адам өміріндегі пайдасы мен зияны туралы не білеміз?
«Невада - Семей» қозғалысы бірлестігі.
1. 1989 жылы «Невада - Семей» қозғалысы бірлестігі құрылды.
2. Жетекшісі – Олжас Сүлейменов.
3. «Невада - Семей» қозғалысы бірлестігінің мақсаты туралы.
4. «Невада - Семей» қозғалысы бірлестігінің жетістігі:
Қорытынды: бұл жетістік тек бірлесе қимылдағанда, халық бірлігінің арқасында ғана келді. Бірлік болмаған жерде қандай тірлік болады екен? бұл туралы да білігімізді арттырайық.
ІІІ. Жаңа тақырыпты хабарлау.
1. Иван Андреевич Крылов туралы деректер беру.
2. Ахмет Байтұрсынұлы туралы деректерді толықтыру.
3. Оқулықпен жұмыс.
4. Деңгейлік тапсырмалар.
5. Шығармашылық тапсырмалар.
6. Мәтін толық сахналау, ғибраттық өнегесін ашу.
ІҮ. Бекіту бөлімі.
1. Сұрақ – жауап.
- «Бірлік түбі - тірлік» мақалының мәтінге қатысты екенін дәлелде.
- «Ынтымақ», «ғибрат» сөзіне мағыналас сөз тауып көр.
- Бұл мысалдан қандай ғибрат алуға болады?
2. Топаралық сайыс. Бірлік туралы мақал – мәтелдер сайысы.