Тілдік мақсаттар | Пəндік лексика жəне терминология: тұжырым , пікір, ақиқат, жалған. |
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер. Талқылау: Саған тұжырымдардың ақиқат екенін бағалауға жиі тура келе ме? (мысалдар келтір). Пікірдің ақиқат екенін қалай анықтауға болады? |
Тірек білім, білік, дағдылар | Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігі туралы күнделікті тұрмыстан түсініктер беру. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт (минут) | Жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар |
0-3 4-6 | Психологиялық дайындық Саған сабақ үйреткен, Пәнге қара құрметпен. Санды тура табатын, Қиын,әрі қызықты, Математика болатын. «Алғырлар», «Білгірлер», «Зеректер» Үй тапсырмасын еске түсіру. Сұрақ-жауап арқылы Көпұлттық Қазақстан «Жиындардың қиылысуы» Ынталандыру Жануарлар əлемі туралы əңгіме жүргізу.. Сендер «Шындық пен өтірік» ойынын білесіңдер ме? Мен сөйлемдерді оқимын, ал сендер оның дұрыстығын анықтайсыңдар. Түйе – Қазақстанда кездесетін жануар. Жираф – Қазақстанда кездеспейтін жануар. Мысық – үй жануары. | Шаттық шеңбер Түстер арқылы топқа бөліну Венн диаграммасы |
7-11 | Мақсат қою (проблемалық жағдаят). Сендер біздің сабағымыз неге арналатынын түсінген боларсыңдар? Оның тақырыбы қандай? Бүгінгі сабақта біз шындық, математикада оны «ақиқат» дейді, жəне өтірік – «жалған» деп аталатын түсініктермен танысамыз жəне «пікір» деген не екенін білеміз. | Оқулық. Дəптер |
12-25 | Оқулықтағы 1- тапсырма бойынша топтық жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға суретке назар аудару ұсынылады, содан кейін олар пікірлерді (тұжырымдарды) оқиды жəне оның ақиқаттығын анықтайды. Жаңаны тану Оқулықтағы 2- тапсырманы топта ойын түрінде орындадық. Пікір дұрыс, шындыққа жанасатын немесе қате, яғни шындыққа жанаспайтын болады. Дұрыс пікірлер математикада ақиқат, ал қате тұжырымдарды – жалған деп атайды. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы 3- тапсырма оқушыларға өз бетінше орындауға берілді. Содан кейін сыныпта талқыланды Аю-жабайы жануар | | Сілеусін-үй жануары | | Қазақстанда кірпі тіршілік етпейді | | Сиыр бізге сүт береді | | Ит үйретуге көнбейді. | | Мысық сүт ішпейді. | | Түлкі қу аңға жатады | | Сергіту сәті Өткен материал бойынша өздік жұмыс. Оқулықтағы 5- тапсырма. №5. Есепте. (ауызша) 57+3 9+42 19+9 7+28 33+8 42+6 7+53 48+5 9+57 8+32 31+9 6+26 74+9 8+76 26+8 | Әр топ бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды Қол белгісі Дәптермен тақтамен Оқулық. Дəптер. Тақтамен жұмыс Қол белгісі |
26-35 | Жаңаны қолдану. Дəптердегі 1 жəне 2- тапсырмалар. 1- тапсырманың «бағалау» белгісі бар. Оқушыларға бағалау критерийлерін қаратамын: Ақиқат жəне жалған тұжырымдардың не екенін білемін. Ақиқат жəне жалған тұжырымдарды таба аламын. Əр оқушыға өзін бағалауды ұсынамын. Тапсырманы жақсы орындаған оқушылар өткен материалмен жұмысқа көшеді. Қате жібергендер оқулықтағы 2- тапсырманы орындауына болады. | Оқулық. Дəптер. |
36-40 | Рефлексия. Бүгінгі сабақта төмендегілердің қайсысын білдіңдер жəне нені үйрене алғандарыңды белгілеңдер: Ақиқат немесе жалған пікірлер деген не екенін түсіну. | Дəптердегі жетістіктер жолағы Кері байланыс . |
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) |
Бақылау Сабақтың мақсатына жеттің бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс –әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарлаңған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлаймын.Себебі оқушылар барлығы сабаққа жақсы қатысып отырды. Бүгінгі сабақта көп нәрсе үйренді деп айта аламын. Ақиқат немесе жалған тұжырымдар деген не екенін түсінді. Тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды. Кейбір оқушылар ақиқат немесе жалған тұжырымдар құра алады.. Өте жақсы. Барлығы бір адамдай берілген тапсырмаларды бар ынталарымен орындап отырды. Жоспардан шегініс болды деп есептемеймін. |
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт. Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және оқушылар жайлы не білдім? Келесі сабақта ауызша есептерді шығаруды дамыту керек деп ойлаймын. |