Просмотр содержимого документа
«"Ақан сері" ашық сабақ»
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Ақан сері. Бек Тоғысбайұлы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Бек Тоғысбайұлы туралы мәлімет бере отырып, оның «Ақан сері» мәтінінің мазмұнын ұғындыру, Сол заманғы сал – серілік пен қазіргі заман серілерінің ерекшеліктері туралы түсінік беру. Мәтін мазмұнын тарау тақырыбына байланыстыра отырып, оның идеясын ашуға жағдай жасау.
Топтық, жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту
Туған жерге,оның табиғаты мен жануарларына деген сүйіспеншілікті, адамгершілік, ақыл-парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Суреттер, текше, топшамалар, плакат,маркер, т.б.
1.Магнитофоннан Ақан серінің «Қараторғай» әнін тыңдатып, сұрақ – жауап арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
V.Мағынаны тану.
2) - Олай болса, бүгінгі «Ақан сері» мәтінінің авторы – Бек Тоғысбайұлы туралы мәліметпен танысып өтейік7
Бек Тоғысбайұлы 10.2.1936 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген.ҚазҰУ бітірген. 1957-58 жылы Алматы облысындағы «Коммунизм таңы» газетінде әдеби қызыметкер, т. б. қызметтер атқарған.Оның «Жаңбырлы күз», «Үміт», «Алдыңғы толқын», т.б. кітаптары және «Шәкәрім қажының қазасы» пьесалар жинағы жарық көрді.
«Алаш»әдеби сыйлығының лауреаты (2003).
2)Оқулыкпен жұмыс.
Тізбектей оқытып, мазмұнын сұрақ - жауап арқылы айтқызу.
Бөлімге бөліп, ат қою. Топқа бөлу.
Сөздікпен жұмыс. (Мұғалім тақтадан оқып, түсіндіреді,дәптерге жаздырады).
Шілдехана – нәрестенің дүниеге келу тойы
Жарату – баптау, дайындау
Күндеуші – қызғаншақ, көре алмаушы адам
Поэма – өлеңмен жазылған оқиғалы шығарма
Түртіп алу жүйесін жүргізу.Сұрақ – жауап, толықтыру.