kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ан сері ?орамса?лы ?мірі мен шы?армашылы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «А?ан сері ?орамса?лы»

Ма?саты:

Білімділік: Серілер поэзиясы туралы ойларын тере?дету,серілерге т?н орта? ?асиетті танып білу, А?ан сері ?орамса?лыны? ?мірі, ?ле?дерімен ж?не ?ндерімен таныстыру. Дамытушылы?: О?ушыларды? т?йінді ой айту?а, ойды ?орытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шы?армашылы??а баулу, шы?арманы? мазм?нын аша білу ?абілетін дамыту.

Т?рбиелік: О?ушыларды ?нерді с?юге, ба?алау?а, ?демілікке, ?дептілікке т?рбиелеу.

Саба?ты? типі: Жа?а саба?.

Саба?ты? т?рі:  сайыс  саба?

Саба?ты? ?дісі: С?ра?-жауап, т?сіндіру, талдау, топтастыру стратегиясы.

   Саба?ты? к?рнекілігі: электронды презентация, интерактивтік та?та , домбыра,?обыз,«А?ан сері»романы,т.б.

П?наралы? байланысы: ?аза?стан тарихы,музыка.

 

Саба? барысы:

I.?йымдастыру кезе?і.

Саба?ты?  айдары:

 ?зі? ойлан,?зі? тап,?зі? ізден,

Дегенмен а?ыл о?имын к?зі?ізден. (?адыр Мырза ?ли)

II.Жа?а саба?.

1.Топтарды? таныстыруы.

- «?аратор?ай» тобы.

-«??лагер» тобы.

2.Поэзия минуты.

?р топ ?з а?ыныны? ?ле?дерінен ?на?ан шума?ын жат?а о?у.

3. Хал?ыны? арда?тысы – А?ан сері .

?р топ ?здері дайында?ан материалдары ар?ылы а?ынны? ?мірі мен шы?армашылы?ына то?талады,слайдтар ар?ылы т?сіндіреді.

1.«Сырымбет- биік адыр,?атар кезе?»                                      

2. «Жігітке е? керек іс- білім деген»                                

3.А?ан –сазгер,?нші-орындаушы ж?не сері.                                                            

4. «??лагер -?ке?- т?лпар,шеше?- с???ар...»                       

            5. А?ан серіні? ?анатты с?здері,а?ын туралы

?мірін о?и отырып, ?зі?е А?ан серіні? ?андай ?асиетін ?лгі т?тты??- деген с?ра?пен ?орытындылаймын .

4.Топтастыру.?н еркесі, жыр серкесі, сегіз ?ырлы серілік ?нерді? к?рнекті ?кілі А.?орамса?лын кім деп танимыз ?

 

-Д?рыс айтасы?дар,а?ын, сазгер ,?нші.Олай болса,а?ынны? ?ле?дері мен ?ндеріне  кезек берейік.

5.А?ан сері ?ндері.

- «Ма?ма?гер» ?ніні? ?уенін ?обызда ойнау.

-Музыка п?ніні? м??алімі Заманбек Алтынг?л  ?нні? шы?у тарихына то?тала келіп,домбырада  «Ма?ма?гер» ?нін орындайды.

-Сынып о?ушылары Азамат,Даурен,Абай,Айбол «Бал?адиша» ?нін ?азіргі заман ?лгісінде орындайды.

6.Топпен ж?мыс.

?р топ?а а?ынны? бір ?ле?ін беру,тапсырмалар орындату.

І тапсырма.  А?ынны?  «Мылты? пен мергеншілік» ж?не"??лагер" ?ле?ін  о?ып,  мазм?нын  ашу.

- «Мылты? пен мергеншілік» ?ле?інен тауып о?ы.

1.А? ату ?стіндегі мергенні? ішкі сезімі.

2.А? ат?ан мергенні? к??іл к?йін суреттеуі.

3.Жа?сы мылты?ты сипаттауы.

 

-"??лагер"?ле?інен ??лагерді? ж?йріктігін сипаттайтын бейнелі с?здерді, тіркестерді тауып о?ы ж?не ?ле? мазм?нына то?тал.

 

ІІ тапсырма. Т?сініктеме к?нделік  стратегиясы бойынша а?ынны?

«Айтамын замандас?а біраз ке?ес », «?ыз сипаты»?ле?дерін о?ып, ?на?ан ?зіндіге пікір  жазу

?зінді                                                             пікір

(берілген  ?ле?нен ?зінді  о?у  ар?ылы)

 

ІІІ  тапсырма.Шы?армашылы? ж?мыс.

 Берілген шума?ты толы?тыр.

.......................................еркесі,

...................................... шешені.

...................................... ар?асында,   

...................................... бекзадасы.

ІІІ.?орытынды.

«Білімі?ді бай?ап к?р» /тест ж?мысы/

  1. А?ан ?мір с?рген жылдары.

а)1844-1913 ?) 1843-1913 б) 1843-1914

2. 3 жыл кімні? медресесінде о?иды?

а) У?лиахун ?) у?ли б) Бекбос

3.?ызылжар ?аласына неше жасында келеді?

а) 13 ?) 14 б) 12

4.?ш –а? ай бірге отас?ан жары.

а)Б?тима ?) ?р?ия б) А?то?ты

5.??лагерді кімнен сатып алады?

а) Ш?кетай ?)Ш?мше б)Сайрат

6. ?р?ия?а арна?ан ?ле?і

а)Ма?пал ?) ?ыз сипаты б) Мылты? пен мергеншілік

7. «Айтамын замандас?а біраз ке?ес»деген ?ле?інде жігіт адамны? неше т?ріне сипаттама берген.

а ) 13 ?) 14б) 15

8.Білінер жер жа?сысы ?ыс келгенде,

К?рінер к?лді? к?ркі ??с келгенде,….?ай ?ле?нен ?зінді?

а) «?аратор?ай» ?)«Жа?сы мен жаман» б) «Бал?адиша»

      9.А?ан ?ай жерде д?ниеге келген?

а) ?оск?л ?)Ж?кей б) Сандыбай

10. ??лагер ?анша  атты? алдында жал?ыз озып келді?     

 А) 240 ?)300 б)200

Б?гінгі саба?ымызды заманын ?нге ?ос?ан, ?рпа?ына м??гі  тозбас ескерткіш со??ан Сері туралы айт?ан М?ш??р Ж?сіп К?пеевті? мына с?зімен ?орытындылаймыз:

 «А?ан сері – заманыны? с???ары,т?я?ы тозбас т?лпары, орып айтатын отауызды ?ызыл тілді? ділм?рі, жігітті? ??лпы жібегі,шешен с?зді? а?ытыл?ан тиегі, сал мен серіні? к?семі, ?н мен к?йді?,?ткір с?зді? шешені.»

IV.Ба?алау.

V.?йге тапсырма.А?ан сері ?мірі мен шы?армашылы?ын о?у. «Елімні? еркесі еді А?ан сері» та?ырыбында ойтол?ау жаз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ан сері ?орамса?лы ?мірі мен шы?армашылы?ы »


«Бекітемін» «Келісемін» «Тексерілді»

№67 гимназия директоры : директордың ғылыми-әдістемелік директордың оқу-тәрбие ісі

ісі жөніндегі орынбасары : жөніндегі орынбасары

Г.Д.Садыкова Г.А. Абдраманова З.Ж.Джылыбаева ___________ ____________ ____________

«__»_______ «__»________ «__»_________







Ашық сабақ



«Ақан сері Қорамсаұлы»



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Берекетова Г.К.

Сыныбы: 10 Ә

















2012-2013 оқу жылы







Сабақтың тақырыбы: «Ақан сері Қорамсаұлы»

Мақсаты:

Білімділік: Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету,серілерге тән ортақ қасиетті танып білу, Ақан сері Қорамсаұлының өмірі, өлеңдерімен және әндерімен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу, шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өнерді сүюге, бағалауға, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта , домбыра,қобыз,«Ақан сері»романы,т.б.

Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы,музыка.


Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың айдары:

Өзің ойлан,өзің тап,өзің ізден,

Дегенмен ақыл оқимын көзіңізден. (Қадыр Мырза Әли)

II.Жаңа сабақ.

1.Топтардың таныстыруы.

- «Қараторғай» тобы.

-«Құлагер» тобы.

2.Поэзия минуты.

Әр топ өз ақынының өлеңдерінен ұнаған шумағын жатқа оқу.

3. Халқының ардақтысы – Ақан сері .

Әр топ өздері дайындаған материалдары арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталады,слайдтар арқылы түсіндіреді.

1.«Сырымбет- биік адыр,қатар кезең»

2. «Жігітке ең керек іс- білім деген»

3.Ақан –сазгер,әнші-орындаушы және сері.

4. «Құлагер -әкең- тұлпар,шешең- сұңқар...»

5. Ақан серінің қанатты сөздері,ақын туралы

Өмірін оқи отырып, өзіңе Ақан серінің қандай қасиетін үлгі тұттың?- деген сұрақпен қорытындылаймын .

4.Топтастыру.Ән еркесі, жыр серкесі, сегіз қырлы серілік өнердің көрнекті өкілі А.Қорамсаұлын кім деп танимыз ?

-Дұрыс айтасыңдар,ақын, сазгер ,әнші.Олай болса,ақынның өлеңдері мен әндеріне кезек берейік.

5.Ақан сері әндері.

- «Маңмаңгер» әнінің әуенін қобызда ойнау.

-Музыка пәнінің мұғалімі Заманбек Алтынгүл әннің шығу тарихына тоқтала келіп,домбырада «Маңмаңгер» әнін орындайды.

-Сынып оқушылары Азамат,Даурен,Абай,Айбол «Балқадиша» әнін қазіргі заман үлгісінде орындайды.

6.Топпен жұмыс.

Әр топқа ақынның бір өлеңін беру,тапсырмалар орындату.

І тапсырма. Ақынның «Мылтық пен мергеншілік» және"Құлагер" өлеңін оқып, мазмұнын ашу.

- «Мылтық пен мергеншілік» өлеңінен тауып оқы.

1.Аң ату үстіндегі мергеннің ішкі сезімі.

2.Аң атқан мергеннің көңіл күйін суреттеуі.

3.Жақсы мылтықты сипаттауы.


-"Құлагер"өлеңінен Құлагердің жүйріктігін сипаттайтын бейнелі сөздерді, тіркестерді тауып оқы және өлең мазмұнына тоқтал.


ІІ тапсырма. Түсініктеме күнделік стратегиясы бойынша ақынның

«Айтамын замандасқа біраз кеңес », «Қыз сипаты»өлеңдерін оқып, ұнаған үзіндіге пікір жазу

Үзінді пікір

(берілген өлеңнен үзінді оқу арқылы)



ІІІ тапсырма.Шығармашылық жұмыс.

Берілген шумақты толықтыр.

.......................................еркесі,

...................................... шешені.

...................................... арқасында,

...................................... бекзадасы.

ІІІ.Қорытынды.

«Біліміңді байқап көр» /тест жұмысы/

  1. Ақан өмір сүрген жылдары.

а)1844-1913 ә) 1843-1913 б) 1843-1914

2. 3 жыл кімнің медресесінде оқиды?

а) Уәлиахун ә) уәли б) Бекбос

3.Қызылжар қаласына неше жасында келеді?

а) 13 ә) 14 б) 12

4.Үш –ақ ай бірге отасқан жары.

а)Бәтима ә) Ұрқия б) Ақтоқты

5.Құлагерді кімнен сатып алады?

а) Шөкетай ә)Шөмше б)Сайрат

6. Ұрқияға арнаған өлеңі

а)Мақпал ә) Қыз сипаты б) Мылтық пен мергеншілік

7. «Айтамын замандасқа біраз кеңес»деген өлеңінде жігіт адамның неше түріне сипаттама берген.

а ) 13 ә) 14б) 15

8.Білінер жер жақсысы қыс келгенде,

Көрінер көлдің көркі құс келгенде,….қай өлеңнен үзінді?

а) «Қараторғай» ә)«Жақсы мен жаман» б) «Балқадиша»

9.Ақан қай жерде дүниеге келген?

а) Қоскөл ә)Жөкей б) Сандыбай

10. Құлагер қанша аттың алдында жалғыз озып келді?

А) 240 ә)300 б)200

Бүгінгі сабағымызды заманын әнге қосқан, ұрпағына мәңгі тозбас ескерткіш соққан Сері туралы айтқан Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мына сөзімен қорытындылаймыз:

«Ақан сері – заманының сұңқары,тұяғы тозбас тұлпары, орып айтатын отауызды қызыл тілдің ділмәрі, жігіттің құлпы жібегі,шешен сөздің ағытылған тиегі, сал мен серінің көсемі, ән мен күйдің,өткір сөздің шешені.»

IV.Бағалау.

V.Үйге тапсырма.Ақан сері өмірі мен шығармашылығын оқу. «Елімнің еркесі еді Ақан сері» тақырыбында ойтолғау жаз.

















































Мылтық пен мергеншілік

Мылтығың тізу болсын, өзі сырлы,

Сүйменді оғы болсын алты қырлы.

Қолыңда қызыл темір қалың ауыз

Алысы мен талғамас жақын жерді.

Аузы тар, ішкі қыры болсын терең,

Аң қашпайтын қанды ауыз, өзі берген.

Артық салған дәріні көпсінбесін,

Үстіне серіппейтін жақын жерден.

Темірі бір қалыпты болмаса ала,

Ауыр, жеңіл болмасын, орта ғана.

Көрігенді алғандай көңіл шат боп,

Мойнына салып шыққан сахараға.

Мылтығы шаңқ еткенде жерді жарып,

Көздеген көп жеріне тисе барып.

Асығып жан - жағына қарап мерген,

Мақтанып бауыздайды қоразданып.

Қанын сүртпей пышағын қынға салып,

Жаны шықпай тірсегін тесе салып.

Ат пен тымақ өзектің ар жағында,

Сүйретіп оған барар бір дем алып.

Абыр - жабыр жанына тез байланар,

Мұны біреу алар деп көріп қалып.

Тағы да аң көрінсе атайын деп,

Атына ол мінеді даярланып.

Аяғын байқай басқан сауда жүріп,

Тым ұялшақ болады сонда тұрып.

Маңдайынан қарайды жылмырайып,

Қай жерден атамын деп ол ойланып.

Асығыс алабұртып қарағанда,

Жатқан аң екі болар сағымданып.

Сіңбіретін дәрмен жоқ, ол бір тар жер,

Мұрны бітіп тұрса да қамырланып.





"Құлагер" әні

Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай – Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
А?ан сері ?орамса?лы ?мірі мен шы?армашылы?ы

Автор: Берекетова Гульнар Каманбековна

Дата: 07.02.2015

Номер свидетельства: 169024


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства