Сабақтың тақырыбы: | А.Байтұрсынов «Аққу, шортан һәм шаян» (Крыловтан) |
Сілтеме | Ана тілі оқулығы, С.Рахметова,Т.Әбдікәрімова,Р.Базарбаева. Алматы «Атамұра», 2011 ж. |
Жалпы мақсаты | Мысал жанры туралы түсініктерін кеңейту, мысалдың құрылысын өз бетімен талдауға, ізденуге, шығармашылық дағдысын дамытуға жағдай жасау, тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту. Сыни тұрғыдан ойлауға, топта және жұппен жұмыс жасауға үйрету, көшбасшылық қабілеттерін дамыту. |
Күтілетін нәтижелер | Мысалдың негізгі идеясын ашады, бейнекөрініс арқылы болжай алады, ақылдың алты қалпағы арқылы белгілі бір ортақ шешімге келе алады, мысалдың желісі бойынша сұрақтар қоя алады, рөлдік ойындар көрсете алады. |
Сабақ түрі | Жаңа сабақ |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: −Жеке, жұппен, топпен жұмыс; −Ой қозғау; −Инсерт әдісі -Ақылдың алты қалпағы; −Алынған ақпарат негізінде постер жасау, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдіс-тәсілдері |
Табыс критерийлері | Мен білемін: жұмысымды жоспарлай аламын; Мен істей аламын: тақырыбын анықтай аламын; Мен қолдана аламын:уақытты тиімді пайдалана аламын; ойымды жүйелеп айта аламын, өз іс-әрекетімді бағалай аламын |
Керекті жабдықтар | Интербелсенді тақта, бейнеролик, суреттер, үлестірмелік карточкалар, флипчарт, маркер, стикер т.б. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Модульдер көрінісі |
Топқа бөліну Психологиялық ахуал | 2 минут | Амандасу Жұпқа тұрғызу. Сендер мектепке бара жатқанда алдарыңнан құрбың кездесті қалай амандасасыңдар? Енді алдарыңнан көрші апай кездесті қалай амандасасыңдар? Алдарыңнан қарт адам кездесті қалай амандасасыңдар? Ал енді сыныпқа келген қонақтармен қалай амандасасыңдар? | Жұптар бір-бірімен амандасады. Стикер арқылы топқа бөлінеді. Топ басшыларын сайлап алады. Сабаққа мақсат қояды. Топ басшыларына бағалау парағы таратылады | |
Үй тапсырмасын тексеру | 3 минут | Үй тапсырмасын венн диаграммасына салу Федя қандай бала? Сеня қандай бала? | Венн диаграммасына салады. Өтірікші, айтқан сөзіңде тұрмайды, уәдеге берік емес, көмек бермейді, адал дос, жанашыр, қол ұшын береді, мейірімді | СТО |
Білу | 8 минут | Бейнеролик көрсету арқылы мультфильмнің жартысын көрсету. Ары қарай өздерің болжап көріңдер? Мултьфильмнің қалай аяқталғанын білгілерің келе ме? Мултьфильмді толығымен көрсету. Мультфильмнің көрінісі бойынша қандай ат қояр едіңдер? Ассоцация Аққу қандай құс? Шортан қандай балық? Шаян жайлы не білесіңдер? | Мультфильмдегі көріністі өздері болжап баяндайды. Тақырыпты ашады | АКТ ЖЕ |
Түсіну | 4 минут | Мысалды мәнерлеп оқу. Түсініксіз сөздермен жұмыс. «Инсерт» әдісі V-білемін, + Мен үшін таныс ? Мен үшін түсініксіз - Мен үшін жаңалық | Жеке оқу, топта мысалды қара сөзбен әңгімелейді. | «Инсерт» әдісі |
Қолдану | 5 минут | Тапсырманы постерге салады. | Ақ қалпақ: Мысалдан қандай ақпарат алдың? Қызыл қалпақ:Аққу, шортан һәм шаянға қандай ақыл айтар едіңдер? Қара қалпақ:Мысалдың мазмұнына байланысты жағымсыз жақтарына қорытынды жаса Сары қалпақ:Мысалдың жағымды жақтарына қорытынды жаса Жасыл қалпақ: Өмірде осындай жағдайлар кездесе ме? Осындай жағдайға тап болсаңдар, қалай шығар едіңдер? Көк қалпақ: Мысал кейіпкерлерінің адам өміріндегі жағдаяттармен қатысы бар ма екенін түсіндір? | «Алты қалпақ» ДО |
Талдау | 8 минут | «Қарлы кесек» Мысалдың желісі бойынша сұрақтар қою | Бір−бірімен сұрақтарды мысал желісі бойынша қояды | «Қарлы кесек» |
Жинақтау | 10 минут | Ролдік ойын. Берілген мысал бойынша көрініс қой. Мысалдың желісіне байланысты «Бірлік –түбі береке» тақырыбында эссе жаз. | | СТО ДО |
Бағалау Кері байланыс Үй тапсырмасы | 5 минут | Мыс«Екі жұлдыз, бір тілек» Сабақтан қандай әсер алдың? Топ ішінде қалай жұмыс жасадыңдар? Тақырып бойынша тағы не білгілерің келеді? Мәнерлеп, түсініп оқу. 65-68 бет Тақырыпқа байланысты жұмбақтар табу | Өз−өзін және сыныптасын бағалау Қол шапалақтап және жест арқылы бағалайды | ОүБ ОБ |