Просмотр содержимого документа
«"Айтшы, ?жетай". Ашы? саба? »
2 сынып
Ана тілі Сабақ №
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Айтшы әжетай... Жақан Смақов.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды Жақан Смақовтың «Айтшы әжетай... » өлеңімен таныстыру және мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс: Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Нақыл сөздермен жұмыс:
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.
Осы нақыл сөз бойынша қандай сурет салар едің?
Оқулықпен жұмыс
Жақан Смақовтың «Айтшы әжетай... » өлеңін мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту
Сөздікпен жұмыс. Ақтабан, қаракөл қойы.
Сергіту сәті.
Кестемен жұмыс:
Туыстық атау
Мамандығы
Атасы
Нағашысы
Жеңгесі
Ағасы
Жиен ағасы
Апасы
жездесі
Тәрбиеші
Монтер
Жылқышы
Сауыншы
Құрылысшы
Егінші
қойшы
Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр:
өлеңге сүйен;
Өз бетіңше жалғастыр
Әке жағынан туыс
Шеше жағынан туыс
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
Өз туыстарың мен жақындарыңның мамандықтары туралы әңгімеле.
3. Топтық жұмыс.
1-топ Өлеңнен туыстық қатынастарды білдіретін сөздерді теріп жаз.
2-топ. Ұлттық тағам түрлерін ата, жаз.
3-топ. Мамандық атауларын жаз.
Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс
3. Өлеңнің соңғы екі жолын қайталап оқы. Ақын сұрағына сен қалай жауап бересің?
Әр шумағы бойынша түсініктерін айту.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу