Просмотр содержимого документа
«"Ағаш тостақ" әдебиеттік оқу»
Күнделікті жоспарлау.
Мерзімі: 29.11.2016жыл
Сынып: 3 «Б»
Пән: әдебиеттік оқу
Тақырып: Жамбыл Жабаев. Менің өмірім
Мұғалім : Қ.М.Мухатова
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.Пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивацияоқушының субъективтік тәжірибесін өзектендіру қабылдауды ұйымдастыруұғынуды ұйымдастыру түсінуді біріншілік тексеру біріншілік бекітуді ұйымдастыру талдаурефлексия.
1
Ұйымдастыру кезеңі мотивация
Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі. Сабақтың мақсат – міндетін түсіндіру. Психологиялық жаттығу. ООМ бойынша жұмыс.
Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының санын жазып қоямын.
2
Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру
Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.
Оқушылардың өткен сабақты қалай меңгергендіктерін бақылау.Сол тақырып көлемінде бекіту сұрақтарын қою.
1. Әлтай неге тоймаушы еді?
2. Бас дәу, үрпек шаш,мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала кім?
3. Сабақтан қалса болды қайда кезекші болуға асығады?
4. Кезекшінің міндеті қандай еді?
5.Кезекші әрбір тәрелкенің тұсына не қояды?
6.Әлтай нанды таратып жүріп қандай әрекет жасайтын?
7.Кезекшілік күні өткен соң ,Әлтайдың көңіл- күйі қандай болады?
8. Балалар кешкі уақытта не істейді?
9.Бір бөлмеде қанша бала жататын?
10. Олар қай уақыттан соң ашылған интернат-пансионында жатып оқиды?
11.Әлтай жатар уақытта не істейтін?
12. Кім Әлтайдың түнде нан жеп жатқанын біліп қойды?
13.Ол не деп айғай салады?
14. Сәттіғұл барып Әлтайдың үстінен нені жұлып алады?
15.Әлтай қандай әрекет жасайтын?
16. Нан жетпегендерге не беретін?
17.Он бала тәтті түсінде кімді көреді?
18.Қай кез екен?
19.Жаңа жылдық шыршада кәмпит орнына не ілініп тұр ?
Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі.Алдымен сұрақ қоямыз, одан кейін ООМ орнын көрсетеміз, барлық оқушылардан сұралады.Тақтаға нәтижені жазамыз: 1 кезең немесе нормалары
3
Қабылдауды ұйымдастыру
Жаңа тақырып бойынша қысқаша кіріспе жасай отырып, оқушылардың назарын осы тақырыпта өтілетін білім көлеміне аудартамын.Тақтаға жаңа тақырып бойынша тірек сөздер жазамын.
Тірек сөздердің мағынасын түсіндіремін. Тірек сөздерді жаттауға уақыт беремін.Жаттауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздерді жауып, оқушылар жаттауға берілген уақытта сөздерді жатқа жазу керектігін айтамын.Жазып болғаннан кейін, тірек сөздерді ашып, оқушылар дәптерлерімен алмасады, бір бірінің жазылған сөздерінің санын санайды,маған хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілеймін.Одан кейін 9-10 сөз жазған оқушыларды іріктеп бақылаймын.
Екінші белгі
Есте сақтауға берілген уақыт нормативі.
10 сөзге 45 секунд уақыт беріледі.
2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді.Еске сақтау бойынша жіберу: бір сөз минус.Тақтаға нәтижені жазамыз: 2 кезең немесе нормалары
4
Ұғынуды ұйымдастыру
Оқушыларға мәтін тақырыптары таратылып беріледі.Осы мәтін бойынша қарама-қарсы сұрақ қойылатындығын ескертемін.
3 сыныптарға мәтінінң бір парағын оқуға 5 минут беріледі
5
Түсінудің бірінші тексерілуі
Қарама-қарсы сұрақ қою.Оқушыларды рет ретімен емес, ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұраймын, оқушылар түсінбеген тақырыптарды ашады, түсіндіреді.Егер бір оқушы жауап бермесе, сұрақты екінші оқушыға қайталап қоямын және минус тұрған кез келген оқушылардан сұраймын.Егер жауап алмасам сыныптан сұраймын, жауап берілмесе өзім жауап беремін. Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға «Құтқару шеңбері» тастау арқылы сұрақ қоямын. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп, минусын жоя алатынын ескертемін. Бұл ережені «Сыни сұрауда» да қолданамын.
Қарама – қарсы сұрақтар:
1. Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген неге кез боласыз?
2.Менің әкем кім бір кездері осы тауда көшіп- қонып жүрген?
3. Жамбыл тауының етегінде, қай уақытта дүниеге келіппін?
4. Маған осы көне ненің аты есім болып қойылыпты?
5.Бұл нешінші жылдың ақпан айы екен?
6. Әкем Жапа кім болған?
7.Тұрған жерін сипатта?
8. Сондықтан да мен балалаық шағымда нелерді көрмедім?
9. Жамбыл неде өсіпті?
10. Менің ағам- әкемнің інісі кім болған?
11. Неше жасында одан домбыраны үйрендім?
12. Табиғат Жамбылға қандай дауыс берген?
13. Неше жасында әкесінен қол үзеді?
14. Үйді-үйді аралап не айтты?
15.Менің өлеңім жұртқа ұнап не істей бастады?
16. Он беске толғанда атақты кім тұратын ауылға келеді ?
17.Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келіп не істедім ?
18.Өлеңіне риза болған Сүйінбай не істеді?
19. Жамбыл Сүйінбайдан не сұрайды?
20.Бұл менің өмірімдегі қандай минуттардың бірі еді?
Үшінші белгі нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус қойылады. Тақтаға нәтижені жазамын: 3 кезең немесе нормалары
6
Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру
Сын тұрғысынан сұрау.Оқушыларды рет ретімен емес ООМ бойынша жаңа тақырып аясында сұрақтар қоямын.Меңгеру сапасын анықтау үшін сұрақтарды бұрмалап қоямын.
Сын тұрғысынан сұрақтар:
1. Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген үш тауға кез боласыз.-
2. Менің әкем Жақып бір кездері осы тауда көшіп- қонып жүрген.-
3. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні дүниеге келіппін.+
4. Маған осы көне таудың аты есім болып қойылыпты.+
5. Бұл 1946 жылдың ақпан айы екен.-
6. Әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.+
7. Тұрған жерін егістікке бай алқалы жер болатын.-
8. Сондықтан да мен балалық шағымда егістікті де, бақты да көрмедім.+
9. Жамбыл екі қабатты үйде өсіпті.-
10. Менің ағам- әкемнің інісі домбырашы болған.+
11. Бес жасымда одан домбыраны үйрендім.-
12. Табиғат Жамбылға кішті де жуан дауыс берген.+
13. Он төрт жасында әкесінен қол үзеді.+
14. Үйді-үйді аралап жарапазан айтты.+
15. Менің өлеңім жұртқа ұнап маған ұрса бастады.-
16. Он беске толғанда атақты Ақан Сері тұратын ауылға келдім.-
17. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келіп әндете бастадым +
18. Өлеңіне риза болған Сүйінбай үйге кргізбей қойды.-
19. Жамбыл Сүйінбайдан өзін ақынның інісімін деп атап, көмегін, қолдауын сұрады. +
20. Бұл менің өмірімдегі ең жаман минуттардың бірі еді.-
Төртінші белгі.
ООМ мен жұмыс . «-» бар оқушыларға көңіл аударамын.
Тақтаға нәтижені жазамыз: 4- кезең немесе нормалары
7
Талдау уақыты 5 минут
Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды тексеру жүргізіледі.Кітапті жауып қоямыз.Сөздер қысқартылмай, толық жазылатындығын айтамын.Шығарма түрінде жазуға болатындығын ескертемін.Жалғаулықтар сөзге жатпайды.
Бесінші белгі нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс неме минус қойылады.
37 сөзді - 5 минут уақытта жазады.
Тақтаға нәтижені жазамыз: 5 кезең немесе нормалары
8
Рефлексия
Әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасаймын. 4-5 деген белгілерінің санына қарай және нормаға сәйкес екендігін айтамын.Әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсеттіп , алға ұмтылуға ынталандырамын.
Егер бүгін біз жетістікке жетпесек келесі сабақта жететінімізді айтып ескертемін.
9
Бағалар
4-5 белгі- 5ұпай
3белгі- 4 ұпай
2 белгі- 3 ұпай
1 белгі- 2 ұпай
ООМ бойынша бағалаймын.
10
Үй тапсырмасы
4 белгіден кем алған оқушыларға үйге тапсырма беремін.
Мұғалімнің сабақты өзіндік талдауы.
Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:
1. Сыныбымда 18 оқушы бар. 10 ұл, 8 қыз.
2. Ашық сабақтың өткізілген мерзімі: 29.11.2016жыл
Сынып: 3 «Б»
Пән: әдебиеттік оқу
Тақырып: Жамбыл Жабаев. Менің өмірім
Мұғалім : Қ.М.Мухатова
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.Пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Сабақтың кезеңдері 5 кезеңнен тұрады.
1 кезең. Үй тапсырмасы бойынша қарама-қарсы сұрақтар қою.
2 кезең . Жаңа тақырып бойынша тірек сөздер
3кезең. Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар қою.
4 кезең. Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сын тұрғысынан сұрақтар қою.
5 кезең. Сөздік қорды тексері.
Өз алдыма қойылған мақсаттары жүзеге асырылды , оқушылар сабақта 63 % жетті.
Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген .
Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген.
Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:
Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды. Жаңа материалды түсіндірген кезде оқушылар өте белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы) Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды. Жаңа материалды оқыту кезінде өздері оқып, өздері сұраққа жауап берді.
Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын алды).
Оқушылардың қамтылуы 100%, тақтаға шығарылмайды, оқушылар ООМ орнын көрсету арқылы орындарында жауап береді.
3.Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:
Оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды.
Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды.
Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды.
Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды.
Сабақ барысында тәрбиелеу.
Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды.
Дүние танымын қалыптастыруда Жамбыл Жабаевтің өмірінен үзінді көрсетілді.
Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.
Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды.
Оқыту әдістерін таңдау.
Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.).
Сабақтағы мұғалімнің жұмысы.
Сабақта менің іс-әрекетім 40 % орын алды , 60 % оқушылар өздері орындады (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.).
Сыныппен қарым-қатынас орнатылды . Сынып көшбасшысы сыныпты жігерлендірді.
Оқушылардың сабақтағы жұмысы.
Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі өте жақсы байқалды.
Сабақта оқушылардың сұраққа жауап жасау іс-әрекеті орын алды.
Сабақта белсенді жұмыс жасағандықтан артық қозғалушылық болмады.
Сабақтың гигиеналық жағдайы.
Сынып бөлмелері жеткілікті жарық болды.
Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған.