Негізгі бөлім | Абайдың балалары. Абайдың балалары туралы айтатын болсақ , ақынның 10 баласы болған. Бәйбішесі Ділдәдан; Ақылбай; Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Гүлбадан кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен: (Шүкімән)- Тұрағұл, Мекайл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт артқан талантты балалары Әбдірахман (Әбіш), Мағауия, Тұрағұл, Мекайл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан әнші, домбырашы болған. Абай арманының үлгісінің жарқын бір көрінісі өзінің сүйікті баласы атанған Әбдірахман болды. Оны әкесі орыс мектебіне беріп,көпжылоқытты. Ол туралы әкесі: Жаңа жылдың басшысы ол: Мен ескінің арты едімдепбағалаған. 1880-1890 жылдары Абай әдебиет әлемі аса үздік еңбегімен, қоғамдық жұмыстарымен, саяси әлеуметтік игілікті істерімен дараланып көрініп, халық құрметіне бөленуіне Әбіш баласының көмегі болды. Ол іс қағаздарын сауатты жүргізіп, белгілі болған. Әбіш орыс тілінен басқа, неміс тілінде еркін сөйлеп, жаза білген сөйтіп, әкесіне аудармашылыққа көп көмегін тигізген. Әкесі көп үміт артқан баласы, көп ұзамай ауырып 1895 жылы 1-ші қаңтарда 27 жасында Верныйда қазіргі Алматы қаласының госпиталында дүниеден өтті. Інісі Мағауия Әбішті Алматыдан Шыңғысқа апарып жерлейді. Ел аузынан тараған «Абай мен Әбіш » әңгімесін баяндау. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түртіп оқу, түсінгенін айту,түсінбегенін сұрау «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі, талдау: Мәтіннің кейіпкерлерін ата Әбіш туралы не білдік? Абай Әбішке қандай сұрақ қояды? Әбіш қалай жауап береді? Саған кімнің жауабы ұнады? Өзін қалай жауап берер едің? Жұптасып мағынасын талқылау. Дәптермен жұмыс. Оқиға картасын құру. Атауы | Кейіпкер | Ахуал | Жағдаят | Шешім | | | | | | Қазақта «ақ» сөзімен тығыз байланысты ұғым өте көп. «Ақ жаулықты ана», «ақ сақалды қарт», «ақ сүт» дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымы терең сөздер тазалықты, пәктікті айғақтайды. Ақ құйып шығару. Қазақ халқы ұрпағын ақты жерге төкпеуге, аяқпен баспауға үйретеді. Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат… Осының барлығы ақтың құрамына кіреді. Ақ түсінің мағыналық топтары Тазалықтың белгісі ( ақ босаға, ақ отау, ақ бесік т. б.) Сұлулықтың белгісі (ақ тамақ, ақ дидар, ақша бет т. б.) Үлкендіктің белгісі( ақ сақал, ақ бас, ақ қас т. б.) Қасиеттіліктің белгісі(ақ сүт, ақ ана ақ шаш т. б.) Қуаныштың белгісі (ақ күн, «ақ сарбас» т.. б) Адалдықтың белгісі (ақ жол, ақ ниет, ақ бата т. б.) Әңгіменің түйіні: Ақыл – жастан. Абай адам жас болса, ақыл, білім, қайрат көп болады деген. Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз», - дегендей, ата - ананың үмітін ақтайтын үнемі ақ көңіл, ақ ниетті ұл - қыздары болып өсейік. | Сұраққа жауап беріп, ойларын білдіреді. Мәтінді тыңдайды, іштей оқиды. Жұптасып, мәтін мағынала- рын талқылайды. Оқиға картасын құрады. Дәптерге ақ түсінің мағыналық топтарын жазады. |