kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Аузынан г?л, к?зінен от т?гілген» Б?лтірік шешенні? ?анатты с?здері. Ашы? саба?ты? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мерзімі
09.01.2016ж    Сыныбы: 6«В»     П?ні: ?лылар ?сиеті 
П?н м??алімі: Мухамадиева Т. Б.
Та?ырыбы:    «Аузынан г?л, к?зінен от т?гілген» Б?лтірік шешенні? ?анатты с?здері.
Ма?саты:          Баланы? ой - ?рісін, есте са?тау ?абілетін ?анатты  с?здер  ар?ылы дамыту.

Міндеттері:    1.Білімділік: О?ушылар?а Б?лтірік шешен туралы м?лімет бере отырып, білімін, сауатын тере?дете о?ыту
2.Дамытушылы? : Баланы? ой - ?рісін, есте са?тау ?абілетін жыр ар?ылы дамыту. 
3.Т?рбиелік : Білім мен т?рбиені ?штастыра отырып, татулы??а, отанс?йгіштікке, жырау бойында?ы ?жеттілікке т?рбиелеу.

О?ыту н?тижесі
Табыс критерийлері:    Біз ?р  о?ушыны дарынды деп есептеуіміз ?ажет. ?р саба?сайын о?ушыларды? сыни ойлауымен ?з пікірін к?пшілікпен б?лісуге машы?тандыру.
Саба?ты? т?рі:    Жа?а саба?
?олданылатын ?діс-т?сілдер    Сыни т?р?ыдан ойлау, ой тол?ау.  Т?сіндіру, с?ра?-жауап, салыстыру.
К?рнекілігі ??рал жабды?ы:    «?аза? тілі мен ?дебиеті» журналы. Карта
1.    ?йымдастыру кезе?і
1. ?ызы?ушылы?ты ояту
? Ой ша?ыру
? Топтастыру
Ой тол?аныс
Ой ша?ыру
2.    Б?ЛТІРІК ШЕШЕН

3.    Б?лтірік ?лмен?лы (1771 - 1854) осы к?нгі Жамбыл облысы Шу ауданы Шо?пар Темір жол станциясы ма?ында кедей семьясында д?ниеге келген. Бала кезінен-а? а?ынды?, шешендік с?з ?неріне бейім бол?ан. Ел арасында?ы тап?ыр, ?т?ыр с?здерді, та?па?, терме, а?ыз-??гімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, ?ызы?-думан ??р?ан. Б?лтірік сонымен бірге мерген саяткер, ат ?стінен алдырмайтын шабандоз, батыр бол?ан. Есейген ша?ында ел арасында?ы жер, су, жесір дауына, жайлау, ?оныс, е?бек ж?ніндегі талас, даулар?а араласып, ?діл де шешен т?релік айт?ан. Сонды?тан да халы? оны ?алап би сайлап ал?ан. Зорлы?шыл, ?иянатшыл, барымташыл, басб?зар, жала?ор, алая?тар Б?лтірік биді? ?ара ?ылды ?а? жара айт?ан ?діл билігінен беті ?айтып, ?шкереленіп отыр?ан. Ондайлар Б?лтірік отыр?ан жерден сескеніп аула? ж?рген. Б?лтірік шешен тек ?ана ?аза?тар арасында емес, ?ыр?ыз, ?збектерге де белгілі, беделді шешен бол?ан. Небір т?релер, бектер, бай, манаптар оны? ?ткір с?зінен, беті? бар, ж?зі? бар демей тік айтатын ж?н-жосы?ты билік-шешімінен ая?ын тарт?ан.
4.    Б?лтірік шешен 83-ке ?ара?ан жасында д?ниеден ?айт?ан. ?улие бабамыз к?з ж?мар алдында ?азіргі Жамбыл облысы Талас ауданыны? "Ойы?" совхозына жа?ын Ж?дік к?ліні? жа?асында?ы Ж?діктер ауылына, ?зіні? ?затыл?ан ?ызыны? ?йіне барады. Онда бірер ж?ма аялдап, т?уіпке ?аралады. Ме?деп кеткен аурудан айы?а алмай сол ауылда?ы ?зіні? Байсейіт дейтін батыр туысыны? ?йінде ?айтыс болады. ?зіні? "Мен осыдан олай-б?лай боп кетсем, алыста?ы а?айын-туыстарым ?кетеміз деп ?урелемесін. Осында жастай шейіт боп кеткен Танабай ?лым жатыр. Соны? ?асына ?оярсы?дар" деген ?сиеті бойынша Ж?дік к?ліні? жа?асына жерленген. "Ойы?" совхозыны? Бестам б?лімшесіне ?арайтын б?л жерде то?ыз к?мбезді ?ара?ожа мешіті де т?р. Оны? жанында?ы т?рт ??ла?ты Б?лтірік са?асына ары ?ткен, бері ?ткен м?сылмандар тізе б?гіп та?зым етеді. Б?гінде Б?лтірік биді? ?рім-б?та?тары Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарыны? аудан, ?алаларында е?бек етеді.
5.    Ел аузында "Б?лтірік айтыпты" деген шешендік кесімді с?здер к?п. Ондай с?здер бас?а халы?тар?а да таралып кеткен. Б?лтірікті? ?лт?ремен айтысы, ?ыр?ыз Б?йтеке манапты тізе б?ктіргені, Тезек т?реге, Бара?, Ди?анбай, Сыпатай батырлар?а айт?аны, ??нанбай а?а с?лтанды с?зден с?ріндіргені та?ы сондай к?птеген шешен с?здері бар. Оларды? бір?атары баспа бетінде жарияланып та ж?р. Халы? а?ындары Кенен ?зірбаевты? "А?ыздар сыры" (1969), Балта??л Бигелдиевті? "Бал?аш" (1970) жина?тарында ж?не Шона Смахан?лыны? "Жалын" журналында (№ 3, 1969) Б?лтірікті? а?ынды?ы, шешендігі, батырлы?ы бейнеленген ??гіме, а?ыз, ?ле?, жырлар жариялан?ан. Енді Б?лтірік шешенні? бір топ шешендік с?здерін о?ушы назарына ?сынамыз.
6.    *
7.    Б?лтірік ?ке-шешеден жастай айрылады. Б??анасы ?атпай байларды? ?озысын ба?ып, отынын тасып, к?лін шы?арып, к?нін к?ріп ж?реді. Біра? ішсе тама??а, кисе киімге жарымайды. Бір к?ні жанашыр ауылдасы:
8.    - ?й, Б?лтірік, сегізге келді? сергелде?де ж?рсі?. Жаным ашып айтамын, сонау Бал?аш деген жерде ?о?ырбай атты бай на?ашы? бар. Соны? саясын паналап ер жеткені? д?рыс ?ой, - дейді.
9.    Б?лтірікке ой т?седі. "Б?л жерде жаны ашитын адамым жо?, ма?дайымнан сипайтын ?ол жо?. Одан да т?бі бір, туысы бір на?ашымды панала?аным д?рыс болар. Етіне тояйын, тайына мінейін, киімімді б?тіндейін" деген шешімге келеді. К?п ?замай сол жа??а баратын керуенге ілесіп, на?ашысыны? ауылына келіп жетеді. Б?лтірікті к?рген на?ашысы ?уанып:
10.    - Жиенжан, жа?сы келді? ?ой, не істерімді білмей отыр едім. ?олы?а шыбы? ?стап, ?озы?а шы?, - деп мал со?ына салып ?ояды. М?нда да ішсе тама??а, кисе киімге жарымайды.
11.    Бір к?ні ?о?ырбай т??ірегіндегі ?зі те?дес байларды ?она?ка ша?ырады. Б?лтірік б??ан ?атты ?уанады. Іштей "етк тоятын болдым, етке тоймасам да с?йек, сорпа тиетін шы?ар" деп ойлады. Байлар таба?та?ы с?йекті бір-бірден ?стап м?жи бастайды. Боса?ада отыр?ан Б?лтірік бала?а к?з ?ырын да салмайды. Осы кезде ?й сыртына бір топ атты адам келіп то?тайды, ат дабырын естіген на?ашысы Б?лтірікке:
12.    - ?й, с?мелек, мына келген кімдер екен к?ріп кел, - дейді.
13.    Б?лтірік тыс?а шы?са, бастарына с?лде ора?ан бес молда екен. Баланы к?рген бір ересектеуі:
14.    - ?йде кім бар? - дейді. Сонда Б?лтірік ж?лып ал?андай:
15.    - ?йде ??ше? иттер отыр, - дейді де ішке енеді.
16.    На?ашысы Б?лтірікке ?арап:
17.    - Келген кімдер екен? - дейді. Б?лтірік б?ріне естірте:
18.    - Бес ?атын келіп т?р, - дейді. Отыр?андар бір-біріне та?дана ?арасып:
19.    - Еркек ?стіне келетін ?андай ?атындар?!
20.    - Бізді? то?алдарымыз болмасын!
21.    - Аттарынан т?сіріп, ?йге кірсін де! - деп б?йырады на?ашысы.
22.    Бір кезде Б?лтірік бес молданы бастап ?йге кіргізгенде, б?рі та?данып бала?а ?арайды. Біра?, еште?е айта алмай, ?ызара?тап к?лгенсіп бір-бірімен с?лемдеседі. Молдаларды отыр?ызып бол?ан со?, боса?ада?ы отыр?ан Б?лтірікке на?ашысы одырая ?арап:
23.    - ?й, бала, сомадай болып отыра бермей, ?она?тар?а ?ой ?кеп сой. Молдалардан бата с?рауды ?мытпа! - деп зекиді.
24.    Б?лтірік ?ойды? ішінен бір ?ара ?ош?арды ?стап алып келеді де, есікті? жабы?ын к?теріп:
25.    - Ал, молдекелер, бата ?ылы?дар? - дейді. На?ашысы ?ош?арды к?ріп:
26.    - ?й, итті? баласы, са?ан бірде?е к?рінген бе, семіз ісектер т?р?анда, ?ош?ар ?келгені? ?алай? - деп ?олында?ы ?амшысын кетереді. Сонда Б?лтірік на?ашысына тіке ?арап:
27.    - ?рса?ыз ?ры?ыз, тая? еттен ?теді, с?з с?йектен ?теді. Итті? баласы болсам сізден аула? кетпегенім ?ой! Б?л - бір. Екіншіден, адам ?ожасы - ?ожа, ?ой ?ожасы - ?ош?ар. Б?л ?ожа-молдалар?а ?ош?ар сой?ан лайы?. О?ан несіне намыстанды?ыз, на?ашы? - дейді.
28.    Отыр?ан ж?рт сасып ?алады. Сонда ?лгінде келгендерді? ішінен жасы ?лкен біреуі т?рып:
29.    - Баланы? с?зі д?рыс, соя берсін, алл?ау-акбар! - дейді.
30.    На?ашысы Б?лтірікті? со?ынан шытынай ?арап:
31.    - Кешірі?іздер, молдекелер, мына ?у жетімге бір н?рсе к?рінген шы?ар. Сіздерді ?лгінде "?атындар" деп айтты б?л жетім, - деп к?йінеді. Сонда ?она?тарды? бірі:
32.    - Біз де "?йде кім бар?" деп едік, "??ше? иттер отыр", - деп жауап берді. Сонда б?л бала?а с?йек те тимегені ?ой. Бізді ?атын десе, басымызда?ы с?лдеміз шы?ар. Б?л баланы? тілегін орындап, ауылына тезірек ?айтар?ан ж?н болар т?бі деген екен.
33.     Б?лтірік кедейліктен ?йлене алмай ж?реді. Бал?аш жа?та?ы на?ашысына бар?анда ?уелі ?озы, ?ой, бірер жылдан со? жыл?ы ба?ады. Ол ат ?стінде ойнайтын ?бжіл, мы?ты жігіт боп ер жетеді. Б?л ??ірдегі палуан деген одан жы?ылады. Додапаз деген о?ан ілесе алмайды. А?ын біткен онымен айтысып же?е алмайтын болады. ?зі к?рікті, келбетті, насат, ?немі тауып с?йлейтін Б?лтірікке бозбала, ?сіресе ?ыз-келіншектер ?йірсек болады.
34.    Бірде бие сауын кезінде ??лын а?ытып, салып т?р?ан Б?лтірік же?гесімен сырласады.            
35.    - Шырайлым, елі?ді са?ынды? ба?  И?, са?ындым.
36.    - Неге елі?е ?айтпай ж?рсі??
37.    - Жал?ыз келіп ем, екеу болып ?айтсам деймін.
38.    - Е, е б?се ішім сезеді-ау, бізді? еркежан?а к??ілі? ау?ан екен ?ой.
39.    - И?, же?еше, ?зі? ептестірсе? деймін.
40.    - На?ашы?нан тая? жеп ж?рмейік.
41.    - Оны? есебін ?зім табамын.
42.    - ?алай?
43.    - ?уелі еркежаны?ды к?ндір, екеумізді кездестір, у?де байласайы?. Біз аттанатын т?ні на?ашым ауылда болмасын. ?зі? сылтауратып оны т?ркіні?е ертіп кет. Сонда бізді? ?аш?анымызды сенен к?рмейді. Б?лтірік байды? то?алына осылай а?ыл береді. Же?гесі оны? а?ылын б?лжытпай орындайды. Сонымен, Б?лтірік ?зіні? с?йген ?ызын бір т?нде алып ?ашады. Екеуі екі атпен т?нделетіп ж?ріп отырып, ?осащыдагы ауылды? т?сына жетеді. Б?л М?неке байды? ауылы еді. Жыл?ы ?арап ж?рген байды? екі жігіті оларды? ізін кесіп, со?ына т?седі. Ауыл сыртында?ы ?зеннен ?те бергенде, ?лгі екі жыл?ышы оларды ?стап алып, М?неке бай?а алып барады.
44.    - Мына бір-екі жігітті ?стап алды?. Жыл?ыны ?рлап ж?рген осылар болса керек. Бізге ж?нін айтпады. Мына біреуіні? ?олы темірдей екен, ?ліміз келмеді. ?зі?із с?йлесіп к?рі?ізші? М?неке бай б?л екеуді? тегін емес екенін сезеді де:
45.    - Аттан т?сіп, сусын іші?дер, - дейді. Екеуі аттарынан т?сіп ?йге кіреді. Б?лтірік ?асында?ы сусар б?рікті, кемер белдікті с?лу «жігітіне» ?арап:
46.    - Б?л да ?з аулымыз. Енді жігіт боп шіренбей-а? ?ой. Шешініп отыр, - дейді. ?ыз ?стіндегі еркек киімдерін шешіп тастап, сырлы тегенедегі сары ?ымызды ?зі сапырып, отыр?андар?а кесе жа?алатады. сонда абрып Б?лтірікті? ?алынды?ын еркекше киіндіріп алып ?аш?анын біледі олар.
47.    Б?лтірік ??гіме д?кенін ?ыздырады. Бірде термелеп, бірде пернелеп талай ??гіме, жырды? басын ?айырады. Таныса келе М?неке би:
48.    - Ыстыда Б?лтірік деген шешен бала бар деуші еді. Сен сол екенсі? ?ой, - деп мал сойып к?тіп ерте?іне аттандырыпты. Міне, Б?лтірік осылай ?йленген екен дейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Аузынан г?л, к?зінен от т?гілген» Б?лтірік шешенні? ?анатты с?здері. Ашы? саба?ты? жоспары»

Мерзімі

09.01.2016ж

Сыныбы: 6«В»

Пәні: Ұлылар өсиеті

Пән мұғалімі: Мухамадиева Т. Б.

Тақырыбы:

«Аузынан гүл, көзінен от төгілген» Бөлтірік шешеннің қанатты сөздері.

Мақсаты:

Баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін қанатты сөздер арқылы дамыту.


Міндеттері:

1.Білімділік: Оқушыларға Бөлтірік шешен туралы мәлімет бере отырып, білімін, сауатын тереңдете оқыту

2.Дамытушылық : Баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін жыр арқылы дамыту.

3.Тәрбиелік : Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, татулыққа, отансүйгіштікке, жырау бойындағы өжеттілікке тәрбиелеу.


Оқыту нәтижесі

Табыс критерийлері:

Біз әр оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет. Әр сабақсайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау, ой толғау. Түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру.

Көрнекілігі құрал жабдығы:

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. Карта

  1. Ұйымдастыру кезеңі
    1. Қызығушылықты ояту
    ● Ой шақыру
    ● Топтастыру
    Ой толғаныс
    Ой шақыру

  2. БӨЛТІРІК ШЕШЕН

  3. Бөлтірік Әлменұлы (1771 - 1854) осы күнгі Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар Темір жол станциясы маңында кедей семьясында дүниеге келген. Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне бейім болған. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз-әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық-думан құрған. Бөлтірік сонымен бірге мерген саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қоныс, еңбек жөніндегі талас, дауларға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халық оны қалап би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташыл, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жара айтқан әділ билігінен беті қайтып, әшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек қана қазақтар арасында емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Небір төрелер, бектер, бай, манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тік айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан.

  4. Бөлтірік шешен 83-ке қараған жасында дүниеден қайтқан. Әулие бабамыз көз жұмар алдында қазіргі Жамбыл облысы Талас ауданының "Ойық" совхозына жақын Жәдік көлінің жағасындағы Жәдіктер ауылына, өзінің ұзатылған қызының үйіне барады. Онда бірер жұма аялдап, тәуіпке қаралады. Меңдеп кеткен аурудан айыға алмай сол ауылдағы өзінің Байсейіт дейтін батыр туысының үйінде қайтыс болады. Өзінің "Мен осыдан олай-бұлай боп кетсем, алыстағы ағайын-туыстарым әкетеміз деп әурелемесін. Осында жастай шейіт боп кеткен Танабай ұлым жатыр. Соның қасына қоярсыңдар" деген өсиеті бойынша Жәдік көлінің жағасына жерленген. "Ойық" совхозының Бестам бөлімшесіне қарайтын бұл жерде тоғыз күмбезді Қарақожа мешіті де тұр. Оның жанындағы төрт құлақты Бөлтірік сағасына ары өткен, бері өткен мұсылмандар тізе бүгіп тағзым етеді. Бүгінде Бөлтірік бидің үрім-бұтақтары Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының аудан, қалаларында еңбек етеді.

  5. Ел аузында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік кесімді сөздер көп. Ондай сөздер басқа халықтарға да таралып кеткен. Бөлтіріктің Әлтөремен айтысы, Қырғыз Бәйтеке манапты тізе бүктіргені, Тезек төреге, Барақ, Диқанбай, Сыпатай батырларға айтқаны, Құнанбай аға сұлтанды сөзден сүріндіргені тағы сондай көптеген шешен сөздері бар. Олардың бірқатары баспа бетінде жарияланып та жүр. Халық ақындары Кенен Әзірбаевтың "Аңыздар сыры" (1969), Балтағұл Бигелдиевтің "Балқаш" (1970) жинақтарында және Шона Смаханұлының "Жалын" журналында (№ 3, 1969) Бөлтіріктің ақындығы, шешендігі, батырлығы бейнеленген әңгіме, аңыз, өлең, жырлар жарияланған. Енді Бөлтірік шешеннің бір топ шешендік сөздерін оқушы назарына ұсынамыз.

  6. ***

  7. Бөлтірік әке-шешеден жастай айрылады. Бұғанасы қатпай байлардың қозысын бағып, отынын тасып, күлін шығарып, күнін көріп жүреді. Бірақ ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайды. Бір күні жанашыр ауылдасы:

  8. - Әй, Бөлтірік, сегізге келдің сергелдеңде жүрсің. Жаным ашып айтамын, сонау Балқаш деген жерде Қоңырбай атты бай нағашың бар. Соның саясын паналап ер жеткенің дұрыс қой, - дейді.

  9. Бөлтірікке ой түседі. "Бұл жерде жаны ашитын адамым жоқ, маңдайымнан сипайтын қол жоқ. Одан да түбі бір, туысы бір нағашымды паналағаным дұрыс болар. Етіне тояйын, тайына мінейін, киімімді бүтіндейін" деген шешімге келеді. Көп ұзамай сол жаққа баратын керуенге ілесіп, нағашысының ауылына келіп жетеді. Бөлтірікті көрген нағашысы қуанып:

  10. - Жиенжан, жақсы келдің ғой, не істерімді білмей отыр едім. Қолыңа шыбық ұстап, қозыға шық, - деп мал соңына салып қояды. Мұнда да ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайды.

  11. Бір күні Қоңырбай төңірегіндегі өзі теңдес байларды қонақка шақырады. Бөлтірік бұған қатты қуанады. Іштей "етк тоятын болдым, етке тоймасам да сүйек, сорпа тиетін шығар" деп ойлады. Байлар табақтағы сүйекті бір-бірден ұстап мүжи бастайды. Босағада отырған Бөлтірік балаға көз қырын да салмайды. Осы кезде үй сыртына бір топ атты адам келіп тоқтайды, ат дабырын естіген нағашысы Бөлтірікке:

  12. - Әй, сүмелек, мына келген кімдер екен көріп кел, - дейді.

  13. Бөлтірік тысқа шықса, бастарына сәлде ораған бес молда екен. Баланы көрген бір ересектеуі:

  14. - Үйде кім бар? - дейді. Сонда Бөлтірік жұлып алғандай:

  15. - Үйде өңшең иттер отыр, - дейді де ішке енеді.

  16. Нағашысы Бөлтірікке қарап:

  17. - Келген кімдер екен? - дейді. Бөлтірік бәріне естірте:

  18. - Бес қатын келіп тұр, - дейді. Отырғандар бір-біріне таңдана қарасып:

  19. - Еркек үстіне келетін қандай қатындар?!

  20. - Біздің тоқалдарымыз болмасын!

  21. - Аттарынан түсіріп, үйге кірсін де! - деп бұйырады нағашысы.

  22. Бір кезде Бөлтірік бес молданы бастап үйге кіргізгенде, бәрі таңданып балаға қарайды. Бірақ, ештеңе айта алмай, қызарақтап күлгенсіп бір-бірімен сәлемдеседі. Молдаларды отырғызып болған соң, босағадағы отырған Бөлтірікке нағашысы одырая қарап:

  23. - Әй, бала, сомадай болып отыра бермей, қонақтарға қой әкеп сой. Молдалардан бата сұрауды ұмытпа! - деп зекиді.

  24. Бөлтірік қойдың ішінен бір қара қошқарды ұстап алып келеді де, есіктің жабығын көтеріп:

  25. - Ал, молдекелер, бата қылыңдар? - дейді. Нағашысы қошқарды көріп:

  26. - Әй, иттің баласы, саған бірдеңе көрінген бе, семіз ісектер тұрғанда, қошқар әкелгенің қалай? - деп қолындағы қамшысын кетереді. Сонда Бөлтірік нағашысына тіке қарап:

  27. - Ұрсаңыз ұрыңыз, таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді. Иттің баласы болсам сізден аулақ кетпегенім ғой! Бұл - бір. Екіншіден, адам қожасы - қожа, қой қожасы - қошқар. Бұл қожа-молдаларға қошқар сойған лайық. Оған несіне намыстандыңыз, нағашы? - дейді.

  28. Отырған жұрт сасып қалады. Сонда әлгінде келгендердің ішінен жасы үлкен біреуі тұрып:

  29. - Баланың сөзі дұрыс, соя берсін, аллһау-акбар! - дейді.

  30. Нағашысы Бөлтіріктің соңынан шытынай қарап:

  31. - Кешіріңіздер, молдекелер, мына қу жетімге бір нәрсе көрінген шығар. Сіздерді әлгінде "қатындар" деп айтты бұл жетім, - деп күйінеді. Сонда қонақтардың бірі:

  32. - Біз де "үйде кім бар?" деп едік, "өңшең иттер отыр", - деп жауап берді. Сонда бұл балаға сүйек те тимегені ғой. Бізді қатын десе, басымыздағы сәлдеміз шығар. Бұл баланың тілегін орындап, ауылына тезірек қайтарған жөн болар түбі деген екен.

  33.  Бөлтірік кедейліктен үйлене алмай жүреді. Балқаш жақтағы нағашысына барғанда әуелі қозы, қой, бірер жылдан соң жылқы бағады. Ол ат үстінде ойнайтын әбжіл, мықты жігіт боп ер жетеді. Бұл өңірдегі палуан деген одан жығылады. Додапаз деген оған ілесе алмайды. Ақын біткен онымен айтысып жеңе алмайтын болады. Өзі көрікті, келбетті, насат, үнемі тауып сөйлейтін Бөлтірікке бозбала, әсіресе қыз-келіншектер үйірсек болады.

  34. Бірде бие сауын кезінде құлын ағытып, салып тұрған Бөлтірік жеңгесімен сырласады.            

  35. - Шырайлым, еліңді сағындың ба?  Иә, сағындым.

  36. - Неге еліңе қайтпай жүрсің?

  37. - Жалғыз келіп ем, екеу болып қайтсам деймін.

  38. - Е, е бәсе ішім сезеді-ау, біздің еркежанға көңілің ауған екен ғой.

  39. - Иә, жеңеше, өзің ептестірсең деймін.

  40. - Нағашыңнан таяқ жеп жүрмейік.

  41. - Оның есебін өзім табамын.

  42. - Қалай?

  43. - Әуелі еркежаныңды көндір, екеумізді кездестір, уәде байласайық. Біз аттанатын түні нағашым ауылда болмасын. Өзің сылтауратып оны төркініңе ертіп кет. Сонда біздің қашқанымызды сенен көрмейді. Бөлтірік байдың тоқалына осылай ақыл береді. Жеңгесі оның ақылын бұлжытпай орындайды. Сонымен, Бөлтірік өзінің сүйген қызын бір түнде алып қашады. Екеуі екі атпен түнделетіп жүріп отырып, Қосащыдагы ауылдың тұсына жетеді. Бұл Мәнеке байдың ауылы еді. Жылқы қарап жүрген байдың екі жігіті олардың ізін кесіп, соңына түседі. Ауыл сыртындағы өзеннен өте бергенде, әлгі екі жылқышы оларды ұстап алып, Мәнеке байға алып барады.

  44. - Мына бір-екі жігітті ұстап алдық. Жылқыны ұрлап жүрген осылар болса керек. Бізге жөнін айтпады. Мына біреуінің қолы темірдей екен, әліміз келмеді. Өзіңіз сөйлесіп көріңізші? Мәнеке бай бұл екеудің тегін емес екенін сезеді де:

  45. - Аттан түсіп, сусын ішіңдер, - дейді. Екеуі аттарынан түсіп үйге кіреді. Бөлтірік қасындағы сусар бөрікті, кемер белдікті сұлу «жігітіне» қарап:

  46. - Бұл да өз аулымыз. Енді жігіт боп шіренбей-ақ қой. Шешініп отыр, - дейді. Қыз үстіндегі еркек киімдерін шешіп тастап, сырлы тегенедегі сары қымызды өзі сапырып, отырғандарға кесе жағалатады. сонда абрып Бөлтіріктің қалындығын еркекше киіндіріп алып қашқанын біледі олар.

  47. Бөлтірік әңгіме дүкенін қыздырады. Бірде термелеп, бірде пернелеп талай әңгіме, жырдың басын қайырады. Таныса келе Мәнеке би:

  48. - Ыстыда Бөлтірік деген шешен бала бар деуші еді. Сен сол екенсің ғой, - деп мал сойып күтіп ертеңіне аттандырыпты. Міне, Бөлтірік осылай үйленген екен дейді.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Аузынан г?л, к?зінен от т?гілген» Б?лтірік шешенні? ?анатты с?здері. Ашы? саба?ты? жоспары

Автор: Мухамадиева Толкын Байанбаевна

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289245


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства