1. Психологиялық дайындық: Бүгінгі сабаққа бір-біріне сәттілік тілейік! (Ештеңеден қорықпа! Сен бәрін білесің! Сен озат оқушысың, батырсың, сен лидерсің, күштісің!)
2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге не берілді? («Болашақ Қазақстан» қиял-ғажап ертегі құрып келу.) Оқыту. Оқушының пікірін сұрау. Бағалау.
ІІ. Жаңа сабақ.
1.Жұмбақ:
Аяз қысып өрнек сызып
Терезені торлайды
Қарға омбығып, бет домбығып
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім айтындаршы
Бұл қай мезгілде болады? (Қыс.)
-Қыс деген сөзді қалай түсінеміз? Не елестейді?
мұз қатады үскірік жел
қырау Қыс аяз болады
қар жауады боран соғады
2. Абайдың суреті.
Абай Құнанбаев кім?
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!»
С. Торайғыров.
Абай- 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданында, Шыңғыс туының баурайындағы Қасқабұлақ деген ауылда дүниеге келеді. Өнегелі өмірдің бастауы- асқар таудай әкесі Құнанбай аға, бұлақ анасы Ұлжан, мейірімді, қамқор-шежіре әжесі Зеренің орны бөлек. Халқымыз «Ата көрген- оқ жонар, ана көрген- тон пішер» - дегендей, бірі елдің парасат ақылшы атасы, бірі- анасы болған.
Әкесі Құнанбай- ақыл, парасат иесі, ел билеген көсем, бұлбұл шешен, жастайынан атқа қоған найзагер адам боған. Ол Абайды өзімен ала жүріп, өмір көрсеткен. Әділбиліктер мен шешендік сөздерге баули білген.
Анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі екен. Әжесі Зере- Ибрагимді еркелеп «Абай» деп атаған. Көп ертегі, аңыз-жырларды айтып өсірген. Сөйтіп ауылдағы татар молдасынан 3-4 жыл сабақ алады. Одан Семейде медреседе оқиды. Сөйтіп 12 жасында өлең жаза бастайды. Жасынанан зерек бала атанады.
Абайдың әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері көп. Ол өлеңдерінде адамгершілікке, білім-ғылымды сүюге шақырады.
-С.Торайғыров айтқандай:
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!»
-Абайды оқы деп тағы кім айтты? Біз жаттаған едік. Ж.Нәжимеденовтің «Бір өлеңін жатқа оқысан Абайдың.»
Көп емес-ау саған артар міндетім,
Ең оңайы «өзіне-өзі жүр жетіп».
Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,
Сол болады еліңе еткен құрметің.
-Абай тек өлең емес, ән де шығарған. Мысалы: «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ». Абай лирика ақын. Өйткені ол табиғаттық құбылыстарды адам өміріне арнап жырға қосады. Өздерін таныс болғансындар жылдың төрт мезгіліне арнаған өлеңдері бар. Еске түсірейік! (Оқушылардың жауабы: «Күз», «Жазғытұрым», «Жаз»)
-Енді бүгін Абайдың «Қыс» мезгіліне жазған өлеңімен танысайық!
3. Сөздікпен жұмыс.
Денелі- денесі зор, кесек тұлғалы.
Долдану- қатты ызалану.
Домбығу- дененің суыққа ісінуі.
Шидем- қой жүнінен тоқылған сыртқы киім.
4.Мәнерлеп оқу.
5.Өлең бойынша сұрақтар:
а) Жылдың қай мезгілі суреттелген?
ә) Қысты ақын кімге теңейді? Неге?
б) Қыста қандай өзгерістер болады?
в) ақын қыстын күнін қалай бейнелейді?
6. Сергіту сәті. (Интерактивті тақтада жүгіріп тұрған жаңылтпаш.)
Қар аппақ, дала аппақ,
Бәрі аппақ, қарап бақ.
7. Оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту.
-Осы оқығаннан көз алдарына не елестейді? (Келе жатқан шал, қабағына бұлт жауған, сүмірейген малшы)