kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А. Құнанбаев «Қыс»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Верх –Березовка бастауыш мектебі-балабақша кешені» КММ

Тақырыбы:  А. Құнанбаев «Қыс»

Бастауыш сынып мұғалімі:         Оспанова Г.К.

2014-2015 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

     Білімділік: Шығарманың  тақырыптық- идеялық мәнін ашу арқылы оқушыларға қыс мезгілінің  өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

      Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып, жүйелі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қиялын дамыту.

      Тәрбиелік: Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, балаларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А. Құнанбаев «Қыс»»

«Верх –Березовка бастауыш мектебі-балабақша кешені» КММ















Тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»











Бастауыш сынып мұғалімі: Оспанова Г.К.










2014-2015 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шығарманың тақырыптық- идеялық мәнін ашу арқылы оқушыларға қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту , байланыстырып, жүйелі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, балаларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Абай портреті, тақырыптық суреттер, үнтаспа, жылқы, қоржын, сыйлық,ақ қағаз интерактивті тақта.

Әдіс - тәсілі: сұрақ-жауап, талдау, ізденушілік.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

«Қар лақтыру» ойыны.

Ақ бетке бір-бірлеріңге бүгінгі күнге деген тілектеріңді жазыңдар. Жазып болсақ, қолдарыңдағы қағазды қарға ұқсатып умаждап, бір – бірімізге лақтырайық.

І.Бағдарлау – мотивациялық кезең .

1.«Туған жерге қыс келді»

-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасының бір тармағында «Салауатты өмір салты» бағытында жас жеткіншектердің дені сау, тәні таза, ақыл-есі дұрыс азамат болып өсу үшін не істеу керек деді?

-Спортпен шұғылдану керек деді.

-Ал енді балалар сендердің жақсы көретін спорттық, қызыға ойнайтын ойыңдарыңмен жақынырақ танысып білу үшін берілген тапсырмаларды орындаймыз.

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

-Жаңа жыл.

-Жаңа жылда сендер асыға күтетін Аяз атамыз сендерге сыйлыққа толы қоржын беріп жіберіпті. Өзі келгенше сендердің білімдеріңді тексеріп көрмекші.

-Жыл санау бойынша қай жылды қарсы аламыз?

-Қай жылды шығарып саламыз ?

-Ендеше қоржыннан тапсырмаларды алып, орындап көрейік.

- Балалар, сендердің жеңістерін тапсырманы орындауға байланысты.Бірінші тапсырманы орындау үшін қандай ойын түрін ойнайтынымызды жұмбақ шешу арқылы білеміз.

(Тапсырманы өте жақсы орындаған балаға алқа беріледі).

І тапсырма: Жұмбақ:

Шелек қалпақ басында

Сәбіз екен танауы

Қыста қардан туады

Тауып көрші сен оны.

Ол не? (Аққала)

Оқушыларға жұмбақтарды таратып, шешуін тапқызу.

1-топқа Салауаттылық 2-топқа Болашақ

1.Қыста бар да, жазда жоқ. (қар) 1. Көлге жапқан қақпақ

2.Құлағы мен көзі жоқ, Сіресіп тұр-

Жоқ тіпті қол мен аяғы. Қатты-ақ.(мұз)

Бірақ ғажап өнерпаз, 2.Қанаты жоқ-ұшады.

Мәнерлеп ою ояды. Аяғы жоқ-желеді.

(Аяз) Аузы жоқ-ұлиды. (боран)

Бұл қай мезгілге қатысты айтылған сөздер?

ІІ тапсырма: Жұмбақ:

Мінсем, төменге зу етем,

Өрлесем , өзімді сүйретем. (Шана)

2.Суретпен жұмыс.

Оқушыларға қыс көрінісін бейнелейтін суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады.

-Мына суретке назар аударыңдар.

-Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?

Қыс мезгілі.

-Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?

- Дала аппақ. Күннің көзі көрінбейді. Ағаштар, үйлер, төбелер қар жамылған.

-Аппақ, аяз, ақ көрпе, сықырлайды, қалың киім, қаһарлы, т.б.

-Ендеше , бүгінгі сабағымызда қыс туралы, оның табиғатқа , адам өміріне әсері туралы әңгімелейміз.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Қыс» туралы өлеңі.Үйден Абай Құнанбаев туралы қосымша мәліметтер жинақтау керектігі туралы тапсырма берілген.Ол туралы не білеміз?

(Оқушылар өз білетін мәліметтерін айтады. Мұғалім толықтырады.)

А.Құнабаев қазақтың ұлы ақыны. Семей өңірінде туған.

3.Абай әлеміне саяхат.

Семей 1845 ж. туған 1904 ж. дүние салды



Әкесі Құнанбай Шешесі Ұлжан



Әжесі Зере Атасы Өскенбай



аудармашы ақын,композитор кемеңгер, дана

ІІ.Операциялық-орындаушылық кезең.

1.Өзіндік жұмыс. (Үнтаспадан А.Құнанбаевтың өлеңін тыңдау).

А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін іштей түсініп оқу.

Сырттай оқыту.

ІІІ тапсырма. Жұмбақ:

Байлаулы екі аяғым,

Қасымда екі таяғым.

Зырлаймын қардың үстімен

Озамын атты кісіден. (Шаңғы)


-Ал,балалар, өлең неше шумақтан тұрады?

- Әр шумақ неше жолдан тұрады?

Өлең мазмұны талданады.

1.Ақын қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға,кәрі шалға теңеп тұр).

2.Шалдың киімдері қандай?(Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)

3.Киім деп отырғаны не ? (Ол-жауған қар, қатқан мұз)

4 .Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)

5.Өлеңдегі шалдың мінезі қандай ? (Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)

6.Соқыр, мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады.)

7.Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)

8. «Түсі суық» дегенді қалай түсінесіңдер? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады)

2.Суретпен жұмыс.

1 .Мына суретте Абайдың қысына ұқсастық бар ма? Бар болса, қандай?

2.Ақын қолданған сөздерді пайдаланып, адам бейнесіндегі қысты сипаттап айт.

3.Сөздікпен жұмыс .(Өлеңдегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіру).

Домбығып-тоңып

Шидем- жүннен тоқылған сырт киім.

Сергіту сәті.Балалар, біз манадан бері аққала жасап тоңып қалдық, қыстың аты қыс, күн аяз, ендеше жылынып алайық. (Музыка ойналады )

1-қолды уқалаймыз

2-аяқты тарсылдатамыз

3- бір-бірімізге алақан соғамыз.

ІV тапсырма.Жұмбақ:

Өңкей батыр мұз үстінде

Екі топта

Бірде артқа, бірде алға

Таласып жүр бір допқа.(шайба)

-Балалар, хоккей ойынына екі тотың жетекшісі шығып,сөйлем құрайды.Топ мүшелері өлеңдегі сөздердің мағынасын анықтайды.

Шығармашылық тапсырма.

1-тапсырма.Дәптермен жұмыс.

2.Өлең мазмұнына сәйкес 3 сөйлем құрау.

Үлгі: Қыстың қатты аязды күнінде аяғыңның асты сықырлайды.

Қатты долданған бораннан үйлер де шайқалғандай.

Беті-қолы үсігендеріне қарамай боранмен бірге балалар да жүгіріп, ойнап жүр.Қанша қалың киінсе де, малшылар боранға қарсы жүре алмауда.

2-тапсырма.Өлеңдегі кейбір сөздердің мағынасын анықтау үшін кесте ұсынылады.(топтық жұмыс)

Сөз

Мағынасы

Соқыр

Ештеңе көрмейді

Мылқау

Сөйлемейді

Түсі суық


Басын сіліксе


Бұрқ- сарқ


Долдану


Әуес көріп


Қатал, ашулы; мазасыздану, дауыл, күшею, қызығып.

3.Берілген сөздерге мағынасы қарама –қарсы сөздер жазу.

ақ- …

теріс- ...

түсі суық- …

жас- …

мылқау- …

Үлгі: ақ –қара

Сергіту сәті.(музыкамен)

V тапсырма:Жұмбақ:

Жап-жалтыр, жалпақ бір

Жатыр көк айна.

Жүгіріп, жығылып,сырғанап,

Сонда ойна, тек тайма (Мұзайдын)

ІІІ.Рефлекциялық-бағалау кезеңі

Тест тапсырмалары а-жауабы болса, орнымыздан тұрамыз; ә-жауабы болса тұрмаймыз, отырамыз.

1.Өлеңде кім туралы айтылған?

а) жылқышы ә) малшы

2.Ақын қысты кімге теңейді?

а) қарияға ә) балаға

3. «Долданғанда» сөзінің мағынасы:

а) кейігенде ә) ашуланғанда

4. «Танымас ... жанды»

а) тірі ә) ешбір

5 . Жансызға жан бітіре суреттеу ... деп аталады.

а) теңеу ә) кейіптеу

6. Теңеу сөз қайсы?

а) денелі ә) борандай.

Қысқы қандай ойындарды білдік?

Өзін –өзі бағалау.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарың үшін Аяз ата сендерге сыйлық беріпті.

Үйге тапсырма.

1.Өлеңді жаттау.

2.Өлең мазмұны бойынша сурет салу.

Сабақ соңында, қолдарынан ұстап, барлығы:

Денсаулықтан адамға не бар қымбат,

Ауру төнсе, кең дүниені тар қылмақ.

Біз сіздерге тілейміз амандықты

Келесі кездескенше сау саламат, -

деп хормен айтып, сабақ аяқталады.

































Әдебиеттік оқу

3 «А» -сынып

Ашық сабақтың талдауы


Сыныпта барлығы 9 оқушы. Сыныптың жалпы білім деңгейі жақсы. Сыныпта үздік оқушы саны - 2, оқу екпінділері - 5 , екеуі орташа оқиды.

Ашық сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Қыс»

Мақсаты:

Білімділік: Шығарманың тақырыптық- идеялық мәнін ашу арқылы оқушыларға қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту , байланыстырып, жүйелі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, балаларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Барысы: Оқушылармен «Қар лақтыру» ойыны ойналды. Ойын кезінде ақ бетке тілектер жазып, қағазды қарға ұқсатып, умаждап, бір –бірлеріңе лақтырды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзін басшылыққа ала отырып, «Салауатты өмір салты» бойынша сұрақтар қойылды. Қоржыннан тапсырмалар алып, орындады. «Салауаттылық» және «Болашақ» топтары жұмбақ шешімін тауып, қыс көрінісін бейнелейтін суреттер көрсетіліп, сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбын аша білді. Үйден қосымша өлеңнің авторы А. Құнанбаев туралы мәліметтер жинастырып, Абай әлеміне саяхат жасалды. Абай туралы дайындап әкелген рефераттар оқылып, тыңдалды. Үнтаспадан А.Құнанбаевтың өлеңі тыңдалды. Өлең дауыстап оқытылды, сөздікпен жұмыс жүргізілді, өлеңдегі негізгі ойды анықтау үшін сұрақтарға жауап берді, өз бетімен жұмыстар жүргізілді. Суретпен жұмыс жасау арқылы Абай өлеңіндегі ұқсастықты тауып, ақын қолданған сөздерді пайдалана отырып, адам бейнесіндегі қысты сипаттап айтып берді. Музыкамен сергіту сәті жасалды. Шығармашылық тапсырма берілді. Өлең мазмұнына сәйкес үш сөйлем құрастырды. Топтарға өлеңдегі кейбір сөздердің мағынасын анықтау үшін кесте ұсынылды. Дәптермен жұмыста берілген сөздерге мағынасы қарама –қарсы сөздер жазды. Бейнетаспамен сергіту сәті жасалды. Сабақты қорытындылау кезеңінде оқушыларға тест жұмысы берілді. Оқушылар мәтінді толық түсінгендерін көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындады. Топ басшылары өздеріне берілген тапсырмалар арқылы мәтіндегі негізгі ойды түйіндеді.

Сынып «өте жақсы» деген бағамен бағаланды. Оқушыларға Аяз ата сыйлығы тапсырылды.

Үйге тапсырма:

1.Өлеңді жаттау.

2.Өлең мазмұны бойынша сурет салу.

Сабақты проектормен және қосымша тақырыптық суреттер, тест жұмыстары, ақ парақ, түрлі-түсті бояу, үнтаспа, жылқы ойыншығы, қоржын, сыйлықтар, тапсырмалар жиыны көрнекіліктерін пайдаландым. Жоспарланған сабағымды толық қамтыдым. Ауызша, жазбаша, ойын, сұрақ-жауап, талдау, тест жұмыстары, шығармашылық жұмыс, ізденушілік әдіс-тәсілдері сабақта орнымен қолданылды.

Сабақта «Денсаулық технологиясын» қолдана отырып өткіздім. Сабақ кезеңінде салауатты өмір салтына байланысты жұмбақтар шешіп, тапсырмалар орындалып отырды.

Сабақ соңында оқушылар хормен:

Денсаулықтан адамға не бар қымбат,

Ауру төнсе, кең дүниені тар қылмақ.

Біз сіздерге тілейміз амандықты

Келесі кездескенше сау саламат, -

деп, сабақты аяқтады. Оқушылар өздерін еркін, өзіне-өзі деген сенімділіктерін, бір-біріне сыйластықпен, ұқыптылықпен, белсенділіктерін көрсетіп отырды. Сабақтың жоспарын оқушылардың білім деңгейіне, бір-бірімен қарым -қатынасына, психологиялық дамуына, сабақта өзін-өзі ұстау дағдыларына байланысты жасадым. Сабақта қойған мақсатыма жеттім.

Мұғалімі: Оспанова Г.К.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
А. Құнанбаев «Қыс»

Автор: Оспанова Гулжан Кадировна

Дата: 02.11.2016

Номер свидетельства: 354666

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Абай ??нанбаев ?ыс ?ле?і саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(36) "abaikunanbaievkysolienisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "309948"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458897103"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Абай ??нанбаев "?ыс" "
    ["seo_title"] => string(24) "abai-k-u-nanbaiev-k-ys-2"
    ["file_id"] => string(6) "238270"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444535161"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "А.??нанбаев "?ыс" ?дебиеттік о?у,саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(51) "a-k-u-nanbaiev-k-ys-diebiiettik-ok-u-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "176372"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424410547"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "Абай ??нанбаев. "?ыс". ?дебиеттік о?у п?нінен саба? жоспары. 3 "?" сынып"
    ["seo_title"] => string(57) "abaikunanbaievkysdiebiiettikokupniniensabakzhospary3synyp"
    ["file_id"] => string(6) "269685"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450886684"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "6- сынып         ?аза? ?дебиеті (?й?ыр сыныбында) Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбаев «?ыс» ?ле?і"
    ["seo_title"] => string(73) "6synypkazakdiebiietiuigyrsynybyndasabaktyntakyrybyabaikunanbaievkysolieni"
    ["file_id"] => string(6) "289505"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454832583"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства