Білімділік: Оқушылылардың 7 санының құрамын ажыратуға, сәйкес теңдіктерді жазуға, оқуға машықтандыру
Дамытушылық: Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға, саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой-өрісін дамыту
Білімділік: Оқушылылардың 7 санының құрамын ажыратуға, сәйкес теңдіктерді жазуға , оқуға машықтандыру
Дамытушылық: Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға, саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой-өрісін дамыту
ҮІ. Сабақта пайдаланған әдебиеттер: Оқулық, әдістеме, журналдар.
ҮІІ. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
1) Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
2) Оқушылардың сабаққа дайындығые қадағалау
ә) Үй тапсырмасые тексееру:
Үйге берілген 7 саны және цифры тақырыбы бойынша сұрап шығу 0-ден 7-ге дейін оңға және кері санату. Өтілген сандар құрамын анықтау.
б) Жаңа сабақ:
1, 2, 3
Жинап алдық күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаңа сабақ бастаймыз
Ертеде 1 ешкі мен 7 лағымен суатқа су ішуге келсе алдынан ашыққан қасқыр тап беріп, қуа жөнеледі. Жан сауғалап қашқан лақтардың ең кішісі басқалардан адасып қалыпты. Бүгінгі сабақта адасқан лақтың өз тобына қосылуына көмектесуіміз керек. Ол үшін алдымен 7 санының құрамымен танысамыз.
7 санына байланысты ұғымдарды айтып өту.
Оқулықпен жұмыс: Лақ келе жатып жолды көреді. Жолдың жағасында гүлдер өсіп тұр. Көмекке келейік.
№1 сұраққа жауап бер
1) Барлығы 7 гүл. Олардың сарысы 4, қызылы 3.
Оң жақта -2
Сол жақта -5
2) Азайғышы 7 болатын немесе айырма құруға болады. (Ауызша орындалады.)
Балалар, 1 тапсырманы орындау арқылы біз лаққа жемісін жеуге көмектесейік. Лақ ұзын жолға түсіп келе жатқанда, кенет алдынан аш қасқыр тағы да шыға келеді. Қасқырдан құтқару үшін біз бірнеше тапсырманы орындап көреміз.
№2 Нәтижесі 7-ге тең болатын қосу амалына мысалдар құрастыру:
6+1 =7 4+3=7
5+2 =7 7+0=7
№3 Өлше, салыстыр
см ?
см ?
см - см = см
7 – 6 = 1 см
7 см 6 см
6 см
№4 орындықтардың нөмірлерін анықтау
3 тапсырманы орындау арқылы бізден ашулы қасқырдан да құтқардық. Бір кезде алдынан қу түлкі шығып, лақты жеудің айласына көше бастайды. Оны жемес үшін не істеуіміз керек? Ол үшін біз тапсырманы тездетіп орындап жіберейік
7-1=6 5-1=4 2-1=1
6-1=5 4-1=3 1-1=0
№5 Математикалық жұмбақ
Жаңа ғана шалғында,
7 бұзау жүр еді,
Әлде шаршап қалды ма?
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Жүргенін айт айырып.
7-1=6
2) Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналып.
Алдым үзіп 5-еуін
Тағы да алдым 2-еуін
Алдым сонда нешеуін
7
Түлкіден құтылып келе жатса, алдынан үлкен тау шығады. Ол өте алмай сендерден көмек сұрайды.
№6 Қайсысы аптаның қай күндері туған?
4-2=2 7-2=5 3+3=6 3+1=4
6-3=3 4+3=7 2-1=1
Балалар, біздің бірнеше тапсырмамыз қалды. Сол тапсырманы орындап боламыз дегенімізше лақ үйіне жетеді. Оқушының алдына сандар беріледі. Мен ауызша айтамын. Оқушылар құрайды. Кеспе әріптерден амалдар құрастырып орындайды.
5+1=6 3+2=5 т.б
Үлестірмелі қима қағаздар таратып, жауап алу. (геометриялық фигураларға байланысты.)
6) Сабақты бекіту: «Тауық және балапан» ойыны.
7) Сабақты қорытындылау: 7 санының құрамынт ауызша сұрау. Балалар сендердің білімдерің арқылы лақ өз тобына қосылды.