Просмотр содержимого документа
«6 санының көбейту кестесі»
Кайранбаева Гулшат Болатовна
Дефектолог – мұғалім
«Қосалқы мектеп – интернат» КММ
Математика пәні.
Тақырыбы: 6 санын көбейту.
Мақсаты: 6 санын кестелік көбейту білімін бекіту.
Міндеттері:
1.Білімділік: Бірдей қосылғыштарды қосу амалын, көбейтумен алмастыру, көбейту мысалдарын жазу, көбейту компоненттерін: 1 көбейткіш, 2 көбейткіш, көбейтінді, мұғаліммен бірге оқи білуді бекіту. 6 санының кестелік көбейту білімін 100 көлемінде амалдарды орындауда қолдана білу.
2.Түзету – дамытушылық: Оқушының ерік – жігерін, зейінін, ойлау, есте сақтау, есту, көріп қабылдау қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Тілін жетілдіру.
3.Тәрбиелік: Қоршаған ортаға, математика пәніне деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, дербестікке, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың тегі: Дәстүрлі сабақ.
Ашық сабақтыңтүрі: Алған білімді бекіту.
Сабақтың құрал - жабдықтары: Экран, проектор, ноутбук, перфокарталар, көбейту кестесі (тақтада, әр баланың алдында), ақ қағазға жазылған сандар, есептер.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ойын «Не?, Қайда? Қашан?», фронталды сұрақ – жауап, сергіту, саусақ жаттығулары, кестемен, перфокарталармен, дәптермен, тақтамен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл – күйлерің қалай? Отыра қойыңдар.
Психологиялық бағыт беру: (Балалар хормен айтады).
1.Толық ондықтармен жүзге дейін тура, кері санау: 10,20,30,40,50,60,70,80,90,100. 100,90,80,70,60,50,40,30,20,10.
2.Таблицамен жұмыс: Таблицадан кез – келген санды көрсетіп, неше ондық, неше бірлік бар?- деп мұғалім сұрайды. Мысалы: 67 – 6 ондық, 7 бірлік. 45 – 4 ондық, 5 бірлік. Сол сияқты бірнеше санды сұрайды.
-Балалар, біз қай санның көбейту кестесімен таныстық?
-6 санының көбейту кестесімен таныстық.
5.Көбейту компоненттерін: 1 көбейткіш, 2 көбейткіш, көбейтінді атау. 6.Көбейту кестесін оқу: 6 көбейту 1 тең болады 6. 6 көбейту 2 тең болады 12. Хормен қайталау.
ІІ.Негізігі бөлім:
-Балалар, бүгін біз 6 санының көбейту кестесін қайталап, бекітеміз. Сабағымызды «Не? Қайда? Қашан?» ойыны түрінде өткіземіз. Сендерге қарсы ойынды өздеріңе сабақ беретін мұғалімдерің ойнайды. Мұғалімдерің сендерге сұрақ қояды, тапсырмалар береді. Егер тапсырманы орындай алмасаңдар, ұпай саны мұғалімдердің тобына жазылады.
Мұғалім карточкаларды тақтаға іледі. Мысалы:
«Оқушылар» «Мұғалімдер»
0 0
Таза жазу минуты:
1.х көбейту таңбасын және 6 цифрын жол бойына әдемілеп жазады.
2.Күнді, айды, сынып жұмысы жазу.
4 топ оқушыларына тапсырма:
1.4 топ балалары: дәптердегі тапсырманы орындайды. (Мұғалімнің қарындашпен жазып бергенін бастырады).
2.4 топ балаларына құрастыруға тапсырмалар беріледі.
1 тур. Слайд қосылады.
-Балалар, бізге қарсы ойын ойнайтын кім?
-Айгүл Алибековна.
Тапсырма: Кім жылдам ойлайды? Бір – біріне сәйкес қосу және көбейту амалдарын сызбамен қос.