6 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 6 санының құрамын ескере отырып, 6 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру .
2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тапқырлыққа, шапшаңдыққа, сауаттылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, цифрлар, білім ағашы,себет, сандық, қоржын, лента, сөзжұмбақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, қызығушылығын ояту,оқу, жазу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, еңбекке баулу, дүниетану.
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
- Балалар, бүгін өте ерекше күн.Себебі біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр.Олай болса, алдымен қонақтармен сәлемдесейік.
Психологиялық дайындық
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламыз.
Маңыз беріп оқимыз,
Математика сабағын.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) 2-3 оқушыдан үйге берілген 5- есептің шығарылуын сұрап, қосымша сұрақтар беру арқылы білімін тексеру.
Қызығушылықты ояту
1.«Қызықты санамақ» санау
2.1-ден 10-ға дейін санау
3.10-ға дейінгі сандарды кері санау
4. Жұп сандарды ата
5. Тақ сандарды ата
6.Кесіндіні немен өлшейміз?
7.Қосу амалының компонентін ата
8.Азайту амалының компонентін ата
9.Қай сандарды төңкергенде өзгермейді?
10.Қай сандарды төңкергенде басқа санға айналады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жұмбақ
Бестен кейін тұрамын.
Сандар іші тұрағым.
Беске бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын. (6)
Мұғалімнің түсіндіруі
1.Бүгінгі күнді жазу
2.Көркем жазу минуты
6 санының құрамын анықтау
Дәптермен жұмыс
Бір, екі, үш,
Отырайық тып-тыныш.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
«Күніміз ашық болсын!» ойыны
Күн бетін жауып тұрған бұлттарды ашу
Қосылғыштарының бірі болатын қосындылар құр және мәндерін тап
4
6
1
6
+ = + =
2
+ = + =
6
0
6
+ =
6
3
Азайтқышы 6 болатын айырмалар құр және мәндерін тап
6
7
8
6
6
6
0
6
6
6
1000000
9
- = - =
- =
- =
- = - =
Міне енді күніміз жарқырап тұр.Ал енді сендердің көңіл- күйлерің қалай?
-Балалар суреттен кімді көрдіңдер?
- Данышпан атаны қай сабақтан танисыңдар?
- Данышпан ата сіздерге мына сандықшаны беріп кетті.
- Ал сандықшада сіздерді бір тосын сыйлық күтіп тұр.
Сандықшаны ашу үшін келесі тапсырманы орындайық.
2.Жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.
Сергіту сәті
Енді сандықшаны ашып көрейік
Қызығушылығын ояту
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, қоржынның ішінде не бар?
Балалардың жауабы
Онда келесі тапсырманы орындайық .Сонда құпия сыйлықты аламыз.
3.Сурет бойынша есептер құрастыр және оларды шығар:
1) Шарты: 2) Шарты:
Көк ою - 7 Қызыл ою - 6
Сары ою -3 Жасыл ою - 4
Барлығы неше ою? Барлығы неше ою?
Шешуі: 7+3=10 Шешуі: 6+4=10
Жауабы: 10 ою Жауабы: 10 ою
Ойлан, тап: Жұптасып орындайды
+3 7-
Қоржынды ашып сыйлықты көрсету.
көк жұлдызша -4
қызыл жұлдызша -3
Бұл бүгінгі сабаққа жақсы ат салысып, жақсы жауап берген оқушыларға беріледі.
«Сөзжұмбақ» шешу (топтық жұмыс)
Н
А
П
Қ
А
5+1= қосындының мәнін сөзбен жаз.
Математикадағы амалдың бірі
Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел
Оқушылар бесігі
4.Математикадағы амалдың бірі
5.6-6= айырманың мәнін сөзбен жазың
IV.Сабақты қорытындылау сендерге сабақ ұнады ма?
Сабақ үшін рақмет
Сендердің барлығың жақсы жұмыс жасадыңдар.
V.Бағалау
VI.Үйге тапсырма беріледі
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Ермекбаева Алия