Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы
Сызба, деңгейлік тапсырма,карточкалар
Жалпымақсаттар
Білімділік: Қосындыны санға бөлу, білім дағдыларын қалыптастыру мақсатындағы сабақта әр түрлі тәсілмен мысалдар шығаруға көңіл бөлу. Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық қабілетін дамыту, өз беттерінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Оқушыларға алғашқыэкономикалық білім беруге бағыт беру, нарықтық қатынастарға байланысты экономикалық дамыған іскер адамдарды тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралаас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру. Пән аралық байланыс: Ана тілі, экономика, салауаттану Сабақтың көрнекілігі: Қиықшалар, тірек сызба, сурет
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылықты ояту
3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз. Жауабы: 3, 7, 9 цифрларды алып тастасақ 2854106 шығады
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Жазған жазуларыңа қарап мысалдың мәнін қай білімге сүйеніптаптыңдар. - Қосындыны санға бөлу, қосындыны санға көбейту. - Қосындыны санға бөлудің неше тәсілін білесіздер. 1 – тәсіл. Қосындының мәнін есептеп, содан кейін оны санға бөліп, бөлімдінің мәнін таптың. 2 – тәсіл. Әуелі қосылғыштардың әрқайсысын санға бөліп, бөлінділердің мәндерін есептеп, содан кейін оларды қосып, қосындының мәнін табамыз.
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.
1-топ №1,2
2-топ №3,4
3-топ №5,6
№6 тақтада орындалады
Сергіту сәті
Қаншадамыз?
Бірінші есеп:
Үлкеніміз Мүсілімнен
Бойы озып тұрғанменен,
Үш жас кіші Нұрлан менен.
Нұрланның дәл жарым жасын
Жасап отыр қарындасым.
Дәп екі жас кішімін мен.
Онға толып,
Туған күнін
Тойлап отыр Нұрлан інім.
Бойы озып тұрғанменен,
Үш жас кіші Нұрлан менен.
Нұрланның дәл жарым жасын
Жасап отыр қарындасым.
Тапқыш болсаң ал, сана, біз,
Әрқайсымыз қаншадамыз?.
Оқушылар сергіп алады
Ой толғаныс
бір таңбалы сандарды өсу ретімен сана;
бір шаршы – неше бірлікті білдіреді?
бір жүздікте неше шаршы (бірлік) бар?
2 онд. 7 бірл. санын тақтаға жаз.
47 бірлікті жаз
1 дм неше см-ге тең?
Үй тапсырмасы
№7,8 38-бетте
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«48:2, 480:2, 480:20 түріндегі бөлу»
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді
Мәтін
Ресми жарияланым
Ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Көшіру
Басқа
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін. 2. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Әкімшілік департаменті (А.М. Қайырбекова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына 1-қосымша
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді (бұдан әрі-қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Аталған Қағидалар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес аттестаттаудан өтетін мемлекеттік кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды. 3. Қызметшілерді аттестаттау – олардың кәсіптік және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін айқындау бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсім. 4. Аттестаттау кезінде негізгі бағалау өлшемшарттары қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады. 5. Аттестаттау міндеттері мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз ету; 2) азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыру; 3) қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыру.
2. Аттестаттауды өткізу тәртібі
6. Аттестаттау мынадай бірқатар жүйелі кезеңді қамтиды: 1) аттестаттаудан өткізуге дайындық; 2) аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгіме жүргізуі; 3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы. 7. Аттестаттауды өткізуге дайындықты орган басшысының тапсырмасы бойынша білім және ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың (бұдан әрі – аттестаттау органы) кадр қызметі ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды: 1) аттестатталатындарға қажетті құжаттарды дайындау; 2) аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу; 3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау; 4) әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарды дайындау. 8. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттауға жататын қызметшілерді алты ай ішінде бір рет айқындайды. 9. Аттестаттайтын органның басшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынымы бойынша бұйрық шығарады, онымен аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттауды өткізу кестесі мен аттестаттау комиссияларының құрамы бекітіледі. 10. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметшілерді жазбаша хабардар етеді. 11. Аттестаттауға жататын қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездемені ресімдеп, оны аттестаттайтын органның кадр қызметіне жібереді. 12. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген, шынайы бағасын қамтуы тиіс. 13. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш аптадан кешіктірмейтін мерзімде қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады. 14. Қызметші өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда өзін сипаттайтын ақпаратты аттестаттайтын органның кадр қызметіне ұсынады. 15. Аттестатталатын қызметшіге аттестаттайтын органның кадр қызметі осы Қағидағаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау парағын ресімдейді. 16. Аттестаттайтын органның кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жібереді. 17. Аттестаттау комиссиясын аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынысы бойынша аттестаттайтын органның басшысы құрады және комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем емес тақ санды құрайды. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға және хатшы тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. 18. Аттестаттау комиссиясының құрамына құрылымдық бөлімшелердің және аттестаттаушы органның кадр қызметінің басшылары, кәсіподақтың және ұйымды алқалық басқару кеңесінің өкілдері, сондай-ақ басқа да қызметшілер кіреді. Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің өкілі болып табылады, оны аттестаттайтын органның кадр қызметінің басшысы айқындайды. Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және ол өткеннен кейін хаттаманы әзірлейді және ресімдейді, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды. 19. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. 20. Дауыс беру нәтижелері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 21. Аттестаттау комиссиясы мүшелері келіспеген жағдайда өз ерекше пікірін білдіре алады. 22. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді. Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себеппен қатыспаған жағдайда оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен неғұрлым кешірек мерзімге ауыстырылады. Аттестатталушы аттестаттауға дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда қайта аттестаттау тағайындалады. Мемлекеттік қызметші қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда ол аттестатталмады деп есептеледi. 23. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын адамды тыңдайды. Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзыреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған. Аттестаттаушы адамның кәсіби, іскерлік және жеке басы қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайы және әділеттілік жағдайда өтеді. 24. Аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталушымен әңгімелескен соң аттестатталушы қызметшіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалау парағын толтырады, содан кейін аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді; 2) қайта аттестаттауға жатады. 25. Ұйым басшысы лауазымындағы қызметкерді аттестаттауды өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды тұлға құрады. 26. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына енген аттестаттаудан өтетін қызметші өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды. 27. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін осы Қағидада айқындалған тәртіппен өткізіледі. Қайта аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді; 2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді. Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 28. Қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады. 29. Аттестаттау комиссиясының шешімдерін лауазымға тағайындауға құқығы бар тұлға бекітеді және оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді. 30. Аттестатау комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестаттау парағына енгізіледі. 31. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Ұйымның басшысы бекіткен аттестаттау комиссиясы шешімі де қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.
3. Аттестаттаудың шарттары
32. Жүктілігі және босануы бойынша демалыстағы және бала үш жасқа толғанша оған күтім жасау үшін жалақысы сақталмайтын демалыстағыларды қоспағанда, барлық қызметшілер аттестауға жатады. 33. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбір кейінгі үш жыл өткен соң, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан кейін аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі. Бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан соң алты айдан кейін аттестатталады. Қызметшілерді аттестаттау олардың өтініштері негізінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін өткізіледі. Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 1-қосымша
Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы
Аттестаттау түрі: кезекті - ; қайта - (қажеттісін Х белгісімен белгілеу керек) 1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________________ 2. Туған күні ___ж. "___"_________ 3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын аяқтады, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, біліктілігін арттыру, қайта даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні туралы құжаттар) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты(разряды) _____________________________________________________ 5. Жалпы еңбек өтілі __________________________________________ 6. Мемлекеттік және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтілі _____________________________________________________________________ 7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары:__________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 8. Аттестатталушының пікірі ___________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 9. Аттестатталушының қызметтік мінездемесіне сәйкес азаматтық қызметшінің қызметін тікелей басшысының бағалауы ____________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесі қатысты. 11. Дауыс беру нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын азаматтық қызметшінің қызметін қоса берілетін бағалау парағына сәйкес бағалау: 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны) ________; 2) қайта аттестаттауға жатады (дауыс саны) _________;* 3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) _________. 12. Біліктілік санаты (разряды): 1) ________ (жазумен) біліктілік санатына (разрядына) сәйкес келеді _____________________ (дауыс саны) _________________________________ (әр біліктілік санаты бойынша жеке) біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ (дауыс саны) _________________ Қорытынды бағалау _____________________________________________ _____________________________________________________________________ (біліктілік санатының (разрядының) сандық белгісі жазумен жазылады) _____________________________________________________________________ 13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар беретін дәлелдемелерді көрсете отырып) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 14. Ескертпелер _______________________________________________ _____________________________________________________________________
Аттестаттау өткізілген күн 20___ж. "___"_______________________ Ұйым басшысының аттестаттау қорытындысы бойынша шешімі _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________ (азаматтық қызметшінің қолы және күні)
Ұйым мөрінің орны * қайта аттестаттаудан өткен кезде баға қойылмайды
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 2-қосымша
Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы (аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)
Аттестаттау түрі: кезекті - ; қайта - (қажеттісін Х белгісімен белгілеу керек) Т.А.Ә. (бар болған кезде)______________________________________ Лауазымы ______________________________________________________ Аттестатталушының бағасы ______________________________________ (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз) Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі: атқаратын лауазымына сәйкес, қайта аттестаттауға жатады*, атқаратын лауазымына сәйкес келмейді): ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Біліктілік санатына (разрядына) лайықты _______________________ Біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ _____________________________________________________________________ Негіздеме:_____________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесі ______________________________ (Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы) Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________________ (Т.А.Ә. (бар болған кезде), қолы) Күні 20__ жылғы "___" ______________
*қайта аттестаттау өткізу кезінде шығарылмайды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына 2-қосымша
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын айқындайды. 2. Аталған Қағидалар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес аттестаттаудан өтетін мемлекеттік кәсіпорындар басшыларына қолданылмайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) аттестаттау комиссиясы – аттестаттау рәсімін және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін өткізуге уәкілетті алқалы орган; 2) біліктілік санаты – қызметкердің жұмысты орындау нәтижелілігін көрсететін біліктілік талаптарының деңгейі; 3) біліктілік тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тестілер бойынша педагогикалық қызметкерлерді мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі; 4) біліктілікті арттыру ұйымы – педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы; 5) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санаттарын (растау) беру үшін аттестаттау – қызметкердің мамандық бойынша кәсіби қызметті орындау үшін қажетті кәсіби құзыреттілігін кешенді бағалауды белгілейтін жүйелі әрекеттердің тәртібі; 6) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау – педагог қызметкердің кәсіби қызметін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу негізінде оның кәсіби құзыреттілігін бағалау бойынша іс-шаралар жиынтығы; 7) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар – «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесінде көрсетілген лауазымды атқаратын тұлғалар; 8) сараптау – педагогтің кәсібилілік деңгейін және педагогикалық қызметінің нәтижелерін кешенді бағалау; 9) сараптамалық топ – педагог қызметкердің кәсібилілік деңгейін және біліктілік талаптарына сәйкестік дәрежесін бағалау үшін біліктілікті арттыру жүйесінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінен қалыптастырылған тәуелсіз алқалы орган. 4. Аттестаттау педагог қызметкер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкестігін оның кәсіби құзыреттілігін бағалау негізінде анықтау мақсатында, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. 5. Аттестаттау міндеттері мыналар болып табылады: 1) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық құрамының жоғары сапасын қамтамасыз ету; 2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру саясатымен айқындалатын міндеттерді іске асыруға жеке-кәсіби дайындығын арттыру; 3) қызметі шеңберінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың үздіксіз білім алуын ынталандыру. 6. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың негізгі қағидаттары алқалылық, ашықтық, жүйелілік, айқындылық, объективтілік болып табылады.
2. Аттестаттау комиссиялары, олардың құрамы мен өкілеттіктері
7. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу үшін білім беру ұйымдарында, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органдарда (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін), тиісті саланың уәкілетті органдарында аттестаттау комиссиялары құрылады. 8. Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, аттестаттау комиссиясының хатшысы және мүшелері енгізіледі. Аттестаттау комиссиясына білім беру ұйымдарының неғұрлым тәжірибелі педагог қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық құрылымдардың, оқу-әдістемелік бірлестіктердің, біліктілікті арттыру жүйесінің, кәсіподақтардың, өндірістік құрылымдардың (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім не алқалық басқарудың басқа нысандары үшін), кадрлық қызметтердің өкілдері, білім беруді басқару органдарының мамандары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін) кіреді. 9. Аттестаттау комиссиясының мүшелері тақ саннан тұрады. Аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылатын аттестатталушы қызметкер өз кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды. 10. Білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының құрамын тиісті алқалық орган (мектептің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының педагогикалық кеңесі) анықтайды және білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. 11. Білім беруді басқару органының аттестаттау комиссиясының құрамы білім беруді басқару органы басшысының бұйрығымен бекітіледі. 12. Аттестаттау комиссиясының отырыстарын хатшы хаттамаға түсіреді. Хаттамаларда аттестаттау комиссиясының шешімдері және оның мүшелерінің дауыс беру нәтижелері тіркеледі. Аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасына аттестаттау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы және отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа оның мүшелерінің кемінде 3-тен 2-сі қатысқан жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері қорытынды отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 13. Облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттауды облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиялары өткізеді. Республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді, өз ведомствосында білім беру ұйымдары бар басқа да мемлекеттік органдарда тиісті салалардың уәкілетті органдары жүргізеді. Білім беру ұйымдарының басшыларын, басшылардың орынбасарларын аттестаттауды аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің аттестаттау комиссиялары өткізеді. 14. Аттестаттау комиссиялары аттестаттау процесінде мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) аттестаттаудың барлық кезеңдерін өткізу орындары мен күнін белгілейді; 2) білім беру ұйымдарының аттестатталатын басшылары, олардың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қызметтерінің қорытындыларын қарастырады және талдайды; 3) аттестатталушының кәсіби құзыреттілігін объективті түрде бағалайды; 4) әңгімелесу кезінде заңдылықты сақтайды, ізгілік, әдептілік танытады; 5) аттестаттауды ұйымдастыруды және өткізуді ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. 15. Тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) процесінде мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде екінші біліктілік санатын бекітеді, бірінші және жоғары санатты беру (растау) үшін педагогтердің материалдарын дайындайды; 2) аудандық (қалалық) білім бөлімінің аттестаттау комиссиясы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің бірінші біліктілік санатын бекітеді; 3) облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы сараптамалық топтың қорытындысы негізінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары педагогтерінің жоғары біліктілік санатын бекітеді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ облыстық бағыныстағы білім беру ұйымдары педагогтерінің бірінші және жоғары санаттарын бекітеді. Білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиясы республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің бірінші және жоғары біліктілік санатын бекітеді. Салалық мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиясы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің бірінші және жоғары біліктілік санатын бекітеді.
3. Аттестаттауды өткізу
16. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау педагогикалық қызметкерлер қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылау арқылы педагог қызметкерлердің біліктілік лауазымдық сипаттамаларына сәйкес бір кезеңде жүзеге асырылады. Сонымен қатар мыналар анықталады: 1) білім беру деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды орындау; 2) мәлімденген біліктілік санаттарына сәйкес педагогикалық қызметкердің біліктілік деңгейіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау; 3) өзінің кәсіби қызметінде Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын орындау. 17. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес педагог қызметкерлер біліктілік санатын беру (растау) үшін аттестаттаудан өтеді. 18. Педагог қызметкерді аттестаттау білім туралы дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес жүзеге асырылады. Білім туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәнді оқыту кезінде педагог қызметкерді аттестаттау дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес пәндерді көрсетумен негізгі лауазым бойынша жүргізіледі. 19. Шағын жинақты мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілмеген пәннен сабақ берген жағдайда жеке куәлігі немесе тиісті біліктілік берілген қайта даярлау курсында кәсіби оқу туралы сертификаты негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі. 20. Педагог жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пән бойынша сабақ берген жағдайда, оның бұрын алған санаты сақталады, ал аттестаттау біліктілігін арттыру туралы тиісті сертификат болған кезде жалпы негіз бойынша өткізіледі. Арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, арнайы сыныпта (топта) жұмыс істейтін педагог қызметкерлер білім туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша аттестаттаудан өтеді. Арнайы және арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында, арнайы сыныпта (топта) білім туралы дипломда көрсетілмеген мамандық бойынша қызмет жүргізген жағдайда білім беру ұйымдарында қайта даярлау курстарынан өту нәтижесінде алған сертификатының негізінде атқарып отырған лауазымы бойынша аттестаттаудан өткізіледі. Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарында дипломда көрсетілген пәннен сабақ беретін педагог қызметкерлер сабақ беріп отырған пәні бойынша білім беру ұйымдарында қайта даярлаудан өту нәтижесінде алған сертификаты негізінде аттестаттаудан өткізіледі. Инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептің педагог қызметкерлері дипломда көрсетілген мамандыққа сәйкес және қосымша пәндер (арнайы педагогика, арнайы психология және басқалары) бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі ескеріле отырылып, аттестаттаудан өткізіледі. Салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерін аттестаттауды білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдардың аттестаттау комиссиялары жүзеге асырады. Салалық мемлекеттік органдарда білікті мамандар болмаған жағдайда ұйымның басшысы мемлекеттік білім беруді басқару органына педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы өтінішхатпен жүгінеді. 20-1. Педагог қызметкер біліктілік талаптарына сай өтініштің негізінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес біліктілік санатын беру (растау) үшін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді. Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 20-2. Аудандық, қалалық, облыстық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері жалпы негізде аттестаттаудан өтеді. Әдістемелік жұмыстан оқытушылық қызметке ауысқан кезде әдіскердің біліктілік санаты дипломда көрсетілген оқыту пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Оқытушылық қызметтен әдістемелік жұмысқа ауысу кезінде пән бойынша біліктілік санаты әдіскердің біліктілік санатына теңестіріледі және оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Ескерту. 20-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 20-3. Педагог қызметкер және оларға теңестірілген тұлғалар біліктілік талаптарына сәйкес өтініші негізінде «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағының 7) тармақшасы бойынша біліктілік санатын алу (растау) мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді: 1) екінші біліктілік санатына: жоғары оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар; «Болашақ» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар; кәсіптік орта (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын «үздік» бітірген және кемінде бір жыл педагог қызметінің өтілі бар тұлғалар; өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар; деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен тұлғалар; 2) бірінші біліктілік санатына: ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде 3 жыл педагогикалық жұмыс өтілі және магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар; облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары болып табылатын екінші біліктілік санаты бар тұлғалар; қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын даярлаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар; облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған екінші біліктілік санаты бар тұлғалар; деңгейлік курстар бойынша біліктілікті арттырудан өткен екінші біліктілік санаты бар тұлғалар; өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар; 3) жоғары біліктілік санатына: қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми және спорттық жарыстардың қатысушыларын немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушыларын даярлаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар; қатысу нысандары әртүрлі (күндізгі, сырттай, қашықтан) облыстық деңгейдегі кәсіби конкурстардың, педагогикалық олимпиадалардың қатысушылары немесе республикалық немесе халықаралық деңгейдегі қатысушылары болып табылатын бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар; облыстық немесе республикалық немесе халықаралық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар; біліктілікті арттыру институтынан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі, бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар; ЖОО-дан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, магистр академиялық дәрежесі бар және кемінде төрт жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар; деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарда біліктілікті арттырудан өткен бірінші біліктілік санаты бар тұлғалар; өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде бес жыл өндірістік жұмыс өтілі бар тұлғалар. Ескерту. 20-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 21. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер екі кезеңде аттестаттаудан өтеді: 1) бірінші кезең – біліктілік тестілеу; 2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын талдамалық жинақтау. Тестілеу сұрақтарының саны 60-ты құрайды: 1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу – 20 сұрақ; 2) педагогика және психология негіздері – 20 сұрақ; 3) пәндік білім негіздері – 20 сұрақ. Тестілеудің жалпы уақыты жүз елу (150) минутты құрайтын математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерді, сондай-ақ, арнайы, жалпы кәсіптік пәндердің оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін қоспағанда, жалпы тестілеу уақыты жүз жиырма (120) минутты құрайды. Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар негізгі пән бойынша кемінде 70%, педагогика және психология негіздері бойынша - 50%, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша - 50% болса, оң деп есептеледі. Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді. Дәлелді себептер мыналар болып табылады: 1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын); 2) жүктілік және бала туу, бала күту демалысында болу; 3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болу. Қайта тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді. Тестілеуден өткізу күні тестілеу рәсімін өткізуге кемінде 2 апта қалғанда педагог қызметкерге хабарланады. Тестілеу жыл сайын 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім саласындағы уәкілетті орган, қарамағында білім ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі. Өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар біліктілік тестілеуінен босатылады. Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 22. Білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, білім беру ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, әдістемелік қызметкерлер, білім беру бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, қосымша қызмет бойынша сабақ беретін басқа тұлғалар жалпы негізде оқытатын пәні бойынша аттестаттаудан өтеді. 23. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың біліктілік санаттары Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бес жыл бойы сақталады. Педагогикалық салада Қазақстан Республикасының шегінде жаңа жұмысқа ауысқан кезде педагог қызметкерлердің қазіргі кездегі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. 24. Келесі оқу жылында аттестаттаудан (кезекті және мерзімінен бұрын) өтуге ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша, арнайы, түзету, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің педагог қызметкерлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді. 25. Аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру органның алқалық шешімімен жыл сайын 10 маусымға дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ұсынылады. 26. Өтініш берген біліктілік санатына сәйкестігіне аттестатталатын педагог қызметкерлердің қызмет қорытындысына талдауды сараптама топтары жүргізеді: екінші біліктілік санатына – білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік бірлестіктердің, пәндік-циклдік комиссиялардың, кафедралардың өкілдері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагог қызметкерлері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді; бірінші біліктілік санатына – аудан (қала) деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, ауданның (қаланың) тәжірибелі педагог қызметкерлері, біліктілікті арттыру жүйелері, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының, жұмыс берушілердің өкілдері кіреді; облыстық маңызы бар білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің бірінші біліктілік санатына және жоғары біліктілік санатына облыстық деңгейде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, әдістемелік кабинеттердің, біліктілікті арттыру жүйесінің, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, жұмыс берушілер, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері кіреді. Білім беру саласындағы уәкілетті органның сараптама тобының құрамына (республикалық ведомстволық ұйымдар үшін): әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, біліктілікті арттыру жүйесінің өкілдері, тәжірибелі педагогтер кіреді. Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.07.2016 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 27. Педагог қызметкердің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтауды жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында сараптама топтары жүргізеді. 28. Педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына мынадай құжаттар ұсынылады: 1) аттестаттауға өтініш; 2) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері: жеке басты куәландыратын құжат; білімі туралы диплом; қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаты; бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік; біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар. 3) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда): педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасау; педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар: ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері; педагог қызметкердің кәсіптік құзыретін тәуелсіз бағалау қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, әріптестер мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базалары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат; педагогикалық қызметтің нәтижелері: педагог қызметкердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, спорттық, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, байқауларға, жарыстарға, ойындарға қатысуын растайтын құжаттар; педагог қызметкердің наградалық материалдары; соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің динамикасы (мерзімінен бұрын аттестаттауда – 1-2 жыл). 29. Аттестатталатын педагог қызметкердің қызмет қорытындысына талдау сараптама тобының отырысында хаттамамен тіркеледі. Білім беру ұйымының әрбір педагог қызметкері бойынша сараптама тобы қорытынды (аттестаттау үшін ұсыну/ұсынбау) жасайды, ол білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей ұсынылады. 30. Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссияларының қарауына мына құжаттардың көшірмелері ұсынылады: 1) аттестаттауға өтініш; 2) жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі; 3) білімі туралы диплом көшірмесі; 4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі; 5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі; 6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа); 7) сараптама тобының қорытындысы. 31. Білім беру ұйымының әр педагог қызметкері бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін шығарады: 1) біліктілік санаты талаптарына сәйкес; 2) біліктілік санаты талаптарына сәйкес емес. Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 32. Педагог қызметкерге біліктілік санатын беруді (растауды) болдырмау туралы шешім толық негіздемемен жеке хаттама арқылы ресімделеді. 33. Аттестаттау комиссиясы «біліктілік санатының талаптарына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда санат бір деңгейге төмендейді, мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткен жағдайда қазіргі біліктілік санаты оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. 34. Біліктілік санатын төмендету туралы шешім, тиісінше, еңбекақы аттестаттау комиссиясының шешімдері негізінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
4. Қорытынды ереже
Ескерту. 4-тараумен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
35. Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы бұйрықты барлық деңгейдегі басшылар 1 шілдеден кешіктірмей шығарады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатының берілуіне/расталуына сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі жаңа оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді. 36. Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерді аттестаттау туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 31 тамыздан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Аттестатталған педагог қызметкерлерге біліктілік санатын беру (растау) туралы куәліктерді беру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналында тіркеледі. 37. Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысқа шыққаннан кейін соңғы үш жылдың талдау қорытындысы бойынша: 1) бала күтімі бойынша демалыстан шыққан; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызметтік іссапарда, оқуда (тағылымдамада) болған; 3) Қазақстан Республикасының ішінде жұмыс орнын ауыстырған; 4) Білімін, еңбек өтілі мен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шет елдерден Қазақстан Республикасына келген; 5) Білім беру саласының уәкілетті органынан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан келген педагог қызметкерлерге жүргізіледі. 38. Жасы бойынша зейнетке шығуға 3 жылдан аспайтын уақыт қалған педагог қызметкерлердің бұрын берілген біліктілік санаты сақталады.
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына қосымша
нысан
_____________________________________________________________________ (санаттарды растау/беру жөніндегі аттестаттау комиссиясының атауы) _____________________________________________________________________ (педагогтың тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)) _____________________________________________________________________ (лауазымы, жұмыс орны)
ӨТІНІШ
Мені 20 ____ жылы ____________________________ лауазымы бойынша біліктілік санатына _________________________________________________ аттестаттауды сұраймын. Қазіргі уақытта _____ санаттамын, ол ____ жылға дейін жарамды Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын _______________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________
Өзім туралы келесі мәліметті хабарлаймын: Білімі:
Оқу орнының атауы
Оқу кезеңі
Диплом бойынша мамандық
Жұмыс өтілі:
Жалпы
Мамандық бойынша
Педагогикалық
Осы білім беру ұйымында
Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын көрсете отырып _____________________________________ Аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстым 20 ____ жылғы «____» ________________ ______________________ (Қолы)
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 2-қосымша
нысан
КУӘЛІК Біліктілік санаттарын беру/растау үшін педагог қызметкерді аттестаттау туралы
Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы куәлік __________________________________________________________ _____________________________________________________________ берілді (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда))
Біліктілік санаттарын беру/растау жөніндегі аттестаттау комиссиясының 20____жылғы «___»_____________ шешіміне және ________________________________________________________________ (білім беру ұйымының толық атауы)
Комиссия төрағасы _____________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
Комиссия хатшысы _____________________________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)
Мөр орны
Тіркеу нөмірі ________
Берілген күні 20___ жылғы «____» ________________
Беру орны
Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына 3-қосымша
нысан
Біліктілік санаттарын беру/растау туралы куәліктерді тіркеу және беру журналы
Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 13.04.2016 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_____________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы)
р/с
Тегі, аты, әкесінің аты
Лауазым атауы және берілетін біліктілік санаты
Аттестаттау комиссиясы шешімінің күні
Біліктілік санаттарын беру/растау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі