Просмотр содержимого документа
«48:2; 480:2; 480:20 т?ріндегі б?лу»
Кубашева Шамшия Муканбеткалиевна-4 сынып
Математика Сабақтың тақырыбы: 48:2; 480:2; 480:20 түріндегі бөлу Мақсаты: Білімділік:Санды бөлу үшін қосынды түріне жіктеп,есепті шығара алу дағдыларына үйрету. Дамытушылық:Ұлттық дүние-танымын кеңейту;логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік:Ұлттық ойындардың ерекшелігін білуге,есте сақтау қабі-леттерін арттыра отырып,өзара қамқорлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі:Ұлттық ойын түрлерінің суреттері,кесте бой-ша өрнектер.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі,дүниетану Әдісі:түсіндіру; сқрақ-жауап ; көрнекілікті. Сабақтың барысы Психологиялық дайындық: Жарқырап күн де ашылды, Мақсатымыз – білім алу, Айналаға нұр шашылды. Міндетіміз – еңбектену. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Еңбектену арқылы –– Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз. «5»-ке қолды жеткізу. Ұйымдастыру бөлімі Үй тапсырмасын тексеру: Көбейту кестесі,көбейтудің қасиеттерін пайдаланып,есептей білу дағдыларын тексеруге мысалдар орындату. Жаңа сабақ –– Екі не үш таңбалы сандарды бөлу үшін ол сандарды қосылғыштарға жіктейміз.Бұл тәсілді өткен сабақта қолдандық. Сондықтан ,бүгінгі сабақта осы тәсілді еске түсіре отырып,орындаймыз:
–– Балалар,енді біз бүгінгі сабағымызды ұлттық ойындармен байла-ныстырып өткіземіз.Ал,сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (Балалар өздері білетін ойындарды айтып шығады) -– Бірінші ұлттық ойын қалай аталатынын білу үшін, мына сандар орнына әріптерді қойып, сөз шығарып аламыз: (Әріптердің әліпбидегі орнын анықтау арқылы,сандардың орнына қойылады.) 14.21.14.22.1.23. к ө к п а р – ортаға көкпарға тігілген серкені тастайды.Екі топ ойыншылары мәредегі қазанға сол серкені апарып салу үшін таласқа түседі. ( Мұғалімнің ұлттық ойын туралы қысқаша түсіндірмесінен кейін тапсырма орындалады.) Мысал – 1. 580:2=(400+180):2=200+90=290 2·290=580 960:40=(800+160):40=20+4=24 40·24=960 15.37.11. 15.26.26. Қ ы з қ у у – қыз бен жігіт атпен жарысқа түседі.Жігіт қызға жетсе – қыздың бетінен сүйеді,ал жете алмаса – қыз жігітті қамшымен сабайды. Есеп – 2.(тақтада орындалады) 1.16.25.37.3.1.15.1.18. а л т ы б а қ а н – кешкілікте ауыл шетінде құрылған алтыбақанға жастар жиналып,ән айтады, бір-бірімен жақын танысады.
«Алтыбақан» әнімен сергіту сәті өткізіледі.
25.8.19.5.8. 1.16.26 т е ң г е а л у – жерде орамалға түйілген теңге
жатады.Оны атпен шауып келіп,құламай жинап алу керек. Мысал – 5. – Мына жерде теңгелер шашылып қапты,теріп алайық. (Жеке-жеке келіп,үстел үстіндег і Р, S әріптерін алып,мысалды орындайды;яғни геометриялық дененің периметрі мен ауданын табады.) 30.1.18.25.1.16.1.22.1.13 х а н т а л а п а й – асық ойыны.Шашылған асықтарды ханымен көп етіп жинап алу керек. Тапсырмасы бар асықтар шашылады. Бала-лар алған асықтағы мысалды орындап,жауабын амалдар төрттігі бой-ынша айтады: 40·6=240 6·40=240 240:40=6 240:6=4014.28.34. 24.37.18.1.24.26 . к ү ш с ы н а с у – бұл ойында адамдар қолмен өздерінің күшін көрсетеді.Ал біз білімімізді сынаймыз. Логикалық тапсырма: 5 *5 *5 *5=80 5 *5 *5* 5=250 (жауабы: 5²+5²+5²+5=80 5²·5²+5²·5²=250) Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма: Мысал –7. –– Сабақ аяқталды.Келесі сабаққа әзірленеміз
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Алғабас ОЖББ мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Құбашева Шамшия Мұқанбетқалиқызы