Просмотр содержимого документа
«48:2; 480:2; 480:20 түріндегі бөлу.»
Жексенова Уакила Утегенова
Батыс Қазаақстан облысы
Казталовка ауданы
Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Математика
Сыныбы: 3 «б» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: 48:2; 480:2; 480:20 түріндегі бөлу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға санды бөлу үшін оны сандардың қосындысына жіктеп жекелей бөлу тәсілін үйрету. Сандарды ыңғайлы қосылғыштарға жіктеп бөлу, өрнектер құрастыру, есептер шығару, геометриялық фигураларды есептеу, жалпы массаны табуды тиянақтай отырып, ауызша жазбаша есептеу қабілетін, логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, ойшылдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, логикалық ойлау.
Көрнекілі: плакатқа салынған сурет, сөзжұмбақ, слайд.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі Қызығушылықты ояту
Мұғалім Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Көңіл бзліп оқиық
Математика сабағына дей келіп бүгінгі сабақта өз білімдеріңді ортаға көрсете біліңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№6. Теңдеу шешу бір-бірімізді тексерейік
х:40=8 810:y=90 450:x=9 y-256=187-35 654+a=823+37
х=8*40 y=810:90 x=450:9 y-256=152 654+a=860
х=320 y=9 x=50 y=152+256 a=860-654
320:40=8 810:9=90 450:50=9 y=408 a=206
408-152=256 654+206=860
Мағынаны тану
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда білім әлеміне саяхатқа шығамыз. Яғни бұл сабақта бірнеше жерлерді аралап тапсырмалар орындау арқылы білімімізді көрсетеміз.
Слайд «Кім білгір?»
1. «Мектеп-білім ордасы» дегендей бұл елде пән бойынша білімімізді байқайық
1. 5*8= 6*7= 9*3= 7*7= 9*6= 8*3= 9*7=
63:7= 81:9= 48:6= 72:8= 36:4=
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: 48:2; 480:2; 480:20 түріндегі бөлу.
Санды бөлу үшін оны сандардың қосындысына жіктеп, жекелей бөлу керек.
5 қоянның аяғына ең үлкен бір таңбалы санды қоссақ неше болады?
Аулада 20тауық, 10 қой жайылып жүр. Олардың аяқтары
24см лентаның 3/1 бөлігінің ұзындыңы нешеге тең?
48 теңгеге әрқайсысы 8 теңге тұратын неше қарындаш алуға болады?
3) Дөңгелек ішіндегі сандарды көрсетілген санға әрқайсысы бөлінетіндей екі қосылғыштың қосындысы түрінде жаз.
24 65 420
(*+*):= (*+*):5= (*+*):20=
(20+4):2=12 (50+15):5=15 (400+20):20=21
(10+14):=12 (40+25):5=13 (220+200):20=11+10=21
4.«Кім білгір?» Зерделі болсаң биік шыңға жетесің.
6 үлкен доп-720 тг Шешуі: 720:6=(600+120):6=120тг ү.д
8 кішкентай доп-240 тг 240:8=30 тг к.д
1 үлкен доп-?
1 кіші доп-?
Жауабы: 1 үлкен доп 120 теңге,1 кішкене доп 30 теңге тұрады.Кішкене доп арзан.
5.“Кім ойшыл?” Компьютер болашақтың қожайыны.
Шоколадтың бір бөлігінің массасы көрсетілген.Шоколадтың жалпы массасын тап.
a)
50 г
ә)
30 г
б)
10 г
6.Өрнекті баған түрінде жазып есепте.
341+431+134= 434+343+43= 85+236+577=
341 434 85
+431 +343 236
134 43 577
------- -------- --------
806 820 900
222+333+444= 666+166+94= 99+199+299=
222 666 99
+333 +166 +199
444 94 299
------- ------- --------
999 926 597
Ой толғаныс. Өскен елім-өлеңім.
Жақсы балалар бүгінгі сабақта Білім әлемінде саяхат жасап математика пәні бойынша білімдеріңізді көрсете білдіңіздер.Енді біз өскен елімізге,үйімізге де жетіп қалдық.