Бастауыш сынып?а арнал?ан математика саба?ыны? жоспары.Саба?ты? негізгі ма?саты 4 саны ж?не оны? цифрымен таныстыру.Сан ?атарында?ы орны, ??рамы туралы т?сінік беру ж?не кері санау?а ?йрету.
Сабақбарысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Балалардың назарын сабаққа аудару; ә) Сабаққа қажетті құралдарын дайындау. ІІ. Өткенсабақтықайталау: а) Сан қатары: 0, 1, 2, 3 тура және кері санау. ә) Ойын: «Көршісін тап» Берілген сандардың алдыңғы және кейінгі көршісін тауып жаз:1,2,3,4
б)Өрнектің мәнін тап: 1 + 2 = 3 – 1 = 1 + 1 = 3 – 2 = 3 + 0 = 2 – 1 = ІІІ. Жаңасабақ: а) «Тірі табиғат бұрышы» тақырыбына әңгіме жүргізу. 4 санының пайда болуын аквариумдағы балық, тордағы қояндар санымен түсіндіру: 3 балық + 1 балық = 4 балық 3 қоян + 1 қоян = 4 қоян б) 4 санының цифрымен таныстыру. - 4 саны неге ұқсайды? - Төңкерілген отырғышқа. Оқулықпен жұмыс: 44-45 бет бойынша мұғалімнің көмегімен жұмыс жүргізу
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен боп өседі. Дәптермен жұмыс: а) 4 санының цифрын ауада жазу; ә) 4 санының цифрын екі жолға толтырып жазу.
Ойын «Кім жылдам?» 1. 1 табақта 3 алма, ал қолымда 1 алма, барлығын қосқанда болады екен неше алма? 2. Тарелкада 4 қияр бар, оған қосамыз 2 қияр. Барлығы неше қияр болады? 4 санының құрамына байланысты тапсырмалар: а) Әрбір екінші жидекке жалпы есебі жапырақтағы санға тең келетіндей етіп нүкте сал. ә) Қанша дөңгелек жетіспейді? Сонша дөңгелек сал.
ІV. Қорытынды: 1. Әр суретте қанша алма бар екенін сана және қажетті цифрды шеңбер ішіне жаз. Әр суретте қанша қызыл алма және қанша сары алма бар екенін жеке-жеке санап, қажетті цифрларды торкөзге жаз. 2. Жұмбақтар: Қазда бар екі аяқ, Құста бар екі аяқ. Екеуін қосып санаса, Болады сонда қанша аяқ? (4 аяқ) Далада тұр екі ешкі, Қорада тұр екі ешкі. Екі ешкі мен екі ешкі, Болады бәрі неше ешкі? (2 +2 = 4 ешкі) Балаларды мақтап, мадақтау.