Қосындыларды салыстыр. Мәндері бір таңбалы сан болатын қосындыларды бірінші бағанға жаз. Мәндері екі таңбалы сан болатын қосындыларды екінші бағанға жаз.
5+3=8 8+2=10
3+3=6 3+7=10
1+9=10
Үй тапсырмасы ауызша талданады.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
Ойын: «Кім шапшаң?» (топшамамен жұмыс)
3+3=6 4+3=7 5+3=8 6+3=9 7+3=10
Өрнектердің барлығы қай амалға берілген?
Қосу амалына.
Қосу амалының компоненттерін атайықшы?
Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.
Берілген өрнектердің 2-ші қосылғышы қандай сан?
3 саны.
6-3=3 7-3=4 8-3=5 9-3=6 10-3=7
Мына өрнектер қай амалға берілген?
Азайту амалына.
Азайту амалының компоненттерін атайық.
Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.
Енді осы өрнектердің азайтқышы қандай?
3 саны.
Жақсы, балалар, енді осы үш санына байланысты не білесіңдер?
Үш санына байланысты ұғымдардан түсінік беру.
1. Үш жұрт:
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт
2. Үш байлық:
Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық.
3. Үш қуат:
Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
4. Үш арсыз:
Күлкі арсыз, тамақ арсыз, ұйқы арсыз.
5. Үш қадірлі:
Ырыс қадірлі, бақ қадірлі, дәулет қадірлі.
6. Үш қадірсіз:
Жастық шақ қадірсіз, денсаулық қадірсіз, жақсы жардың қадірін білмеу.
7. Үш қуаныш:
Алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, жақсы ісіңнің өшпеуі.
8. Үш биік:
Билік, дәулет, даналық.
9. Үш көз:
Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ.
10. Үш тоқтам:
Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық.
ІҮ. Мағынаны тану.
+3, -3 мына тірек сызбалар нені білдіреді?
Бос тор көз, шаршы, фигура, т.б.
Енді осы бос тор көздің ішіне сан қоюға бола ма?
Қандай санды қоюға болады?
1,2,3,4,5,6... т.б
Дұрыс – ақ, сонда мына бос тор көздің ішіне кез-келген санды қоюға болады екен.
Міне, бүгінгі біздің тақырыбымызда кез – келген санға үшті қосу және азайту.
Олай болса, қазір оқулығымыздың 102-бетін ашып, 1-ші есепке назар аударайық.
Есеп 1.Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста сонша алма. Екінші ыдыста неше алма бар? Бұл – есеп.
Осы есептің шарты қайсы?
Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста сонша алма бар. Бұл – есептің шарты.
Енді есептің сұрағын тауып алайық.
Екінші ыдыста неше алма бар? Бұл – есептің сұрағы.
Олай болса есепте не белгілі?
Бір ыдыста 3 алма бар екендігі және екінші ыдыста да сонша алма бар екені.
Есепте не белгісіз?
Екінші ыдыста неше алма бар екені.екінші ыдыста қанша алма бар екенін қалай табамыз?
Бір ыдыста 3 алма болса, екінші ыдыста да неше алма болғаны?
Екінші ыдыста да 3 алма.
«Сонша» ұғымы нені білдіреді екен?
«Сонша» ұғымы екі ыдыста да алманың бірдей екендігін білдіреді.
Жақсы, енді осы есептің екінші бөлігін талдап көрейік.
Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста да сонша алма бар. Екі ыдыста барлығы неше алма бар?
Жақсы маған тек шартын оқып берші.
Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста да сонша алма бар. Бұл – есептің шарты.
Енді есептің сұрағын оқыңдар.
Екі ыдыста барлығы неше алма бар? Бұл – есептің сұрағы.
Есепте не белгілі?
Бір ыдыста 3 алма болса, 2-ші ыдыста да сонша алма бар екені.
Есепте не белгісіз?
Екі ыдыста барлығы неше алма бар екені белгілі.
Екі ыдыста барлығы неше алма бар екенін табу үшін не істейміз? Қандай амал қолданамыз?
Барлығы неше алма бар екенін табу үшін, 3+3-ке қосамыз.
Жауабы неше болды?
3+3=6-ға тең. Екі ыдыста барлығы 6 алма болды.
Екі есепті салыстырайықшы, қандай ұқсастығы бар?
Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста да сонша алма бар.
Бір ыдыста 3 алма бар, екінші ыдыста да сонша алма бар.
Есептің шарты және сандық деректері ұқсас.
Есептің айырмашылығы неде?
Екінші ыдыста неше алма бар?
Екі ыдыста барлығы неше алма?
1-ші есепте екінші ыдыста неше алма бар екенін сұраса, 2-ші есепте екі ыдыста барлығы неше алма бар екенін сұрайды?
1-ші ыдыста – 3а.
2-ші ыдыста ? сонша а.
Ж: екінші ыдыста да 3 алма бар.
1-ші ыдыста – 3а.
2-ші ыдыста ? сонша а.
Ш: 3+3=6(а)
Ж: екі ыдыста барлығы 6 алма бар.
Есеп 2. Сурет бойынша есеп құрастыр және шығар.
Суреттен не көріп отырсыңдар?
Жұмыртқа салатын қорап.
1-ші қорапта неше жұмыртқа бар?
3 жұмыртқа.
Енді, есеп құрастырып көрейік.
1-ші қорапта 3 жұмыртқа болса, екінші қорапта де сонша жұмыртқа бар. Екі қорапта барлығы неше жұмыртқа бар?
Есепте не белгілі?
1-ші қорапта 3 жұмыртқа болса, екінші қорапта де сонша жұмыртқа бар.
Есепте не белгісіз?
Екі қорапта барлығы неше жұмыртқа бар болғаны белгісіз?
Есептің шешуін таба аламыз ба?
Иә, 3+3=6
Екі қорапта барлығы неше жұмыртқа болды?
Екі қорапта барлығы 6 жұмыртқа болды.
1-ші қорапта – 3а.
2-ші қорапта - ? сонша ж.
Ш: 3+3=6(ж)
Ж: екі қорапта барлығы 6 жұмыртқа бар.
Енді кері есеп құрастырайық.
1-ші қорапта ? жұмыртқа, екінші қорапта 3 жұмыртқа бар. Екі қорапта барлығы 6 жұмыртқа бар.
Есепте не белгілі?
Екінші қорапта 3 жұмыртқа бар. Екі қорапта барлығы 6 жұмыртқа бар екені белгілі.
Есепте не белгісіз?
1-ші қорапта неше жұмыртқа бар екені белгісіз.
1-ші қорапта неше жұмыртқа бар екенін табу үшін не істейміз?
Барлық қораптағы жұмыртқаның санынан, екінші қораптағы жұмыртқаның санын азайтамыз. 6-3=3
Сонымен , бірінші қорапта неше жұмыртқа бар екенін таптық па?
Иә, бірінші қорапта 3 жұмыртқа бар.
1-ші қорапта - ?ж.
2-ші қорапта -3ж.
Ш: 6-3=3 (ж)
Ж: бірінші қорапта 3 жұмыртқа бар.
Сергіту сәті.
1,2,3
Қарлығаш боп ұш.
4,5,6
Қарлығаш боп қалқы.
7,8,9,10
Өз орныңа қон.
Есеп 3. Есептің жауабын ата. Түсіндір.
А) Гүлнар 5 үлкен және 3 кішкене жұлдызшаның суретін салды. Гүлнар барлығы неше жұмыртқаның суретін салды? ( алдарына екі түсті жұлдызша беріп, орындатамын.)
- Есеп кім және не туралы?
- Гүлнар және жұлдызша туралы.
- Есепте не белгілі?
- Гүлнар 5 үлкен және 3 кішкене жұлдызшаның суретін салғаны белгілі.
- Есепте не белгісіз?
- Гүлнар барлығы неше жұмыртқаның суретін салғаны белгісіз.
- Барлығы неше жұмыртқаның суретін салғанын табу үшін не істейміз? Қандай амал қолданамыз?
- 5+3=8 қосу амалын қолданамыз.
Үлкен жұлдызша – 5
Кішкене жұлдызша – 3
Ш: 5+3=8 (ж)
Ж: Барлығы 8 жұмыртқа.
Ә) Санжардың 3 қызыл машинасы және 2 сары машинасы бар. Санжардың барлығы неше машинасы бар?
- Есеп кім және не туралы?
- Санжар және машина туралы.
- Есепте не белгілі?
- Санжар 3 қызыл машинасы және 2 сары машинасы бар екені белгілі.
- Есепте не белгісіз?
- Санжардың барлығы неше машинасы бар екені белгісіз.
- Санжардың барлығы неше машинасы барын табу үшін не істейміз? Қандай амал қолданамыз?
- 3+2=5 қосу амалын қолданамыз.
Қызыл машина –3
Сары машина – 2
Ш: 3+2=5 (м)
Ж: Барлығы 5 жұмыртқа.
Б) Диананың 4 шабдалысы болды. Ол үш шабдалыны әпкесіне берді. Дианада неше шабдалы қалды? (жазбаша орындалады)
- Есеп кім және не туралы?
- Диана және шабдалы туралы.
- Есепте не белгілі?
- Диананың 4 шабдалысы болды. Ол үш шабдалыны әпкесіне бергені белгілі.
- Есепте не белгісіз?
- Дианада неше шабдалы қалғаны белгісіз.
- Дианада неше шабдалы қалғанын табу үшін не істейміз? Қандай амал қолданамыз?