Просмотр содержимого документа
«20-ға дейінгі сандар»
Қайырбаева Ғ 4.12.15 математика
Сабақтың тақырыбы: 20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды оқу, жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету. Оқушыларды тапқырлыққа,жылдам ойлауға,ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1-топ. Алғырлар
2-топ. Ойшылдар.
3-топ. Білімділер.
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Оқушыларға 1-ден 20-ға дейін оң және кері санату. Екі таңбалы, бір таңбалы сандарды бір-бірінен ажыратып айтқызу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Математикалық диктант:
4+3= 5+4= 3+6=
10-4= 8-4= 9-5=
Жаңа тақырыпты ашу үшін «Бауырсақ» ертегісіне саяхат жасап, сол жерде кездесетін жануарлардың тапсырмаларын орындату
Сабақтың тақырыбы: 11-ден 20-ға дейінгі сандарды құру, жазу, оқу, жазу және салыстыру
Білімділік мақсаты: оқушыларды 11-ден 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың құрылуы, жазылуы, оқылуымен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: осысандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру
Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету
Жандостың 3 қызыл қарындашы және қызыл қарындаш қанша болса, сонша жасыл қарындашы бар. Жандоста барлығы қанша қарындаш бар?
Араның 6 аяғы болады, ал шаянда 4 аяқ артық. Шаянның қанша аяғы бар?
Бұтақта 5 қарға отыр. Тағы 2 қарға ұшып келді. Бұтақта барлығы қанша қарға болды?
Сұлтанда 6 шар бар. Ол 4 шарды досына сыйлады. Сонда Сұлтанның қанша шары қалды?
Құмырады 6 раушангүл бар, ал қалампырдың одан 3-еуі кем. Құмырады қанша қалампыр бар?
Ауызша есептеуге 7 логикалық жаттығуды енгізуге болады.
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру.
1-жаттығуды санағыштарды пайдаланып орындауға болады.
Санағыш таяқшаларды санап шығыңдар. 10 таяқшаны басқаша қалай айтуға болады? оқулықтағы суретке қараңдар. 10-ға дейін санай отырып, біз бірліктердің санын атаймыз. Бірінші суретте (екінші және т.б.) қанша бірлік берілген? 1 (2, 3, 4) бірлік қандай цифрмен белгіленеді? 10 таяқшаны бір бума етіп біріктіріңдер. 10 таяқша – бір ондық. Бір ондықта қаншы бірлік бар?
Әрбір суреттегі бірліктер санын цифрмен жазыңдар.
11, 12, 13, 14 және басқа сандардың қалай жазылатынына көңіл бөліңдер. Оң жақта бірліктер саны, сол жақта ондықтар саны жазылады. 11 санында қанша бірлік және қанша ондық бар? Қай жерге бірліктер, қай жерге ондықтар жазылады? 11 санын жазыңдар. 20 санын жазыңдар. Жазылған сандарды оқыңдар.
Оқулық және дәптер бойынша жұмыс мұғалімнің қалауына қарай жүргізіледі. Сандарды салыстыру кезінде (3-жаттығу) оқушыларды негізделген жауап беруге бағытталған жоспарлануда болады.
ІҮ. Оқулықпен жұмыс.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.