Мен Улыкпанова Нурсауле 28.11.1980ж. О?О Ма?таарал ауданы ?о?алы ауылында д?иеге келдім. 1998ж. 11-сыныпты ая?тап ?. М?ратбаев атында?ы Жетісай гуманитарлы? колледжіне о?у?а т?сіп, 2001ж. ая?тадым. 2003ж. Шымкент ?леуметтік-педогогикалы? университетінен бастауыш сынып м??алімі маманды?ын 2006ж. алдым. 2006жылдан бері Ма??ыстау облысы М?найлы ауданы №2 орта мектепте е?бек жолын бастадым.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көрнекілігі: Слайд, оқулық, Астана, Алматы, Қызылорда, Орынбор қалаларының суреттері, карта
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Түрі: аралас.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту:
Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы жанұя тобына бөлу
Шаршы – І топ
Үшбұрыш- ІІ топ
Дөңгелек – ІІІ топ
Көпбұрыш – ІҮ топ
Ой қозғау 1слайд топтық жұмыс
І топ. Көкқұтанның мекені туралы әңгімеле.
Балалар, айтыңдаршы көкқұтанның мекені осы үш жануардың қайсысына мекен болуға лайықты?
2 слайд
ІІ топ. Бозторғайдың мекені туралы не айтасың?
Қалай ойлайсыңдар бозторғайдың мекені біздің Маңғыстаудың табиғатына сәйкес келе ме?
3 слайд
ІІІ топ. Жауынқұрттың мекенін сипаттап бер.
Жауынқұрт қай кезде шығады екен?
4 слайд
ІҮ топ. Ең жақсы мекен –әркімнің өз мекені, өз жері дегенді қалай түсінесің?
Топырақ – баспана. Яғни, тышқанның іні, құмырсқаның илеуі топырақта мекендейді екен.
Олай болса, әр топтан туған жер, Отан туралы мақал –мәтелдер айтады.
5 слайд
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Әркімнің өз жері –Мысыр шаһары.
Бақа көлінде патша.
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.
Отан оттан да ыстық.
6 слайд Ребустарды шеш. Топтық жұмыс
Әр топқа қағаз беремін. Қағазға ребустың шешуін жазады.
,,, ,, , ,
(Астана)
,, ,,,, ,,
(Алматы)
Ребустардың шешуіндегі екі қала туралы не білесің? (оқушы жауабын тыңдау)
7слайд (әр астана туралы түсінік бере отырып слайдтан қалалардың суреттері көрсетіледі)
Өте дұрыс айтасыңдар. Енді балалар, осы екі астанадан бұрын біздің астанамыз Орынбор 1920–1925 ж. Қазақ АКСР-інің астанасы болды.
8слайд
Қызылорда – қазақ елінің екінші астанасы (1925-1929).
9слайд
Алматы - 1929-1997 жылдары үшінші астана болды.
10слайд
Астана - 1997 жылдың 10 желтоқсанынан
бастап біздің бас қаламызға айналды. Астананың алғашқы атаулары: Ақмола, Целиноград. Астананың тұсау кесері 1998 жылы 10 маусымда болды.
Астана күні 6 шілде. Биыл Астана күніне 15 жыл толды.
Осы екі қаланың аттары қатар аталатын белгілі ақын Күләш Ахметованың өлеңімен таныс боласыңдар?
ІІ. Мағынаны тану
К. Ахметованың өмірбаянымен қысқаша таныстыру. 11 слайд
К.Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген.
12-16 слайд
(Астана мен Алматы қалаларының суреттері көрсетіледі)