Просмотр содержимого документа
«2-класс Дауыссыз к мен г»
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г
Сабақтың мақсаты: к мен г-нің жазылу емлесімен таныстыру, дауысты дыбыс қосылғанда қандай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіре отырып, сауаттылыққа жетелеу, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Міндеттері:
Оқушыларға дауыссыз к,г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.
Дауыссыз дыбыс түрлері жайлы білімдерін дамыту.
Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу, сауаттылыққа, шапшаңдыққа баулу
2.Осы сөздерге і дыбысын қосып айтып көрейік. жүзігі,шелегі,көмегі,өрігі,білегі.
Бұл сөздердегі к дыбысы қалай өзгерді?
Ереже айтқызу.( К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, К- Г - ге айналады. )
3.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Дыбыстық талдау
І топ ІІ топ
Өрік бесік
Жаңа сабақта.
Оқулықпен жұмыс.
Дәптерге күн ретін жазу.
Көркем жазу
К к
2-жаттығу.Мақалды жатқа жаз.
Бірлік болмай-тірлік болмас.(мағынасын ашу)
3-жаттығу.Тақтаға жаздыру.
а) Туған өлкем. Оқыту,талдату.
ә) Ө.Тұрманжанов туралы түсінік беру.Ө.Тұрманжанов 15 желтоқсан 1905 жылы,Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген.Ақын,жазушы,аудармашы,балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға.Оның шығармалары өте көп.Балаларға арнап ертегі,әңгімелер жазды.