kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1 сынып "?ке мен бала"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ке мен бала.
Ма?саты:
1. Білімдік: О?ушылар?а сахналы? к?рініс ар?ылы м?тінді таныстыра отырып, к?ргені бойынша ??гімелеуге, д?рыс с?з тауып, орынды ?олдану?а ?йрету.                           2. Дамытушылы?: О?ушыларды? ой-?рісін ке?ейту, тіл байлы?тарын молайту, байланыстырып с?йлеу да?дыларын, сын т?р?ысынан ойлай білуін, танымды? ?абілеттерін дамыту.
3. Т?рбиелік: Бала бойына ?кені сыйлау, ??рметтеу, ?неге т?ту сия?ты ізгі ?асиеттерді сі?іру. ?ке мен бала арасында?ы ?арым-?атынасты ны?айту.
К?рнекілігі: Ы.Алтынсаринні? портреті, кеспе с?здер, ребус,, тест, ж?п ?ол?аптар, ма?алдар, ?лестірмелі карточкалар, (та?ырып бойынша суреттер).
Саба?ты? барысы: 
І. ?йымдастыру кезе?і
1. С?лемдесу: 

Амансы? ба, алтын к?н!
Амансы? ба, к?к аспан!
Амансы? ба, ?асиетті Жер-Ана!
Амансы? ба, достарым!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1 сынып "?ке мен бала"»

Бекітемін_________________________
Тақырыбы: Әке мен бала.
Мақсаты:
1. Білімдік: Оқушыларға сахналық көрініс арқылы мәтінді таныстыра отырып, көргені бойынша әңгімелеуге, дұрыс сөз тауып, орынды қолдануға үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлықтарын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуін, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Бала бойына әкені сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, кеспе сөздер, ребус, , тест, жұп қолғаптар, мақалдар, үлестірмелі карточкалар, (тақырып бойынша суреттер).
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу:
 
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, қасиетті Жер-Ана!
Амансың ба, достарым!
2. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) «Ақсақалдың ақ батасынан» өлеңі жатқа сұралады.
2) Ойын: «Жалғасын тап!» Мақалдарды жалғастырып айту.

І топ: ІІ топ: ІІІ топ:
Ата – бәйтерек Батаменен ер көгерер Атадан бала туса игі,
...... - ........ ....... - ........ ...... -- ....... .
3) Ойын: «Жұбын тап!»
Жұп дауысты дыбыстарды тапқызу.
Қолғаптардың бір сыңарлары тақтада ілулі тұрады, екінші сыңарын дұрыс тапқызып орналастыру көзделеді.Тағы сол сияқты
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Ребус арқылы жаңа тақырыптың атауын тапқызу.  Әке мен бала.
2) Мәтіннің авторы: Ы.Алтынсарин туралы не білетіндері сұралады.
1. Ы. Алтынсарин кім?
-Ағартушы Білімді адам
2. Ыбырай атаның қандай әңгімесімен танысып едіңдер? («Бір уыс мақта») 
3.Тақтамен жұмыс: 
«Әке мен баланың егіс басынан қайтып, ескі тағаны көруі» 
Әкесінің әрекеті
Баланың шиені жерден алып жеуі. -Әке ақылы. 


Талдау жұмысын жүргізу.
Сурет бойынша сұрақтар қою, оқушылардың толық жауабын тыңдау.
- Әкесі мен баласы қайдан қайтты?
- Олар жолда нені көрді?
- Әкесі баласына не деді?
- Бала әкесіне қалай жауап қайтарды?
- Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
- Әкесі шиені неғылды?
- Баланың іс-әрекеті туралы не деуге болады?
- Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

Сергіту сәті.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқыту.
Ой қорыту. Өмірмен байланыс.
- Әңгімеден қандай ой түйдіңдер? 
(Еріншек болмай, әкенің айтқанын орындау керек еді)
Ой толғаныс. Сын тұрғысынан ой қозғау
І топ: Дискуссия
Әкесі қандай адам?
Әкесіне ұқсағыларың келе ме?
ІІ топ: Пікір. 
Сендерге бала ұнады ма? Неге ұнамады?
ІІІ топ: Ситуация. 
Егер сендер баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
Қорытындылау.
Мақалдармен таныстыру.
1. Еріншектің ертеңі бітпес.
2. Еріншек екі істер.
Осы мақалдың қайсысы мәтінге сәйкес келеді, тапқызу, дәлелдету.
Дәптермен жұмыс.
49-жаттығу 
(Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар. Жұп дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар)
Тестік тапсырма.
1. «Әке» сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
а/ 2 ә/ 3 б/ 1
2. Ата балаға сыншы.
Еріншек екі істер.
Сөйлемдер төменгі қай сызбаға сәйкес келеді? 
а/ . ә/ . б/ 
3. Жіңішке дауысты дыбыс қатарын тап.
а) а,ә,е,о,ы,і; ә) ә,е,ө,ү,і; б) а,о,ұ,ы;
4. Жуан айтылатын сөздердің астын сыз: 
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
5. «Еріншек» сөзінде неше дыбыс , неше әріп бар?
а/ 7 дыбыс, 7 әріп
ә/ 7 дыбыс, 6 әріп
б/ 6 дыбыс, 7 әріп
V. Бағалау. 
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы арқылы, білімдерін  бағалап,мадақтау.
VI. Үйге тапсырма:
Мәтін «Әке мен бала» түсініп оқу, мазмұндау, мақал жазу., жаттау.





































Бекітемін_________________________
Сабақтың тақырыбы: 6 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға 6 санын қосу және азайту тәсілдерін ұғындыру, қосылғыштардың біреуі 6 болып келген жағдайдағы білімдерін жетілдіру Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру Тәрбиелілік: тапқырлыққа баулу, шапшандыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:  6 саны цифрының үлгісі, оқулық, карточкалар, цифрлар. Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

 Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Бір-біріне жақсы тілектер тілеу

Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

5 санын қосу және азайту кестелерін сұрау.Үй тапсырмасын тексеру. 

Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

  Жаңа сабақ:

№1

6 санын қосу және азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру

Оқулықпен жұмыс: 128 беттегі №1 есеп

2. 3. 6 қандай сандардың қосындысы?

6+1=7                           6-1=5                        6-4=2

6+2=8                   6-2=4                         6-5=1

6+3=9                           6-3=3                  

6+4=10            

 №2 жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр

Көк кесінді 4 см, жасыл кесінді 6 см, ал қызыл кесінді 10 см.

                                        6 см+4 см=10 см      10см =10см                        

Ү. Сергіту сәті   

                            Оң қолымда 5 саусақ,

                            Сол қолымда 5 саусақ.

                            5-ке 5-ті қосқанда болып

                            Қалды 10 саусақ.       

 «Шаршыны құрастыр!» танымдық ойыны

  1. Қосылғыштардың компоненттерін атау

  2. Азайғыштың компоненттерін атау

  3. Қосуды немен тексереміз?

  4. Кесіндіні немен өлшейміз?

№3. Сурет бойынша есеп құрастыр және оларды шығар

а) Шарты: көк ою-7

   Сары ою-? 3-уі артық

  Шешуі:  7+3=10

Жауабы: 10 ою

 

ә) қызыл ою-6

    жасыл ою-4

  барлығы-?

 Шешуі:   6+4=10     

Жауабы: барлығы 10 ою

 Жаңа білімді бекіту.

Жаңа сабақты бекітуде «кім жылдам?» танымдық ойыны арқылы бекітеміз?

 ҮІІ. Үйге тапсырма: №4 128-бет

ҮІІІ. Бағалау: мадақтау















Бекітемін_________________________
Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.

Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, тірек сызбалар, тест, жеміс.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 Психологиялық  дайындық

II. Үй  тапсырмасын тексеру

а) Жапырақ. Күзде  жапырақ  неге  сарғаяды?

ә)     көмірқышқыл  газын   оттегін  бөліп  шығара  сіңіреді

 

   Тыныс алады         Ағашқа  әдемілік  сыйлайды Су  буланады.

б)Өсімдік  мүшелері:

Тамыр, сабақ, жапырақ,гүлі, жемісі

 

ІІІ. Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу.

 1. Көктемде жерге енемін,

Ылғалда өсіп-өнемін.

Менің өскен жемісім,

Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)

 

2. Аспай піскен,

Қайнамай түскен. (Жеміс)

-Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.

Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.

  Жеміс- өсімдіктердің  бізге  тартатын  сыйы.Жеміс беретін  өсімдікті жақсылап  күтіп  баптасақ, мол  өнім  береді.

Ал жемістер қайдан шығады?

  • Сызба арқылы түсіндіру:

Тұқым                  Өсімдік                          Жеміс

 

А) Жемістің пайда болуы       

                                                      Жеміс

 

                Шырынды                                                     Құрғақ

 

 Шырыны  мол, жұмсақ:                                    Қабығы қатты, сүйектенген,

Алма, алмұрт, картоп т.б.                                   құрғақ  болады:  арпа, күріш т.б.      

 

Ә)Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп-жетілуі. Өсімдіктердің тұқымы алуан түрлі болады. (Жергілікті жермен байланыстыру)

В) Өсімдіктер  тұқымдары арқылы  таралады. Қайың,  жөке, көктал  ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалар» болады.

Бақбақ, қоға  өсімдіктерінің  тұқымдары түкті  үлпілдек  болады.шамалы  жел  соқса  ұша  жөнеледі.

Селеу , қара  сұлы  -желмен  ұшады,  үшкір  ұштарымен  жерге  қадалады.

 ІV. Оқулықпен жұмыс

Бүкіл өсімдіктер жемістің ішінде болатын тұқымынан өседі.

(Оқулықтан оқыту)

1. Теріп оқу.

2. Тұқым арқылы көбею

3. Ағаштар

4. Бақбақ

5. Селеу, қара сұлы

 V. Сергіту сәті.

Ағашта  -  жерде

  • Алма,шие, өрік

  • Картоп, сәбіз,



VІ. Сарамандық жұмыс

І топ.   Алма  тұқымын  көрсету.

ІІ топ. Қиярдың  тұқымын  көрсету.

ІІІ топ. Күнбағыстың  тұқымын көрсету.

(Тұқымдарын ажырату.) 

  • Шығармашылық жұмыс

  • Тұқымның  суретін салу

VII.  Сәйкестік  тесті

1.Бұл не?

 өнеді                             сабақ

 өседі                             тұқым

 көбейеді                       тамыр

 қурайды                       гул

 2.Қай бөлігі пайдалы?

 картоп                          жемісі

 қызанақ                        тамыржеміс

 сәбіз                              дәні

 бидай                            түйнегі

 Сөзжұмбақ  «Бақша»

VІІ. Сабақты бекіту.

а)  «Бәйге» ойыны арқылы қорыту, бағалау.

1.Тұқым  мен жеміс өсімдіктің  қандай  мүшесі екенін  айт?

2. Жапырақ қоректі  қайдан  алады?

3. Лимон жемістің  қай  түріне жатады?

4. Қарбыз  жемістің  қай  түріне  жатады?

ә) Ойын:  «Жеміс  жидек  жинайық»

 ІХ. Үйге тапсырма.

1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.

2. Жемістердің суретін салу.

Х. Бағалау.



Бекітемін_________________________
Сабақтың тақырыбы: Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларда көкөніс шаруашылығы туралы білімді тұрғындарды көкөқніспен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының бір бағыты ретінде қалыптастыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. 
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: күрек, тырнауыш, айыр, шелек, зембіл, себуге арналған пияз тұқымы. 
Сабақтың типі: жаңа сабақ. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ. 
Сабақтың жоспары: 
І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау 

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал-жабдықтар кабинет тазалығы т.б)

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың барысы: 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқушылар білуі тиіс:

- жеміс көкөніс дақыларды өсіру технологиясының негізін; - өсімдіктер қандай топтарға жіктелетіндігін; - пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясын; - органикалық және органикалық емес тыңайтқыштарға қандай заттар жататындығын; - құрал – саймандармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техникасының ережелерін; - күздегі топырақты өңдеу ерекшеліктерін. Оқушылар игерген болуы тиіс - құрал – саймандарды қолдана отырып, тәжірбиелік жұмыстарды орындауды; - күзгі топырақ өңдеуді жүргізуді; - топыраққа минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізуді; - сәбіз және ақжелкен тұқымдарының қыстық себуін жүргізуді.

Оқушылар өсімдік шаруашылығының негізгі бөлімдерімен, толығырақ көкөніс шаруашылығы және гүл өсіру шаруашылықтарымен танысады. Көкөніс шаруашылығының негізгі мақсаты айқындалады.

Көкөністер жыл бойынша былай бөлінетіндігі анықталады: - біржылдық; - екіжылдық; - көпжылдық; Алынатын өнімнің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

- жемісті

- тамыр жемісті

- сабақ жемісті

- жапырақты

- гүлді  - пиязшықты 
- көкөніс туралы бұрын білетін білімдерін кеңейту; - жемісті жапырақты, тамыржемісті және т.б. сияқты көкөніс өсімдіктерін өз бетінше анықтай білуге дағдыландыру;

- оқушылармен бірлесе отырып, сәндік – гүлді өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсігнуге жаңа шешімдер табу;

- оқушыларға «сұлулық» түсінігін анықтауға мүмкіндік беру;

- «Сұлулық әлемді құтқарады» айтылымның мағынасын түсіндіріңіз;

- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясымен таныстыру;

- адам не үшін топырақты және оның тыңайтқыштарын өңдеуді жүргізетіндігін талқылау. 
Қорытынды:

- көкөніс және сәндік – гүлді өсімдік адамға күнделікті қорек үшін және біздің өмірімізді безендіру үшін қажет;

- гүлдер сұлулық түсінігімен байланысты. 
Үй тапсырмасы

Үйде гүлге арналған ыдыстарға гүлді өсімдіктердің тұқымын отырғызу























Бекітемін_________________________
Сабақтың тақырыбы.  Қазақтың ұлттық киімдері.

Сабақтың мақсаты:
 Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлерін білу.
Жас ұрпақты қазақтың ұлттық киім түрлерін оқып үйренуге баулу,олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту.
Әдемілілікке, сұлулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі.  Ашық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі.Киім үлгілері,  плакаттар, сауалнама, оқулық.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру.
2.Үй жұмысын тексеру, бағалау.
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
 Жұмбақ шешу.

1.Әжеме өң берген,
   Жиегін көмкерген.
   Етегі желкендей,
   Киім еді ол нендей?    \кимешек\
2.Әшекейлі күбіні,
   Үюлі тұрған шөмеле,
   Кигіздім биік төбеге.\сәукеле\
3.Судан ғайып,
   Әжемде бар қос қайық.\кебіс\
4.Іші егіс, сырты тегіс. \тон\
5.Дорбаға  тығып бас бағын,
   Байлай салдым қос жағын. \тымақ\
-  Дұрыс. Енді , осы киімдер қай киімдер түрлеріне жатады?
-  Ұлттық киімдер.
-   Өте жақсы. Енді тақтаға назар аударамыз.
    Қазақтың  ұлттық киімдарі сызбасымен жұмыс жасау.
    4. Оқулықпен жұмыс.
     Қазақтың  ұлттық  киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен сан ғасырлық  тарихтың иісін сақтап, бедерін жеткізген. Түрлі замандағы киім-кешек үлгілеріне қарап, қазақтардың қандай болғанын
Айтқызбай немесе өзін көрмей білуге болады дер едім.
      Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін  жоймай, қол өнерінің  озық  үлгісі  ретінде  ғана  емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен  де
Пайдаланудан қалмай келе жатқан  қазақтың  ұлттық  киімдері  әлі де аз емес.
Олардың кейбіреулерін  ескінің  көзі  қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады.
\қалыңдыққа сәукеле кигізу, сондай-ақ кқпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр.

                                    ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР

Іштік               Сыртқы           Сулық       Ерлердің      Әйелдердің       Аяқ
киімдер         киімдер               киімдер           бас                   бас              киімдер
                                                                        киімдері         киімдері

Бешпент,        Жадағай            Аба,            Башлық,          Бергек,           Кебіс,
Дамбал,          шапан,               кебенек,      бөрік,              бөрік,            көк етік
Жейде,            жарғақ,               кенеп,         далбай,            жаулық,        мәсі,
Көйлек,           күпі,сы             сырттық,    жалбағай,        желек,           мық-
Камзол,           малы                  шекпен.      Күлапара,        кимешек,      шима,
Күртке             шапан,                                     қалпақ,             күндік,         сапта-
Шалбар.           Тайжақы,                                 құлақшын     орамал,       ма етік,
                          Тон,                                          малақай,         қарқара,       шоң-
                           Шапан,                                    мұрақ,             сәукеле,       қайма.
                            Шидем,                                   тақия,              тақия,   
                           Ішік.                                         Тымақ,            шәлі.
                                                                            Шалма,            
                                                                            Жекей 
                                                                            тымақ

       Оқушыларға  ережені айтқызу, естеріне түсіру.
-    Әуелі  дұрыс  отыр.
-    Қарындашты қатты баспа.
-    Бояуды  ұқыпты пайдалан.
-    Бояуды қылқаламның ұшымен ғана жаға  біл.
- Сабақ аяқталған соң материалды ұқыпты жинап қой.
 5.Сергіту сәті.
6.Альбоммен жұмыс.
Ұл балаларға  ұл баланың, қыз балаларға  қыз баланың киім  үлгілерін  салғызу. 
Жәй  музыка әуенімен жұмыс жасаймыз.
7. Сабақты бекіту.

1.Жұмбақ шешу.

2.Киім атауларының түрлерін білу.

3.Сүрет салу.

 ә\   Сұрақ-жауап.
-Ұлттық киімдердің түрлерін атаңдар?
- Кебіс   киімнің қай түріне жатады?
-Іштік киімдерді атаңдар?
8. Сабақты қорытындылау.
Ең әдемі киім ұлтыңның киімі деген екен ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің  түрі де, үлгісі де еш халықтан   кем болған жоқ. Оның көркем үлгілеріәлемнің этнографиялық музейлері мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый –сияпат, дипломатиялық қатынастарға ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Сондықтан, өзіміздің ұлтық кімдерімізді қадірлеп, қастерлеп жүрейік.

9. Оқушыларды бағалау .
 Үйге тасырма беру










Бекітемін_________________________
Сабақ тақырыбы:Қазақтың ою – өрнектері

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: оқушыларға ою - өрнек, оның түрлері, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру. Оюдың мағынасын түсініп, жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту; шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру;
3. Тәрбиелігі: ою – өрнек оя отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру; қолөнерге, еңбекке баулу.
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: «Ою – өрнек түрлері» буклетті, «Ою – өрнектің қолданылуы» суретті плакат, сөзжұмбақ – «Қолөнер», тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: еңбек.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын түгендеу.

2. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбын хабарлап, ою – өрнек туралы баяндау.
Қазақтың ұлттық ою - өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою - өрнек түрлері. Ғылымда ою – өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді.

Қазақ оюы, қазақтың ою - өрнегі — үй - жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т. б. мүшесіне ұқсас ою - өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Жануарлар тектес ою - өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою - өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған

Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Жануарлық тектес өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады.

1. «Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою - өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою - өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т. б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т. б.), сондай - ақ қару - жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім - кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

2. «Қосмүйіз» ою - өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім - кешек, қару - жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою - өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою - өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
3. «Арқармүйіх» деп аталатын ою - өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр - мақ, кесте, киім - кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

Пысықтау : Кітаппен  жұмыс, түсініп, дұрыс оқу. Суретке  зер салып, ондағы  сәнді бұйымдардың ою- өрнектерінің қалай жасалғанын,  оның қайсысы ұнағанын айт, ойлан.Үлгі  бойынша сәнді ою-өрнектеді құрастырып жасау. Оқушы еңбегі,  оған  көмек. Қорыту: Бүгінгі сабақтан  не білдік? Неге  үйрендік? Ол неге керек?  Сабақты қорытындылау, бағалау. Сәндік  ою-өрнектер құрастыру Үйге  тапсырма  беру:  үйден аяқтау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
1 сынып "?ке мен бала"

Автор: Байбозова Айгуль Аязбаевна

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320865

Похожие файлы

object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас"
    ["seo_title"] => string(47) "ata_ana_mien_bala_arasyndag_y_k_arym_k_atynas_1"
    ["file_id"] => string(6) "383208"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1485256446"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "?дебиеттік о?у п?нінен "Балы?шы мен балы?" та?ырыбыны? саба? жоспарыны? ?лгісі"
    ["seo_title"] => string(85) "diebiiettik-ok-u-p-ninien-balyk-shy-mien-balyk-tak-yrybynyn-sabak-zhosparynyn-ulghisi"
    ["file_id"] => string(6) "301924"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457012777"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Ба?а мен балы?"
    ["seo_title"] => string(16) "bak-a-mien-balyk"
    ["file_id"] => string(6) "300151"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456671582"
  }
}
object(ArrayObject)#886 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "?дебиеттік о?у "Су мен балы?" (мысал) 4 сынып "
    ["seo_title"] => string(44) "diebiiettik-ok-u-su-mien-balyk-mysal-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "189244"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426846885"
  }
}
object(ArrayObject)#864 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Шеше мен бала" Ы.Алтынсарин"
    ["seo_title"] => string(27) "shieshiemienbalayaltynsarin"
    ["file_id"] => string(6) "288895"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454688860"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства