Жаңа сөздер. Ұжымдық жұмыс. жемістер-фрукты көкөністер-овощи сәбіз-морковь орамжапырақ-капуста дәмді-вкусный пайдалы-полезный тәтті – сладкий 2.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз. Жемістер мен көкөністер. Қияр, қызанақ, қарбыз, қауын, қызылша, орамжапырақ-көкөністер. Алма, алмұрт, өрік-жемістер. Азамат пен Әсел алма, алмұрт алды. Мәди мен Дана қауын мен қарбыз алды. Ал Алина мен Марат жүзім, қияр, сәбіз алды. Жемістер мен көкөністер дәмді және пайдалы. Мәтін бойынша тапсырмалар: 1. Мәтінді оқыңыз және тақырыбын анықтаңыз. 2. Мәтіннің басты кейіпкерлерін атаңыз 3. Жемістер мен көкөністерді бөліп ата. 4. Сұрақтарға жауап беріңіз: -Азамат пен Әсел нені алды? -Мәди мен Дана нені алды? -Ал Алина мен Марат нені алды? -Жемістер мен көкөністер қандай? Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз Дескрипторлар: -мәтіннің тақырыбын анықтайды: -мәтіннің басты кейіпкерлерін атайды: -мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді: -мәтіннің негізгі ойын анықтайды. 3. Жеке жұмыс. «Жасырын әріптер»әдісі. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазу. Алм... , алм...рт, д...мді, ж...з...м, с...біз, ...ияр, қызана... , жем...стер, к...көністер, ...рік. Дескрипторлар: 1.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта алады. 2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазады. 4. Жұптық жұмыс. «Дәмді ме?» әдісі. Алма, алмұрт қияр, қызанақ, т.б. жемістер мен көкөністерді тәрелкеге кесіп қою. Әр топтан бір оқушы шығады. Тапсырма: Оқушының көзін жауып, ауызына 1 бөлігін салу керек. Оқушы қандай жеміс жегенін айтады. Бұл не? Ол қандай? сұрағына жауап беру. Дескрипторлар: 1. Жемістер мен көкөністерді дәміне қарай ажырата алады. 2. Қандай? сұрағына жауап бере алады. |