Сабақтың әдіс – тәсілдері: талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану, музыка.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Өзін-тану сабағынан адам бойындағы 5 асыл 5 жаман қасиет бар екенін білдік. Жалпы бойымызға 10 қасиеттің 5 –еуін дарытып, 5 –еуінен аулақ болуымыз керек. Математика сабағынан 10 санына тоқталамыз. Олай болса сабағымыз 10-саннан азайту. Бүгінгі сабақта 10 көлемдегі сандарды қосып, аазйтуға есептер шығарып түрлі жұмыстар жүргіземіз. Бүгін наурыздың 1 –і көктемнің алғашқы күні. Жер беті босап ағаштар бүршік атып, жапырағын жаяды. Ендеше мына бұтақтағы жапырақтарға көз жіберейік, осы жапырақтың сыңарын табайық.
10
5
5
2
9
4
1
8
6
7
33
Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 84 қоңырауды ашайық. 1 – мысалды қарайық. Бұл айтылып тұрған қосудың компоненті ме, азайтудың компоненті ме? Нені табамыз. Енді балалар, осыны тақта да орындайық. (оқушылар айырманың мәнін табады?.)
Тақтадағы суретке қарайық. «Жанглер» ойыны.
Яғни біздер «сайқымазаққа» көмектесейік. Мына берілген шариктерден өрнек құрайық. Алдымен қосуға екі өрнек жазайық.
3 + 7 = 10
7 + 3 = 10
Бұл өрнектен не байқадық?
Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.
Кәне кім айтады?
Қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні.
Бұдан қандай анықтама айтуға болады?
Енді азайту түріндегі өрнек құрастырайық
10 – 2 = 8
10 – 8 = 2
Бұл өрнектерге қарап қандай қорытынды жасаймыз.
Қосу мен азайту бір – біріне кері амалдар.
Дәптермен жұмыс.
Ендеше, дәптерлерімізді ашамыз.
1 – мысалды орнымызда шығарайық. Өзін – өзі бағалау.
8 + 2 = 4 + 6 = 4 + 3 =
2 + 8 = + 4 = + =
- 8 = - 4 = - =
- 2 = - 6 = - =
Тақтаға қарай отырып, өзімізді бағалайық.
Жақсы, балалар, 3 есепті іштей оқиық
Есепті дауыстап 1 оқушы оқиды.
Есепті талдау.
Есепте не туралы?
Гүлдер туралы.
Есепте не белгілі?
Барлығы 10 гүл, оның 3 – еуі қызыл.
Есепте не белгісіз?
Ақ гүл.
Қалай табамыз?
Қандай амал қолдандық?
Азайту.
Неліктен?
Қалағаның табу үшін қандай амал қолданамыз?
Енді дәптердегі гүлдерді санайық?
10 гүл
Есепте нешеуі қызыл еді?
3 – еуі.
Алғашқы 3 – еуін бояйық. Сурет арқылы құрастырдық енді. Дәптерге шешуі мен жауабын жазамыз (1 оқушы тақтада орындайды)