Просмотр содержимого документа
«1 сынып Логикалық есептер»
1 сынып
Логикалық есептер
Зообақтағы пони 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Пони әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?
Бақа-ана мен бақа-қыз кезектесіп шыбын аулап отыр: анасы бір шыбын, қызы бір шыбын, ансы бір шыбын, қызы бір шыбын т.с.с. Анасы мен қызының қайсысы көп шыбын аулайды?
Үстел үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк шарларды санасақ – 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл шарларды санасақ – 4 шар болады, егер көк және жасыл шарларды санасақ – 5 шар болады. Үстел үстінде әр түсті шардан қанша жатыр?
Футбол ойнағанда бөтен қақпаға Пернебек 7 гол соқты.Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Пернебек ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме?
Дәу тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрды. Бір күні ол жоғарғы қабатта тұрғысы келді де, үйді аударып қойды. Енді дәудің пәтері қай қабатта?
Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр?
Аспазшы шұжықты төрт рет бөлгенде, неше бөлік шықты?
Жәшік ішінде 3 қызы және 3 көк шар жатты. Бірінші жәшіктен бір қызыл шарды алып, үстел үстіне қойды, сосын көк шарды алды, сосын тағы да қызыл шарды алып қойды. Сосын жәшіктен бірден екі шарды алғылары келді. Бұл шарлар қандай болулары мүмкін: а) екеуі де көк? б) екеуі де қызыл? в) қызыл мен көк?
Робот сынып қалды, енді ол тек алдыға ғана жүреді және бір қадам алға басса, екі қадам артқа жүреді. Алға және артқа жүрген қадамдарының өлшемі бірдей.10 қадам жасаса ол бастапқы жерінен қай бағытта неше қадамға жылжиды?
Кряктің 5 ағасы және 4 апасы басқа туысқандары жоқ. Осы құс ауласында бір-біріне туыс болып келетін неше үйрек бар?
Төлегеннің бірнеше 2 және 5 теңгелік тиындары бар.7 теңге тұратын дәптерді қалай сатып ала алады?
Игілік пен Айнұр алдынан санағанда үшінші, ал артынан санағанда екінші партада отырады. Бір қатарда неше парта бар?
Серік, Марат және Дамир бір-біріне фотоларын сыйлады. Оларға неше фото қажет болды?
Шарик, Матроскин және Мурка үшеуі қазір 6 жаста. Бір жылдан кейін олар неше жаста болады?
Балалар мектепте кездесіп, бір-бірімен қол алысты. Барлығы 6 қолдасу болды. Неше бала бір-бірімен амандасты?
Мәулен, Қанат, Сәрсен де әр түсті машиналар бар: сары, көк, және жасыл. Мәуленнің машинасы көк те, жасыл да емес, Қанаттың машинасы көк емес. Әр ұлдың машиналарының түстері қандай?
Қатар 4 санынан басталады, әр келесі сан алдыңғы саннан 1-еуі артық болса, осы қатардағы бесінші сан қандай?
Шаршының торларында 1-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған. Бірінші бағанда 1,3, және 4, ал екінші бағандағы сандардың қосындысы 20-ға тең.Үшінші бағандағы сандардың қосындысы нешеге тең?
1 мен 10 сандарының қосындысын тап.
4 л және 6 л ыдыстарды пайдаланып, құбырдан 2 л суды қалай құйып алуға болады?
Асханаға бару үшін 1 сынып оқушылары жұптасып қатарға тұрды. Қамар мен Ғалия алдынан санасақ жетінші жұп, ал артынан санасақ төртінші жұп болып тұр. Сыныпта неше бала бар?
анка ішінде қоңыздар мен өрмекшілер отыр. Олардың дене саны 10-ға, ал аяқтарының саны 68 тең. Банка ішінде неше қоңыз бен өрмекші отыр?
Сағат айнадан былай көрінді:
Сағат нешені көрсетіп тұр?
38.Терезені сағат күндізгі 2-де ашты. Бірінші сағатта 3 шыбын, екінші сағатта- 5, үшінші сағатта-7 шыбын кірді. Әр келесі сағатта 2 шыбыннан артық кіріп, сағат кешкі 9-да терезені жауып, ұйқыға жату мүмкін болмады. Бөлмеде неше шыбын болды?
39. Қай қосынды артық: 1+3+5+5+7+9 немесе 2+4+6+4+6+8?
40. Мына сандар қатарындағы заңдылықты анықтап, кесі үш санды тап: 21,20,18,15,..., ..., ... .
41. 1-ден 100-ге дейінгі сандарда неше «5» бар.
42. Қояндар тұрған тордан 12 құлақ шығып тұр. Торда неше қоян бар?
44. Ләйланың 2 теңгелік және 5 теңгелік тиындары бар. Ол 11 теңгелік дәптерді қалдықсыз қалай сатып ала алады?
45. 20 қабатты үйдің жоғарыдан санағанда үшінші қабаты нешенші қабат болады?
46. Он велосипедтің 27 доңғалағы бар. Неше үш аяқты және неше екі аяқты велосипед бар?
47. Бірнеше ұл мен қыз дөңгеленіп тұр. Қуаныштан Дәмелі қай жағынан санасаңда төртінші болып тұр. Неше бала дөңгеленіп тұр?
48. 3 л және 5 л екі ыдыс бар, осы екі ыдысты пайдаланып құбырдан 4 л шелекті толтыруға болды?
50. Торда балапандар мен көжектер отыр, олардың аяқтарының жалпы саны 24 –ке, бастарының саны 10-ға тең болса, неше балапан, неше қоян бар?
Қамар, Ғалия және Орынша үш қыздың әрқайсысы аю, қоян,пілдерін ойнап тықты.Қамар қоянды тыққан жоқ. Орынша қоянды да, аюды да тыққан жоқ. Кім қандай ойыншықты тықты?
1 сынып
Логикалық есептердің жауаптары:
Болады. Ұлы мен қызы бір ересекті алмастырады.
Егер шыбындар3,5,7,9,..., болса, онда анасы көп аулайды (1шыбын артық), Егер шыбындар саны 2,4,6,8,..., болса, онда екеуі бірдей шыбын аулайды.
1 қызыл, 2 көк, 3 жасыл шарлар бар. Қызыл мен көк шарлар үшеу болса, онда 2 қызыл, 1 көк не 2 көк, 1 қызыл.Қызыл мен жасыл шарлар көк пен жасыл шарлардан кем(1), онда қызыл (1), жасыл (2). Бұдан кейін көк шарлар санын анықтаймыз.
Пернебектің командасы жеңді.Жалғыз Пернебектің өзі 7 доп соқса, онда команда 6 доп соғуы мүмкін емес. Сондықтан Пернебектің командасы жеңді.
Сегізінші қабатта.Дәудің пәтері жоғарыдан санағанда екінші, сондықтан бұл сегізінші қабат.
5 бөлік. Жолақ сал да, оны 4 рет сыз да, бөліктерді сана.
Алдыңғы үш шарды алған кезде, қорап ішінде екі көк және бір қызыл шар қалды. Сондықтан қораптан 2 қызыл шарды алып шыға алмаймыз.Екі көк не бір қызыл және бір көк шар алып шыға аламыз.
2 қадам артқа. Бірінші 3 қадамнан кейін 1 қадам артқа, келесі 3 қадамнан кейін 1 қадам артқа, келесі 3 қадамнан кейін тағы да 1 қадам артқа шегінеді. Сонда 9 қадам жасағанда 3 қадам артқа шегінеді, соңғы 10-қадамды алға жүреді.
10 үйрек. 5 ағасы, 4 апасы және Кряктің өзі.
2+5 =7, бұл жалғыз шешім. Басқа шешімдер жоқ екенін дәлелдеу үшін: 2 + 2 + 2 = 6, бұл 7-ден кем, 2 + 2 + 2 + 2 = 8, бұл 7-ден артық. Сондықтан 2 тиындықтармен төлей алмаймыз. 5 + 5 = 10, бұл 7-ден артық.
Бұл есепті сызба арқылы шығару керек:
Әр бала неше фото бергенін біліп алу керек (2) Сонда әр бала 2 фотодан алды.Сонда 3 бала 6 фото берді.(2 + 2 + 2 =6).
Бір жылдан кейін олар 1+1+1= 3 жасқа өседі, сондықтан олар дың барлығына 9 жас болады.Ал бір жыл бұрын олар 3 жаста болды. Жауабы: 9 және 3 жас.
Бұл есепті сызба арқылы шығаруға болады.
* * * * *
* * *
*
Бірінші және екінші бала қол алысты, үшінші бала келді де, бірінші мен екінші балалармен амандасты. Төртінші бала келді де, бірінші, екінші, үшінші балалармен амандасты. Сонда 6 рет қол алысады.
Мәулен – сары, Қанат – жасыл, Сәрсен – көк.
Жауабы: 8, бұл осы бес санды жазу арқылы шешілед: 4,5,6,7,8. Бұл есеп 4-ке 4-ті қосу арқылы да шешуге болады.
28. Жауабы: 17. Бұл есептің шешуі сиқырлы шаршының шешуіне сәйкес келеді. Бұл есептің шешімі мынадай:
Шаршының барлық сандарының қосындысы 45-ке тең:1+2+3+4+5+6+7+8+9 = 45
2. Бірінші бағанның қосындысы 1+3+4=8тең.
3. Бірінші және екінші бағанның қосындысы 8 + 20=28 тең.
4. Сонда үшінші бағанның қосындысы 45-28=17-ге тең болады.
29. Жауабы: 55 тең: 1+10,2+9,3+8,4+7,5+6, әр қосындыдан 11 шығады,11-ді 5 рет қоссақ, 55 шығады.
Жауабы: 6 литрлік ыдысты толтырып алып, одан 4 литрлік ыдысқа құйсақ, 6 литрлік ыдыста 2 литр су қалады.
Жауабы: 20 бала.
Суретін салу арқылы көруге болады.
. . . . . . Қ . . .
. . . . . . Ғ . . .
36. Банка ішінде 6 қоңыз бен 4 өрмекші отыр. Бұл есепті сурет салу арқылы шешуге болады. 10 нүкте саламыз, енді әр нүктеге 6 аяқтан саламыз, қалғандарына 8 аяқтан саламыз.