Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Математиканың жанкүйерлері!
Бүгін біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/
Жүргізуші: Жас достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
/Дауыс/
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Логикалық есептер» пойызы Кішкенекөл мектеп гимназиясының келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.
Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық.
Жүргізуші: «Логикалық есептер» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлемдесуі. /таныстыру/
1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым,
Арайлап ата берсін әрбір таңын.
Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған,
От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын.
2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан да үміткерміз жеңіске.
/Дауыс/
Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар!
Жүргізуші: Ал ендеше біз сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз!
1-аялдама: «Математикалық эстафета аялдамасы»
Блиц-турнир
1-топ:
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
6. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?.
7.Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? 8
8. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?10
9. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы оның 10 торғайын атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? 0
10. Бөлменің 4 бұрышында бір- бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?4
2-топ:
Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)
1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
Ұшақ А қаласынан В қаласына 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір?
Үш пар ат 30 км –ге шапса, әр ат қанша км шабады?
86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр
Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
9 Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)
10. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)
11. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады?
2 - аялдама: Тапқырлар патшалығы
Жүргізуші: Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
2. «Сөз жұмбақ» сайысы. (әр топқа бірдей тапсырма, карточка арқылы беріледі)
Есептердің жауабына сәйкес кестені толтырса, ұлы ғалымның аты шығады.
18147
70
2016
107
567
426
89
116
153
М
Е
Н
Д
Е
Л
Е
Е
В
Е. 64 + 25= Е. 7 *81=
М. 13123 + 5024= Е. 98-28=
Л. 477 – 51= Н. 4032: 2=
Е. 58*2= Д. 94 + 13=
В 201-48=
1. Жанкүйерлерге сұрақ (Фокус)
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
3 - аялдама: «Ойлан, тап!» аялдамасы. Суретте жетіспейтін фигура тауып, алдында жатқан фигуралар арасынан тауып көрсету керек.