kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" 4 сыныпқа арналған тәрбие сағаты. Оқушыларды жаман қылықтардан аулақ болуға тәрбиелейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен"»

Тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!»

Мақсаты:

1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру . Қойылған сұраққа ойланып,толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделіктіөмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

2.Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып,үлкенді сыйлауға,ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету.Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды,иманды болуға баулу.

3.Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту.Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » тақырыбында өрбімек.

Шаттық шеңбері: Балалар әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар. Соны атымыздың басты әрпімен байланыстырып айтайық.


Райымбек - рақымдымын

Әбдірахман – әдептімін

Айша - ақылдымын

Айжан - аяулымын

Ұлжан - ұқыптымын

Мадияр - мейірімдімін

Нұрмағанбет, Нұрхан - намысшылмыз


Балалар сендер сөзжұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?

Ендеше сөзжұмбақ шешейік.

1.Жылт-жылт етіп төбемде,

түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)

2. Аяғымда

Басы қайқы қос сырық.

Таяғым да

Қуады оны састырып.(шаңғы)

3. Жыртқыш аң (қасқыр)

4. Мұртын сипап күн бойы,

бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

тышқанды көп қуады.(мысық)

5.Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

(ыдыс)


Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты «жақсы» деген өте жақсы!


  1. Айналада ақ отау,

аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)

2.Қорқақ сөзіне қарама қарсы сөз. (Батыр)

3. Даусы бар,жаны жоқ,

шертсең күйі әні көп.(домбыра

4.Мінсем, төменге зу етем.

Өрлесем, оны өзім сүйретем.(шана)

5. Қасиетті тағам. (нан)


Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты «жаман» деген өте жақсы!

:-Балалар,менің сұрақтарыма жауап беріңдерші? Оқушылардың пікірлерін тыңдау

-Жақсы деген немене?

-Гүл өсірген жақсы. -Ағаштарға,гүлдерге су құйған жақсы. -Үлкендерге көмектескен жақсы.

-Ал,жаман деген немене? -Салақ,кір-қожалақ болған жаман. -Ағаштың бұтағын сындырған жаман. -Кішкентай балаларды жылатқан жаман.


II. Кіріспе бөлім: Менің көзқарасым (сұрақ-жауап)

Сұрақтар:

• Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

• Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

• Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

• Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?

• Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?


III. Негізгі бөлім:

Поэзия минуты Не жаман , не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.(өздері білетін өлеңдерін айтады).


Не жақсы?

1.Біріншіден не жақсы? (Ұлжан)

Биязы мінез тіл алғыш

Бал-бұл жанып жүретін

Бауырмалдылық сол жақсы.


2.Екіншіден не жақсы? (Нұрмағанбет)

Ерте жатып мезгілмен

Ерте тұрып төсекті

Ерінбей жисаң , сол жақсы


3.Үшіншіден не жақсы? (Айша)

Үйдің ішін тазалап

Үстіне де қарайлап

Үлгіре алсаң сол жақсы.


4.Төртіншіден не жақсы? (Райымбек)

Тал шыбықтай таңертен

Тамаша әдет сол жақсы


5.Бесіншіден не жақсы? (Әбдірахман)

Былдырламай көбірек

Байыпты да байқағыш

Бала болсаң сол жақсы

6.Алтыншыдан не жақсы? (Нұрхан)

Ашу деген бәледен

Алшақ жүріп жанаспай

Ақылды болсаң сол жақсы


7.Жетіншіден не жақсы? (Мадияр)

Жауқазындай жайраңдап

Жұрт ісіне қайран қап

Жатса шіркін, сол жақсы.


8.Сегізіншіден не жақсы (Айжан)

Саспай, жастай өнердің

Сүйсен бәрін беріліп,

Сан істерден сол жақсы


1.Не жаман?

Біріншіден не жаман? (Әбдірахман)

Беті –қолың кір-кір боп,

Берекесіз ыржақтап

Бейбастық өссең ,сол жаман.


2.Екіншіден не жаман? ( Ұлжан)

Ессіз деніп, желпініп,

Екіленіп, ерігіп.

Ерке боп өссең , сол жаман


3.Үшіншіден не жаман? (Айша)

Ұшып қонып жүретін

Шегірткедей жеңілтек

Ұшқалақ болсаң , сол жаман


4.Төртіншіден не жаман? (Нұрмағанбет)

Төменде тұрған өздерің

Төбеде тұрған алмаған

Талассаңдар, сол жаман.


5.Бесіншіден не жаман?

Бар кітабың шашылып

Берілген сабақ оқылмай

Екі алсаң сол жаман


6.Алтыншыда не жаман?

Ата-ананың ақылын

Ала білмей кезінде,

Ақымақ болсаң ,сол жаман


7.Жетіншіде не жаман?

Жиренішті әдеттен

Жирене білмей кезінде

Жетесіз болсаң ,сол жаман


8.Сегізінші не жаман?

Соқтықпай күнде ойнайтын

Серік таппай қиналып

Сергелден болсаң сол жаман


Өлең оқу.

Енді балалар Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдайық.

Ғылым таппай мақтанба Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге

Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол

Адам болам десеңіз Тілеуің өмірің алдында

Оған қайғы жесеңіз Өсек өтірік мақтаншақ

Еріншек бекер мал шашпақ Бес дұшпанды білсеңіз

Талап еңбек терең ой Қанағат рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

Слайдтан көрсету: 5 жақсы қасиет- талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. 5 жаман қасиет -Өсек өтірік мақтаншақ,еріншек ,мал шашпақ


Мақал –мәтелдер айту. Жақсылық пен жамандық туралы.Оқушылар өздері айтып шығады.

Ал,балалар,мен сендерге Л.Толстойдың «Екі дос»деген әңгімесін айтып берейін.


«Орман ішінде екі дос келе жатқанда олардың қарсы алдынан аю шығады.Сонда біреуі жолдасын тастап қашып ағашқа өрмелеп шығып,тығылып қалады.Ал екіншісі жолда қалады.Ол не істерін білмей,жерге жата қалады. Жатқан адамды аю иіскелеп,өлі екен деп кетіп қалады. Аю кете салысымен,досы ағаштан түсіп жолдасына келіп:

-Аю құлағыңа на деп сыбырлады?-деп сұрайды.

-«Қауіп-қатер төнгенде,қиналған уақытта досын тастап кеткен адам жақсы адам емес,ондай адаммен дос болма» -дейді.»


Әңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап аламын.

1.Екі достың алдынан не шыға келді?

2.Досы неге қаша жөнелді?

3.Бұл досты қандай дос деп ойлайсыңдар?

-«Нағыз дос» деп қандай адамды айтуға болады?

Достықты тек жақсы сөздері ғана емес,жақсы істері арқылы тануға болады.Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі.Бір-біріңе адал,сенімді болсаңдар достықтарың тұрақты болады

« Ақиқат немесе жалған» ойыны

Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.

Пікірлер:

Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін

Мен ұрлық жасағанды ұнатамын

Ініме оқку үйретемін

Кішкентай баланы ұрмаймын

Итті аяғыммен тебемін

Ойыншығымды ешкімге бермеймін

Сабақтан кешікпеймін

Досыма көмектеспеймін

Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын

Бас киімді доп қыламын

Анама ренжітіп сөздер айтамын

Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын.

Әкемнің айтқанын тыңдаймын.

Үлкендерге сәлем беремін.

Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын

Күлді баспаймын.

Жақындарыма көп жақсылық жасаймын


Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!


- Балалар, көрініс тамашалайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі - үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала).

Автобус ішіндегі көрініс.

- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?

- Автобус көлігіне.

- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады).

Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.

- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыспа?

Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.

- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын білдіреді.

- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек - деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.

Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.

- Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін айтайық.

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді,

Не деп барып, жеу керек?,

- Рахмет, сізге деу керек.

- Өте жақсы.

ІV.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. Не үйрендік? Не білдік? (ой түю)


«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.

Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.

Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.

Жақынды,досты аяла, қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма, жақсылық жерде қалмайды.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар

Ән: «Болайықшы осындай»

Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса,үш рет қол соғамыз.
























Бірлестік орта мектебі











«жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

























Өткізген: Қожанова Б.Қ.



2016 жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен"

Автор: Қожанова Бағима Қалымжанқызы

Дата: 20.01.2017

Номер свидетельства: 381706

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?рбие са?аты "Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен""
    ["seo_title"] => string(53) "t-rbiie-sag-aty-zhak-sydan-uirien-zhamannan-zhirien-1"
    ["file_id"] => string(6) "258093"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448447435"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен" іс-шара"
    ["seo_title"] => string(44) "zhak_sydan_uirien_zhamannan_zhirien_is_shara"
    ["file_id"] => string(6) "364004"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1480443106"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Т?рбие са?атты? та?ырыбы: «Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен» "
    ["seo_title"] => string(63) "t-rbiie-sag-attyn-tak-yryby-zhak-sydan-uirien-zhamannan-zhirien"
    ["file_id"] => string(6) "168477"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423238874"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Жа?сыдан ?йрен,жаманнан  жирен"
    ["seo_title"] => string(31) "zhaksydanuirienzhamannanzhirien"
    ["file_id"] => string(6) "282214"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453653737"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Т?рбие са?аты. Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен "
    ["seo_title"] => string(51) "t-rbiie-sag-aty-zhak-sydan-uirien-zhamannan-zhirien"
    ["file_id"] => string(6) "201234"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429010709"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства