kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?атты? та?ырыбы: «Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?аты:   «Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен»

Ма?саты:  1)Балаларды  жа?сы  мен  жаманды  ажырата  ж?не  ?мірде  ?олдана   білуге  ?йрету.

2) Жа?сы  мен  жаманды  салыстыра  білу  іскерліктерін  дамыту.

3)Жа?сы  істер  мен  ?рекеттер  жасау?а  т?рбиелеу.

Барысы:

-С?леметсі?дер  ме, балалар!

-Б?гін бізге ?она??а к?п адамдар келіп отыр, солармен амандасайы?.

-Жа?сы, балалар, отыры?дар.Б?гінгі  т?рбие са?атымызды? аты «Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен»  деп аталады.

(Балалар  хормен ?ле?  о?иды)

Жа?сылы?тан  ?йреніп,

Боламыз  біз  жа?сы  адам.

Жаманды?тан  жиреніп,

?лгі  аламыз  жа?сыдан.

-Осы  ?ле?  жолдарында  не  туралы  айтыл?ан? (Балаларды?  жауаптары)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?атты? та?ырыбы: «Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен» »

Тәрбие сағаты: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

Мақсаты: 1)Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.

2) Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту.

3)Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.

Барысы:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Бүгін бізге қонаққа көп адамдар келіп отыр, солармен амандасайық.

-Жақсы, балалар, отырыңдар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың аты «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп аталады.

(Балалар хормен өлең оқиды)

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

-Осы өлең жолдарында не туралы айтылған? (Балалардың жауаптары)

-«Жақсы болу- өз қолыңда» деген сөзде үлкен мән бар. Жақсы болуды басқа біреуден ізденудің қажеттігі жоқ.Адамның жақсы істерге, жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым- қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.Сондай- ақ жаман әрекеттерден де қашық болуы –өзінің қолыңда.

-Балалар, әрбір адам бойында жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге тырысу керек. Ендеше мынау слайдтағы суреттерге қарап, қандай қасиеттер жақсы, қандай қасиеттер жаман екенін айырып алайық. (Слайдпен жұмыс)

Балалардың жауаптары:

-Үлкендерді сыйлау керек, айтқан тілін алу керек.

-Үйде анаңа көмектес

-Кішкене баланы жылатуға болмайды.

-Оқу құралдарынды таза, ұқыпты етіп ұста. Сабақта шулама.

-Құстарды атуға болмайды.

-Тәртіпті үлгілі оқушы болу керек

-Жақсы, дұрыс айтасыңдар. Білер қазақ баласы «Сәлем –сөздің анасы» дегендей , қалай амандасамыз?

(Сәлеметсіз бе, Есенсіз бе, Амансыз ба, Сәлем, қалайсың?)

1-бала: Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді . 2- бала: Менің атам айтты , ұл балалар үйге кіргенде сәлем берумен қатар бас киімді шешіп қолына алу керек.

3 –бала: Егер бір нәрсе сұрағын келсе «Өтінемін» деп айту керек.

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар, « Алмақтың да салмағы бар» дейді халық. Кейде біз өте асығып жүріп, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. Содан да достарымыз ренжіп кетеді.

1 –бала: Сәуле кетті алға тез

Алды –артына қарамай

«Рақмет» -деп, жалғыз сөз.

Айтуға да жарамай.

-Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Сәулемен дос бола ала ма? (бала-ң жауаптары)

-Ал ,енді мен сендерге ізгілік, адамгершілік, әдептілік жөнінде сұрақтар қоямын, ал сендер жауап бересіңдер.

-Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем, берген баланы,

Кім дейміз?

(Әдепті екен бұл дейміз)

-Кітап, дәптер қаламы,

Кір шалмаған баланы,

Кім дейміз?

(Ұқыпты екен бұл дейміз)

-Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

(Үлгілі екен бұл дейміз)

Келесі сұрақ: «Қандай бала?»

-Кітап түбі қырқылған,

Күнделігі жыртылған

Сабаққа да самарқау

Қандай бала бұл тұрған?

(салақ)

-Бұрылатын қызға да

Ұрынатын ұлға да

Төбелеспей жүрмейтін

Қандай бала бұл тұрған?

(бұзық)

-Сабақ айта білмеген,

Шақырмасаң жүрмеген,

Кітап бетін ашпайтын

Баланы сен кім дер ең?

(жалқау)

-Ал, енді балалар, келесі слайдқа көңіл аударайық. (отбасы суреті)

-Асқа отырар алдында не істеу керек? (қол жуу керек)

- Дұрыс айтасыңдар. Кір қолмен тамақ ішу тәрбиесіздік қана емес, денсаулыққа да қауіпті. Кір қолда микробтар көп болады, ал сабын мен су оны құртады.

Үй іші дастарқан басына жайғасар кезде , жасы кішілер үлкен адамдар отырып болғанша күту керек.

1 –бала: Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды.

2 –бала: -Менің әжем асқа отырғанда «Бисмилла ирахман рахим» деп дәм татады.

-Дұрыс айтасыңдар. Қанеки балалар, дастарқан жайлы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?


1 –бала: Дастарханның басында

Әдеттен біз озбаймыз

Үлкендердің қасында

Қолды бұрын созбаймыз

2 –бала: Тамақ «ішер кезде енді

Сөйлемейміз, күлмейміз

Астан басқа өзгені

Елемейміз, білмейміз.

3- бала: Алма тәтті болғанмен,

Ережені сақтаймыз

Қолға жеміс толғанмен,

Жумай бірін татпаймыз

-Жақсы ,отырағойындар.Сонымен балалар дастархан басында да өзін –өзі ұстай білу керек.

-Енді бізге 3 бала «Алтын ақыл» айтып береді, ал, біз есімізде сақтап ұмытпауымыз керек.

1 –бала:

-Нанды үгітпе, қадірле, қабығымен бәрін же.Оны тек оң қолыңмен ал.

2 –бала:

-Сәнді жайылған дастархан басында сәнді отыра да білу керек.

3 –бала:

-Асықпай іш тамақты, жалама аяқ- табақты.

-Балалар, бүгінгі тақырыпқа байланысты «Тәрбие әлеміне саяхатқа» шығайық , яғни мен сендерге бір тақырып берем. Сендер сол тақырып бойынша жақсы әдеттер көрсетулерің керек.

-Сен қонақтасын! (үй иесі мен қонақ)

-Телефонмен сөйлесу (сөйлесу мәнері)

-Балалар, осы тақырыпқа байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?


1-бала:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

2 –бала:

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш

Төмендеп басың кетеді

3-бала:

Сыйлап сәлем беремін

Көршілерді көргенде

Ізетпен бас иемін,

Үйге қонақ келгенде

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

-Балалар, мен сендерге С.Оспановтың «Не жақсы, не жаман?» өлеңін шумақтарға бөліп айтамын. Сендер әр шумақ соңында, не жақсы, не жаман туралы айтылғанын тауып, жақсы туралы айтылған болса «жақсы» деп, жаман туралы айтылған болса, «жаман» деп жауап беріп отырасыңдар.

-Биязы мінез тіл алғыш, -Беті қолың кір- кір боп,

Бал- бұл жанып жүретін, Берекесіз ыржақтап,

Бауырмалдық сол -? (жақсы) Бейбастық өссен сол- ? (жаман)

-Үйдің ішін тазалап, -Ұшып –қонып жүретін,

Үстіңе де қарайлап, Шегірткедей жеңілтек,

Үлгере алсаң сол- ? (жақсы) Ұшқалақ болсаң сол -? (жаман)

-Ашу деген бәледен, -Ата- ананың ақылын,

Алшақ жүріп жанаспай, Ала білмей кезінде,

Ақылды болсаң сол- ? (жақсы) Ақымақ болсаң сол- ? (жаман)


-Балалар, бүгінгі сабағымызда адам бойындағы қандай қасиеттерді ажырата білдіңдер және таныстыңдар?

-Жақсы қасиеттерге не жатады?

(Адалдық, ақылдылық, сыйластық, кішіпейілділік, мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық, көмек т.б.) -Міне, осындай жақсы мінез –құлықтарды әрдайым естеріңде сақтап жүрсеңдер «нұр үстіне -нұр жауар» дей отырып, бүгінгі сабағымызды жақсы әнмен аяқтайық .

«Не деу керек?» әні орындалады.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Т?рбие са?атты? та?ырыбы: «Жа?сыдан ?йрен, жаманнан жирен»

Автор: Мугжанова Жанар Тегисовна

Дата: 06.02.2015

Номер свидетельства: 168477


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства