Мен, Кожабекова Гульнур Чапаевна, «Сарышаған кентіндгі жалпы орта білім беретін мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)»КММ мектебінде бастауыш сынып оқытушысымын. Аталған Білім ордасында сегізінші жыл жұмыс істеп келемін. Мамандығымды өзім сүйіп таңдаған болатынмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Заманауи педагог"»
Заманауи педагог
Мен, Кожабекова Гульнур Чапаевна, «Сарышаған кентіндгі жалпы орта білім беретін мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)»КММ мектебінде бастауыш сынып оқытушысымын. Аталған Білім ордасында сегізінші жыл жұмыс істеп келемін. Мамандығымды өзім сүйіп таңдаған болатынмын. Ата – анамның наразылығына қарамастан Қарағандыдағы Е.А.Бөкетов атындағы Университеттің филология факультетіне түсіп, білім нәрімен сусындаған жайым бар. Университетті 2008 жылы тамамдап, Балқаш қаласына келіп жұмысқа орналастым. Сол сәттен бастап тынбай еңбек етудемін. Қазіргі кезде еңбек жолында оқушыларымның, әрі өзімнің біршама көрсеткіштерім бар. 2010, 2011, 2012 жылдары Рахимбекова Диляра, Жеңіс Мадина, Алиева Зарина атты оқушыларыммен «Шағын ғылым академиясының ғылыми - практикалық конференция шеңберінде өткен І деңгейлі мектептік оқу -зерттеу жұмыстарының байқауына» қатысып, куәлік алдық, кейін «Қазақ халқы өміріндегі төрт түлік мал» атты жобамыз қалалық «Образование. Молодёжь. Перспективы» атты жинаққа енді. 2011 жылы облыстық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысып, «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» атты облыстық жинақта «Мемлекеттік тілді оқытудың бүгіні мен болашағы» атты мақалам жарияланды. 2012 жылы КИО интернет олимпиадасына қатысып, қала бойынша ІІ орынды иелендім. Осы жылы қалалық «Ең үздік флипчарт» байқауына қатысып, сертификат алдым. 2013 жылы қалалық «Тіл шебері» байқауына қатысып, алғыс хат алсам, оқушыларым қалалық «Қазақшаңыз қалай?» сайысына қатысып ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар осы жылы Кембридждік оқыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған курстан өттім.
Оқу білім - бұлағы,
Білім - өмір шырағы
дегендей, білім – мінсіз тұлға қалыптастырудың бірден - бір факторы болып табылады. Сондықтан да кез -келген тұлға білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті, жан - жақты, тәрбиелі, еңбекқор болуы керек. Ал ондай тұлғаны қалыптастыру, біздің, яғни ұстаздар қауымының мақсатына айналуы керек. Тұлғаны қалыптастыратын – мұғалім, отбасы, қоршаған орта. Сондықтан да әр маман иесі өз білімін жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде болуға тиіс. Бұл мәселе елбасымыздың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да айтылған. Бағдарламада оқу орындарының рөлі, әрі ондағы ұстаздардың рөлі туралы баса айтылған. Осы мемлекеттік бағдарламаның негізінде 2011 жылдан бастап Кембридж Университетінің оқыту бағдарламасын меңгерудеміз. Бұл бағдарлама дәстүрлі түрде білім алып, білім беріп үйреніп қалған мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де қиын болғаны рас. Бұл бағдарлама 7 модульден тұрады.
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» - деп, Альберт Эйнштейн айтқандай, бұл бағдарламаның басты мақсаты – сабақта жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, дәстүрлі сабақтан өзгеше етіп өткізу. Бағдарлама бойынша мұғалім бағыттаушы ғана, ал бала өз білімін өзі жетілдіреді, өз ойын еркін айтады . Осы курстан өту арқылы көптеген жаңашыл стратегияларды, әдіс-тәсілдерді үйреніп, шыңдала түскенім тағы бар. Жеті модульді сараптай келе, бағдарламаның мақсатын түсіне отырып, курстың басында болған бойымдағы үрей, қорқыныш сезімі қызығушылыққа ұласып, білім нәрімен қайта сусындадым. Курстан алған білімімді пайдалана отырып, әр сабағымды ашық сабаққа айналдырамын деген оймен қайтып, қазіргі кезде шын мәнінде әр сабағымды ашық сабаққа айналдырудамын.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға - дегендей, осындай курстар болса, мен білімімді шыңдаудан жалықпаймын. Қазіргі таңда мұғалімдер де көштен қалмай, заман талабына сай жан- жақты, білімді, мәдениетті, ақпараттанған, АКТ-ны қолдануда сауатты болуға тиіс. Олай болмаса, жан- жақты, мәдениетті, білімді тұлға қалыптастырамыз деген бос әурешілік деп ойлаймын. Мінсіз тұлғаны қалыптастыру үшін, мұғалім - өзі мінсіз болуы шарт. Сонда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізе аламыз деген ойдамын.
Курс бітірген соң педагогикалық кеңестерде іс- тәжірибе алмасу мақсатында баяндамалар оқыдым. Аталған баяндамаларда курста алған жаңа технологиялармен бөлістім. Әріптестерімнің сұрақтарына толық жауап беруге тырысып, олардың курсқа деген қызығушылықтарын оятуға ықпал еттім. Баяндамаларымда үнемі сабақтан үзінді көрсетіп, бағалау, үй тапсырмасын сұрау, тапсырмалар орындату формаларын көрсетіп отырдым. Lesson Study бойынша жаңа форматты ашық сабақтар беріп, тәжірибе алмастым. Айта кететін бір жайт, былтырғы оқу жылында сол сабақтарымды, іс - шараларымды, шығарма, эсселерімді жергілікті газеттерге, облыстық жинаққа, «Қазақстан мектебінде», «Бала Би», «Мұғалім KZ» республикалық- әдістемелік журналдарына 7 мақала (ашық сабақтар, эсселер, шығарма) шығардым. Қалалық деңгейде сыныптан тыс іс-шараны да жаңа форматта өткізіп, «Қалалық Білім Бөлімі» өкілдерінің алғысын алдым. Былтырғы оқу жылында баспа беттеріне мақалалар жарияласам, биылғы оқу жылын мүлдем
басқа сарынмен бастадым.
Биылғы оқу жылын былтыр жыл бойы жасаған жұмыстарымды «Инфоурок», «Копилка уроков», «Мультиурок», «Ұстазым KZ» сайттарына жариялаумен бастадым. Бүгінгі күні 10 мақалам сайт беттерінде жарияланды. Бірақ мұнымен тоқтап қалғаным жоқ. Күнделікті беріп жүрген сабақтарымда оқушыларым орындаған шығармашылық жұмыстарды да қазақстандық балалар сайттарына жібертудемін, әрі ол оқушыларға ұнайды. Мұнымен менің айтқым келіп отырғаны, өзім ғана жұмыс істеп қоймай, ізденістің арқасында оқушыларымды да сауаттылықтың нәтижесін көруге жетелеуді ұйғардым.
Қорытындылай келе «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - дегендей, алдымызда отырған түлектерді жан- жақты білім нәрімен сусындату қажет. Себебі олар біздің болашағымыз. Ал мұғалімдер қауымы ерінбей еңбек етуі тиіс.