Оқушы өздігінен есепті шығара алмайды, оның шешімін тауып , не өзгергенін анықтай алмайды немесе мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бермейді , жаңа ұғымдарды меңгермейді. Бұл жағдайлар мәтінді оқыған кезде, есеп шығарғанда және мұғалімнің баяндауын тыңдау кезінде байқалады.
Оқушы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ қоймайды ,қосымша әдебиеттер туралы мағлұматты жазып алу кезінде байқалады.
Оқушы сабақта ынта білдірмейді ,ізденіспен жұмыс істейтін кезде басқа ойда отырады. Бұл жағдай сабақтағы өзіндік жұмыстарды орындау кезінде байқалады.
Оқушы өзін-өзі бағаламайды , жетістігі мен кемшілігіне көңіл аудармайды, өзін-өзі бақыламайды.
Оқушы өзі орындап отырған жаттығудың мақсатын түсіндіре алмайды, қандай ережеге сүйенетінін айтпайды, ережені орындамайды, амалдарды шатастырады , алынған нәтиже мен жұмыс барысын тексере алмайды.
Оқушы анықтамалар мен формулаларды, дәлелдемелерді айтып бере алмайды, мәтіннің мазмұнын түсінбейді. Бұл белгілер мәтін немесе тақырып бойынша сұрақ қою кезінде байқалады.
Бұл жерде белең алып келе жатқан үлгермеушіліктің алдын-алу үшін қай оқушы және оның қай әрекетіне оқыту кезінде көңіл аудару керек екендігі көрсетілген.
Оқушылардың артта қалуын анықтаудың басты тәсілдері.
Оқушының жұмыс кезіндегі қиындықтарға , жетістіктер мен кемшіліктерге көңіл аударуын бақылау.
Мұғалімнің сұрақ қоюы мен және оның кез-келген жағдайды сипаттауын талап етуі.
Сыныптағы өзіндік оқу жұмыстары.
Бұл жұмысты жүргізу кезінде мұғалім оқушының жұмыс істеу нәтижесі мен жұмыс барысындағы іс-әрекетіне баға береді. Ол оқушылардың жұмысын бақылайды, сұрақтарына жауап береді және көмектеседі.
Оқушылардың мотивациясы төмен болу себептерін анықтау мінездемесі
Оқу және таным қызығушылығы дамуының әлсіздігі не болмаса мүлдем болмауы – бұл мәселеге ата –анамен педагогтардың немқұрайлығы
Үлгермеушіліктің алдын алу
Сабақтың сатылары
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Бізге мәлім, мектеп есігін алғаш ашқан балалардың жас шамасы қатар болса да, қабілеттері әртүрлі екенін көріп жүрміз. Мысалы: біреуі сезімтал, біреуі самарқау; айтқанды қиын қабылдайды, ал енді біреуі жалқау болып келеді. Соның нәтижесінде әр сыныпта аз да болса сабаққа ынтасы төмен, үлгермейтін оқушылар кездеседі. Мұндай оқушыларды толық үлгерімге жеткізу – мұғалімнің қиын да абыройлы міндеті.Оқушылармен жеке жұмыс істеу, оқытудың неғұрлым күрделі түрі.Ол мұғалімнен көп ойлауды, ізденуді, сабаққа шығармашылықпен қарауды, оқушының жан – жақты білуін талап етеді. Баланың қабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдаланады, оқушылардың оған белсенділігін арттырады. Сабақты дидактикалық материалды пайдаланып жүргізу жеке жұмыстарда да көрнекіліктер пайдалануға көмектеседі. Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл, көркем мәтіндерді, мақал – мәтелдер мен жұмбақ жанылтпаштар жаттауға ұсынуға болады. Барлық жеке жұмыстардың «Оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге» принципі басшылыққа алынып, қайталауға көбірек мән беріледі. Шешу қасиеттері нашар дамыған, алаңғасар, баяу жұмыс істейтін балаларға тек қана белгілі немесе тікелей сұраққа жауап беретін цифрды салыстыру, фигура құрастыру жұмыстары соларға орай нақты белгіленеді. Олардың нәтижелері жазылып отырылады. Мысалы: Әлібек, Жадыра деген оқушылар оқыған мәтіндерінің мазмұнын айта алмайды, есінде толық сақтай алмайды. Жазба жұмыстарында дәптеріне әріп элементерін дұрыс түсіре алмайды, лас жазады. Тілдік тапсырмалары бар жаттығуларды және ондық, жүздік, мыңдық сандар арасындағы көбейту және бөлу амалдарын дұрыс орындай алмайды. Мысал есептердің шешуін дұрыс таппай қиналады. Мәтіндерді дауыстап, мәнерлеп оқумен бірге, ауызша мазмұнын айтып беру жұмыстарына жаттықтыру, сурет бойынша ауызша, жазбаша әңгімелер құратып үйрету, мысал есептердің шешуін дұрыс табуға үйрету,жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға жұмыстардың мақсаты – ең алдымен баланың білімді саналы меңгеруі, ойлау қабілетінің дамуы. Оқуға ынталы алғыр балалардың жолдастық көмегін үнемі ұйымдастырып отырамын. Жеке дара оқыту – жұмыстың неғұрлым қиын түрі. Ол мұғалімнен ойланып істеуді, сабаққа шығармашылықпен қарауды, өз оқушыларын жақсы білуіді талап етеді. Үлгерімі төмен оқушылардан жиі – жиі сұрап, сабақ үстінде оларға барынша мүмкіндік тудыру керек. Ол үшін берілетін білімді түсіндіріп айту, ойландыру, сұраққа толық жауап алу, жазуға үйрету, жазбаша салыстыру және жолдастарының әкелген дұрыс жауаптарын жиі қайталап, өз қателерін түзетіп отыру қажет. Сол пәнді өте жақсы білетін жолдастарының көмегін ұйымдастыру керек.
Сабақтан тыс уақыттарда:
Өзіндік жұмыстың пайдасы көп. Оқушыларға жеңілдетілген карточкалар, қызықты тапсырмалар беріп, көбірік сөзге, іске тартып, белсенділігін арттыру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін жетілдіру, дамыту мұғалімнің негізгі міндеті. Сондықтан әрбір сабақта оқушылардың ой - өрісін дамытатын әр түрлі жаттығулар орындатылады. Олар әр түрлі ойын есептер, схемалар, кестелер, жұмбақтар шешеді.
Мазмұны
Мақсаты, міндеті.
Ынтасы төмен оқушылардың тізімі.
Сабақ кестесі.
Ынатыс төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары.
Күнтізбелік жоспар.
Ынтасы төмен оқушылардың диагностикасы.
Жадынама.
Журнал
Ынтасы төмен оқушымен жүргізілген әртүрлі жұмыстар (психолог,сынып жетекшісі).
Қортынды. Сараптама. Мониторинг
Оқушы дәптері.
Оқушымен жүргізген жұмыстардың есебі.
Ынтасы төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты
1.Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.
2.Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.
3. Сабақта белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру
Міндеттері:
1. Мемлекеттік бағдарламаның талаптарын орындау.
2. Оқушылардың білім деңгейін әртүрлі тапсырмалар арқылы тексеріп отыру
3. Жауапкершілікке, еркіндікке ынталандыру.
4. Пәнге деген, шығармашылық жұмысқа деген қабілеттерін ынталандыру
Ынтасы төмен оқушылардың тізімі:
№
Оқушының аты-жөні
Пәні
1
Болыскенова Розана
Математика, қазақ тілі
2
Исмаилов Ильяс
Математика, қазақ тілі
Сабақ кестесі
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
ЫНТАСЫ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
№
Жоспарланған
жұмыс
Мерзімі ,
көрсетілген көмек
1.
Үлгермеудің себептерін анықтау және диагностика
І тоқсан қорытындысы
психолог
2.
Мектепте бар материалдар арқылы оқушының біліміндегі олқылықтарды уақытында анықтау
жыл бойы
психолог
сынып жетекшісі
3.
Оқушының қабілеті мен зейінін анықтау
жылына 1 рет
4.
Әртүрлі жұмыстардағы оқушының жіберетін қателерін топтастыру
тоқсан бойы
5.
Өткен тақырыптарды жүйелі түрде жоспарлап қайталау
каникулдық мектеп
сынып жетекшісі
6.
Әр оқушығы жекелеме жұмыстардың әдіс – тәсілдерін құрастыру
ІІ тоқсан
психолог
7.
Оқушымен уақытында жекелеме жұмыс жүргізу
жыл бойы
8.
Жеке тапсырмаларды тіркеу және бағалау
тоқсан бойы
9.
Сабақтан тыс уақытта ынтасы төмен оқушымен қосымша сабақ өткізу
каникулдық мектеп
сынып жетекшісі
10.
Оқушылар арасында бір –біріне көмек көрсету шараларын ұйымдастыру
жыл бойы
11.
Ата – анамен байланыс жүргізу
үнемі
сынып жетекшісі
12.
Сынып жетекшімен және қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау
үнемі
Ынтасы төмен оқушылармен жүргізілетін қазақ тілі пәнінен жұмыс жоспары
№
Тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
1-тоқсан
1-2
2-сыныпта өткенді қайталау
2
3-4
И,,й әріптерінің жазылуы
2
5-6
Дыбыстық талдау
2
7-8
Сөз құрамы.Сөйлем құрай білу
2
9
Диктант
1
2-тоқсан
10-11
Сөз таптары
2
12-13
Сөйлем мүшелері
2
14
Жалаң, жайылма сөйлемдер
1
15
Диктант
1
16
Оқушы білімін тексеру.Тест
1
3-тоқсан
17-18
Сөз мағынасы
2
19-20
Түбір мен қосымгшаның жазылуы
2
21-22
Сөз таптарын еске түсіреміз
2
23-24
Зат есім
2
25
Диктант
1
26
Оқушы білімін тексеру
1
4-тоқсан
27-28
Етістік
2
29-30
Сын есім
2
31-32
Сан есім
2
33
Оқушы білімін тексеру.Тест
1
34
Қайталау
1
Ынтасы төмен оқушылармен жүргізілетін математика пәнінен жұмыс жоспары
№
Тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
1-тоқсан
1-2
2-сыныпта өткенді қайталау
2
3-4
Күрделі теңдеу шығару
2
5-6
Амалдардың орындалу тәртібі
2
7-8
Көбейту және бөлу
2
9
Өзіндік жұмыс
1
2-тоқсан
10-11
Есептер шығару
2
12-13
Көбейту мен бөлуге арналған есептер
2
14-15
Көбейту кестесі
2
16
Оқушы білімін тексеру
1
3-тоқсан
17-18
Аудан, периметр табу
2
19-20
Ауызша көбейту және бөлу
2
21-22
Арифметикалық материалдар
2
23-24
Күрделі теңдеулер шығару
2
25
Оқушы білімін тексеру
1
26
Қайталау
1
4-тоқсан
27-28
Өрнектің мәнін табу
2
29-30
Көбейтудің жазбаша тәсілдеері
2
31-32
Бөлудің жазбаша тәсілдері
2
33
Өзіндік жұмыс
1
34
Қайталау
1
ЫНТАСЫ ТӨМЕН ОҚУШЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КАРТАСЫ
Оқушының аты – жөні_________________________________________________________
Туған жылы, айы, күні_________________________________________________________
Сыныбы_____________ мектеп_________________
Сабақ беретін мұғалімнен неше жыл оқыды_______________________________________
Басқа мектепте оқыды ма_______________________________________________________
Оқушының білім алуына жанұяның әсері_________________________________________
Қиындық түрлері (унемі, уақытша)______________________________________________
Бағдарлама қалай меңгерілген?__________________________________________________
Оқушы өзінің оқудағы олқылықтарына қалай қарайды_?____________________________________________________________________ (немқұрайлы, қиналады, қиындықты жеңуге тырысады, белсенділігі төмен, қызығушылығы жоқ, оқудағы қиындықтарды жеңуге қызығушылық танытады)
Оқушының алған бағасына реакциясы___________________________________________
Мұғалім олқылықтарды жоюда қандай жұмыстар атқарады (тапсырманы орындауда үнемі бақылау, жеңілдіктер беру және жекелеме жұмыстар жүргізу, сабақтан тыс қосымша сабақ өткізу, үйге қосымша тапсырма беру, үй тапсырмасын орындауда ата –анасына бағыт беру)________________________________________________________________________
Логопед сабағы қажет пе_?______________________________________________________
Сыныпта оқушы қалай жұмыс істейді ?(белсенді бола ала ма?, сұрақтарға жауап беруі, түсінбегенде сұрақ қояма?, мақсатты жұмыс істей ала ма?)_________________________________________________________________________
Жұмыс істеу қабілеті (алаңдайды, назар аудармайды, сабақтың соңында қателер жібереді, ұйқысы келеді, қызару, терлеу, бас ауруы т.б.)_________________________________________________________________________
Оқушының дамудағы ерекшеліктері (ойлау, қабылдау, есте сақтау)______________________________________________________________________
Жеке тұлғаның ерекшелігі( жағымды, жағымсыз___________________________________
Сабақты босату және себептері_________________________________________________
Мұғалімнің ойы бойынша ынтасының төмендеу себептері____________________________________________________________________