kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Уақыт" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Уақыт тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған ашық сабақ жоспары. бастауыш сынып оқушыларына өте қызықты әрі пайдалы деп ойлаймын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Уақыт" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары»

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Байтурсун Ұлдана Асылханқызы









Бағалау критерийі

Басқаларға түсіндіре аламын

Қолымнан келеді

Қиналамын, себебі

Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтай аламын




Түбірге қосымшаның жалғану ерекшелігін білемін




Жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлей аламын




Көркем жаза аламын




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: «Уақыт»

№45-сабақ

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

-сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;

-түбірге қосымшаның жалғану ерекшеліктерін түсінеді;

Оқушылардың көбі:

-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

-туынды сөздердің құрамына ажырата алады

Оқушылардың кейбірі:

-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады

Бағалау критерийлері

- мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді, түбір мен қосымшаның жазылуын біледі;

- берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады, диалогке қатысады;

-түбір сөздерге қосымшаны дұрыс жалғайды

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?


Құндылықтарды дарыту

Өз іс-әрекетін жоспарлауға, уақытты тиімді пайдалануға баулу

Пәнаралық байланыстар

Математика,дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Түбірлес сөздер


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут








І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн,достарым!

Қайырлы күн, ұстазым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық.

-Балалар,көңіл күйлеріңіз қалай?

-Тамаша!

-Сабаққа дайындықтарың ше??

-Керемет!

-Ендеше, сабағымызды бастайық. (бас бармақтарын көрсету)


Топтарға бөлу. (уақыт бірліктері туралы мағлұмат ала отырып,еске түсіру.Сағаттың түрлеріне тоқталу. (қол сағат, жар ,үстел,электронды сағат т.б.)


1- топ: « Қосымша» ( өз топтарымен таныстырып өтеді)

Қосымша деп аталар,

Бұл елде мүлде бейтаныс.

Біз білмейтін балалар,

Қосымшаның түрі бар.


2 -топ: «Жұрнақ»

Жаңа сөздер жасайтын,

Жұрнақ атты ұлы бар.


3- топ: «Жалғау»

Сөз бен сөзді қосатын,

Жалғау атты қызы бар.



ІІ. Өткенді бекіту.

(Әр топқа тест тапсырмалары беріледі)



1-топ: Сұрақтың жауаптарын табу.

2-топ:Тест сұрақтары.

3-топ: Кесте арқылы түбір мен қосымшалы сөзді ажырату.



Жұмыстарын топта жариялайды. Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде бағалайды

Өз-өздерін бағалау: !-бәрі түсінікті.

.-жартылай түсінікті

?-түсініксіз



ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін құрастыру


Слайд


3 тілде айтылады










Суреттер арқылы топтарға бөлу




















Бағалаудың түрлеріне тоқталу.

Сабақтың ортасы

5-8 минут












8-13 минут














13-16 минут










16-19 минут
















19-20 минут




















21-23 минут


















24-29 минут




















29-32 минут











32-35 минут

ІV. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.

«Түбір мен қосымшаның жазылуы»

Ертегіні тыңдай отырып, жаңа тақырыпты ашу.

Орман ішінде бір кішкене үйшік болған.Сол үйшікте түбір өмір сүрген екен.Оның достары басқаша өзгермейді екен.Түбір олар өзгерсе,қалай болады деп ойлайды.Бір күні орман ішінде келе жатып,біреуді кездестіреді.Қасына келіп:

-Сенің атың кім?

-Қосымша.

-Ал,сенің ше?

-Түбір.

-Сенің қандай қасиетің бар?

-Мен кез-келген сөзді өзгерте аламын,қасына әріп қосып.

-Ендеше, мені өзгертші.

-Түрлендіреді.

-Менің достарымды да түрлендіруге көмектесесің бе?

-Әрине.

-Міне, балалар, осы достықтың арқасында түбір мен қосымша әр уақытта бір-бірінен айырылмастай дос болыпты.

Берілген сөздердің дыбысталуына назар аудар.

-Екі сөзді бір-бірімен салыстыр. Дыбысталуында қандай ерекшелік бар?

-Қосымшаларды не себепті сол сөздерге жалғадың? Дәлелдеуге тырыс.

-Қандай ой қорытындысын жасайсың?


(М, Ұ) Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.


Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады: адам+дар+дың.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады: сурет+ші+лер.


Көркем жазу

Үү үүү ҮҮҮ үй үйлесім үйреншікті үлгілі үлкен үнемі

3.2.4.1 (МК; Ө; Ұ)

30-жаттығу. Мәтіндегі негізгі ой сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтатылады.

Тапсырма 1. Сабақта өтілетін мәтін тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға жұмбақ жасырылады:

Ілулі тұрған кітап

Барады күнде жұтап.

Бір бетін жыртты мамам,

Бір бетін жыртты ағам.

Бір бетін жыртты інім...

Себебі неде мұның?

Барады неге жұтап

Ілулі тұрған кітап?

Жауабы: (Күнпарақ)


Тапсырма 2. Мәтіннің тақырыбы мен мәтін мазмұны сұрақтар қою арқылы болжатылады.

Сұрақтар үлгісі:

-Күнпарақ дегеніміз не? (Күнтізбе)

-Күнпарақта нелер болады? (Күн, апта, ай атаулары)

-Күнпарақты не үшін пайдаланамыз? (Уақытты анықтау үшін)

-Күнпарақ түрлері? (Қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалта күнпарағы)

-Жұмбақ күнпарақтың қай түріне арналған? (Қабырға күнпарағына арналған)

-Қабырға күнпарағының басқаларынан айырмашылығы? (Күнпарақта көрсетілген күн аяқталғанда, жыртылып тасталады, яғни өткен күнді, уақытты білдіреді)

-Мәтіннің не туралы болатынын болжа. (Мерзім, уақыт, өтіп кеткен уақыт)

-Уақытты жоғалтуға болады ма? Қалай? (Болады. Берілген тапсырманы, жұмысты уақытында орындамау, сол себептен уақыттың жетпей қалуы т.с.с.)


(Ө, Т, Қ) Оқылым. Оқулықта берілген «Жоғалтып алған күн» мәтінімен жұмыс жүргізу.


Тапсырма 3. Мәтінді оқу, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау. Оқуышыларға мәтінді жеке оқу ұсынылады. Топта бірігіп мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

1-топ. Мәтін неліктен «Жоғалтып алған күн» деп аталған? Өз ойларын дәлелдеу.

2-топ. «Егер бір күннің ішінде пайдалы жұмыс бітірмесең, онда бұл күніңді босқа өткіздім деп есептей бер» нақыл сөзінің мәнін талқылау.

3-топ. Мәтіндегі қарамен берілген сөздерді тауып, түбір сөздерге қосымшалардың жуан, жіңішке болып жалғану себебін анықтау.

Жұмыстарын топта жариялайды. Топтар өзара бағалау дескрипторы негізінде бағалайды.


Бағалау дескрипторы:

-мәтінді түсініп оқиды;

-мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

(М, Ұ) Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Тапсырма. Сызбада көрсетілген сөздердің қосымшаларын дұрыс орналастыр.


Қосымшалар: -қын, -діз, -лар, -шіл, -ға, -де, -на, -гей, -ла, -дер.

МК:

-

Сергіту сәті!

Әуен ырғағымен билеу.


3.3.5.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.


31-жаттығу. Тиісті сөздерді қойып сөйлем құрап жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


Топтық жұмыс:

1-топ: Мақалдарды құрастырып, жұрнақ пен жалғауды табу.

2-топ: Сәйкестендіру тесті

3-топ: Семантикалық карта

Шығармашылық тапсырмалар

(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.


Бағалау дескрипторы:

-тірек сөздерді орынды пайдаланып, диалогке қатысады;

  • -сахналауда тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.

«Аудиоподкаст» әдісі арқылы ертегіні тыңдау

























Слайд арқылы түсіндіру


Оқулықпен жұмыс











Жұмбақ жасыру











Күнпарақ суреттері







































Интерактивті тақта

Сызба

Слайд №8
























Дәптермен жұмыс


















«Екі тілек, бір ұсыныс» әдісі

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

(Ө; Қ) Тиісті жауапты белгілеу.

Бүгінгі сабақта өтілген тақырыпты меңгергеніне қаншалықты сенімді болғанын, тиісті сөзді белгілеу арқылы өз іс-әрекетіне рефлексия («+» немесе «–») жасайды.




Үй тапсырмасы:

Өзінің күн тәртібін құрастырып, жазып келу. Өз күніңді пайдалы немесе босқа өткіздің бе?

Киіз үй макеті


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Түбір мен қосымшаның жазылуы ережесін түсіндергенде сызба және мұғалімнің көмегі, яғни жетелеуші сұрақтар арқылы оқушылардың өздеріне ой қорытындысын жасату.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлары, «Менің сөзім» стратегиясы, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі негізінде жүзеге асырылады.Топтық жұмыс барысында берілген мәтіннің негізгі ойын анықтай алуын, диалогке белсенді қатысуын және түбір мен қосымшаны дұрыс жалғауын бағалау.

Топтық жұмыстарда бірі-бірі тыңдау. Сыныпта ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Уақыт" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

Автор: Байтурсун Ұлдана Асылханқызы

Дата: 19.10.2020

Номер свидетельства: 560581

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) ""Алгоритм және оны орындаушылар" тақырыбындағы ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(62) "alghoritm_zh_nie_ony_oryndaushylar_tak_yrybyndag_y_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "365206"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480744200"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(240) "География п?нінен Климатты? адам ?мірі мен оны? шаруашылы? ?рекетіне тигізетін ?сері та?ырыбында?ы ашы? саба?ты? ?ыс?а мерзімді жоспары"
    ["seo_title"] => string(154) "gieoghrafiia-p-ninien-klimattyn-adam-omiri-mien-onyn-sharuashylyk-riekietinie-tighizietin-sieri-tak-yrybyndag-y-ashyk-sabak-tyn-k-ysk-a-mierzimdi-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "281979"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453632804"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "?аза?   ?дебиеті    п?нінен   ашы?  саба?  жоспары Та?ырыбы:  ?.Ша??ытбаев «Сабала?»  ?ле?і "
    ["seo_title"] => string(89) "k-azak-diebiieti-p-ninien-ashyk-sabak-zhospary-tak-yryby-k-shan-g-ytbaiev-sabalak-olien-i"
    ["file_id"] => string(6) "203938"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429559007"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "«Қожа мектепте» тақырыбындағы ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(40) "kozha_mektepte_takyrybyndagy_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "591445"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1636969518"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "?йсіндерді? ?о?амды? ??рылысы та?ырыбында модульдік саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(72) "uisindierdin-k-og-amdyk-k-u-rylysy-tak-yrybynda-modul-dik-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "217695"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433422193"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства