kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йсіндерді? ?о?амды? ??рылысы та?ырыбында модульдік саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

6 сынып?а арнал?ан модульдік саба? жоспары. Та?ырыбы "?йсі?дер"

Кіріспе б?лім:

Саба?ты? та?ырыбы: ?йсіндерді? мекені.  Шаруашылы?ы, ?о?амды? ??рылысы. М?дениеті.

1саба?

Саба?ты? ма?саты:

Тірек сызба ар?ылы модульді? т?тас та?ырыбы бойынша о?у материалын ?ыс?аша т?сіндіру.

Саба? барысы:

  1. ?йымдастыру кезе?і.

 

2.Жа?а саба? игеру:

?йсіндер жайлы деректерді ?ытай тарихшысы Сыма Цян ?алдыр?ан. Б.з.б. ІІ ?асырда Орталы?  Азиядан  Жетісу жеріне  ?йсіндер келіп ?оныстан?ан. ?йсіндерді? коне тарихын зерттеу ма?сатында  археологтар Жетісу жерінде ?азба ж?мыстарын ж?ргізді. Бір?атар ?оныстар обалар ?азды. ?йсіндер обаларын археологтар салын?ан уа?ытына ?арай 3топ?а б?леді.

Мал шаруашылы?ы, егіншілікті? дамы?анды?ын т?рлі к?сіппен айналыс?анын ?ыс?аша т?сіндіру.

?йсіндерді? т?рмыс-тіршілігіне жеке-меншік иелігіне ?арай ?р-т?рлі болып ?алыптасты.  

1.Мы??ыр?ан мал?а мол жерге ие бол?андар  тайпа, ру басшылары.

2.Діни басшылар мен жасауылдар орташа ау?аттылар ?атарына жатты.

3.?арапйым б??ара халы? – малшылар мен егіншілер.

4.??лдар – со?ыс кезінде т?т?ын?а т?скендер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йсіндерді? ?о?амды? ??рылысы та?ырыбында модульдік саба? жоспары »


Модуль №3 Үйсіндер


Модульдің құрылысы

Бөлінген сағат

Модульдің мазмұны

Бөлінген уақыты

өтілетін уақыты

Кіріспе

1

1.Модульге кіру.Модульдің мақсатын түсіндіру.

2.Дәріс. Үйсіндер мекені, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті.

3.Тірек сызбамен тақырыпты түсіндіру.

4.Оқулықпен дәптермен жұмыс.

Қорытынды үйге тапсырма.

5 мин



10 мин





15 мин


10 мин


5 мин


Сөйлесу бөлімі:

2

Оқу материалын меңгерту

  1. «Қарлы кесек» ойыны бойынша

  2. Қорытынды. Үйге тапсырма



40 мин


5 мин


3

Білім әскерлік дағдыларын дамыту

  1. Өз жартыңды тап ойыны

  2. Брейнг-ринг ойыны.

  3. Қорытынды үйге тапсырма.



20 мин


20 мин


5 мин


Қорытынды бөлім:

4

1.Тест

2.Сынақ

15 мин

20 мин







Кіріспе бөлім:

Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің мекені. Шаруашылығы, қоғамдық құрылысы. Мәдениеті.

1сабақ


Сабақтың мақсаты:

Тірек сызба арқылы модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша түсіндіру.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.


2.Жаңа сабақ игеру:

Үйсіндер жайлы деректерді Қытай тарихшысы Сыма Цян қалдырған. Б .з .б . ІІ ғасырда Орталық Азиядан Жетісу жеріне үйсіндер келіп қоныстанған . Үйсіндердің коне тарихын зерттеу мақсатында археологтар Жетісу жерінде қазба жұмыстарын жүргізді. Бірқатар қоныстар обалар қазды. Үйсіндер обаларын археологтар салынған уақытына қарай 3топқа бөледі.

Мал шаруашылығы, егіншіліктің дамығандығын түрлі кәсіппен айналысқанын қысқаша түсіндіру.

Үйсіндердің тұрмыс-тіршілігіне жеке-меншік иелігіне қарай әр-түрлі болып қалыптасты.

1.Мыңғырған малға мол жерге ие болғандар тайпа, ру басшылары.

2.Діни басшылар мен жасауылдар орташа ауқаттылар қатарына жатты.

3.Қарапйым бұқара халық – малшылар мен егіншілер.

4.Құлдар – соғыс кезінде тұтқынға түскендер.


















2. тірек сызба.




Батыс Шу, Талас өзені


Шығыс Тянь-Шянь тауы

Жетісу, Оңтүстік Қазақстан


Мекені


Солтүстік Балқаш к өлі






Оңтүстік Ыстықкөл жағалауы


Үйсіндер

Б.з.б ІІ ғ Орта Азиядан келген

Үйсін мемлекетінде үш жүйе қалыптасқан

Батыс

Шығыс

Астанасы Қызыл Аңғар

Қоғамдық құрылысы

Жеке меншік

Үйсін тайпа одағының билеушісі

Көршілермен қатынасы

Гуньмо

Дін басшылары жасауылдар

Тайпа көсемі















Орталық




Малшылар егіншілер

Жерге

Малға

Үй мүлкіне

Таңбалардың болуы

Енисей қырғыздары

Қаңлы, ғұн

Қытай мен туыстық қатынас орнатты

Құлдар



















Мал шаруашылығы

Егіншілік

Қолөнер

Шаруашылығы

Ыдыстар зергерлік бұйымдар,

алтыннан 2 бұйым

Ақтас зиратынан табылған алқа,

Қарғалыдан табылған тәті.

Суармалы,Тәлімі.

Арпа, бидай

Б.з.ІІІ-Vғ бау бақша шаруашылығы


Жылқы


Түйе


Сиыр, қой, ешкі

Мәдениеті

Қоныстар, үй салу,

Қала үлгісіндегі бекіністі қала салу.

Тұрғын жайы.

  1. Кірпіш үй.

  2. Тас үй.

  3. Киіз үй.

Салт дәстүрі, діни нанымдары, О дүниеде өмірге сенген

Күнге табынған

Жаратушы күшке сенген

Құрбандық шалды.







































2-ші сабақ:


Сабақтың тақырыбы:

Үйсіндердің мекені, шаруашылығы, тұрмысы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті.

Сабақтың өту әдісі:

«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны.

Ойынның мақсаты:

Материалды меңгерту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, топтық жұмысқа үйрету.

Ойынның шарты:

Қатысушылардың саны: 12-ден 25 адамға дейін болуы мүмкін. Егер қатысушылар саны 25 тен кем болса онда «Д-5» бағыттау парағы мен жетоны парағы ойыннан алынып тасталады.Үстөлдер А,Б,В,Г үстелдері деп белгіленіп бөлінеді. А әрпі бар бағытаушы парағын және жетонын алған оқушылар «А» үстеліне, «Б» әрпін алғандар Б үстелінің басына т.с.с барып отырады. Мұғалім әр топқа келелі мәселе бөліп береді. Оқушылар өздері өз топтарында оқып талқылайды. Берілген 10-15 минут уақыт өткен соң бірінші тур жарияланады. Оқушылар орындарынан тұрып әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға барып өз оқығанын түсіндіреді. І тур аяқталған кезде өзінің бағыттау парағында ең жақсы сөйлеуші деген жолға жақсы сөйлеген сөйлеушіні белгілейді. Яғни нөмірін белгілейді. ІІ, ІІІ, ІV тур жалғасады. Барлық тур біткен соң оқушылар қорытынды шығарып бағалау парағы бойынша жақсы топ анықталады.

Ойынның тапсырмасы:


А-топқа

Үйсіндердің қоныс тепкен жері.

Б-топқа

Шаруашылығы тұрмысы

В-топқа

Қоғамдық құрылысы.

Г-топқа

Мәдениеті.

Қорытынды.


Үйге тапсырма:

Үйсіндер тарауын оқу.

Жеке шығармашылық жұмыстарды бөліп беру.

3 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Үйсіндер.

Сабақтың мақсаты

Білім іскерлік дағдыларын дамыту

Сабақтың өту әдісі

. «Өз жартыңды тап» «Брейнг-ринг»ойыны.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

«Өз жартыңды тап»


Ойынның мақсаты:

Оқушылар бір бірімен сөйлеу . таным қабілетін дамыту.

Ойынның шарты.

Мұғалім жұп карточка дайындайды .1 сұрақтар 2.жауаптар жазылады сұрақ пен оның жауабы жазылған карточкалар түсі бірдей болу керек . Оқушылар кез келген түсті карточкаларды таңдайды да, серігін іздейді. Бағалау парағы таратылады.

1 сұрақтар жазылған карточкалар

1. Үйсіндер Қазақстанның қай жерінде мекендеген?

2. Үйсіндер обалары қай жерлерде табылған?

3. Жазба деректер бойынша б.з.б. І ғасырда үйсін халқының саны қанша болды?

4. Үйсіндердің мал шаруашылығы қай аймақтарда дамыды?

5.Қандай мал түрлерін өсірді?

6. Егіншілік қай аймақтарда дамыды?

7. Мамандарды таң қалдырған екі зергерлік бұйымды ата?

Келесі карточкаларда жауаптары жазылады.


2. «Брейнг-ринг» оқыта үйрету ойыны.


Ойынның мақсаты:

Бір ізділікке, есте сақтау қабілеттілігін артырады, Шыдамдылыққа үйретеді.

Ойынның шарты:

Мұнда 5 немесе 7 адамнан 6 ойыншы және 1 жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған житон таратылады. әр топ өз стол басына отырады. Стол үстіне 6немесе 4 бөлікке бөлінген жаймалар, осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады. 1-ші деңгей сұрағы қойылады. Оның үстіне 2-ші деңгей сұрағы қойылады. Ең үстіне 3-ші деңгей сұрағы қойылады. Әр бөлікте 1 сұрақтан. Үстінгі сұраққа дайындықсыз жауап береді. 2-ші сұраққа 2-3 минут дайындалып жауап береді. 3-ші сұраққа яғни бірінші деңгейлік сұраққа 7-10 мин уақыт беріледі.

Тапсырма:

Бөлек жеке дайындалады.

І.Үйсіндерде жеке меншік қалай пайда болды. Жеке меншік белгілері.

І.Обалардың салынған уақытына қарай бөлінуі.

І. Үйсін шеберлерінің дүниежүзілік өнерге қосқан үлесі деген сөйлемінің мәнін түсіндір.

І. Үйсіндердің дүние танымы туралы қандай қорытынды. Бағалау парағы бойынша жақсы топ жақсы оқушы анықталады . . Үйге тапсырма .§ 17.§ 18.§ 19.§20 оқу . тест жазу.

Қорытынды бөлім.

4-сабақ

Сабақтың тақырыбы.

Үйсіндер.

Сабақтың мақсаты.

Оқушылардың білім-білік дағдыларын нақтылау,тапсырмаларды қаншалықты меңгергенін анықтау,бағасын жақсартуға мүмкіндік беру.

Сабақ әдісі.

Тест,сынақ.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Тест алу.

Тапсырма 1-нұсқа.


Жетісудағы сақ жеріне б.з.б.2.ғас.Орталық Азиадан келіп қоныстанған тайпа. А.ғұн. Б. Үйсін В.қаңлы. 2. Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы.


а)Гуньмо. Б)шаньюй. В) хан.


3.Үйсіндердің астанасы болған қала.а)Битянь. Б)Янгигент. В)Чичуген.


4.Қарғалы тау шатқалынан табылған үйсін тайпасына тән алтыннан бұйым табылды. А)жузік. Б)а лқа. В)диадема. 5.Қарғалы диадемасындағы қанатты аттар нені білдіреді?


А) күнді. Б) айды. В) аспанды. 6.Ә.Төлеубаевтың зерттеулеріне қарағанда үйсін мәдениеті Шығыс Қазақстанның қандай баурай ларында тараған. А) Тарбағатай. Б)Алтай. В) Сауыр.

7. Бүгінде ұлы жүз құрамындағы ру. А)найман б)тама в)үйсін 8Б.з.б. нешінші ғасырда үйсін атауы қытай жазбаларынан кездеседі.

А) 3 б) 1 В) 2

9.Үйсіндер тайпа көсемін қалай атаған?

А) Бекзат Б) Яғбу В) Бек

10)Жетісудағы үйсін мәдениеті қанша жылдай өмір сүрген?

А) 70 Б)700 В) 730

2 нұсқа

1.Үйсіндер темірден, мыстан, қоладан күнделікті тұрмысқа қажетті нелер жасаған?

А) Ыдыстар Б)еңбек құралдары В) бұйымдар.

2.Сүйектен үйсіндер нелер джайындаған?

А)сәндік затта р. Б) қайрақ тас . В)жебелердің ұштары.

3.Үйсіндердің қыш заттары мен ыдыстарындағы салынған сурет. А)күннің суреті б)аңның суреті в) айдың суреті. 4.Үйсіндерде жақсы дамыған кәсіп . а)тері өңдеу б)зергерлік В) Құмыра жасау

5. Қандай мал шаруашылығының ауысуы қоғамның ілгері басуына әсер етті? А)отырықшы Б) жартылай көшпелі В) көшпелі.

6.Бай үйсіннің қанша мың жылқысы болған?

А) 5-6 б) 4-5 в) 4-6

7.Үйсін тайпа одағының билеушісі?

А) Шаньюи б) гуньмо В) яғбу

8. б.з.б. ІІ-І ғасырларда үйсін мемлекеті қай елмен сауда байланысын жасады?

А) Қытай Б) Ғұн В)Қаңлы

9. Үйсіндердің солтүстік батыстағы көршісі?

А)Ғұн Б) Қаңлы В) Сармат

10. Орталық Азиядағы алғашқы этникалық бірлестік?

А) Үйсін Б) Қаңлы В) Ғұн

Сынақ:


Мақсаты:

Оқушылардың білім білік дағдыларын нақтылау бағасын жақсартуға мүмкіндік беру. Әр билетте 2-3 сұрақтан.


билеттер мұғалімнің үстелінің үстіне үш қатарға бөлініп қойылады. Оқушылар өз қалауы бойынша таңдап алады. Бір қатардағы билетті қайтадан қайталап алуға болмайды.


Билет-1

  1. Қазақ халқының ата тегі болған тайпалар мен ұлыстарды ата?

  2. Үйсіндердің тұрмысы жайлы әңгіме құра.

  3. Ертеде үйсіндер мекендеген жерлерді картадан көрсет.


Билет-2

  1. Үйсін тайпасының әлеуметтік жағдайына сипаттама бер?

  2. Үйсіндерде жеке меншік қалай пайда болды?

  3. Үйсіндер қарым-қатынас жасаған елдерден қазір қайсылары бар?


Билет-3

  1. б.з.б. ІІ ғ б.з.І ғ үйсін мемлекетін күшейтуге нығайтуға көп еңбек сіңірген қай билеуші?

  2. Көшпелі қоғамда «Кімнің малы болса – жер соныкі» дегенді қалай түсіндіресің.



Билет-4

  1. Үйсіндердің мал шаруашылығы қай аймақта дамыды?

  2. Қандай мал түрлерін өсірді?

  3. Егіншіліктің қай түрлерімен айналысты?

Билет-5

1Үйсіндер көп өндірген метал.

2Темірден қандай қару жарақ жасады?

3Үйсіндер мемлекетінде үштік жүйе болған. Оларды ата .

Билет-6

1.Үйсіндер обаларын археологтар салынған уақытына қарай неше топқа бөледі, оларды ата.

2.Үйсін шеберлерінің дүниежүзілік өнерге қосқан үлесін неден көруге болады?

3.Мыңғырған мал мен мол жерге кімдер ие болды ?

Билет-7

  1. «Усун» сөзі қандай ұғымды білдіреді?

  2. Ру, тайпа көсемдері қандай жерлерді иеленді?

  3. Тайпа одағының билеушісі қалай аталды?

Билет-8

1.Әшекей заттардың арасында үйсін зергерлерінен қалған 2 бұйым ғалымдарды да ,өнер мамандарының да назарларын аударған. Ол қандай зат?

2.Қарғалыдан табылған тәтіде ненің суреті бейнеленген?

3.Шеберлер саз балшықтан ыдыс жасаудың неше әдісін пайдаланған?

Билет-9

1.Үйсіндердің қайтыс болған адамды жерлеу дәстүрі туралы айтып бер.

2.Егін шаруашылығы қай жерлерде дамыды?

3.Үйсіндер қоныстары қай жерлерден табылды?

Билет-10.

1.Әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайына қарай үйсіндер қандай топтарға бөлінді ?

2.Үйсіндердің дүние танымы туралы қандай қорытынды жасауға болады?

3.Үйсіндер мемлекетінің астанасы қай қала және ол қай жерде орналасқан?

.Бағалау:

Әр бір оқушы негізгі сұрақты 10 минут дайындалып, оқушы мұғалімнен 1 рет кеңес алуға болады. Қолындағы жауап парағына түсіру арқылы ауызша нақты жауап беру арқылы бағаланады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?йсіндерді? ?о?амды? ??рылысы та?ырыбында модульдік саба? жоспары

Автор: Макратов Ерлан Сакенович

Дата: 04.06.2015

Номер свидетельства: 217695


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства