Ұйымдастыру- іздестіру: | 1.Балалар бір біріміздің көңілімізді көтердік , ал енді айта қойыңдаршы қазір қай жыл мезгілі? 2.Күз айларын атаңдар 3.Күз айларының ерекшеліктері 4.Күз туралы кім өлең тақпақ біледі Есікті тақылдатып Айгерім (қуыршақ) көңілсіз болып келеді, қолында жасанды гүл және күнбағыс бар. Тәрбиеші: Балалар бізге Айгерім келіпті (қуыршақ) Айгерім сен неге көңілсізсін, саған не болды Айгерім: Мен кішкентай балаларға жақсы бір іс жасайын деп едім , қолымнан келмеді, топтарына әдемі, сәнді, таза ауа болсын деп гүл сыйлаған едім. Ол топтың тәрбиешісі маған: Айгерім саған көп рахмет сен бұл жасанды гүлдерді қай дүкенен алдың деді. Мен таң қалып тұрмын, неге жасанды, олардың жапырақтары жасыл, сабағы да жасыл, гүлі қызыл. Жоқ мен әкелген гүлдер тірі, тәрбиешіні түсінбедім Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар Алдымыздан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен болып өседі. Тәрбиеші: Балалар Айгерім бір нәрсені түсінбей тұр екен кәне түсіндірейік. Гүлдер дегеніміз орысша - цветы Бұл жасанды гүлдердің тірі гүлдерден қандай айырмашылығы бар? Жасанды гүлдер не? Тірі гүлдер дегеніміз не? Тәрбиеші: Кәне балалар Айгерімге тұқым дегеніміз не , ол не үшін керек? Тәрбиеші: Кәне ненің тұқымдарын білесіңдер? Айгерім Жоқ мен сенбеймін мына кішкене жанғақты қорапқа салып орамалмен жауып, тибиду- тибиду дух – емен өс десем мынандай ағаш өседі ме? Мен сенбеймін. Тәрбиеші: Жоқ Айгерім саған бұл жерде сыйқырлы сөздер көмектеспейді, бұл жерде білім мен еңбек керек кәне менің балаларым саған мына тірек схема арқылы түіндіріп береді Тәрбиеші: Түсіндің бе Айгерім? Түсіндім, түсіндім ал жарайды мынау менің күбағысым қалай? Ия бұл күнбағысыңда жасанды, ал тірі күнбағыстан не шығатынын менің балаларым саған көрсетеді, күнбағыстың балалар орысшасы - подсолнух Айгерім: Мен енді түіндім, тірі өсімдіктерге біз қамқорлық жасауымыз керек екенғой балалар Тәрбиеші: Иә, Айгерім, егер көп күбағыстың тұқымын сықсақ мынандай сұйық май шығады, одан біз бауырсақ пісіреміз ал сенің күнбағысыңнан не шығады | Балалар жауабы Күз Қыркүйек, қазан, қараша Суретпен жұмыс Балалар жауабы. Балалар жауап береді Жасанды гүлдерді біз ойнағанда , үйімізді сәндеу үшін қолданамыз. Ондай гүлдер біздің топтада бар. Тірі гүлдер өседі, олардың тамырлары болады, суғарамыз, өскен сайын өзгереді, тұқымдары шығады, гүлі болады. Тұқым өсімдіктер ді өсіру үшін керек. Балалардың әрекеті . Мынау асқабақ тұқымы одан асқабақ шығады (Асқабақ суретін көрсету) Т.б Балалар тәжірбие жұмысын жасайды Дайын дәнді үгітіп қағаз бетіне салып, жартылай бүктеп қысады, май шыққанын байқайды |